6B02335 Аударма ісі: ағылшын тілі в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Аударма ісі саласы бойынша теориялық және әдістемелік білімдерін меңгерген, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде синхронды, ауызша және жазбаша екі жақты сапалы аударма жасауға қабілетті, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды игерген, кәсіби аудармашы дағдыларына ие білім бакалаврын даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B036 Аударма ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы мен фонетикасы
Пән ағылшын тілінің алғашқы қадамдары, дыбыстық ерекшеліктер, дифтонгтар мен монофтонгтар, транскрипция, олардың оқылуы мен жазылуын, сөз таптары, атап айтқанда зат есім, сын есім, сан есім үстеу т.б және шақ формаларын үйретеді. Білім алушы ағылшын тілінің грамматикасы мен фонетикасы структурасын сақтай отырып, дұрыс сөйлеу мен дыбыстауды меңгереді. Ағылшын тілінің бастапқы грамматикалық және фонетикалық базасын тереңінен қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Үйден оқу машығы А2-В1
Пән ағылшын тілінде оқу арқылы А2-В1 деңгейлі грамматикалық құрылымдарды, жаңа лексикалық элементтерді, сөздік қорды және айтылу элементтерін ауызекі тілде қолдануды қалыптастырады. Білім алушы сөздік қорын және түсіну дағдыларын нығайтады, бұрынғы идеяларын қазіргімен ұштастыра отырып, сыни ойлау мен оқу дағдысын және қарым-қатынас жасауды шыңдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Аударма ісіне кіріспе
Пән аударманың негізгі теориясын, сипаттамасы мен қолданылуын жалпы аударма ісінің тұжырымдамалық негіздері мен аударма ісіндегі зерттеуші ғалымдарымен жүйелі түрде таныстырады. Білім алушы қазіргі әлемдегі аударманың рөлі мен орны туралы түсінік қалыптастырады. Аударманың негізгі лексикалық, грамматикалық және стилистикалық әдістері туралы меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жасанды интеллект негіздері
Пән жасанды интеллект саласындағы (ЖИ) негізгі ұғымдарды, ЖИ технологияларының архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін, қолдану әдістері мен мүмкіндіктерін оқытады. Курсты оқу барысында білім алушылар ЖИ технологияларының теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, оларды құқықтық және этикалық нормалар аясында кәсіби салалардағы міндеттерді шешуде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жазбаша аударма машығы ІІ
Пән аудармашылардың бастапқы кезеңде қазақ немесе орыс тілдерінен ағылшын тіліне аударуға үйретеді. Кәсіби маман мақсатында әртүрлі мәтінде қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару қабілеттері мен дағдыларын дамытуға көмектеседі. Білім алушы аударма процесі туралы кезең-кезеңмен жұмыс жасау түсініктерін қалыптастырады, сонымен қатар осы мәтін тілін талдау негізінде нақты мәтінге арналған оңтайлы аударма алгоритмін есептеуге машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жазбаша аударма машығы І
Пән аудармашылардың бастапқы кезеңде ағылшын тілінен қазақ немесе орыс тілдеріне аударуға үйретеді. Кәсіби маман мақсатында әртүрлі мәтінде ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару қабілеттері мен дағдыларын дамытуға көмектеседі. Білім алушы аударма процесі туралы кезең-кезеңмен жұмыс жасау түсініктерін қалыптастырады, сонымен қатар осы мәтін тілін талдау негізінде нақты мәтінге арналған оңтайлы аударма алгоритмін есептеуге машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Пән мемлекеттік тілде іс жүргізудің нормативтік базасы, құжаттың түсінігі мен функциялары, мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Оқыту нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік тілде іс жүргізу саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қолдана отырып, тиімді коммуникацияны жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілі B2
