Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01507 Математика-Физика в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • критериалды бағалау технологияларын меңгерген, формативті және жиынтық бағалауды ұйымдастыру сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін оқыту және бағалау стратегиясын қолданады
  • математика және физика бойынша эксперименттік, зерттеу, олимпиадалық есептерді және startup-жобаларды ұйымдастыру, қою және шешу кезінде кәсіби дағдыларды қолданады
  • кәсіби терминология мен академиялық хатты меңгерген; ана, екінші (Т2), шет тілдерін пайдаланады және физика мен астрономияны мектепте оқыту үшін оларды пайдалану әдістемесін меңгерген; оқушылардың тыңдаудың – сөйлеудің – оқудың – жазудың, пән бойынша сөйлеу, лингвистикалық қабілеттерін қалыптастырады
  • математикалық және сандық сауаттылыққа ие, кәсіби қызметте АКТ-ны біледі және қолданады, есепті шешу проблемасын бір түрден екіншісіне (мысалы, алгебрадан-геометриялық немесе функционалдық түрге) трансформациялайды (аударады); физикалық аспаптардың жұмыс істеу принциптерін түсінеді, физикалық экспериментті қою және жүргізу әдістерін, сондай-ақ эксперименттік деректерді алу, өңдеу және талдау тәсілдерін меңгергереді
  • математикалық сауаттылықты меңгерген, АКТ-ын және қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының талаптарына сәйкес математиканы және физиканы оқытуды ұйымдастырады, оқушылардың жеке қажеттіліктерін, төзімділікті, моральдық құндылықтарды ескере отырып, оқыту процесін түрлендіреді және дамытады
  • қазіргі ғылымның тұжырымдамалық философиялық идеяларын меңгерген, сыни және шығармашылық ойлауға қабілетті, өзінің оқу қызметін рефлексия мен өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға қабілетті, көшбасшылық қасиеттерге ие, өмір бойы оқуға дайын
  • барлық деңгейдегі білім беру процесінің барлық субъектілерінің қызметін талдайды, математиканы және физиканы оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолданады
  • мәдениеттану, әлеуметтану, жаратылыстану, экология, экономика және кәсіпкерлік саласындағы білімді түсінеді және пайдаланады; волонтерлік қызметке қатысады; парасаттылық және академиялық адалдық қағидаттарын сақтайды
Top