Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B06105 Жасанды интеллект инжинирингі в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Мақсаты – экология, тұрақты даму және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі негіздері бойынша білім қалыптастыру; бұл білімдер экологиялық үдерістерді талдауға, антропогендік қызметтің әлеуметтік-экологиялық салдарын бағалауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайларда қолданылатын қорғаныс әдістері мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін бағалау дағдыларын қалыптастырады; тіршілік қауіпсіздігін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экологиялық үдерістерді болжау, сондай-ақ апаттар, техногендік және табиғи зілзалалардың салдарын ескере отырып, қолайсыз экологиялық және төтенше жағдайларда тұрақты даму қағидаттары негізінде негізделген шешімдер қабылдау қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Мақсаты – студенттерді қазіргі қоғам өміріндегі экономикалық мәселелермен таныстыру, экономикалық ойлауды қалыптастыру және кәсіпкерлік саласындағы теориялық негіздер мен практикалық дағдылар бойынша білім алу. Бағдарлама студенттерге экономиканың жұмыс істеу заңдылықтары туралы кешенді түсінік қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі салаларында қолданбалы құзыреттерді меңгеруге бағытталған іскерлік білім беруді көздейді. Курс барысында тұрақты даму, ресурстарды ұтымды пайдалану және ұқыпты өндіріс қағидаттарын енгізу арқылы тиімді әрі экологиялық жауапты бизнесті жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы кәсіпкерлікке қойылатын экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік талаптарын ескере отырып, жеке бизнесті құру мен табысты жүргізудің ерекшеліктері ашылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

    Мақсаты-білім алушыларды құқықтың негізгі салалары мен институттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерімен, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және жүзеге асыру заңдылықтарымен таныстыру. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дағдыларын және мемлекеттегі және қоғамдағы құқықтың негізгі функциялары, оның құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның дамуына әсері, сондай-ақ әділ және тең құқықтық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде инклюзия құндылықтары туралы теориялық білімнің жоғары деңгейін қалыптастырады. Білім алушылардың әлеуметтік, мәдени, физикалық немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамның құқықтарының маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Программалау тілдеріне кіріспе

    Курс студенттердің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы базалық білімі мен дағдыларын қалыптастыруға арналған. Курс айнымалылармен, операторлармен, шарттармен, циклдармен, функциялармен, массивтермен және деректер құрылымдарымен жұмыс істеуді қоса алғанда, бағдарламалаудың негізгі тұжырымдамаларын қамтиды. Логикалық ойлауға, есептерді шешуге алгоритмдік көзқарасқа және оқылатын, дұрыс және тиімді кодты жазуға ерекше назар аударылады. Пән аясында құрылымдық және процедуралық бағдарламалау негіздері қарастырылады, сонымен қатар объектіге бағытталған тәсіл принциптері туралы алғашқы түсініктер беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Мақсаты-ғалымдардың қазіргі жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулер жүргізудің принциптері, технологиялары, практикалық әдістері мен әдістері туралы білімді қалыптастыру. Ғылыми мәдениет пен этиканың базалық негіздерін, ғылыми мәтіндерді икемді қабылдауды, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде алған білімдерін тиімді қолдану дағдыларын, зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Курс жеке қаржыны басқару саласында білім дағдыларды алуға бағытталған. Сондай-ақ курс шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде пайдалануды, жи-нақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сау-атты жоспарлауды, қаржылық ақпаратты талдауды үйренуді және барабар инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық өнімдерге бағдарлануды үйренеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дискретті математика және математикалық логика

    Информатика, бағдарламалау, кибернетика және сабақтас пәндер саласында логикалық, комбинаторлық және құрылымдық модельдеуге байланысты есептерді ресімдеу, талдау және шешу үшін білім алушыларда дискретті математика және математикалық логика саласында қажетті іргелі білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Деректерді талдау

