7M02314 Әдебиеттану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі заманғы отандық және шетелдік әдебиеттану саласында терең білімге ие, әдебиеттанушылық талдаудың практикалық әдістерін меңгерген магистрлерді дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M058 Әдебиет
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Курстың мақсаты – әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін анықтау, олардың негізгі қағидаларын меңгерту, әдебиет дамуының заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын таныту. Курстың мазмұны – әдебиет тарихының теориялық негіздемелері, әр кезеңге тән сипаттар, зерттеулердегі пайымдаулар мен пікірталастар, әдебиттанушы ғалымдар тұжырымдары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби туындыны талдаудың әдістері мен тәсілдері
Курстың мақсаты – әдебиеттану зерттеулерінің әдістерін теориялық және практикалық аспектілерде меңгеру. Оқыту нәтижесінде магистранттар көркем мәтінді талдауға бағытталған әртүрлі мектептер мен бағыттардың қалыптасу тарихын білуі, әдеби мәтінді кәсіби талдау дағдыларын меңгеруі және қазіргі заманғы әдебиеттанудың әдіснамалық және әдістемелік құралдарын, соның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, қолдана білуі тиіс.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми жұмыстың мазмұны мен құрылымы
Курстың мақсаты – ғылыми жұмысқа қойылатын талаптарды, оның мазмұны мен құрылым анықтауды меңгерту, зерттеуге баулу. Курстың мамзұны – зерттеу жұмыстарының негізгі талаптары, зе,рттеу түрлері, ғылыми мақалалар мен диссертация құрылымы туралы мәселелерді қамту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау
Курстың мақсаты – зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы мен жоспарлануының негізгі принциптерін үйрету, тақырып таңдауға, зерттеу материалының анықтамасына және ғылыми әдебиетпен жұмыс жасауға қажетті дағдыларды меңгерту. Пән ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлаудың теориялық және практикалық мәселелерін қарастырады және магистранттардың магистрлік диссертацияны әзірлеу әдістемесін, рәсімдеу ережелерін және қорғау тәртібін меңгеруіне ықпал етеді. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру барысында магистрант жасанды интеллект құралдарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Курс ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты – магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеру. Курс ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар нақты ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелерімен таныстырады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ХХ-ХХІ ғғ. әдеби-эстетикалық ілімдер
Курстың мақсаты – ХХ-ХХІ ғасырлардағы әдеби-эстетикалық мәселелердің ғылыми-теориялық негіздерін меңгерту, әдебиет пен эстетика сабақтастығын таныту. Курстың мазмұны – эстетикалық ілім негіздері, ХХ-ХХІ ғасырлардағы дамуы, әдеби-эстетикалық ілім негіздері, аспектілері туралы ғылыми пайымдар, теориялық тұжырымдар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі әдебиеттанудағы жаңа бағыттар
Курстың мақсаты – әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың негізгі ұстанымдарын, теориялық негіздемелерін меңгерту. Курстың мазмұны – әдебиеттанудағы жаңа зерттеулерді, тың тұжырымдарды жүйелеу, әдіснамалық-теориялық негіздерін талқылау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Когнитивті әдебиеттану
Курстың мақсаты – когнитивті әдебиеттану генезисі және негізгі ұғымдары туралы түсінік беру, когнитивтік риторика және когнитивтік поэтика, когнитивтік метафора туралы тұжырымдармен таныстыру. Курстың мазмұны – мәнміәтіннің когнитивтік жүйесін зерделеу аспектілері, көркем концептіні әдебиеттану категориясы ретінде талдау, әдеби шығарманы когнитивті-концептуалды тұрғыдан талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Басқару психологиясы
«Басқару психологиясы» курсы магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жанрлар теориясы
Курстың мақсаты – әдеби жанр туралы ғылыми-теориялық түсініктерді меңгерту, жанрлық табиғаты туралы тұжырымдарды таныту. Курстың мазмұны – жанр тарихы, жанрлық ерекшеліктер, жанрлар классификациясы, жанр түрлері, жанрлар ықпалдастығы туралы білім.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пәннің мақсаты білім алушыларда оқыту әдістемесін, педагогикалық технологияларды және оқыту әдістерін меңгеруді, жоо-ның оқытушысына қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, жоғары білім беруде тиімді кәсіби-педагогикалық іс-әрекет үшін қажетті педагогикалық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны қазіргі жоғары білім берудің мәнін айқындайтын негізгі даму бағыттары мен үдерістерін; жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерістің құрылымы мен ерекшеліктерін; заманауи педагогикалық технологияларды, оқыту әдістемесін, оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Әдеби редакциялау және мәтінтүзілім
Курстың мақсаты – пәннің теориялық-практикалық негіздерін таныту, редакциялау терминінің негізгі мағынасын, ережелерін түсіндіру, әдеби редакциялаудың негізгі аспектілерін, мәтінді жөндеу тәсілдерін меңгерту. Курстың мазмұны – әдеби редакциялау дегеніміз мәтінді сыни талдау, оны бағалау, қолжазбаны жөндеу этаптарынан тұратын жұмыс процесі екенін ұғындырып, бұл этаптардың өзіндік тәсілдерін үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әдеби шығармашылық негіздері
Курстың мақсаты – жазушының шығармашылық зертханасы мен көркем шеберлігі туралы теориялық білімді меңгеру, әдеби шығармашылық негіздері жөнінде түсінік қалыптастыру. Пән көркем мәтіндерді жасау бойынша практикалық дағдыларды игеруге бағытталған және заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті оқыту мен редакциялау құралы ретінде пайдалануды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әдебиет поэтикасын зерттеудің заманауи аспектілері
Курстың мақсаты – поэтика заңдылықтарын, тарихын, табиғатын, теориялдық негіздерін оқыту Курстың мазмұны – поэтика ілімінің бастаулары, тарихы және қазіргі дамуы туралы ғылыми-теориялық негіздемелер, қазіргі поэтикалық зерттеу аспектілері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Көркем әдебиеттегі неомифологизм (ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысы)
Курстың мақсаты – қазіргі мифо-сынның бағыттары, тарихы және әдіснамалық негіздері туралы тұжырымдарды таныту. Курстың мазмұны – ХХ ғасыр әдебиетіндегі мифологизм көріністерін талдау, көркем мәтін құрылымындағы миф және архетип байланысын қарастыру, әдеби туындыларды мифопоэтикалық әдіс тұрғысынан талқылау, неомифологизм туралы түжырымдарды жүйелеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Драманың тарихы мен теориясы
«Драманың тарихы мен теориясы» пәні драматургияның жанрлық формаларын, құрылымдық принциптері мен негізгі ұғымдарын тарихи-теориялық және поэтикалық аспектіде меңгеруге бағытталған. Курс магистранттарға драманы көркемдік ойлаудың ерекше түрі ретінде тұтас түсінуге мүмкіндік береді, драмалық мәтінді талдау дағдыларын және оның сахналық табиғатын түсіну қабілетін дамытады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар драмалық өнердің тарихын меңгереді, драмалық шығармаларды кәсіби тұрғыда интерпретациялауға, теориялық ұғымдарды еркін қолдануға және оларды ғылыми әрі шығармашылық қызметте тиімді пайдалануға мүмкіндік алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудағы компаративистік зерттеулер
Курстың мақсаты – компаративистік әдебиеттану негіздерін, ұстанымдары мен тәсілдерін меңгерту Курстың мазмұны – әлем әдебиетінің даму бағыттары, генезис, типология, интеграция, салыстырмалы-әдеби аспект, ұлттың әдеби-мәдени дамуындағы басты бағдар, өзара ықпалдасу, сюжеттік-тақырыптық үндестік мәселелері туралы білім.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көркем дискурс теориясы
Курстың мақсаты – «автор ← мәтін ← оқырман» моделі бойынша көркем дискурс прагматикасына қатысты теориялық мәселелерді меңгерту. Курс мазмұны – суреткер мен оқырман арасында эстетикалық қарым-қатынастың (диалог) орнауын түсіндіріп, мәтін және көркем дискурстың концептуалдылық қисындарын қарастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мәтін құрылымын талдау аспектілері
Курстың мақсаты – шығарма мен мәтін арасындағы байланысты негізге ала отырып, мәтіннің табиғатын, құрылымын түсіндіру. Курстың мазмұны мәтіннің құрылымдық элементтерін дискурс ерекшеліктерін және оның түрлерін зерделеуге бағытталған. Осы негізде білім алушы көркем мәтіннің құрылымдық-прагматикалық ерекшеліктерін, сонымен қоса мәтін талдау мен интерпретациясы барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби сын аспектілері
Курстың мақсаты – сөз өнерінің көркемдік-эстетикалық жүйесін саралаудағы әдеби сынның теориялық және ғылыми-әдіснамалық аспектілерін меңгерту. Курстың мазмұны – әдеби сын жанрлары мен эстетикалық категориялар қарастырылып, көркемдік даму мен шығармашылық ізденістерді бағалаудағы сыншы шеберлігі екшеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі көркем аударма
Курстың мақсаты – мәдениетаралық коммуникация контексіндегі көркем аударманың теориялық негіздерін, ғылыми қағидаттарын меңгерту. Курс мазмұны – мәдениеттер мен рухани құндылықтарды еселеудегі көркем аударма маңызын ашып көрсету, әлем әдебиеті аясындағы аударма тәжірибесін талдау. Көркем мәтінді түпнұсқадан аударудағы шеберлік қырларын зерделеу. Аударма шығармашылығының күрделі табиғатын қарастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдау және кәсіби қызметте пайдалану; жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу; шет тілінің ғылыми аппаратын дамыту.
- Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игере білуәлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру; мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау.
- Әдебиеттің теориясы мен сынын, оның мектептерін, бағыттары мен даму кезеңдерін меңгеру.
- Шығармаларды, оның поэтикасын ғылыми сипаттау мен түсіндірудің негізгі тәсілдерін когнитивті және салыстырмалы аспектілерде қолдану.
- Диахроникалық және синхронды аспектілерінде әдебиет тарихы, қазақ және әлемдік әдебиет тарихы контекстіндегі әдеби үдерістің даму заңдылықтары, жанрлық және стильдік дамудың негізгі қазіргі тенденциялары бойынша білімді меңгеру;
- Әдеби үдерісті ғылыми интерпретациялау үшін қазіргі заманғы әдебиетанушылық талдау әдістерін қолдану; зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын игеру, әдеби зерттеулерде жасанды интеллект әдістерін тиімді қолдану.
- Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу; өзінің ғылыми зерттеулеріне талдау нәтижелерін қолдану, әдебиеттану саласындағы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу. Ғылыми сабақтар мен іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыруда жасанды интеллектіні қолдану жолдарын меңгеру.
- Ғылыми, педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық, аударма және кәсіби қызметтің басқа да түрлерінде түрлі функционалдық бағыттағы мәтіндерді дискурсивтік талдауды жүзеге асыру.
- Мәтіндердің коммуникативтік бағыты мен әлеуметтік функциясын ескере отырып, оларды саналы түрде қабылдау және редакциялау дағдыларын дамыту, диалог пен мәдениетаралық өзара іс-қимылға ықпал ететін мәтіндер жасау қабілетін қалыптастыру; әдеби шығармашылықта жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі заманауи пікірталастар туралы білу.