6B02304 Қолданбалы филология в Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ филологиясын негізге ала отырып дайындалған 6В02304 – «Қолданбалы филология» бағдарламасының негізгі бағыты - түрлі саладағы мәтіндермен кәсіби түрде жұмыс істей алатын,соның ішінде, баспа ісі, менеджмент, жарнама, ақпараттық агенттіктер, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар сынды қоғамның түрлі саласында қызмет ететін мамандар дайындау. 6В02304 – «Қолданбалы филология» білім бағдарламасы кәсіби біліктілігі мен құзіретін еңбек нарығының түрлі саласында қолдана алатын,ағылшын тілін еркін меңгерген, шығармашыл маман дайындауды мақсат тұтады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Түрік тілі 1
Курс соңында студенттер жазу, сөйлеу, оқу, тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін игереді, сөз білімі саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексикасын кеңейтеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдебиеттануға кіріспе
Пән барысында әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі талдап, түсіндіріледі. Әдебиеттанудың – сөз өнерін зерттейтін ғылым саласы екендігін оқытылады. Әдеби-эстетикалық ойдың даму сипаттарына шолу жасалады. Студент аталған пәнді оқу арқылы әдебиетті өнер ретінде ғана танып қоймай, оның заңдылықтарымен танысып, шығармашылық өнердің қыры мен сыры туралы алғашқы түсінік-пайымдарын қалыптастырады. Сонымен қатар білім алушы кез-келген шығарманы тақырыптық тұрғыдан, композициялық құрылым жағынан, жанрлық ерекшелігіне қарай жіктеп және оған ғылыми тұрғыда баға беруге машықтанады. Әдебиет теориясының терминдерін зерттеу жұмыстары мен ауызша сөйлеуде сауатты қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміне кіріспе
Бұл пән студенттерге тіл теориясы, тілдің лингвофилософиялық концепциялары, лингвосемиотикалық табиғаты, тілдің фоно-морфо-семантикалық жүйесі, тіл біліміндегі қалыптасқан бағыттар, лингвистикалық әдіс-тәсілдер туралы ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық білім беруді көздейді; лингвистикалық әдіс-тәсілдердің методологиясымен танысып, практика жүзінде тілдік анализ жасай білуге үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілі: фонетика және фонология
Студенттер қазақ тілі дыбыстарының фонетикалық сипаттамасын, дауыстылардың оппозициялық айырым белгілерін,қатаң, ұяң, үнді дауыссыздардың сипаттамасын, әріп–фонема–дыбыс ұғымдарының арақатынастары мен айырмашалықтарын біледі. Үндестік заңын,қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуін, қазақ тілі орфоэпиясын, оның ішінде дыбыстардың үндесімі мен үйлесімін түсінеді. Қазақ тілінің емлесініңнегізгі ережелерінигеріп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу принциптерін кешенді түрде меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы
«Әдебет теориясы» курсының басты бағыты – әдебиеттің теориясы мен тарихынан сынын бөліп алып жеке сала ретінде қарастыру. «Әдебиет теориясы» бұрын өтілетін «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта толымды жүйелеп, саралау қажет.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Әдеби жәдігерлер текстологиясы
Ежелгі түркі дәуірінен қалған тарихи–әдеби жәдігерліктер дүние жүзінің мұрағаттарынан көптеп табылуда. Олардың көпшілігі зерттеліп, ғылыми айналымға еніп отыр. Оларды жас ұрпаққа оқыту, аталған жазба ескерткіштерге текстологиялық талдау жасауға машықтандыру аталған пәннің алдында тұрған басты міндеті болып саналады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Түрік тілі 2