    Пән деректерді талдаудың заманауи принциптері, әдістері мен құралдары туралы теориялық білімдерді, ақпараттық жүйелерде деректерді талдаудың заманауи әдістерін қолдану бойынша практикалық біліктілік пен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Есептеу математикасы

    Студенттерде жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді зияткерлік талдау жүйелерінде туындаған қолданбалы есептерді шешу үшін сандық модельдеудің, алгоритмдеудің және сандық әдістерді қолданудың іргелі білімдерін және пратикалық дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Объектіге бағытталған бағдарламалау

    Студенттерде объектіге бағытталған бағдарламалау парадигмасын пайдалана отырып, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау, әзірлеу және сүйемелдеудің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Объектіге бағытталған бағдарламалау принциптерін меңгеру модульдік, масштабталатын және қайта пайдаланылатын бағдарламалық шешімдерді құруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жалпы физика

    Материяның қозғалысын басқаратын табиғаттың іргелі өзара әрекеттесуін зерттейді. Студенттерде әлемнің физикалық бейнесі туралы заманауи түсініктерді, зерттеу жұмысына деген дағдыларын, эксперименттік нәтижелерді алу және өңдеу, сондай ақ нақты міндеттерді шешу кезінде физикалық процестерді модельдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Есептеу физикасы

    Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу міндеттерін физикалық мәселелерді шешуде және эксперименталды деректерді өңдеуде пайдаланылатын негізгі есептеу әдістерін, оларды компьютерде оңтайлы іске асыру әдістерін, есеп айырысу нәтижелерінің қателіктерін бағалауды сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Жасанды интеллектке кіріспе

    Студенттерде жасанды интеллект (ЖИ) тұжырымдамалары, әдістері мен технологияларының негізгі түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ практикалық мәселелерді шешу үшін ЖИ-әдістерін қолдану дағдыларын дамыту. Курс мақсаты – машиналық оқыту, терең оқыту, табиғи тілді өңдеу және ЖИ-ның басқа бағыттары бойынша мамандандырылған пәндерді әрі қарай зерттеуге арналған теориялық және практикалық негіз құру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • ДҚ теориясы және жобалау

    Курс деректер қоры теориясының негіздерін және деректерді сақтаудың тиімді жүйелерін жобалау әдістемелерін зерттеуге арналған. Онда нормалау, деректер қорының логикалық және физикалық схемаларын құру, сондай-ақ деректермен жұмыс істеу үшін сұрауларды әзірлеу сияқты негізгі аспектілер қамтылады. Курс деректер қорын жобалау, оны оңтайландыру және деректер тұтастығын қамтамасыз ету дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық жүйелер саласындағы кәсіби терминдер (ағылшын тілінде)

    Ағылшын тілін коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті және жеткілікті деңгейінде меңгереді. Бұл деңгей шет тілін ресми-іскерлік салада, кәсіби қызметте, ғылыми-практикалық жұмыстарда, шетелдік серіктестермен қарым-қатынаста, сонымен қатар өз білімін жетілдіру және басқа да мақсаттар үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Электрондық курстарды әзірлеу

    Бұл пән оқу үдерісінде электрондық курсларды дайындау және пайдалану әдістерін, сондай-ақ оқу процесі мен ғылыми зерттеулерде қолдану үшін электрондық құжаттар мен бейне-дыбыстық материалдарды ұжымдық құрастыру және бөлісу технологияларын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Деректерді талдауға арналған Python

    Курс Python бағдарламалау тілін және оның деректерді талдау үшін қолданылуын зерттеуге арналған. NumPy, Pandas сияқты негізгі Python кітапханалары мен құралдары қарастырылады, олар үлкен көлемдегі деректермен тиімді жұмыс істеуге, статистикалық талдау жүргізуге, деректерді визуализациялауға және maшиналық оқыту модельдерін жасауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Жобалық зерттеу