Пән коммуникативті, лингвистикалық, пікірталас, стратегиялық, сонымен қатар білім беру және танымдық құзіреттіліктерді қарастырады. B2 деңгейіндегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық бірліктер туралы білімді, сонымен қатар шет тіліндегі сөздерді қабылдау және қолдану дағдылары мен қабілеттерін қалыптастырады. Бұл курс барысында білім алушы B2 деңгейінде төрт дағдыны меңгеру арқылы (тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу) өз қабілеттері мен білімдерін дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Икемді дағдылар
Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ататүрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Үйден оқу машығы В2
Пән ағылшын тілінде оқу арқылы B2 деңгейлі грамматикалық құрылымдарды, жаңа лексикалық элементтерді, сөздік қорды және айтылу элементтерін ауызекі тілде қолдануды қалыптастырады. Білім алушы сөздік қорын және түсіну дағдыларын нығайтады, бұрынғы идеяларын қазіргімен ұштастыра отырып, сыни ойлау мен оқу дағдысын және қарым-қатынас жасауды шыңдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Британ мәдениетінің тарихы
Пән ағылшын тілін меңгеруде Британ елінің тарихы мен мәдениетін танып, сол елдегі ең маңызды тарихи тұлғалар мен қозғалыстарды, олардың британдық саясат пен қоғамға қалай әсер еткенін түсінуді қамтамасыз етеді. Білім алушы бүгінгі күнге дейінгі британ тарихына, мәдениетіне және қоғамы туралы терең білім алады. Сол елдің мәдениетін үйреніп, британдықтармен қарым-қатынаста қолдана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медицина терминдерінің аудармасы
Пән мұқияттылықты қажет ететін, аудармалардағы кішігірім қателер үлкен қауіптерге әкелуі мүмкін екендігі түсіндіріле отырып, мамандандырылған аударманың ең маңызды түрлерінің бірі медициналық терминдер мен семантикалық айырмашылықтарды аудару техникаларын үйретеді. Білім алушы медициналық аудармада болатын түсініспеушіліктерді болдырмаудың маңыздылығын ескере отырып, егжей-тегжейлі аударма жасауға үйренеді. Аталмыш саланың терминдік, фразалық сөз байланысын аударып дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінде оқу және жазу
Пән мәтін мазмұнын, автор мақсатын түсінуіне, сөздік қорын дамытып, тыныс белгілерін дұрыс қолданып, емлеге және дәйектілікке назар аударуды және ойларды тқжырымдап, баяндамаларды еркін жазуға машықтандырады. Бұл пән барысында білім алушы ағылшын тілінде материалды, әртүрлі контекстте жақсы түсініп және бұл түсінікті еркін қолдану қабілетіне ие болады. Сонымен қатар, жазу дағдысы қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің синхронды аударма практикасы І
Аталған пән синхронды аудармаға кіріспе ретінде қарастырылады. Пән мазмұнына синхронды аударма ерекшеліктері, аудармашының когнитивтік жүктемесі, тыңдалым және сөйлеу әрекеттерінің параллель орындалу механизмдері, импровизациялық және ықшамдау стратегиялары, сонымен қатар арнайы техникалық құралдармен (кабина, микрофон, құлаққап) жұмыс істеу машықтары енеді. Сөйлеушінің интонациялық, мағыналық құрылымын дұрыс қабылдап, мазмұнды дәл жеткізуге үйреніп, техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу мәдениетін меңгереді.Оқыту үдерісі практикалық жаттығулар, моделдік симуляциялар және аналитикалық талдаулар арқылы жүзеге асырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заң терминдерінің аудармасы