Курста cтудент күнделікті кездесетін: мекен жай сұрау, азық-түлік, киім-кешек дүкендерінде базарларда қолданылатын сөйлемдерді құрай алады. Дене мүшелеріміздің атауларын, ауырып қалғанда, дәрігерге барғанда қажетті сөздермен сөйлемдерді жетік меңгере алады. Теледидардан түрікше кино және түрлі бағдарламаларды түсінетін деңгейге жетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Инновациялық үрдістер
Бұл пән білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігі мен ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыруды мақсат етеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – білім беру және ғылым саласына цифрлы технологияны ендіру екені белгілі. Осы орайда аталған пән білім беруде тиімді компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау жолдарын, сабақ барысындағы технологиялардың тиімді тұстарын, сонымен қатар түрлі электронды ресурс мүмкіндіктерін меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақ фольклоры
Фольклорлық мұралар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, халық тұрмысымен өзектес этнографиялық, этнологиялық қырларын талдап, ажыратып студенттерге тағылым беру көзделеді. Бұл пәнді оқу барысында студенттер этнография мен этнологияның ғылыми мәнін танып, түсінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазіргі өркениеттегі шешендік өнер
Шешендік өнерді оқыту арқылы болашақ мамандардың заманға сәйкес ана тілінде жатық та көркем сөйлеуіне, өз ойларын ықшамдап образды түрде жеткізуге, халықтың бай да құнарлы тілін ұтымды пайдалануға үйрету мақсат етіледі. Жеке адаммен сөйлесу, топ алдында сөйлеу, ойын ұтымды да дәйекті тілмен жеткізу әлі күнге шейін өзінің өзектілігін жойған жоқ. Адам баласын өз сөзіне иландырудың басты қағидалары неде деген мәселелер аталған пәнді оқыту барысында теориялық және практикалық жағынан талданып түсіндіріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Шетел тілі 3
Ағылшын тілі әлемдегі ең көп сөйлейтін тіл болмауы мүмкін, бірақ ол 53 елдің ресми тілі болып табылады және оны бүкіл әлем бойынша 400 миллионға жуық адам сөйлейді. Ағылшын тілінде сөйлей білу тек ағылшын тілінде сөйлейтін адамдармен тіл табыса білу ғана емес; бұл әлемдегі ең көп таралған екінші тіл. Егер сіз басқа елден келген адаммен сөйлескіңіз келсе, мұны істеу үшін екеуіңіз де ағылшын тілінде сөйлейтін боласыз. Мамандық TESOL болғандықтан, оқудың басында ағылшын тілін меңгеру өте маңызды. Ағылшын тілі – мамандықтың бірінші және негізгі шет тілі. Студенттердің ауызша сөйлеу дағдыларын арттыру, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын дамыту, әдеби ағылшын, ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы білімдерін кеңейту және оларға тарих, мәдениет, музыка, саясат және т.б. зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беру. Соңында. Бұл курста студенттер мәдениет, тарих, қазіргі өмір, музыка, спорт, білім, тамақ, қоршаған орта және т.б. тақырыптар бойынша оқи, жаза, тыңдай және сөйлей алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
Қазақ тілі лексикалық жүйесінің семантикалық табиғаты, ұғым, мағына және сөз үштігінің арақатынасы, лексикалық мағынаның семантикалық құрылымы, сөз мағынасының психологиялық аспектісі, сөз мағынасының ассоциациялық құрылымы, сөз мағынасының даму жолдары (мағынаның кеңеюі мен тарылу процестері), сөздің мағыналық өзгерістері нақты талдаулар жасау негізінде анықталады. Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихы, лингвистикалық сөздіктердің түрлері, қазақ лексикографиясының алдағы міндеттері; қазақ тілі этимологиясының зерттелу жайы, этимологиялық принциптері нақты мысалдар негізінде талқыланып айтылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ислам және Алтын Орда дәуірі – көне әдебиетіміздің тарихындағы жазба мұраға аса бай жемісті кезеңдердің бірі. Ежелгі дәуір әдебиеті: Ислам және Алтын Орда кезеңі курсының басты бағыты әдеби, тарихи кезеңдердің қалыптасу, даму, өркендеу кезеңдеріне қатысты студенттердің білімін арттыру және осы кезге дейін жеткен әдеби ескерткіштерімен жан-жақты таныстыру. Ислам және Алтын Орда әдебиеті өкілдерімен, олардың шығармаларымен таныстырып қана қоймай, олар жөнінде зерттеулер мен ой-пікірлердің тарихын саралай отырып, ақын-жазушылардың шеберлігін танытатын шығармалардың әдеби көркемдігі мен құрылысына тереңдеп үңілу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Шетел тілі 4
«Пәннің мақсаты: тілді дұрыс қолданумен қатар оқу мәтіндерін құрастыруда тиімді әдіс ретінде қолдану. Жазбаша және академиялық тақырыптарда грамматика мен лексиканы, ағылшын тіліндегі мәтінді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. . Оқыту нәтижелері: курсты аяқтау нәтижесінде студенттер: - ақпаратты тиімді құрастыруды; - мәтін құрудағы идеялар мен дәлелдерді байланыстыру: - өз жұмысын сыни тұрғыдан бағалау; - түсінікті және қысқа мәтіндер жазу; ағылшын тіліндегі мәтіндердегі негізгі конвенциялармен танысу, әдеби мәтіндердің жазу стилін қарау, қорытынды жасау, фактілер мен пікірлерді сыни тұрғыдан жеткізу сияқты оқушылардың сыни бағалау дағдыларын дамыту»
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Хандық дәуір әдебиеті
Пәннің аясында қазақ әдебиетінің ауқымда кезеңі саналатын жыраулар поэзиясының тарихи-теориялық мәселелері қарастырылады. Хандық дәуір әдебиетінің даралық белгілер, толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері, жанрлық қырлары зерделенеді. Толғаудың - импровизациялық дәстүрдегі даралық сипаты, мазмұнына, тақырыбына қарай жіктелуі, тілдік-семантикалық, образдық сипаты талданады. Жыраулар поэзиясын поэтикалық сипаты айқындалады. Жыраулар поэзиясының поэтикасын талдап, өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілі: сөзжасам және морфология
Қазақ тілінің морфологиялық табиғатына тән заңдылықтар туралы терең талданады. Тілдің өзіне тән ішкі табиғаты: түбір мен қосымша шегінің айқын болуы; қосым-шаның өзіне тән мағынасының болуы, олардың сөзге жалға-нудағы орын тәртібі; грамматикалық мағына және оның түрлері, грамматикалық форма мен грамматикалық мағына сәйкестігі мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілі: жәй сөйлем және құрмалас сөйлем синтаксисі
Студенттерді қазіргі қазақ тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қаруландырады.Сөз бен сөздің байланысу тәсілдері мен формаларын таныстырып, жай сөйлем түрлері мен жасалу жолдары, сөйлем мүшелері, бірыңғай мүшелер, айқындауыш мүшелер, олардың тыныс белгілер, құрмалас сөйлем және оның жіктемесін; жасалу жолдары; құрмалас сөйлемнің түрлері мағлұмат беріледі. Теориялық білім негізінде студенттердің мектепте жұмыс жүргізуге қажетті білік, дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әдіснамалық негіздері
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдерімен, олардың шығармаларымен танысу, олар жөнінде зерттеулер мен ой- пікірлердің тарихын саралай отырып, ақын-жазушы шеберлігін танытатын шығармалардың әдеби көркемдігі мен құрылысына тереңдеп үңілу. Күтілетін нәтиже: -қазақ әдебиетінің бүгінгі даму-қозғалысын зерделеу; - ұлт әдебиетіндегі өмір мұратын, адам меноның еңбегін айқындау; -еліміз тәуелсіздік алғалы бергі уақыт аралығындағы сөз өнері үлгілерін, ақын-жазушылырдың шығармашылық ерекшеліктерін көрсету;