    Курстың негізгі мазмұны студенттердің ұзықжылдық дағдыларын дамытуға бағытталған, оларға зерттеу қызметінің дағдыларын иемдену арқылы заманауи зияткерлік технологияларға белсенді қатысуға дайындайды. Бұл дағдылар ғылыми мақала жазудан бастап, ғылыми жұмысты құрастыруға және оны қорғауға дейінгі үрдістерді, сонымен қатар әртүрлі ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыру көздерін іздеу мәселелерін қамтиды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Нейрондық желілер

    Курс нейрондық желілердің негізгі жұмыс принциптері мен архитектурасын зерттеуге бағытталған. Оқу барысында студенттер нейрондық желілердің құрылымына және олардың функционалдық мүмкіндіктеріне байланысты теориялық негіздерді де, практикалық аспектілерді де меңгереді. Курстың мақсаты —ақпаратты талдау мен өңдеудің әмбебап құралы ретінде нейрондық байланыстар туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Студенттер негізгі ұғымдармен танысады: жасанды нейрон, желі қабаттары, белсендіру функциялары, қатені кері тарату алгоритмдері және оңтайландыру әдістері. Нейрондық желілердің әртүрлі түрлері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Инженерлік және компьютерлік графика

    Студенттерде сызбаларды оқу мен орындауға, техникалық жобалар жасауға, сонымен қатар инженерлік тәжірибеде заманауи графикалық бағдарламалық құралдарды пайдалануға қажетті инженерлік және компьютерлік графика саласындағы теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Web қосымшаларды әзірлеу

    Бұл пән интернетке арналған веб-қосымшалар жасау процесін зерттейді. Курс аясында студенттер заманауи веб-сайттар мен қосымшаларды жасауда қолданылатын негізгі ұғымдар мен технологиялар-мен танысады. Оқу барысында студенттер интерфейстер дизайнын жасау, веб-қосымшалардың өнімділігін және қауіпсіздігін оңтайландыру бойынша тәжірибе жинайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Java-да программалау

    Студенттерде Java бағдарламалау тілін пайдалана отырып, сенімді, модульдік және платформалар аралық көшірілетін бағдарламалық шешімдерді әзірлеудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Java-ны әмбебап кроссплатформалық бағдарламалау тілі ретінде меңгеру - мобильді қосымшалардан таратылмалы серверлік шешімдерге дейінгі әртүрлі күрделіліктегі қосымшаларды жасау мүмкіндіктерін ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Программалау технологиясы

    Бағдарламалау технологиясы саласындағы құзы-реттіліктерді қалыптастыру және заманауі бағдар-ламалау әдістері мен тәсілдерін, алгоритмдерді іске асыру және құру техникасын, сонымен қатар ақпараттық құралдар мен ресурстарды тиімді пайдалану дағдыларын игеру. Негізгі бағдарлама-лау әдістерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік көру 1

    Осы пән аясында студент суреттерден алынған ақпаратпен танысады. Кескінді өңдеу негіздері (шуды азайту, түстерді түзету, жиектерді ерекшелеу ), кескіндерді жіктеу (негізгі функциялар), суреттерді бір-біріне сәйкес іздеу (дескрипторларды қысу, дескрипторларды салыстырудың жуықтау әдістері).

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Векторлық және растрлық графика

    Қазіргі ақпараттық технологиялар маманының кәсіби қызметі графикалық ақпаратты компью-терлік өңдеудің әртүрлі әдістерін кеңінен қолда-нуды талап ететіндіктен, компьютерлік графиканың негіздерін теориялық зерттеу мен практикалық игеруді, графикалық ақпаратты өңдеу, компьютерлік технологияларын зерттеуді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Жоғары деңгейдегі тілдерде программалау

    Пән жоғары деңгейлі тілдерді пайдалана отырып, бағдарламалаудың теориялық зерттелуін және практикалық игерілуін қарастырады. Танымал бағдарламалау тілдерінің синтаксисі мен семантикасын зерттеуді, сондай ақ әртүрлі есептерді шешу үшін бағдарламалық шешімдерді әзірлеу дағдыларын дамытуды қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Машиналық оқыту

