Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01123 Балалар хирургиясы в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентураның Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты – дәлелді медицина қағидаттарын сақтай отырып, заманауи диагностикалық және емдеу технологияларын қолдана отырып, туа біткен және жүре пайда болған патологиялары мен жарақаттары бар балаларға бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінен бастап жоғары технологиялық деңгейге дейін білікті хирургиялық көмек көрсете алатын дәрігерді даярлау.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 210
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R023 Балалар хирургиясы
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Оқыту нәтижелері

  • Туа біткен және жүре пайда болған аурулар мен жарақаттарды дәлелді медицина қағидаттарына сүйене отырып дұрыс клиникалық диагноз қоюға, оңтайлы ем жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін барлық деңгейдегі медициналық көмек аясында бағалауға қабілетті.
  • Балалардағы хирургиялық патологияларды саралап диагностикалауға және заманауи клиникалық ұсынысдарға негізделген қорытынды жасауға қабілетті.
  • Баланы кешенді зерттеудің (зертханалық, аспаптық, визуалды әдістер) нәтижелерін интерпретациялауға және әрі қарайғы емдік-профилактикалық шаралар тактикасын әзірлеуге қабілетті.
  • Хирургиялық қауіптерді бағалап, балаға сапалы көмек көрсету үшін қауіпсіз, аз инвазивті және эндоскопиялық емдеу әдістерін қолдануға қабілетті.
  • Емдік-диагностикалық манипуляцияларды орындауға, операцияларға ассистенттік етуге және/немесе операцияларды өз бетінше қауіпсіздік пен инфекциялық бақылау стандарттарын сақтай отырып жүргізуге қабілетті.
  • Шұғыл хирургиялық араласуды талап ететін жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсете алады.
  • Электрондық ақпараттық жүйелерде медициналық құжаттаманы жүргізуге, шығару эпикризін, кезеңдік, аударым және өлім эпикриздерді ҚР нормативтеріне сәйкес рәсімдеуге қабілетті.
  • Баланы диспансерлік бақылау мен оңалтудың жеке жоспарын құрастыруға, іс-шаралардың тиімділігін бағалауға және отбасыға профилактикалық кеңес беруге қабілетті.
  • Бала, оның ата-анасы және медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас орнатып, эмпатия, көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларды көрсете отырып, санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізуге және жұқпалы/жұқпалы емес аурулардың алдын-алу шараларын өткізуге қабілетті.
  • ҚР денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық алаңында жұмыс істеуге, көпсалалы командалардың жұмысына және сапаны басқару үдерістеріне қатысуға қабілетті.
  • Ғылыми зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, ғылыми деректерді сыни тұрғыдан талдауға және оларды балалар хирургиясының клиникалық тәжірибесіне енгізуге қабілетті.
  • Кәсіби шеберлікті үздіксіз жетілдіруге ынталы: өз бетінше оқуға, әріптестерді оқытуға, конференциялар, мектептер, семинарлар және басқа да үздіксіз медициналық білім беру түрлеріне қатысуға қабілетті.
Top