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХІХ ғасыр әдебиетін қоғамдық-әлеуметтік болмыс, тарихи жағдай аясында қарастыра отырып, оның негізгі даму бағыттарын, көркемдік табиғатын нақтылы түр, жанрлық сипат жөнінен мағлұмат алады. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқытуда қазақ әдебиеттану ғылымының жеке тұлғалар шығармашылығын зерттеудегі, жалпы әдеби үрдісті ғылыми жүйеге түсірудегі зерттеу нәтижелері негізге алына отырылып, белгілі бір дәрежеде әдеби мұраны көркемдік жөннен тану бағытындағы ізденістергекөңіл бөлу көзделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиетіндегі аталған жылдар әдебиеті 'жылымық; сипатымен ерекшеленеді. Осы кезең әдебиетін өту барысында прозадағы, поэзиядағы, драматургиядағы, сын жанрындағы ізденістер сараланып, нақты шығармалар аясында талдау жасалады. Атап айтса, неомифологизм, тұлғаның екіге жарылуы, сана ағымы, ішкі драматизм, т.б. сынды сол кезеңде жаңалық болған әдеби үрдістерге талдау жүргізіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Шетел тілі 5
Шетел тілін жалпы білімдік пән ретінде оқытуда студенттердің коммуникативтік және жалпы кәсіби құзыреттерін әрі қарай дамыту. Күтілетін нәтиже: күнделікті өмірге, өтілетін тақырыпқа қатысты әртүрлі коммуникативтік сфералар мен ситуацияларда (танысу, амандасу, жанұя, азық-түлік, студенттік асхана, үй, пәтер, сән, спорт, дәрігерде т.с.с.) ауызша және жазбаша сөйлеу біліктілігін жетілдіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік – студенттердің табысты бизнесті бастау және басқаруға байланысты білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған курс. Курс бизнес мүмкіндіктерін анықтау, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыруды қамтамасыз ету, маркетинг және сату стратегиялары, команданы басқару сияқты әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Курс студенттерге білімдерін нақты әлемдегі жағдайларға енгізу туралы сыни және шығармашылық ойлауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Жазушының шығармашылық шеберханасы (зертханалық іс-тәжірибесімен)
Пәннің негізгі мақсаты, қазақ әдебиеті классиктерінің әдеби мұрасы хақында бұрынғы берілген бағаларға сын көзбен қарап, әдебиеттанудың соңғы әдіс-тәсілдері арқылы жетілдіре зерттеп, кең тынысты, көп қырлы шығармашылық шеберханасын ашу, қаламгерлік құпиясына ену. Сонымен қатар, жазушы шығармашылығымен таныса отырып, әр студенттің жеке қабілет-қарымы мен шығармашылық потенциалын дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 6
-
Қазақ тілінің функционалды грамматикасы
Тіл мен тілдік бірліктер үшін олардың сыртқы тұлғасы (формасы), ішкі мазмұны (мағынасы), қолданатын орны және тілде атқаратын қызметі (функциясы) маңызды болып табылады, яғни басты рөл атқарады. Бұл курста студент лингвистикалық тұжырымдамалар шеңберінде функционалды грамматиканың негізгі қағидаттарын, ғылыми ұғымдық аппараттарын игеріп, грамматиканың екі түрі - функционалды грамматика және құрылымдық грамматиканың негізгі ұғымдарын, зерттеу нысандары мен зерттеу принциптер, әдіс-тәсілдерін ажыратып, лингвистикадағы функция терминінің мәні түсінеді. Пән барысында қазақ тілі материалдарының негізінде тілдік бірліктердің функционалды-семантикалық әлеуетін танып, коммуникация барысында оларды ауызша және жазба түрде сауатты қолдана алады; болмыстың тілдік көрінісінің қазақ тілінде белгілі бір грамматикалық жүйеге түскен немесе жалпытілдік категория деңгейінде болуына қатысты білімді теориялық және практкиалық тұрғыдан меңгереді; тілдік бірліктерді лингвопрагматикалық ерекшеліктерге сай орынды қолдана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Стилистика және жазбаша мәтінді редакциялау