    Студенттерде машиналық оқыту саласындағы тео-риялық білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, алгоритмдердің жұмыс принциптерін түсіну, сондай-ақ деректерді талдау, болжау және шешім қабылдауды автоматтандыру сияқты нақты мәселелерді шешу үшін машиналық оқыту әдістерін қолдана білу қабілетін дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Kotlin-де программалау

    Kotlin бағдарламалау тілін меңгеру – оның синтаксисін, ерекшеліктерін және заманауи қосымшаларды (мобильді Android-қосымшалар, веб-қосымшалар, бэкенд қызметтері және басқа платформаларды қоса алғанда) әзірлеу мүмкіндіктерін зерттеу. Пән мақсаты – студенттерде Kotlin тілінде бағдарламалаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру және оны нақты жобаларда қолдануды үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу

    Пән модельдеуді ғылыми таным әдісі ретінде, компьютерді ғылыми-зерттеу қызметінің құралы ретінде пайдалану туралы түсінік береді. Модельдердің негізгі ұғымдары мен қасиеттерін, компьютерлік модельдеудің жалпы принциптерін, модельдер құру технологиясын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Сандық анимация технологиясы

    Дизайнның әртүрлі бағыттарында жобаларды іске асыру үшін қажетті негізгі сандық технологиялармен студентті таныстырады. Компьютерлік графика, анимация, бейне дыбыс монтажы саласындағы қолданбалы бағдарламаларды пайдаланудың бастапқы дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • 3D моделдеу

    Қазіргі үшөлшемді графика мен анимацияның негіздерін, олардың жұмыс принциптері мен модельдеу негіздерін игеруді қарастырады. Пәннің маңызды міндеті - кеңістіктік деректерді жинау мен өңдеу үшін жаңа технологияларды пайдалану бойынша сәтті білімдер мен дағдыларды игеру және үшөлшемді объектілерді жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық үдерістер мен жүйелерді модельдеу

    Модельдердің негізгі кластарын және модельдеу әдістерін, ақпараттық процестер моделдерін құру принциптерін, формализация, алгоритмдеу және қазіргі компьютерлік құралдар көмегімен модельдерді іске асыру әдістерін, имитациялық модельдеу техникасын пайдалана отырып есептеулік эксперименттер жүргізу әдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік көру 2

    Курс 3D-суреттерді өңдеу, нақты уақытта нысандарды анықтау, сондай-ақ үлкен деректермен жұмыс істейтін алгоритмдерді жетілдіру мен оңтайландыру сияқты күрделі компьютерлік көру мәселелерін шешуге арналған әдістер мен технологияларды терең зерттеуге арналған. Курс аясында конволюциялық нейронды желілерді (CNN), генеративті модельдерді қолдану және күрделі мәселелерді шешуге арналған терең оқыту әдістерін қоса алғанда, заманауи тәсілдер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Мультимоделді жасанды интеллект жүйелері

    Мультимоделді жасанды интеллект жүйелері әртүрлі көздерден (мәтін, дыбыс, суреттер, бейнелер) алынған деректерді кешенді талдау және өңдеу әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған. Студенттер оқу барысында әртүрлі форматтағы деректерді тиімді қабылдайтын, өңдейтін және түсіндіретін, көптеген мәселелерді шешетін біріктірілген шешімдерді әзірлеуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Бұлтты шешімдерді жобалау

    Студенттерде заманауи тәсілдер мен технологияларды ескере отырып, бұлттық шешімдерді жобалау, әзірлеу және енгізу принциптерінің жүйелі түсінігін қалыптастыру. Курстың мақсаты – бизнес талаптары мен техникалық шектеулерге негізделе отырып, масштабталатын, ақауға төзімді және қауіпсіз бұлттық архитектуралар жасауды үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • ARDUINO ортасында программалау

    Студенттерде Arduino біріктірілген әзірлеу ортасында микроконтроллерлерді бағдарламалаудың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын, сондай-ақ автоматтандыру, басқару, сенсорика және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін Arduino аппараттық платформасы негізінде құрылғыларды жобалау мен іске асыру бойынша құзыреттіліктерді дамытуды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Android үшін мобилді қосымшаларды әзірлеу

    Пән Android операциялық жүйесі үшін мобильді қосымшаларды әзірлеудің толық циклін, соның ішінде frontend және backend бағдарламалауды зерттеуге бағытталған. Курс аясында студенттер Kotlin (немесе Java) бағдарламалау тілінің негіздерін, Android Studio әзірлеу ортасымен жұмыс істеуді, XML және Jetpack Compose көмегімен пайдаланушы интерфейсін жобалау принциптерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • WEB программалау

    «WEB программалау» пәнін игеру студенттердің Интернет желісінде бағдарламалау бойынша білім алуын, студенттерде WEB-беттермен жұмыс істеу және әртүрлі технологиялар арқылы жасалған элементтерді тиімді комбинациялау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруды қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Заттар интернеті

    Студенттерде сенсорлармен, микроконтроллерлермен, желілік хаттамалармен және бұлттық платформалармен жұмысты қоса алғанда, Заттар интернеті (IoT) технологиялары негізіндегі жүйелерді жобалау, әзірлеу және енгізу саласындағы теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Интеллектуалды робототехникалық жүйелер

    Пән интеллектуалды жүйелер мен робототехникалық кешендерді жасаудың теориясы мен әдіснамасының негіздеріне арналған. Курста интеллектуалды жүйелер теориясының негіздері: білімдерді көрсету, шешімдерді іздеу әдістері қарастырылады. Эксперттік жүйелерді жасаудың әдіснамасы мен мысалдары беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • ЖИ жүйелерін оңтайландыру

    Деректерді өңдеу мен талдау, модельдерді оқыту және шешім қабылдауға байланысты мәселелер үшін оңтайлы шешімдерді табу әдістері мен алгоритмдерін оқып үйренетін пән. Өнімді жасауда, автоматтандырылған технологиялар мен өндірістерді, автоматтандыру, бақылау, диагностика және сынақ құралдары мен жүйелерін, өнімнің өмірлік циклы мен сапасын басқаруды, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және оларды сенімділік талаптарын ескере отырып тиімді пайдалану үшін оңтайлы шешімдер таңдай алу қабілетін қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллектіге негізделген зерттеу әдіснамасы

    Студенттерде жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып ғылыми зерттеулер әдіснамасын жүйелі түсінуді қалыптастыру, сонымен қатар ғылыми зерттеулер барысында деректерді талдау, заңдылықтарды анықтау, болжау және шешім қабылдауды қолдау үшін ЖИ-әдістері мен алгоритмдерін пайдалану дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • iOS үшін мобилді қосымшаларды әзірлеу

    Курс Xcode көмегімен swift-те iOS қосымшаларын жасауға бағытталған. Студенттер архитектура мен ОЖ-ны, Swiftai-мен интерфейстер құруды және UIKit көмегімен бағдарламалауды, API-мен жұмыс істеуді, деректерді сақтауды, тестілеу негіздерін және қолданбалар дүкенінде интерфейс ұсыныстарын ескере отырып жариялауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • НЛБ және жылдам басқару

    Пәннің мақсаты – табиғи тілді өңдеудің теориясы мен практикасын меңгеру. Курс лингвистика саласынан негізгі ақпаратпен қатар НЛП тілінің теориялық аспектілерін, сондай-ақ НЛП негізінде практикалық мәселелерді шешу үшін табиғи тіл құралдары және жүйелік сұрауларды пайдалана отырып мәтіндерді өңдеудің практикалық әдістерін қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Нейрондық желілер және мәтінді өңдеу

    Курс нейронды желілерді және оларды мәтіндік ақпаратты өңдеу үшін қолдануды зерттеуге арналған. Нейронды желілермен жұмыстың негіздерін, соның ішінде терең нейронды желілердің, рекуррентті нейронды желілердің (RNN) және трансформерлердің сәулеттерін қамтиды. Курс сонымен қатар табиғи тілді (NLP) өңдеудің мәтін талдау, жіктеу, ақпаратты шығару және заманауи технологияларды пайдалана отырып мәтін генерациясы сияқты әдістерін зерттеуді қамтиды. Бұл білім жасанды интеллект және деректерді өңдеу саласындағы кәсіби қызмет үшін өзекті болып табылатын мәтінмен жұмыс істеуге бағытталған зияткерлік жүйелер мен қосымшаларды әзірлеу үшін қажетті.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Spring Framework негізінде веб қосымша əзірлеу

    Пән веб-қосымшаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіруге арналған. Ол белгілеу тілдері мен технологияларды зерттеуге, сервер жағындағы бағдарламалаудың негізгі ұғымдарын, сценарийлік тілдерді пайдалана отырып клиент жағындағы бағдарламалауды, қарапайым сценарийлері бар HTML құжаттарын жасауды, серверлік қосымшаларды әзірлеуге мүмкін береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Өнеркәсіп пен зерттеулердегі ЖИ

    Жасанды интеллект (ЖИ) әдістері мен технологиялары және олардың өнеркәсіптік автоматтандыруда, өндірістік процестерді басқаруда, техникалық диагностикада, сондай-ақ ғылыми зерттеулерде және инженерлік деректер талдауында қолданылуы туралы жүйелі түсінікті қалыптастыру. Ерекше назар машиналық оқыту алгоритмдерін, ақпаратты интеллектуалды өңдеуді және модельдеуді практикалық қолдануға аударылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада, сондай-ақ қаржылық сауаттылық, инклюзия құндылықтары, тұрақты даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен үдерістерді түсінуге зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалап, қолдана білу қабілетіне ие болу.
  • Ақпараттық жүйелерге жасанды интеллектуалды жүйелерді интеграциялауға негізделген жүйелік талаптарды талдау, бағдарламалық және аппараттық шешімдерді жобалау, іске асыру және енгізу.
  • Физикалық және ақпараттық процестерді модельдеу және талдау үшін математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолдану.
  • Бағдарламалық жасақтамаға қойылатын талаптарды талдау, бағдарламалық шешімдерді іске асыру және енгізу үшін бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің әртүрлі принциптері мен әдістемелерін синтездеу, бағдарламалық жасақтама модульдері мен компоненттерін біріктіру, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу саласында іргелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
  • Заманауи цифрлық технологиялар және жасанды интеллект көмегімен графикалық шешімдер құру.
  • Өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық бағыттағы зияткерлік, робототехникалық жүйелерді жобалау, әзірлеу, диагностикалау және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету саласында компьютерлік технологияларды пайдалану.
  • Машиналық оқыту және деректерді талдау әдістерін қолдана отырып жасанды нейрондық желілерді модельдеу және құру үшін қажетті талаптарды бағалау.
  • Интеллектуалды бұлттық қызметтер мен IoT құрылғыларын жобалаудың тұжырымдамалары мен әдістемелерін синтездеп, олардың физикалық және желілік деңгейлерде жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды заманауи интеллектуалды құралдарды қолдана отырып іске асыру, орнату және қызмет көрсету.
  • Тілдің арнайы лексикасы мен кәсіби терминологиясын қолдана отырып, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас деңгейінде шет тілін меңгеру.
  • Бағдарламалық және аппараттық интеллектуалды шешімдерге интеграциялау үшін табиғи тілді өңдеу технологиясын (NLP) және компьютерлік көруді (CV) қолдануды қажет ететін міндеттерді талдау және іске асыру.
  • Заманауи жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып мобильді шешімдерді жобалау және әзірлеу.

Ұқсас БББ

Top