Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08401 Аквакультура және су биоресурстары в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Су айдынында өндірістік процестердің пайда болу негіздері, автотрофты және гетеротрофты қоректену туралы білімді меңгеру. Практикалық жағдайларда бухгалтерлік есеп пен салық салудың негізгі принциптерін қолдану. Су айдынының қоректік ресурстары, құрама азықтар, оның рецептурасын әзірлеу, сонымен қатар балық ауруларының алдын алу шараларын білу. ТСЖҚ-да балықты өсірудің ең тиімді әдістерін қолдана білу.
  • Уылдырық шашу шабақ өсіру, көлді-тауарлық шаруашылықтарын, индустриалды шаруашылықтарын жобалау ерекшеліктерін, гидротехникалық торабының құрылысын, балық шаруашылығының су жіберетін мен су ағызатын желісінің құрылысын, балық шаруашылығының гидротехникалық құрылыстың техникалық пайдалану туралы білімді меңгеру. Тоған шаруашылығының объектілері мен типтерін, тұқы, ақсаха, албырт, жайын және басқада тұқымдас балықтарды тоған шаруашылығы жағдайында өсіру технологиясын білу.
  • Су организмдерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын, гидробионттардың экологиялық топтарын, табиғи сулардың ерекшеліктерін, табиғи сулардың гидрохимиялық құрамын, химиялық, физикалық және биологиялық процестерге байланысты оның өзгеру заңдылықтарын білу. Профиліне сәйкес жасанды интеллект технологияларын қолданылуына қажетті білім мен дағдыларды игеру. Биологиялық объектілерге қатысты статистикалық талдаудың математикалық әдістерін қолдану. Су ортасының экожүйесін білу.
  • Экономикалық, құқықтық және қаржылық факторларды ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша білім негіздеріне ие болу. Сызықтық теңдеулер жүйесін, матрицаларға қатысты есептерді шешу жолдарын білу және инженерлік есептерді білу және шешу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, нормативтік-құқықтық актілердің негіздерін, сондай-ақ азаматтық және құқықтық нормаларды меңгеру.
  • Балықтардың мінез-құлық механизмдерін білу. Гидробионттар мен басқа жануарлар фаунасының таралуын, су ортасының уыттылығы, теңіз омыртқасыздарын тауарлық өсіру туралы білу. Инвестициялық портфельдерді тиімді басқару. Балық қорын қорғаудың жалпы принциптерін, балық етінің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын және балықты өңдеуін білу. Ақсаха балықтарының өсіру технологиясын білу.
  • Балық аулау және су биоресурстарын сақтау саласындағы заңнамалық базаны, арнайы балық өсіретін сыйымдылықтарда көбейтіп өсіру, сондай-ақ көл-тауарлық шаруашылықтарындағы бағалы түрлерді білу. Ғылыми зерттеулердің мақсаттарын қоя білу, балықтарға морфобиологиялық талдау жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу және жалпылау. Балықтардың табиғи және жасанды көбеюінің биологиялық негіздері туралы түсініктерге ие болу.
  • Гидробионттардың тіршілік формаларын, балықтардың систематикасын, морфологиясын, биологиясын, балықтың қоректенуін, сондай-ақ эмбриондардың даму ерекшеліктерін, жыныс жасушаларының дамуын-гаметогенезді, гаметалардың морфологиясы мен физиологиясын білу. Жағалаудағы су өсімдіктерінің түрлерінің әртүрлілігін, систематикасын, құрылымын анықтау. Кәсіпорындардың тұрақты дамуы үшін қажетті қаржы құралдарын пайдалана білу. Экологиялық ғылымның өзара байланысын зерттеу, тіршілік етуге қолайлы жағдай жасай білу.
  • Жасушаның бөлінуі, ұрықтануы, тұқым қуалаушылық заңдылықтары мен заңын, балықтардың тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы туралы түсінікке ие болу. Омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың түрлерін, олардың құрылымын, орналасу заңдылықтарын, қоршаған ортамен байланысын білу. Балық физиологиясында зерттеу дағдыларына ие болу. Биомолекулалар, қанттар, нуклеотидтер, нуклеин қышқылдары, май қышқылдары, витаминдер мен микроэлементтер құрылымының ерекшеліктерін түсіну.
  • Гидробионттардың өсімін молайту және өсірудің заманауи технологияларын, қарқынды балық шаруашылығының қазіргі формаларын, балықтарды өсірудің индустриалды әдістері туралы түсінікке ие болу. Аулау құралдардың жіктелуін, ішкі су айдындарында кәсіптік аулауды ұйымдастыруды түсіну. Жалпы патология, паразитология, эпизоотология негіздерін, профилактикалық және емдік іс-шараларды, балықтар санының динамикасын, балықтар популяциясының жасын, мөлшерін және жыныстық құрылымын зерттеудің теориялық әдістерін білу.
  • Аквариумдар мен сәндік балықтарды өсіру технологиясы туралы белгілі бір білімге ие болу. Бақыланатын жағдайларда теңіз балдырларын, омыртқасыздарды, балықтарды өсіру және тауарлық өсіруді білу. Су объектілерінің ластануын және су сапасының физикалық-химиялық және биологиялық белгілері бойынша мерзімді картасын білу. Су ортасының уыттылығын, сондай-ақ әртүрлі жүйелі позициядағы су организмдерінің реакцияларының заңдылықтарын білу.
Top