Түрлі типтегі мәтіндерді құрастыра білуге, кәсіби деңгейде өз бетімен шығармашылық мәтіндерді өңдей білуге бағытталған. Жазу дағдыларын дамытуды оқыту міндеттері студенттерді сценарийлерден бастап рефератқа дейін, баяндама, түрлі жанрдағы шығармалармен жұмыс істей білуге үйретумен байланысты. Курс студенттерді оқу, мәдени, басқару мекемелеріндегі, БАҚ-тағы болашақ кәсіби қызметке үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың соңындағы әдеби процесс пен әдебитет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беріледі. Көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып, кеңестік дәуірдегі әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, әдеби көркемдік тұрғыда талданылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Құқық
Курс Қазіргі заманғы негізгі құқықтық жүйелер; Құқық және құқықтық қатынастар нормалары; жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі; еңбек, отбасылық және азаматтық құқықтар және азаматтардың міндеттері; Сот төрелігі; құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік туралы негізгі құқықтық ұғымдар мен базалық мәліметтер теориялары бойынша қажетті білім береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Экономика
Курста қоғамдағы тауарлар мен қызметтерді өндіруді, бөлуді және тұтынуды реттейтін принциптер, жүйелер және динамика жан-жақты қарастырылады. Макроэкономика, микроэкономика, нарықтық құрылымдар және экономикалық саясат сияқты тақырыптарды зерттеу арқылы қатысушылар жергілікті, ұлттық және жаһандық деңгейде экономикалардың жұмыс істеуі туралы түсінік алады. Бұл курстың мақсаты студенттерді экономикалық құбылыстарды түсінуге, негізделген шешімдер қабылдауға және экономикалық даму мен өркендеуге үлес қосуға қажетті біліммен және аналитикалық құралдармен қаруландыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық» пәні студенттерді қаржылық менеджмент негіздеріне және жеке қаржыны басқарудың практикалық дағдыларына тәрбиелеуге бағытталған. Ол бюджеттеу, инвестициялау, салық салу, қарызды басқару және қаржы нарықтарының негіздерін түсіну сияқты тақырыптарды зерттеуді қамтиды. Мақсаты студенттерді кәсіби және жеке өмірінде негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға қажетті құзыреттермен жабдықтау болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
XX ғасырдағы қазақ әдебиетін дәуірлеу принциптері
Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі әдебиеттану ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Әдебиеттің қалыптасу, даму тарихынбілмейтұрыпоның даму арнасын, дамуғаүлесқосқанақын-жазушылардыңөмірі мен шығармашылықөсужолын, қоғамдық – тарихи, әлеуметтікмәселелердің түп- төркінінт.б. анықталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің прагмастилистикасы
Прагмастилистиканы антропоөзектік ғылыми парадигма контексінде алатын орнын түсіндіріледі. Прагмастилистиканың басты зерттеу нысанымен, сөйлеу актісі теориясымен, коммуникативтік стратегия және коммуникативтік тактика, сондай-ақ дискурс және аялық білім ұғымдарымен таныстырылады. Сөйлеу әдебінің тәртібі және коммуникативтік актінің табысты болуына ықпал ететін экстралингвистикалық факторларды меңгереді. Коммуникативтік сәтсіздіктерді болдырмаудың алдын-алу және коммуникативті бірліктерді мақсатқа сай қолдана алу жолдары үйретіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Постмодернизм және қазіргі әдеби үдеріс
