Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B06115 Цифрлық агрожүйелер мен кешендер в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ауыл шаруашылығын цифрландыру үшін цифрлық агрожүйелер мен кешендерде қолдануға бағдарланған ақпараттық және басқару жүйелерін құру және сүйемелдеу саласында білімі, дағдылары бар жоғары ынталы IT кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B057 Ақпараттық технологиялар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Электроника және схемотехника
Агрономия негіздері
Мал шаруашылығы негіздері
Физика
Ықтималдық теориясы және математикалық статистика
Алгоритмдер және деректер құрылымы
Python тілінде программалау
Ауыл шаруашылығындағы модельдеу жүйелері
Объектті-бағдарланған программалау
Ботаника
Жануарлар морфологиясы
Дискретті математика жәнематематикалық логика
Ауыл шаруашылығындағы компьютерлік модельдеу негіздері
-
3 Оқу жылы
Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
АӨК-дегі геоақпараттық технологиялар
Кәсіби бағытталған шет тілі
Бұлтты технологияларды администрациялау
Жануарлар физиологиясы
Қазіргі заманғы ауылшаруашылық техникасы
Автоматты басқару теориясы
Экология, тіршілік әрекетінің негіздері және ТДМ
Желілерді басқару
Дәл егіншілік негіздері
Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына арналған пилотсыз аппараттар мен автопилоттар
Сандық құрылғылар және микропроцессорлар
Өсімдіктер физиологиясы
Машиналық - бағытталған бағдарламалау
Деректер қоры теориясы
Агротехникалық сервисті цифрландыру
Машиналық оқыту
Мәліметтер базасын басқару жүйелері
Мал шаруашылығы кәсіпорнының зияткерлік логистикалық жүйелері
Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулердің негіздері
Кәсіпкерліктегі экономика, құқық және қаржы
Ауыл шаруашылығындағы сандық технология
АӨК-дегі зияткерлік басқару жүйелері
-
4 Оқу жылы
Өсімдік шаруашылығындағы егіншіліктегі технологиялық процестерді автоматтандыру
Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматтандыру
АӨК-дегі кіріктірілген жүйелер мен заттар интернеті
Ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығындағы ақпараттық технологиялар
Өсімдік шаруашылығы мен егіншіліктегі метрология, стандарттау және сапаны растау
Мал шаруашылығындағы инновациялық технологиялар
Интернет қосымшаларын жобалау және құрастыру
Ауылшаруашылық малын өсіру және селекциялау
Web технологиялар
Мал шаруашылығындағы метрология, стандарттау және сапаны растау
Механотроника және робототехника негіздері
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Мал шаруашылығы өнімдерін бақылауды автоматтандыру
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қадағалануын автоматтандыру
Электр тізбектерінің теориясы
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Дене шынықтыру саласындағы білімді көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы, философия, мәдениеттану және әлеуметтік-саяси пәндердің негізгі заңдары мен принциптерін білу.
- Ауыл шаруашылығы жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп және осы сала бойынша білімді кәсіби қызметте пайдалана білу.
- Кез-келген операциялық жүйеде және деректер базасында жұмыс істей білу; ақпаратты қорғаудың әдістері мен құралдарын қолдану; электрондық кестелермен жұмыс істеу, деректерді шоғырландыру, диаграммалар құру.
- Ауыл шаруашылығы машиналарының конструкцияларын, оның ішінде бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып есептеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді, сақтауды және тасымалдауды автоматтандыру процестерін түсіну.
- АӨК модельдерінің қажетті қасиеттерін тиімді және дәл қалпына келтіруге болатын қажетті эксперименттік-технологиялық негіздерді іздестіру білу.
- Агроөнеркәсіптік кешен мен мал шаруашылығының неғұрлым жоғары рентабельділігіне қол жеткізу үшін қажетті эксперименттік-технологиялық негіздерді іске асыра білу.
- IT технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы секторында жобалау-конструкторлық жұмыстарды, энергия үнемдеу саласындағы заманауи инновациялық әзірлемелерді пайдалана отырып, инженерлік жүйелерді, механикалық және электрлік жабдықтар мен механикаландыру құралдарын жобалауды орындау.
- Негізгі стандарттарды, дизайн принциптері мен үлгілерін, әдістерді, құралдарды және бағдарламалау тілдерін таңдауды дәлелдеу және ғылыми зерттеулерді жүргізу және жариялау үшін ағылшын тіліндегі кәсіби ақпаратты қабылдау.
- Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрияның негізгі түсініктерін, математикалық талдаудың негізгі іргелі ұғымдарын, шектер теориясын, бір айнымалының үздіксіз функциялары теориясын, бір нақты айнымалы функциялардың дифференциалдық есебін сипаттау.
- Компьютерлік жүйелер мен желілерді инсталляциялау, баптау, тестілеу, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу, сондай-ақ функцияларды іріктеу және алынған деректерді жіктеу үшін машиналық оқыту және статистикалық модельдеу әдістерін қолдана білу.
- Ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуде бағдарламалау тілі құралдарын қолдану және ауыл шаруашылығы процестерін кешенді талдау нәтижелерін түсіндіру, тенденцияларды анықтау, болжауды жүзеге асыру.
- Заманауи ақпараттық технологиялар әдістерін қолдана отырып математикалық модельдерді құру және әртүрлі процестердің математикалық модельдері мен әдістерін қолдану, сондай-ақ инженерлік жүйелерді пайдалану мәселелерінде құзыретті болу.
- Ақпараттық жүйелерді бағдарламалық, техникалық, ақпараттық, математикалық, функционалдық қамтамасыз етуді, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік алгоритмдері мен әдістерін құрастыру және/немесе пайдалану, деректер базасының, бағдарламалық қамтамасыз етудің архитектурасын жобалау.
- Қоғамның тарихи дамуының принциптері мен заңдылықтарын, Қазақстан тарихының тарихи кезеңдерін білу. Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулерге негізделген жобаларды ұсына алады. Академиялық адалдық нормаларын сақтай отырып, кәсіпкерлік дағдыларды көрсете алады, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), экология, экономика, құқық, Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудегі инклюзивті тәсілдер салаларындағы ақпаратты интерпретациялай алады.
- Стандарттау мен сертификаттаудың, метрологияның мемлекеттік жүйесінің негізгі заңнамалық, нормативтік, анықтамалық құжаттары мен базаларын қолдана білу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғимараттары мен құрылыстарын, фермалар мен жылыжайларды, жылумен жабдықтау, желдету, сумен жабдықтау, кәріз жүйелерін есептеуді, жобалауды, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұйымдастыруды жүргізу.