Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01403 Көркем білім беру, графика және жобалау мұғалімі в Мирас

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынасты қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде жүзеге асыруға қабілетті
  • Жалпы білім беру пәндері саласында білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен құзыреттерін көрсетеді
  • Ғылыми зерттеу әдістерін меңгергенін, академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, жобаларды орындау біліктері мен дағдыларын көрсетеді, академиялық жазу дағдыларын және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерген
  • Командада жұмыс істей алады, өндірістік процеске қатысушылармен диалог жүргізе алады, адамдармен тікелей қарым-қатынас кезінде сындарлы байланыс орната алады, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын меңгере алады
  • Ақпаратты жинау және өңдеу дағдыларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллектті меңгеруді, оның ішінде кәсіби міндеттерді шешуде көрсетеді
  • Қосымша білім мен құзыреттілікті, біліктілік пен дағдыларды қолдануды, студент үшін бейінді емес дайындық бағытының тиімді қызметін жүзеге асыруды көрсетеді
  • Жеке және кәсіби дамудың өзіндік траекториясын құруға қабілетті, жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдіру қабілетін көрсетеді
  • Әр түрлі өнер түрлеріне ие. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығын талдайды, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын терең зерттейді. Сызбаны ресімдеу ережелерін (формат, масштаб, негізгі жазулар), сызбадағы геометриялық құрылымды меңгерген. Графикалық кескіндердің негізгі түрлерін құрастырады және тәсілдерін әзірлейді
  • Курстың, бөлімнің, нақты сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың танымдық мүмкіндіктері мен дайындық деңгейіне, техникалық мүмкіндіктеріне қарай оқыту мен тәрбиелеудің тиімді стратегиялары мен технологияларын біледі, түсінеді және қолданады
  • Сәндік-қолданбалы өнер мен ұлттық ою-өрнектің материалдарын, құралдары мен технологияларын біледі, түсінеді және қолданады; интерьерді сәндік безендіру дағдыларын және үй шаруашылығы мәдениетін меңгереді; мүсіндеу техникасын, пішіндеуді, әртүрлі керамикалық массалармен және мүсіндік материалдармен жұмыс істеуді қоса алғанда, шығармашылық керамика және мүсін саласында білімі мен дағдыларына ие; авторлық көркем бұйымдарды, сәндік және пластикалық өнердің дәстүрлі және заманауи әдістерін біріктіру
  • Білім алушының дамуының педагогикалық диагностикасын жүзеге асырады, оның жеке тәжірибесін бағалайды, білім алушының сыныптағы өзара қарым-қатынас жүйесін талдайды, өзара қарым-қатынастардың өзгеру серпінін көреді, білім алушының оқу курсы бағдарламасын меңгеруінің нәтижелілігін бақылайды, оның жетістіктері мен қиындықтарын анықтайды
  • Сандық өнердің дағдыларын игерен. (фотография, анимация, медиа құралдар). Компьютерлік графика, IT технологиялар және робототехника, оқу процесінде басқа да автоматтандырылған бағдарламаларды қолданады. Макеттеу, интерьер дизайны, көлік құралдарын үлгілеу дағдыларын иеленеді
  • Негізгі құрылымдық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдар, радиоэлектроника мен электротехникалық жүйелердің негіздерін біледі. Кәсіптік білім берудің барлық түрлері бойынша практикалық тәжірибені көрсетеді
  • Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы туралы білімді меңгерген. Ағаш өңдеу, металл өңдеу, ою-өрнекті аппликация, сәндік өңдеу технологиясын біледі және қолданады
  • Білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке білім беру бағыттарын жобалайды және іске асырады, білім алушыларды көркем еңбек бойынша олимпиадалық даярлауды, білім алушылардың оқу-зерттеу және жобалау қызметіне басшылықты жүзеге асырады
Top