Бұл пәнде студенттер қазіргі әдебиеттанудың даму тенденцияларын ашып, көркем шығармалар мен әдеби құбылыстарын зерттеудің ғылыми әдістермен танысады. Отандық және шетел әдебиеттануындағы постмодернистік шығармалардың заңдылықтарын зерттеп, қазіргі әдебиеттанудың ұғымдары мен категорияларын, көркем шығарманы талдау тәсілдер мен әдістерін, әдеби үдерістің даму жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Шаршытоп алдында сөйлеу әдебі
Бұл пән сөздің мәдениетке қатыстылығын айқындау, тіл-сөз-сөйлеу арақатынасын жіктеу, ауызша және жазбаша сөз мәдениетінің аражігін ажырату, сөз мәдениетін нормалық, қатысымдық және этикалық аспектілерден қарау, коммуникативтік діт, стратегия, тактика ұғымдарын түсіну, сондай-ақ дискурстың қалыптасқан және антропоөзектік бағыттарының ерекшеліктерін саралау мәселелерін қарастыратын болады. Пәнінің негізгі мақсаты – коммуникативтік құзыреттілік дағдыны қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті әрі құзыреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда қазақ ауызша тілдің жүйесі мен құрылымы арқылы ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби-бағдарлы дайындығын қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Графикалық әдебиет
Қазақ әдебиетінде графикалық роман, графикалық әдебиет ұғымдары енді қалыптасып келе жатқанымен, әлемдік әдебиетте жаңашыл жанр ретінде танылып, кең ауқымды оқырмандар аудиториясын жинап үлгерген. Қазақ тілді графикалық әдебиеттің қалыптасуы, аталған әдеби жанрдың зерттелуі жас буынның сұранысын қанағаттандыратын шығарма тудыруды көздейді. "Графикалық әдебиет" пәні аталған жанрдағы туындылармен танысып, талдау жасап қана қоймай, білім алушыларды сценарист-автор, суретші-жазушы, колорист-жазушы сынды шығармашылық түрлеріне баулуды да көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Абайтану
Абайдың əдеби мұрасын, қара сөздері мен поэзиясын, аудармаларын, ән мұрасын зерттеп, осы аталған мәселелер тереңнен қарастырылады.Абай тілінің ерекшелігін талдау арқылы қазіргі жазба əдеби тіліміздің белгілі бір кезеңдегі сипатын танылады. Абай өлеңдеріндегі ұйқас, буын, шумақтар ерекшеліктері анықталып, соған сәйкес талдаулар жасалады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Шетел тілі 6
Студентерді ағылшын тілінде оқу, жазу, сөздерді айту ерекшеліктерін және сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерін меңгеруге, қажетті лексика, грамматикалық материалдарды игеруге үйрету, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру. Шетел тілін жалпы білімдік пән ретінде оқытуда студенттердің коммуникативтік және жалпыкәсіби құзыреттерін әрі қарай дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік лингвистика
Әлеуметтік лингвистика курсының мазмұны тілдің құрылымдық-жүйелік сипаты; тілдің қоғамда атқаратын қызметі, тілдің даму жүйесі; тілдің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесі (қостілділік, көптілділік, диглоссия); тілдің әлеуметтік мәртебесін, әдеби тіл , оның басты белгілері мен қызметін, тілдік норманың әлеуметтік қырларын, тілдің ситильдік саралануын, қазіргі әлемдік әлеуметтік лингвистиканың мәселелерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Жазу өнерінің негіздері
Бұл пән студенттердің көркем әдеби ойлау мен жазу дағдыларын, академиялық жазылым құзіреттерін дамытуға арналған. Студентттердің күнделік, хат, эссе, мақала, сценарий, әңгіме, өлең тәрізді түрлі жанрда жаза алу, редакциялау сынды қабіліттері артады. Аталған курста студенттер жазуға қатысты, жазылым дағдысына қатысты барлық жанр туралы біліп, түсініп, салыстыра отырып, жазылым дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Тәуелсіздік кезең әдебиеті
Студенттерді адамзат баласының әдеби жетістіктері жүйесіндегі қазақ әдебиетінің Тәуелсіздік жылдарындағы жаңа туындылары мен көркемдік жалғастық заңдылықтары меңгертіледі. Студенттердің өз бетінше көркем шығарманы эстетикалық талғаммен танып, қаламгерлердің даралық дарынды қасиеттерін, шеберлік сырларын эстетикалық таныммен игеруге, кәсіби біліктілігін тереңдетуге жан-жақты ғылыми-теориялық, негіздемелік бағдар беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты - ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру: – ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және шешу; – ғылыми-зерттеулер жүргізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану; - ғылыми еңбектің мақсаты мен міндетін, жаңалығын, зерттеу әдістерін, зерттеу нәтижелерін т.б. меңгереді; - ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Көркем мәтінді талдау және бағалау
Студенттер әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігін танып, оның қоғамдық мәні мен эстетикалық сипатына баға бере алады; Сондай-ақ, көркем шығарманы оқып талдауға, өздерінің эстетикалық талғамына қарай ғылыми тұжырым жасауға машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Бұқаралық және Non fiction әдебиет
"Non fiction" әдебиет немесе документалды әдебиет деп аталып жүрген бұл әдеби жанр қазіргі таңда бұқаралық әдебиеттің ең оқылымды саласына айналып отыр. Тіпті кейінгі уақыттарда аталмыш жанрды қолданбалы әдебиет деп те атап жүрміз. Яғни, пән барысында бүгінгі қоғам сұранысына сай бизнес жүргізу жайлы, бала тәрбиесі жайлы, жетістікке жету жолдары жайлы, мотивациялық және психологиялық әдебиеттің жай-күйі талданып, қазақы аудиторияға сай талданатын болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Консалтингтік лингвистика
Тілдік консалтинг – аударма барысында сөздердің бір-бірімен үйлесім табуын, әдеби тұрғыда әдемі аударылуын талап ететін, тікелей аудармаға қатысы жоқ қызметтер. Оған терминологияның дұрыс қолданылуына, аударманың тілге жеңіл болуына, тілдік ережелерді зерттеуге және т.б. қатысты жұмыстарды жатқызуға болады. Пән барысында құжаттың терминологиясын аударып қана қоймай, тиісті тілдік ортада аударманың дұрыс қолданылуын, сонымен қатар, сауда белгілерін, түрлі атауларды тексеріп, олардың сәйкестілігі мен жұртшылыққа дұрыс жеткізілуін, жарнама мәтіндеріндегі қателерді жөндеу сынды құзіреттіліктер меңгерілетін болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Шетел әдебиеті
Шетел әдебиетінің озық үлгілерімен, талантты тұлғалар шығармашылығымен танысады; әлем әдебиетіндегі әдеби бағыттар мен әдеби мектептердің ұсынған тұжырымдарына әдеби талдау жасай алады; шетел әдебиетінің ірі өкілдерінің шығармаларына интрепретация жасай алады; ақын-жазушылар шығармаларының басты идеясы мен көркемдік ізденістерін жан-жақты зерттеуге, авторлық түпкі ойдың салмағын ажырата алуға машықтанады; көркем әдеби құндылықтарды танып, өзіндік пікір қорғай алады; шығармашылық пайымдауларында дәйекті тұжырым жасап, зерттеу жұмыстарында қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Дискурстық тіл білімі
«Мәтін лингвистикасы және дискурс» курсында білімгер мәтіннің қатысымдық/коммуникативтік құрылымы, синтагмалық бөлінуі, мәтіннің түрлері, мәтіннің функционалды-прагматикалық аспектілері туралы ғылыми теориялық ақпарат алады. Құзіреттілік: - - білім алушыда тілдік және коммуникативтік құзіреттіліктер қалыптасады; - - ойын жүйелі, айқын да сауатты жеткізу үшін қажетті сөйлемдерді мағыналық және тұлғалық жағынан дұрыс таңдау және құрастыра білу дағдысы қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Корпустық лингвистика