Пән құқықтық білімнің құрылымы, оның негізгі ұғымдары және оның мәтіндік көріністерінің дискурсиялық конвенциялары, әртүрлі мақсаттар үшін қоғамдық, жеке құқықтық қатынастардағы аударма ерекшеліктері мен мәселелер реттелетін, дамытылатын, түсіндірілетін немесе басқаша тұжырымдалатын мәтіндік жанрлардың өте кең ауқымын қамтитын заң саласында аударма тәжірибесін қалыптастырады. Білім алушы заң терминдерінің екі-жақты аудармасына машықтанады. Сонымен қатар, ҚР және т.б елдер заңнамасымен танысып, білім көкжиегін кеңейтеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвоелтану
Пән ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің орналасқан жерлері, тұрмыс шындығы, тарихы, мәдениеті жайлы егжей-тегжейлі ақпарат беріледі. Сонымен қатар елдерің физикалық және экономикалық географиясы; тілін үйренетін елдің қалыптасу тарихы оқытылады. Білім алушы ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы білім жинайды, сөйлеу ерекшеліктерін түсінеді. Елдердің қоғамдық саяси құрылысы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық мейрамдары мен рәміздерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Саяси мәтіндер аудармасы
Пән көптеген клишелерді, арнайы терминологияны, нақтылықты қамтитын деректі және құрамында көптеген терминдер, тарихи шындықтар, жалпы атаулар және т.б., журналистикаға тән, эмоционалды-түрлі-түсті элементтер, бейнелі өрнектер, синтаксистік фигуралар және т.б. кіретін қазіргі оқиғалар туралы хабарлармен байланысты ақпараттық және сипаттамалық мәтіндерді аударуды үйретеді. Білім алушы саяси мәтіндерге қатысты материалдарды меңгеріп, аударуға машықтанады. Аталмыш саланың терминдік, фразалық сөз байланысын аударып дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік ғылым мәтіндерінің аудармасы
Пән антропология, мәдениеттану, экономика, гендерлік зерттеулер, география, халықаралық қатынастар, құқық, саясаттану, психология, қоғам денсаулық, әлеуметтану және онымен байланысты салалардағы мәтіндерді қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ тілдеріне аударма жасауға үйретеді. Курс барысында білім алушы әлеуметтік ғылымдар саласындағы мәтіндерді аударуда практикалық екі жақты аударма жасап машықтанады. Аталмыш саланың терминдік, фразалық сөз байланысын аударып дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілі С1
Пән коммуникативті, лингвистикалық, пікірталас, стратегиялық, сонымен қатар білім беру және танымдық құзіреттіліктерді қарастырады. C1 деңгейіндегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық бірліктер туралы білімді, сонымен қатар шет тіліндегі сөздерді қабылдау және қолдану дағдылары мен қабілеттерін қалыптастырады. Бұл курс барысында білім алушы C1 деңгейінде төрт дағдыны меңгеру арқылы (тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу) өз қабілеттері мен білімдерін дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іскерлік шет тіліндегі аударма
Пән формальды және формальды емес аудару ерекшеліктерін түсінуді қамтамасыз ете отырып, қолданылатын электронды пошта хаттары мен кеңсе аралық құжаттарды аударудың тиімді жолдарын үйретеді. Бұл пән барысында білім алушы аударманың негізгі функциясы компания немесе ұйым шығарған ресми және бейресми мазмұнды жеткізуге үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Лексикология
Пән синхронды және диахронды талдау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, тілдің жүйелік ұйымдастырылуын оқып үйренумен қатар, әдіс-тәсілдерді, сөз және тілдің сөздік құрамы болып табылатын тіл білімінің бір бөлімі жайлы білімдерін қалыптастырады. Бұл пән барысында білім алушы тілдің функциясы мен құрылымын түсініп, білімдерін жетілдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дипломатиялық хаттар мен құжаттар аудармасы
Пән халықаралық органдар шеңберінде жүзеге асырылатын дипломатиялық аударманың өз ережелері мен ерекшеліктерін түсінуді қамтамасыз етеді. Дипломатиялық аударма аясындағы негізгі құжаттар мен хаттарды аударуда дағды қалыптастырады. Білім алушы дипломатиялық өкілдіктерде, елшіліктерде немесе консулдықтарда кездесетін дипломатиялық хаттар мен құжаттарды аударып тәжірибе жинақтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінде тыңдау және сөйлеу
Пән ағылшын тілінде тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Сөйлеу этикетін сақтай отырып, сұрақ қоюды, продуктивті және репродуктивті сипаттағы үйлесімді мәлімдемелер құрастыруды, шет тілінде хабарламалар жасауды үйретеді. Білім алушы ақпарат көздерінен алынған мәтіндердің негізгі мазмұнын түсініп, шетелдіктермен тікелей еркін қарым-қатынас жасауға машықтанады. Сонымен қатар, сұхбаттасушының ұлттық мәдениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, бейресми әңгіме жүргізуді, кәсіби тақырыптарда көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақпараттық газет мәтіндерін оқу және аудару
Пән ақпараттарды, атап айтқанда, тың деректер мен тосын оқиғаларды, қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландырулар, репортаж, газет мәтіндерін аударуды үйретеді. Білім алушы ақпараттық газет мәтіндерін оқи отырып, түпнұсқаға деген дәлдік пен сабақтастыруға негізделген аударма жасауға машықтанады. Аталмыш саланың терминдік, фразалық сөз байланысын аударып дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Іскерлік корреспонденция аудармасы
Пән іскерлік корреспонденцияны аудару жеке тілдердің лексикалық және грамматикалық құрылымының ерекшеліктерін қарастырады және ресми стильдің ерекшеліктеріне, іскерлік дискурсқа тән лексика мен терминологияға, әртүрлі типтегі іскерлік хаттарды құрастыру және аудару ережелерін үйретеді. Білім алушы іскерлік немесе ресми ынтымақтастықтың кез келген түрі тұрақты ақпарат алмасуды, атап айтқанда хат алмасуды немесе әртүрлі құжаттамаларды аударуға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің синхронды аударма практикасы ІІ
Пән мазмұны кәсіби деңгейдегі синхронды аударманың кешенді қырларын қамтиды. Студенттер түрлі саладағы (халықаралық саясат, экономика, ғылым, экология, медицина, мәдениет және т.б.) мәтіндер мен ауызша дискурстарды синхронды режимде аударады. Сөйлеушінің риторикалық құрылымын және интонациялық ерекшеліктерін сақтай отырып, дәл әрі мазмұнды аударма жасайды. Оқыту үдерісі барысында тыңдау жылдамдығына, сөйлеушінің акцентіне, дискурстық маркерлер мен эмоционалды реңктерге бейімделу стратегиялары зерттеледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Танымал шығармалардың аудармасы
Пән отандық және шетелдік шығармалар аудармасы шеңберінде, бірқатар аударма әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, әртүрлі танымал әдеби, фантастика және т.б жанрдағы шығармаларды аударуда мағыналық және мазмұнды аударма жасауды үйретеді. Бұл пән барысында білім алушы танымал шығармалармен таныса отырып, кәсіби жазбаша аудармаға дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аудармадағы арнайы тақырыптар: көрнекі дизайн
Көрнекі дизайн принциптерді, процестерді және қолдануды қамтиды, сондай-ақ бар өнімді жақсарту немесе жаңа тұжырымдаманы әзірлеу тәсілдерін қамтиды. Білім алушылар дизайн тілін, оның пішінге, мазмұнға және контекстке әсерін үйренеді. Көрнекі дизайн тек эстетика ғана емес. Дизайн теориясына, қоршаған орта дизайнына, типографияға, иллюстрацияға, қозғалысқа, фотосуретке және интерактивті құралдарға назар аударылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің стилистикасы
Пән стилистиканың негізгі ұғымдарын, яғни, стилистикалық функциялар, нормалар мен әдістер; әдеби ағылшын тілінің ауызша және жазбаша нұсқаларының негізгі дифференциалды ерекшеліктерін қарастырады. Білім алушы көркем әдебиеттегі стилистикалық иірімдерді ағылшын тілінің сөйлеу регистрлерін (функционалды стильдерін) жіктеуді, функционалды стильдердің негізгі функциялары мен ерекшеліктерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экскурсоводтың кәсіби қызметтеріне арналған ағылшын тілі
Пән туризм саласында экскурсовод гидтерінің қызметтерін ұсыну тәжірибесі мен қазіргі заманғы теорияларын қамтиды. Сонымен қатар, кәсіби экскурсия қызметтері үшін ағылшын тіліндегі төрт дағдыны практикалық тұрғыдан үйретеді. Білім алушы туристік топпен жүру кезінде қолданылатын техникалық құралдарды пайдалана білуді, мәдениетаралық қарым-қатынас кезінде туындайтын конфликттік жағдайларды шешуді, бір тілден екінші тілге жылдам ауысуды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің тарихы
Пәннің мақсаты ағылшын тілінің фонетикалық жүйесінің, грамматикалық құрылысының және сөз қорының өзгеру процестерін көрсету болып табылады. Аталған курс экстралингвистикалық және интралингвистикалық факторлардың әсерінен болатын тіл жүйесіндегі өзгерістердің себебін білдіретіндіктен тіл біліміне кіріспе пәнінің логикалық жалғасы болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Баспасөз бен фильмдердің көрнекі аудармасы (Аудармадағы арнайы тақырыптар: субтитр және дубляж)
Пән әртүрлі топқа бағытталған, әртүрлі қызмет атқаратын біріктірілген аударма түрлерін қолдана отырып, отандық, шетелдік фильмдер, анимациялық фильмдер мен баспасөзге ауызша-жазбаша көрнекі аударма жасауға үйретеді. Бұл пән барысында білім алушы баспасөз бен фильмдерге, субтитр және дубляждарға екі жақты көрнекі аударма жасауға машықтанады, визуалды аударма көмегімен, көлемді аударма жасауды және жылдам аударуды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби шығармаға стилистикалық талдау
Пән көркем мәтін құрылымының негізгі ұғымдары мен көркем әдебиеттің осы түріне стилистикалық талдау жасаудың категорияларымен таныстырады. Курс барысында білім алушы стилистикалық терминдердің ережелерін меңгеріп, ауызекі тілде қолдана алады, әдеби шығарманы стилистикалық талдау жасап және әдеби шығарманың көркемдік құрылымы туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ізбе-із аударма машығы І
Пән ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне арнайы құрылғымен синхронды аударма жасау дағдыларын қалыптастырып, бір мезгілде аударма жасауды, яғни ізбе-із аударма жасауға дағдыланады. Бұл пәннің барысында білім алушы арнайы құрылғылармен қалай жұмыс жасауды және баяндама жасаушымен бір мезгілде паузаны қажет етпей аударма жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпараттық технологиялар арқылы аударма әдістемесі (тәсілдері)
Пән заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды, ақпараттық аударма құралдарын, кәсіби іс-әрекеттердің әр түрлі облыстарында, ғылыми және практикалық жұмыста, өз білімін жетілдіруде және басқа да мақсаттарда қолдануға көмектеседі. Білім алушы ой-өрісін кеңейтіп, ақпараттық технология арқылы аударма жасау құзіреттіліктерін және кәсіби және жеке тұлғалық құзіреттіліктерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аудармадағы түзету және редакциялау
Пән қосымша грамматикалық тексерулерді орындайды, жақсартуларды қамтамасыз етеді, сәйкессіздікті, жазудағы артықшылықты, емле, тыныс белгілерін қателерді және т.б. түзетуге дағдыландыру арқылы жазу стилінің тиімділігіне және идеяларының анықтығына көмектеседі. Бұл пән барысында білім алушы аудармадағы жазу процесінің маңызды бөлігі болып табылатын түзету және редакциялауға үйренеді. Мәтіннің маңызды бөлігін көруді және мағынасын өзгеріссіз ықшамды етіп өзгертуге үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дискурстық талдау
Пән тілдің әртүрлі түрлерінің мақсаттары мен әсерлерін, қарым-қатынастағы мәдени ережелер мен конвенцияларды түсінуге, құндылықтар, сенімдер мен болжамдар қалай жеткізілетінін, тілді қолдану оның әлеуметтік, саяси және тарихи контекстімен байланысын айқындауға үйретеді. Курс барысында білім алушы жазбаша немесе ауызша тілді оның әлеуметтік контекстіне байланысты мағынасын айқындауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аударма әдістемесі
Пән аударма оқытуының теориялық және лингводидактикалық негіздерімен, кәсіби аудармашы маманының жазбаша, сөзбе-сөз, ілеспе және т.б аударма ісінде міндеттерін жеңілдететін әдістерімен танысып, меңгереді. Курс барысында білім алушылар аударма әдістері мен тәсілдерінің түрлерін теориялық тұрғыда түсінеді, сонымен қатар, аударма құзіреттілігін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем әдебиетті оқу және аудару
Пән көркем аударма негіздері мен көркем шығарма мәтінінің аудармасын жасауда шет тіліндегі лексико-фразеологиялық қорын байытуға, грамматикалық, лексикалық және күрделі трансформациялардың әртүрлі тәсілдерін қолдануға және түпнұсқа текстегі стилистикалық тәсілдерді қолдануды үйретуге бағытталған. Білім алушы көркем шығарма мәтінінде кездесетін грамматикалық, лексикалық және күрделі фразеологиялық терминдерді аударуға машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ізбе-із аударма машығы ІІ
Пән қазақ, орыс тілдерінен ағылшын тіліне арнайы құрылғымен синхронды аударма жасау дағдыларын қалыптастырып, бір мезгілде аударма жасауды, яғни ізбе-із аударма жасауға дағдыланады. Бұл пәннің барысында білім алушы арнайы құрылғылармен қалай жұмыс жасауды және баяндама жасаушымен бір мезгілде паузаны қажет етпей аударма жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Ағылшын тіл біліміндегі зерттеу әдістері
Пән сандық мәліметтерді жинауды, оны талдауды және сандарды пайдалана отырып қорытынды жасауды , сезім, эмоция, дыбыс және т.б. зерттеу әдістерінің түрлерін үйретеді. Бұл пән барысында білім алушы зерттеу тақырыбына қатысты деректерді жинау, өңдеу және талдау үшін қолданылатын әдістер мен құралдарды анықтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілін академиялық мақсатта оқыту
Пән академиялық ақпаратты интерпретациялау, ауызша және жазбаша оқу мәтіндерін түсіну, сәйкес ақпаратты анықтау, тыңдау және оқу мәтіндерінен ақпаратты жинақтау, көзқарастар мен біржақтылықты танып ойларын білдіру, пікір қалыптастыру, академиялық сілтеме жасау конвенцияларын қайталау және пайдалану, академиялық эсселерді, баяндамаларды және презентацияларды құрылымдау, талқылауларға қатысуға үйретеді. Білім алушы академиялық жазбаларға анализ жасауды үйренеді. Сонымен қатар, академиялық стильді қолдана отырып, ауызша және жазбаша түрде дәлел келтіруді үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби қарым-қатынастар орнатады
- Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерін негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады
- Кәсіби қызметтегі рухани құндылықтар мен орнықты даму мақсаттарына бейілділігін көрсетеді, экономикалық, инклюзивті, экологиялық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды сақтайды
- Ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін түсініп, өз ойын нақты жеткізіп, көпшілік алдында еркін сөз сөйлейді
- Мәтіндер мазмұнындағы ойларды тұжырымдап, аналитикалық баяндама әзірлейді
- Бастапқы мәтінді талдап, оны өңдеп, сөзбе-сөз және балама жазбаша аударманы орындайды
- Мәтінге еркін, сөзбе сөз және толық ауызша ілеспе аударма жасайды
- Ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде синхронды аударма жасайды
- ақпараттық технология арқылы аударма әдістерін пайдаланып екі жақты аударма жасайды
- Баспасөз бен фильмдерге, субтитр және дубляждарға екі жақты көрнекі аударма жасайды
- Кәсіби салада заманауи әдістер мен құралдарды қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді