Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01507 Математика және физика в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Математикалық ұғымдар мен фактілердің өзара байланысын, математикалық тұжырымдардың дәлелдеуін, басқа ғылыми салалармен байланысын, айнымалы шамалардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін, дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін, қатарлар теориясының қолданысын есептер шығаруда қолданады;
  • Алгебраның негізгі ұғымдары мен әдістерін, пәндер арасындағы байланысын, математикалық модельдеу және абстрактілі ойлау қабілетін кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады.
  • Геометрияның негізгі теоремаларын, кеңістіктегі құбылыстар мен процестердің моделдерін, қисықтар мен беттер теориясын дәлелдейді;
  • Элементар математиканың стандартты және стандартты емес, логикалық және статистикалық, қолданбалы есептерін шеше алады;
  • Жалпы және теориялық физика заңдылықтарын, аспан денелерінің табиғатын біледі, құбылыстар мен процестерді талдай алады;
  • Физика курсының зертханалық жұмыстарын жасайды, физика есептерін шығарады, есептеу нәтижесін талдап, математикалық есептеулер жүргізу дағдыларына ие болады;
  • Математика және физиканы оқыту әдістерін, жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктерін, мектеп курсы есептерді шешудің жолдарын, сандық білім беру ресурстарын, инклюзивті білім беру жүйесін, бағалау жүйесінің критерилерін тиімді қолданады;
  • Психологиялық теориялар мен тұлға ерекшеліктерін, педагогикалық қызметте ғылыми әдістердің қолдануын, педагогикалық зерттеулер әдістерімен заманауи инновациялық тәсілдерін, зерттеу барысында этикалық принциптерін, білім беру процесін жетілдіруге қажетті дағдыларды игереді;
  • Экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениеті және тұрақты даму дағдыларын, кәсіпкерлік саласындағы білімді және қаржыны тиімді басқару қабілетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аспектілерін, құқықтық құндылықтарды қалыптастырады;
  • Оқушылардың психикалық дамуын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық идеялардың пайда болуын, академиялық жазылым мен ғылыми зерттеу-жұмыстарын жүзеге асырады;
  • Математика және физикадан алған білімдерін болашақ кәсіби қызметте қолдану үшін жүйелеу және жалпылау, зерттеу, эксперимент жүргізу және олардың нәтижелерін алу үшін оқу процестерін модельдеу; жасанды интеллектіні пайдалана отырып, оқу процесіндегі негізгі инновациялық технологияларды қолданады.
Top