Курстың мақсаты - студенттерге корпус құрастыру мен пайдаланулың әдіс-тәсілдерін меңгерту. Пән барысында студенттер тілдік корпустар туралы толық мағлұмат алып, тілдік корпустар құрастырудың және пайдаланудың әдіс-тәсілдерін толық түсініп, меңгеріп шығады. Сонымен қатар, корпус түрлерін, корпустық лингвистика тарихын және корпус құрастыру технологиясын, лингвистикалық мақсаттарда қолдану мүмкіндігін игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Шетел тілі7 (ағылшын тілі - С1 деңгейі)
"Шетел тілі 6" пән деңгейінің жалғасы. Жазбаша және академиялық тақырыптарда грамматика мен лексиканы, ағылшын тіліндегі мәтінді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. . Оқыту нәтижелері: курсты аяқтау нәтижесінде студенттер: - ақпаратты тиімді құрастыруды; - мәтін құрудағы идеялар мен дәлелдерді байланыстыру: - өз жұмысын сыни тұрғыдан бағалау; - түсінікті және қысқа мәтіндер жазу; ағылшын тіліндегі мәтіндердегі негізгі конвенциялармен танысу, әдеби мәтіндердің жазу стилін қарау, қорытынды жасау, фактілер мен пікірлерді сыни тұрғыдан жеткізу сияқты оқушылардың сыни бағалау дағдыларын дамыту»
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Көркем өнер тарихы мен эстетикасы
Бұл пән көркем шығарманың тұтастай мағынасын, мазмұнын, оның идеясын, концепциясын тану, түсіну, зерделеу сынды құзіреттіліктерді қалыптастыруда маңызы зор.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Білімгер тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алады. Шаршы топ алдында сөйлеу әдебін меңгереді.
- Филологияның өзекті мәселелеріне қатысты аналитикалық және сыни ойлау тұрғысынан талдау жасай білу дағдысын қалыптастырады.
- Студент басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттерін, психологиялық, пәндік және әдістемелік білім жүйесін практикада қолдана алады.
- Жазба мәтіндерді өңдеп, көркем және ғылыми мәтіндерге редакциялау жұмыстарын жасай алады; аударма мәтіндерге қажетті стилистикалық өңдеу жұмыстарын жүргізудің талаптары мен әдіс-тәсілдерін игереді.Шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеті мен әдебін меңгереді.
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе алады; ресми іс қағаздарының құқықтық негіздерін меңгеріп, құжат айналымын жүзеге асыра алады; белгілі бір жанрында жазу стилінің ережелерін қолдана алады; сандық жазу, сандық ақпаратты жүзеге асыруға қабілетті болады; сот мәтіндеріне лингвистикалық талдау жасауды меңгереді.
- Студент әдебиеттану ғылымының әдістемелік ұстанымдары мен категорияларын меңгереді, қажетті көркем мәтінге әдеби талдау жасай алады. Теориялық материалдарды өз бетінше талдап, оларды пәнаралық тұрғыдан байланыстыра алады. Қолданбалы зерттеулерге байланысты кәсіби сауаттылық таныта алады.
- Студент түрлі саладағы мәтіндерді цифрландыруға негізделген инновациялық технологияларды (мультимедия, электронды кітапхана, 3D кітаптар)өндірісте қолдана алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде сандық, сауаттылығын тиімді пайаланады.
- Әдебиет пен өнердің түрлі саласында шығармашылық жұмыстар атқара алады. Қоғам сұранысына сәйкес рухани-материалдық өнім ұсына алады.
- Білімгер тіл білімінің негізгі базалық ұғымдарын меңгереді, тіл білімінің құрылымдық, антропоөзектік және қолданбалы бағыттары бойынша қажетті кешенді тілдік талдаулар жасай алады.
Ұқсас БББ
6B02304 Филология: ұйғыр тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B02304 Филология: қазақ тілі және түрік тілі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B02304 Филология: қазақ филологиясы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B02304 Орыс филологиясы
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті