Жаңа білім беру бағдарламасы

6B08111 Агроөнеркәсіптік кешенде өсімдіктерді қорғау және диагностикалау в ​Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті

Пәндер

  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Пәннің мақсаты – студенттерде «Адам-тіршілік ортасы» жүйесіндегі қауіпті анықтау (тану немесе айқындау) дағдыларын қалыптастыру. Мыналар зерделенетін болады: - адам қызметіне қарамастан және/немесе антропогендік факторлардың тікелей әсер етуі нәтижесінде техносферада туындайтын қауіпті және зиянды факторлар; азаматтық қорғау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының рөлі мен маңыздылығы; сондай-ақ тіршілік ету ортасында (техносферада) адамның қолайлы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында халықты әртүрлі төтенше жағдайлардан қорғаудың жүргізілетін негізгі ұйымдастырушылық қағидаттары.

    Несиелер - 3
  • Бейорганикалық және аналитикалық химия

    Пәннің мақсаты - бейорганикалық және аналитикалық химияның негіздерін, топырақ пен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің химиялық құрамын және оларды анықтауды үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: бейорганикалық және аналитикалық химияның теориялық негіздері; химияның негізгі заңдары мен ұғымдары; бейорганикалық қосылыстардың класы және олардың жалпы қасиеттері; химиялық кинетика; органикалық қосылыстардың қасиеті мен құрылымының негізі; негізгі химиялық үдерістер; көмірсулар мен сутектер; бейорганикалық қосылыстар; тұздар мен гидролиздер; аналитикалық химияның теориялық негізі. Курсты игеру нәтижесінде студенттер өсімдік шаруашылығы өнімдерінің және топырақтың химиялық құрамдарын анықтауды, заттарға химиялық талдау жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Егіншілік

    Пәннің мақсаты – студенттерге егіншіліктің буындары, заңдары мен топырақ өңдеу технологиясы, арамшөптермен ауыспалы егіс жүйесі жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: егіншіліктің негізгі заңдары; суармалы және тәлімі егіншілік; егіншіліктің қазіргі заманғы жүйелері; өсімдіктердің өмір сүру факторлары мен жағдайлары; ауыспалы егістің түрлері мен схемалары; арамшөп өсімдіктерін жіктеу; егіс дәрежесін бағалау; арамшөптермен күресу жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу; топырақтың құнарлылығын және жер асты суларының деңгейін ескере отырып, ауыспалы егіске арналған топырақты өңдеу жүйесі. Курсты игеру нәтижесінде студенттер егіншіліктің заңдарын, ауыспалы егіс жүйесін, топырақ өңдеудің түрлерін және оларды орындаудың мерзімін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Агрометеорология

    Пәннің мақсаты – студенттерге климаттық факторлардың түрлері мен маңыздылығы және оларды ашық танапта есепке алудың жолдары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: маңызды агрометеоролигиялық факторлар; климаттық факторлар; агрометеорологияның негізгі мақсаттары; негізгі метеорологиялық бақылаулардың түрлері; желдің және буланғыштықты, жауын-шашынды есепке алудың әдістері; радиациялық баланс және күн радиациясы; ауаның және топырақтың температурасын өлшеу мерзімі мен әдістері; ауаның және топырақтың ылғалдылығын өлшеу мерзімі мен әдістері; желдің бағытын және жылдамдығын өлшеу әдістері; агрометеорологиялық құрал-жабдықтар және олардың сипаттамасы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер климаттық факторларды ашық танапта есепке алудың жолдары, әдістерін және қажетті құрал-жабдықтарды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Топырақтану геология негіздерімен

    Пәннің мақсаты - студенттерге топырақ түзілуінің факторлары мен негізгі процестері, топырақтың құрамы мен қасиеттері, құнарлылықты реттеу және топырақты қорғау туралы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: топырақ түзілудің негізгі факторлары мен жағдайлары; топырақ классификациясы; минералдардың классификациясы; тау жыныстары; топырақтың генетикалық қабаты; Қазақстанның геологиялық картасы; топырақ режимінің негізгі түрлері; топырақ үлгілерін алу және талдау жасаудың әдістері; топырақпен жұмыс жасауда қолданылатын құрал-саймандар мен жабдықтар; топырақ құнарлығын және онық құрамын анықтау; топырақтың физикалық қасиеттері; топырақтың химиялық құрамы; топырақтың қышқылдылығын және тұздылығын анықтау әдістері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер топырақтың физикалық, механикалық және химиялық жағдайларын сақтауды және оларды арттырудың жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Агрономия және мал шаруашылығы негіздері

    Пәннің мақсаты – студенттерге агрономияның, мал шаруашылығының дамуы, негізін қалаушылар, ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің негіздері және ауылшаруашылық малдардың анатомиясы мен физиологиясы жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: агрономия мен мал шаруашылығының тарихы мен дамуы; агрономияны қалаған және мал шаруашылығының дамуына үлес қосқан ғалымдар; топырақ туралы түсінік; топырақ құнарлығын арттыру; ауыспалы егістіктер; органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану жүйесі; егіншіліктің аймақтық жүйесі; суғармалы және тәлімі егіншіліктер; топырақты эрозиядан қорғау; халық шаруашылығындағы жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе, қоян, құс, ара шаруашылықтарының маңыздылығы; мал шаруашылықтық фермалар мен кешендер; мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясының отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибелері; малдарды азықтандыру. Курсты игеру нәтижесінде студенттер суғармалы және тәлімі егіншіліктерде ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің негіздерін және мал шаруашылығының түрлерін және оларды азықтандыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдік биологиясы

    Пәннің мақсаты – студенттерге ботаника бөлімдері, өсімдіктердің жіктелуі және құрылымдық ботаниканың мәселелері жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар оқытылады: құрылымдық ботаниканың өзекті мәселелері; төменгі және жоғары өсімдіктердің жүйелілік негіздері; жалаңаштұқымды және гүлді өсімдіктер; бір және екібөлшекті өсімдіктер; өсімдік жасушаларының құрылымын зерттеу; ауыл шаруашылығы дақылдарының өсімдік жасушаларының құрылымы; өсімдіктердің тіршілік формалары; таксондардың классификациясы және морфологиялық ерекшеліктері; ауылшаруашылық дақылдарының генеративті және вегетативті мүшелері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ботаниканың негізін және ауылшаруашылық дақылдарының құрылымын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Арамшөпті өсімдіктерді зерттеу

    Пәннің мақсаты - арамшөптердің пайда болу заңдылықтары және олардың зияндылығы туралы, арамшөпке гербологиялық жұмысты жүргізу, жасау және сақтау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: арамшөптердің жіктелуі; арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері мен морфологиялық белгілері; арамшөптердің гербариін жасау және оларды зерттеу әдістері; өсімдіктерді қорғау құралдары мен әдістерінің тиімділігін бағалау әдістері; гербологияның даму бағыттары мен перспективалары; өсімдіктерді қорғау және гербология салаларындағы эксперименттік деректерді өңдеу әдістері; өсімдіктерді қорғау бойынша зертханалық және далалық тәжірибелерді жоспарлау; гербология бойынша зерттеу материалдары мен деректерін талдау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер арамшөпті өсімдіктерді зерттеуді, гербология жасауды және дақылдарды арамшөптерден қорғаудың заманауи тәсілдерін таңдай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өсімдік шаруашылығын механикаландыру

    Пәннің мақсаты - өсімдік шаруашылығын механикаландырудың негізі және машиналардың жұмыс процестері туралы теориялық және практикалық жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдік шаруашылығын механикаландырудың негізі; шынжыр табанды және дөңгелекті тракторлар; топырақ өңдеуге арналған тракторлар; культиваторлар мен соқалардың түрлері; себу және көшет отырғызу агрегаттары; ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жинауға арналған комбайндардың түрлері; органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізуге арналған агрегаттар; жаңбырлатқыш машиналардың түрлері; әртүрлі дала жұмыстарын орындау үшін агрегаттарды тексеру және дайындау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер өсімдік шаруашылығын механикаландыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктерді қорғау әдістері

    Пәннің мақсаты – студенттерге өсімдіктерді қорғау әдістерінің түрлері және оларды қолдану ерекшеліктері жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдіктерді қорғаудың даму тарихы; өсімдік шаруашылығында қолданылатын өсімдіктерді қорғаудың негізгі әдістері; өсімдіктерді биологиялық әдіспен қорғаудың дамуы мен ерекшеліктері; өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісінде қолданылатын тірі организмдердің түрлері; өсімдіктерді қорғаудың химиялық әдісі және химиялық препараттар; өсімдіктерді қорғаудың дәстүрлі емес және қазіргі заманауи әдістері; пестицидтерді сақтау технологиясы және олармен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігін сақтау; далалық жұмыстарды ұйымдастыру және сапасын бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Агрономиялық микробиология

    Пәннің мақсаты – студенттерге микроорганизмдер туралы және жалпы ауылшаруашылық микробиологиясы бойынша практикалық дағдылармен білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар оқытылады: агрономиялық микробиологияның тарихы мен дамуы; микроорганизмдердің физиологиясы мен микробиологиясының жалпы негіздері; микроорганизмдердің түрлері мен олардың көбеюуі; топырақ микроорганизмдері және оларды анықтау әдістері; микроорганизмдердің белсенділігі және бактерияларды көбейту; микробиологиялық үдерістер; өсімдік ауруын қоздырғыштар. Курсты игеру нәтижесінде студенттер топырақтың микрофлорасы және оған тыңайтқыштардың әсері мен ауылшаруашылық өнімдеріне микробиологиялық талдау жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық және химиялық әдістері

    Пәннің мақсаты – студенттерге өсімдіктерді қорғаудың биологиялық және химиялық әдістері және оларды қолдану ерекшеліктері жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдіктерді қорғау әдістерінің дамуы тарихы; ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудың химиялық және биологиялық әдістерінің ерекшеліктері; зиянкестерді жоятын энтомофагтар мен акарифагтар (кенелермен қоректенетін жануарлар); арамшөптермен қоректенетін фитофагтар; пестицидтердің түрлері мен сипаттамасы; өсімдіктерді пестицидтермен өңдеу әдістері, мерзімдері мен тәсілдері; пестицидтермен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау және оларды сақтау технологиясы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың биологиялық және химиялық әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық препараттар

    Пәннің мақсаты – студенттерге өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық препараттардың түрлері және оларды қолдану, сақтау және жою жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына, зиянкестеріне және арамшөптеріне қарсы қолданылатын химиялық препараттардың классификациясы; ҚР Реестріне енгізілген химиялық препараттар тізбесі; химиялық препараттардың сипаттамасы; ауыл шаруашылығында қолданылуға рұқсат етілген шетелдік химиялық препараттар; химиялық препараттарды қолданудың мөлшері, мерзімі және тәсілдері; пестицидтерді сақтау технологиясы және олармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер химиялық препараттың түрлерін және оларды қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Агрономиялық зерттеулердің негіздері

    Пәннің мақсаты – студенттерге агрономиялық зерттеулердің негіздері мен әдістері (зертханалық, вегетациялық, лизиметрлік, танаптық) жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: агрономиялық зерттеулердің тарихы мен даму негіздері; тәжірибелердің түрлері; тәжірибелердің нұсқалары мен қайталама саны; тәжірибелердің қателіктері; экспериментті жоспарлау теориясы; далалық тәжірибеде бақылау жұмысын жоспарлау және жүргізу; ауылшаруашылық дақылдарының өнімін есепке алу әдістемесі; эксперименттердің негізгі түрлерін жүргізу әдістемесі; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; ғылыми есептерді дайындау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ашық танапта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы

    Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығының заманауи технологиялары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: ауылшаруашылық дақылдары тұқым шаруашылығының дамуы мен тарихы; тұқым сапасын анықтау тәсілдері; ауылшаруашылық дақылдарының элиталы тұқымдарын өндіру технологиясы; ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының морфологиялық сипаттамасын зерттеу; сорттар мен тұқымдық материалды іріктеу; сорттық тұқымдарға қойылатын талаптар; тұқым шаруашылығының мемлекеттік заңы; элиталы тұқымдарға қойылатын талаптар және элиталы тұқымдар МЕМСТ-і. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының тұқым өндірісінің заманауи технологияларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдік шаруашылығы

    Пәннің мақсаты – студенттерге аймақтың топырақ-климат жағдайларын ескере отырып ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің технологиясы жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдік шаруашылығының негіздері және өсімдіктердің өмір-тіршілік факторлары; ауылшаруашылық дақылдарының жіктелуі, морфологиялық белгілері, биологиялық ерекшеліктері және аудандастырылған сорттары; жаңа және перспективалы сорттар; ауыспалы егістің түрлері және топырақты өңдеу; тұқымдарды себу алдында дайындау, себу, егістікті күтіп-баптау және өнімді жинау; ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері; өсімдіктерді қорғаудың химиялық және агротехникалық құралдары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарын белгілі-бір аймақта өсірудің технологиясын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бақша шаруашылығы және бақша дақылдарын қорғау

    Пәннің мақсаты - студенттерге бақша шаруашылығы және бақша дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: бақша дақылдарының шығу тегі, дамуы және халық шаруашылығындағы маңызы; бақша дақылдарының аудандастырылған және жаңа сорттары; бақша дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; топырақты өңдеу жүйесі және бақша дақылдарының ауыспалы егістері; ашық танапта бақша дақылдарының өсуі мен даму жағдайлары; өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау жүйесі; бақша дақылдарын тыңайту және суғару; бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы; бақша өнімдерінің сапасына МЕМСТ қоятын талаптары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер бақша дақылдарын суғармалы жерлерде өсірудің технологиясын және оларды қорғаудың әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тұқымтану

    Пәннің мақсаты – ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының құрылымы мен дамуын, сондай-ақ тұқым материалын бағалау және бақылау әдістерін үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: тұқымтану негіздері; тұқымдардың морфологиялық сипаттамалары; тұқымдардың құрылымы мен қалыптасуы; тұқымдардың тыныштығы; жабық және жалаңаш тұқымды өсімдіктер; бірбөлшекті және екібөлшекті өсімдіктер; тұқымдардың химиялық құрамы; тұқымдардың биохимиялық және физиологиялық ерекшеліктері; тұқымның өнуі және өну факторлары; тұқымның ісінуі; тұқымның себу сапасы және оларды анықтау әдістері; тұқымның стратификациясы және скарификациясы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының құрылымын, дамуын және олардың сапасын бағалауды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы

    Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдарының сорттарын селекциялық жолмен шығару және сорттарды аудандастыру жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: селекцияның міндеттері және селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері; селекцияның заманауи тәсілдері; ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын алудың тәсілдері мен аудандастыру әдістері; жергілікті селекциялық сорттар; сорт ауыстырудың және сорт жаңартудың ғылыми негізделген мерзімдер; сорт сынауды және сорттарды аудандастыруды ұйымдастыру; ауылшаруашылық дақылдарын айқастандыру техникасы мен гибридизация тәсілдері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын шығаруды және оларға құжат алуды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды жасау және сақтау

    Пәннің мақсаты - студенттерге өсімдік шаруашылығындағы энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды жасау және оларды сақтау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды сақтау әдістері мен мерзімдері; жәндіктерді жинауға арналған энтомологтың далалық құрал-жабдықтары; энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды дайындауға арналған материалдарды өңдеу; жиналған материалдарды сақтау; зерттелетін препараттарды дайындау; коллекцияларды жинау және өңдеу, ерітінділерде материалдарды кептіру, консервациялау; дала жұмыстарын ұйымдастыру және сапасын бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды жасау және сақтауды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауыл шаруашылығындағы қолданбалы бағдарламалар

    Пәннің мақсаты – студенттерге ауыл шаруашылығында қолданылатын қәзіргі заманауи қолданбалы бағдарламалар жайлы білім беру және оларды өндірісте қолдануды үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: пәннің мақсаты мен міндеттері; қолданбалы бағдарламалардың негізгі түрлері; жерге орналастыруды және жер пайдалануды шаруашылықішілік ұйымдастыруды графикалық қамтамасыз ету; шаруашылық алқаптарының картасы; жылыжайлардың әр түрлі түрлерінің схемалары; дақылдардың ауыспалы егістерінің ауыл шаруашылығы карталарын жоспарлау; мелиоративтік каналдардың схемасы, оның ішінде тамшылатып және жаңбырлатып суғарулар; топырақ және агрохимиялық карталар; бағдарламаларға мәліметтерді жинау және енгізу тәсілдері; суғару режимінің графигі және егістік схемалары; ауыл шаруашылық дақылдарын себу/отырғызу сұлбалары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауыл шаруашылығындағы қолданбалы бағдарламаларды таңдап алуды және оны өндірісте қолдана алуды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылыжай шаруашылығы

    Пәннің мақсаты – студенттерге жылыжайдың маңыздылығы, жасанды микроклимат ортасы және оның түрлері жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: жылыжай шаруашылығының дамуы мен тарихы; жылыжайдың түрлері; жылыжайдағы жасанды микроклимат ортасы және оларды жылыту; жылыжайдағы дақылайналымы және жарықтандыру; ауылшаруашылық дақылдарын жылыжайларда өсірудің технологиясы, сорттары; жылыжайларда көшеттерді өсірудің технологиясы; тұқымды себу/отырғызу, күтіп-баптау және өнімді жинау; ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары; жылыжай шаруашылығының экономикалық тиімділігі. Курсты игеру нәтижесінде студенттер көктемгі және қысқы жылыжайлардың түрлерін және олардың жасанды микроклимат ортасын жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық дақылдарының бактериялық және вирустық аурулары

    Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдарының бактериялық және вирустық аурулары жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: бактериялық және вирустық аурулардың түрлері; ауру симптомдарының жіктелуі, инфекциялық және инфекциялық емес аурулар; ауру қоздырғыштары; өсімдіктердің аса қауіпті және карантиндік аурулары; өсімдік ауруларының таралуы және диагностикасы; ауылшаруашылығы дақылдарының бактериялық және вирустық ауруларының мониторингі; қауіп факторлары; ауыл шаруашылығы дақылдарының бактериялық және вирустық ауруларына қарсы күрес әдістері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының бактериялық және вирустық ауруларының түрлерін және оларға қарсы күрес шараларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық энтомология

    Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің классификациясы, зияндылығы және оларды зиянкестерден қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: ауылшаруашылық энтомологияның дамуы мен қалаған ғалымдары; жәндіктердің жіктелуі мен құрылымы; көп улы жәндіктер; ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлері мен сипаттамасы; аса қауіпті және карантиндік зиянкестер мен олардың сипаттамасы; дәнді, майлы, техникалық және жеміс-көкөніс дақылдарының зиянкестері; өсімдіктерді зиянкестерден қорғау әдістері мен мерзімдері; зиянкестердің түрлік құрамын анықтаудың әдістері; топырақ пен егістіктің фитосанитариялық жағдайын бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлерін, зияндылығын және оларды зиянкестерден қорғауды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қорғаулы жер құрылысындағы көкөніс дақылдарын қорғау

    Пәннің мақсаты – студенттерге қорғаулы жер құрылысындағы көкөніс дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: қорғаулы жер құрылыстарының негізгі түрлері; қысқы жылыжайлар; көшеттерді өсіру әдістері мен мерзімдері; жылыжай сорттары мен олардың сипаттамасы; жылыжайларда дақыл айналымы және микроклимат; қорғаулы жер құрылыстарында ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің қазіргі заманауи технологиялары; жылыжайларда кездесетін өсімдік аурулары мен зиянкестерінің түрлері; өсімдіктерді қорғау әдістері; жылыжайларда пестицидтерді қолдану; жылыжайдың санитариялық тәртібі (режимі); өсімдіктерді химиялық препараттармен өңдеу әдістері, мерзімдері мен мөлшерлері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер қорғаулы жер құрылысындағы көкөніс дақылдарын өсірудің технологиясын және оларды қорғаудың әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктерді қорғау және карантин

    Пәннің мақсаты - өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және карантиндік зиянды организмдерден қорғау бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудың негіздері; өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік бақылау және фитосанитарлық мониторинг; аурулардың және зиянкестердің аса қауіпті түрлері; ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың кешенді шаралары; карантинді нысандар. Курсты игеру нәтижесінде студенттер зиянды нысандар мен карантинді өсімдіктердің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктерін және кеден бекеттерінде карантиндік бақылауларды жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық фитопатология

    Пәннің мақсаты – студенттерге ауылшаруашылық дақылдары ауруларының классификациясы, зияндылығы және оларды аурулардан қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: ауыл шаруашылығы фитопатологиясының дамуы, тарихы мен міндеттері; дақылдар ауруларының жіктелуі; ауылшаруашылық дақылдары ауруларының қоздырғыштарының түрлері; бактериялық, вирустық және инфекциялық аурулар; ауруларды зерттеу әдістері; ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістері мен технологиялары; инфекциялық емес, саңырауқұлақ және карантиндік аурулар; аурулардың дамуы мен зақымдау деңгейі; дәнді және астық-бұршақ дақылдарының қауіпті аурулары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдары ауруларының түрлерін, зияндылығын және оларды аурулардан қорғауды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тыңайтқыш жүйелерін оңтайландыру

    Пәннің мақсаты - студенттерге өсімдік шаруашылығында қолданылатын тыңайту жүйелерін оңтайландыру жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: тыңайтқыштар жүйесін қолданудың тарихы мен дамуы; өсімдік шаруашылығында пайдаланылатын минералдық және органикалық тыңайтқыштардың түрлері; суғармалы және тәлімі егіншілікте органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану ерекшеліктері; тыңайтқыштардың топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне әсері; тыңайтқыштардың ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне, өнімділігіне және өнім сапасына әсері; қоректік заттардың жетіспеуі кезінде пайда болатын ауылшаруашылық дақылдарының ауруларының түрлері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарын тыңайту жүйелерін оңтайландыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шабындықтар мен жайылымдарды қорғау

    Пәннің мақсаты – студенттерге шабындықтар мен жайылымдарды аурулардан және зиянкестерден қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: табиғи және мәдени шабындықтар мен жайылымдар; шабындықтар мен жайылымдарды тиімді пайдалану және жақсарту; малазықтық шөптерінің өсу және даму жағдайлары; шабындықтар мен жайылымдардың карантиндік аурулары мен зиянкестері; зиянкестер мен аурулардың классификациясы; шабындықтар мен жайылымдар ауруларының қоздырғыштары; шабындықтар мен жайылымдарды зиянкестер мен аурулардан қорғаудың қазіргі заманғы әдістері; пестицидтердің классификациясы және оларды қолдану; фитосанитариялық мониторинг; аурулар мен зиянкестердің диагностикасы. Курсты игеру нәтижесінде студенттер шабындықтар мен жайылымдарды қорғаудың әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Малазықтық дақылдарын аурулардан және зиянкестерден қорғау

    Пәннің мақсаты – студенттерге малазықтық дақылдарды өсіру технологиясы және оларды аурулардан және зиянкестерден қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: малазықтық дақылдарының түрлері мен сипаттамасы; аурулар мен зиянкестердің жіктелуі; инфекциялық және инфекциялық емес аурулар; аурулар қоздырғыштары түрлерінің биологиялық ерекшеліктері; малазықтық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғаудың қазіргі заманғы әдістері; аурулар тудыратын және аурулар серпінінің өзгеруіне әсер ететін экологиялық факторлар; малазықтық дақылдарының аурулары мен зиянкестерін диагностикалау әдістері; пестицидтер тізбесі; фитосанитариялық мониторинг тәсілдері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер малазықтық дақылдарын суғармалы жерлерде өсірудің технологиясын және оларды аурулардан, зиянкестерден қорғаудың әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және құжаттама

    Пәннің мақсаты – студенттерге өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және құжаттама жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: мемлекеттік бақылаудың негіздері мен міндеттері; Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы Заңы; пестицидтермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары мен сақталуы; өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар мен фитосанитариялық бақылау; карантиндік бақылау және құжаттама; агрофитоценоздардағы фитосанитариялық жағдай көрсеткіштерінің нормативтеріне сәйкестікті талдау; фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Курсты игеру нәтижесінде студенттер өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және құжаттама жүргізуді және олармен жұмыс жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұқымдарды стратификациялау және сертификаттау

    Пәннің мақсаты - студенттерді ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдарын стратификациялау және сертификаттау технологиясын оқыту. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: тұқымдарды стратификациялау мен скарификациялаудың мәні мен мақсаты, тұқымдарды тыныштық кезеңінен шығару уақыты мен әдістері, тұқымды көктемгі және күзгі себу алдындағы стратификациялау бойынша жұмыстар, тұқымдарды бояу тәсілдері, ерітінділердің түрлері мен құрамы, субстрат түрлері және олардың құрамы, тұқымдарды стратификациялау ұзақтығы,тұқымдардың ісінуі мен өнуі, химиялық, механикалық және термиялық скарификация, тұқымдарды сертификаттау негіздері және сорттық бақылау, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын Сертификаттау жүйесінің қазіргі жағдайы, белгілердің тұқым қуалауының негізгі заңдары, ҚР тұқым шаруашылығы туралы Заңы және сертификаттар. Курсты игеру нәтижесінде студенттер тұқымдарды стратификациялауды таңдай алады және жүзеге асыра алады, тұқымдарды химиялық, механикалық және термиялық скарификациялау, тұқымдарды сорттық бақылау, сынақтан өткізу және сертификаттауды орындай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мал азығын өндіру және малазықтық дақылдары қорғау

    Пәннің мақсаты – студенттерге мал азығын өндіру және малазықтық дақылдарды аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: көпжылдық және бір жылдық малазықтық дақылдар; малазықтық дақылдарды өсіру технологиясы; малазығын дайындау және сақтау технологиясы; табиғи жемшөп алқаптарын тиімді пайдалану және жақсарту әдістері; қауіпті аурулар мен зиянкестердің түрлері және олардың сипаттамасы; малазықтық дақылдарының саңырауқұлақ, вирустық және инфекциялық аурулары; кеміргіштер, кенелер мен жәндіктер; малазықтық дақылдарды химиялық жолмен қорғаудың негіздері; пестицидтердің жіктелуі және оларды қолдану; фитосанитариялық мониторинг. Курсты игеру нәтижесінде студенттер мал азығын өндіру және малазықтық дақылдарды қорғаудың әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық, экономика және кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, экология және тұрақты даму, инклюзия негіздері

    Пәннің мақсаты – студенттердің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негіздер бойынша кешенді түсінігін қалыптастыру, нарықтық экономика мен кәсіпкерліктің негіздерін меңгеру, қаржылық сауаттылықты, экологиялық жауапкершілікті және тұрақты даму қағидаттарын дамыту, сондай-ақ қоғамдағы инклюзивті өзара іс-қимылдың негізгі тәсілдерін игеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат

    Пәннің мақсаты – студенттердің бүкіл оқу курсының әртүрлі пәндерін оқуда алған білімдерін одан әрі пайдалануға мүмкіндік бере отырып, коммерцияландыру негіздері мен ерекшеліктері, академиялық мәтіндерді, ғылыми мақалаларды, даярлау бағыты бойынша есептерді құру мен олардың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі ережелері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Еңбекті қорғау

    Пәннің мақсаты - құқықтық-еңбек, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру, емдеу-алдын алу, техникалық және әлеуметтік-экономикалық қызмет мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралардың негізгі кешені туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: жұмысшылардың, тұтастай алғанда қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру үшін психофизиологияны ескере отырып, еңбек режимдерін оңтайландыру. Еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік стандарттарының негізгі жүйелерінің барлық талаптарын қолдана отырып, жұмысшының еңбек қызметін дұрыс ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптерін диагностикалау

    Пәннің мақсаты - студенттерге суғармалы жерлерде өсірілетін танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптерін диагностикалау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: арамшөптердің топтары және сипаттамасы; аса қауіпті карантиндік арамшөптер; танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптермен ластану дәрежесін бағалау; Қазақстан Республикасының аумағында арамшөп өсімдіктерінің таралу шекарасын анықтау; арамшөп өсімдіктерін диагностикалауды жүргізу әдістері мен мерзімдері; диагностика негіздері; фитосанитариялық мониторинг; карантиндік арамшөптердің дамуын болжау және санын анықтау; карантиндік арамшөп өсімдіктерінен өсімдіктерді қорғау жүйесін әзірлеу. Курсты игеру нәтижесінде студенттер танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптерін диагностикалаудың әдістерін және оны жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект және цифрлық трансформация

    Пәннің мақсаты – студенттерде жасанды интеллект және цифрлық трансформацияның негізгі технологиялары туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ олардың кәсіби қызмет тиімділігін арттыру және қазіргі цифрлық өзгерістерге бейімделу үшін қолданбалы дағдыларды дамыту, сонымен қатар болашақ мамандардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптерін диагностикалау

    Пәннің мақсаты - студенттерге суғармалы жерлерде өсірілетін танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптерін диагностикалау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: арамшөптердің топтары және сипаттамасы; аса қауіпті карантиндік арамшөптер; танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптермен ластану дәрежесін бағалау; Қазақстан Республикасының аумағында арамшөп өсімдіктерінің таралу шекарасын анықтау; арамшөп өсімдіктерін диагностикалауды жүргізу әдістері мен мерзімдері; диагностика негіздері; фитосанитариялық мониторинг; карантиндік арамшөптердің дамуын болжау және санын анықтау; карантиндік арамшөп өсімдіктерінен өсімдіктерді қорғау жүйесін әзірлеу. Курсты игеру нәтижесінде студенттер танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптерін диагностикалаудың әдістерін және оны жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерін диагностикалау

    Пәннің мақсаты - студенттерге суғармалы және тәлімі жерлерде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерін диагностикалаужайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдік зиянкестерін диагностикалаудың негіздері мен міндеттері; зиянкестерді топтастыру; өсімдік зиянкестерін диагностикалауды жүргізудің мерзімдері мен әдістері; ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерін анықтау және диагностикалаудың әдістемесі; олардың Қазақстан Республикасының аумағында таралу шекарасын анықтау; ауылшаруашылық дақылдары зиянкестеріне диагностикалауды жүргізудің әдістері; диагностика негіздері, фитосанитариялық мониторинг, зиянкестердің дамуын болжау және санын анықтау; диагностика жұмысының құжаттамасы мен сапасын бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерін диагностикалаудың әдістерін және оны жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын диагностикалау

    Пәннің мақсаты - студенттерге суғармалы және тәлімі жерлерде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының ауруларын диагностикалаужайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: өсімдіктер ауруларының негізгі топтарының жүйелілік, биология және экология негіздері; ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларын анықтау және диагностикалау әдістемелері; олардың Қазақстан Республикасының аумағында таралу шекарасын анықтау; ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларын диагностикалауды жүргізу әдістері; диагностика негіздері; фитосанитариялық мониторинг; аурулардың дамуын болжау және санын анықтау; карантиндік аурулар; өсімдіктерді аса қауіпті аурулардан қорғау жүйесін әзірлеу. Курсты игеру нәтижесінде студенттер ауылшаруашылық дақылдарының ауруларын диагностикалаудың әдістерін және оны жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көкөніс шаруашылығы және көкөніс дақылдарын қорғау

    Пәннің мақсаты - студенттерге көкөніс шаруашылығы және көөкніс дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: көкөніс шаруашылығының тарихы мен дамуы; көкөніс дақылдарының жіктелуі мен сорттары; көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы; көкөніс дақылдарының морфологиялық белгілері, биологиялық ерекшеліктері; арамшөптердің түрлері және оларға қарсы күрес шаралары; көкөніс дақылдарының аурулары мен зиянкестері; пестицидтердің реестрі және оларды көкөніс шаруашылығында қолдану технологиясы; улы химикаттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау; өсімдіктерді қорғау препараттарын қолданудың экономикалық тиімділігін есептеу. Курсты игеру нәтижесінде студенттер көкөніс дақылдарын суғармалы жерлерде өсірудің технологиясын және оларды қорғаудың әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дәнді және техникалық дақылдарды химиялық қорғау

    Пәннің мақсаты – студенттерге дәнді және техникалық дақылдарды химиялық жолмен қорғаудың маңыздылығы және технологиясы жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: дәнді және техникалық дақылдар; егіншілік пен өсімдік шаруашылығының негізгі заңдылықтары; ауыспалы егістің ғылыми негіздері; дәнді және техникалық дақылдарды өсіру технологиясы; дәнді және техникалық дақылдардың аурулары мен зиянкестерінің жіктелуі; арамшөптер және олармен күресу шаралары; дәнді және техникалық дақылдардың аса қауіпті зиянкестері мен аурулары; пестицидтердің түрлері мен сипаттамасы; өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау; далалық жұмыстарды ұйымдастыру және сапасын бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер дәнді және техникалық дақылдарды химиялық жолмен қорғаудың технологиясын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Танаптық дақылдарын химиялық қорғау

    Пәннің мақсаты – студенттерге танаптық дақылдарды химиялық жолмен қорғаудың маңыздылығы және технологиясы жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: танаптық дақылдардың халық шаруашылығындағы маңызы, түрлері мен сорттары; өсімдік шаруашылығы мен егіншілік заңдары; ауыспалы егістер және танаптық дақылдарды өсіру технологиясы; танаптық дақылдардың аурулары мен зиянкестерінің жіктелуі; карантиндік арамшөптер және оларға қарсы күрес шаралары; танаптық дақылдарды химиялық қорғаудың негіздері; пестицидтердің жіктелуі; қазіргі заманауи химиялық препараттар және олардың сипаттамасы; өсімдіктерді химиялық препараттармен өңдеу мерзімдері мен мөлшері; танаптық жұмыстардың сапасын бағалау. Курсты игеру нәтижесінде студенттер танаптық дақылдарды химиялық жолмен қорғаудың технологиясын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жеміс шаруашылығы және жеміс дақылдарын қорғау

    Пәннің мақсаты - студенттерге жеміс шаруашылығы және жеміс дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау жайлы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: жеміс шаруашылығының негіздері; жеміс дақылдарының жіктелуі; жеміс дақылдарының тіршілік факторлары; жеміс дақылдарын өсіру технологиясы; жеміс дақылдарының зиянкестерінің, арамшөптерінің және ауруларының түрлері; карантиндік зиянкестер, арамшөптер және аурулар; жеміс дақылдарын қорғаудың қазіргі заманауи және дәстүрлі емес әдістері; химиялық препараттарды/пестицидтерді және тірі организмдерді жеміс шаруашылығында қолдану; жеміс дақылдарын өңдеу мөлшері, мерзімі және әдістері; жеміс шаруашылығын механикаландыру. Курсты игеру нәтижесінде студенттер жеміс дақылдарын суғармалы жерлерде өсірудің технологиясын және оларды қорғаудың әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика, құқық, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, орнықты даму және құқықтық және қаржылық дұрыстығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, ресурстарды ұтымды пайдалануды, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуды, экологиялық орнықтылық қағидаттарын сақтауды және нарықтық экономика мен жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында түрлі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін есепке алуды қамтамасыз ететін шешімдерді негізделген қабылдау үшін инклюзия негіздері саласындағы білімді қолдану.
  • Академиялық жазу әдістерін қолдана отырып ғылыми идеяларды тұжырымдау, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру туралы білімді қолдану, ғылыми және қолданбалы нәтижелерді талдау, түсіндіру және ұсыну үшін жасанды интеллект және цифрлық трансформация технологияларын қолдану
  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық білімді, агрономия негіздерін және кәсіби пәндерді меңгеру нәтижесінде, топырақ пен жануарлардың негізгі түрлері мен түрлерін анықтау үшін қажетті агроклиматтық болжамдар әдістерін қолданады.
  • Дақылдардың ауруларының, зиянкестерінің және арамшөптердің; микроорганизмдерді; Қазақстан Республикасы үшін карантиндік маңызы бар ауруларды, зиянкестерді және арамшөптерді классификациялау; Қазақстан территориясында зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің таралу шекарасын анықтауды; танаптық жұмыстарды жүргізе алу.
  • Өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау әдістерін; пестицидтердің жіктелуін сипаттау; әртүрлі әдістерді қолдана отырып дақылдарды қорғау жүйесін әзірлеуді және қолдануды; арамшөпті өсімдіктерді зерттеуді жүргізу; энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды жасау және сақтауды жүргізуді.
  • Егіншілік және өсімдік шаруашылығы негіздерін; агрономиялық зерттеулердің әдістемесі мен жүргізілуін; органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрлерін және оларды қолдану технологиясын; МЕМСТ және тұқым шаруашылығы мен селекцияны ұйымдастырудың құқықтық мәселелерін түсіндіру; дақылдарды өсіру бойынша дала жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді білу.
  • Шабындықтармен жайылымдар өсімдіктерінің түрлері мен биологиялық ерекшеліктерін; өсімдіктерді қорғау әдістерін; топырақты өңдеуге, тұқымды себуге, тыңайтқыштарды енгізуге, өсімдіктерді қорғауға, өнімді жинауға арналған машиналардың технологиялық сипаттамаларын және агрегаттауды ажырата білу; өсімдіктерді қорғауға арналған пестицидтерді таңдап алуды және қолдануды.
  • Өсімдіктерді қорғау саласындағы ҚР заңнамасы мен құжаттамасын; өсімдіктер зиянкестерінің, ауруларының және карантиндік арамшөптердің тізбесін таңдай білу; зиянды нысандардың таралу ошақтарын анықтай алу; зиянкестер, аурулар мен карантинді арамшөптердің дамуын болжауды және диагностика жүргізе алуы.
  • Ашық және қорғаулы жер құрылысындағы көкөніс, жеміс, танаптық шаруашылықтарын; өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау әдістерін; пестицидтер реестірін сипататуды білу; ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау үшін химиялық препараттарды пайдалана алуы.
Top