Пәндер

  • Механикалық процестерді зерттеуге шекті элементтер әдісін қолдану

    Пәннің мақсаты әр түрлі механикалық процестерді шекті элементтер әдісімен сипаттайтын дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің кең спектрін шешудің негізгі ұғымдары мен әдістерін қарастыру. Стерженді, пластиналық және көлемді шекті элементтерді қолдана отырып, құрылымдардың деформацияланған кернеулі күйін шекті элементтік модельдеу әдістерін пайдалана отырып зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Заманауи биофизика негіздері

    Пәннің мақсаты биофизика негіздері, күрделі жүйелердің және молекулалық биофизика бойынша білімді қалыптастыру. Докторанттар биологиялық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу дағдыларын және әртүрлі деңгейдегі биологиялық жүйелерді зерттеудің физикалық әдістерін меңгереді. Әртүрлі биологиялық процестерді талдай алады

    Несиелер - 6
  • Энергия үнемдеу мен жаңартылатын энергетикадағы ғылыми-әдістемелік тәсілдер

    Пәннің мақсаты энергияны үнемдеудің, жаңа баламалы және жаңартылатын энергия көздерін іздеудің және жасаудың қазақстандық және әлемдік мәселелері туралы білімді қалыптастыру. Докторанттар энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық, өндірістік, техникалық және экологиялық аспектілерін, энергетикалық қондырғыларды пайдаланудың физикалық негіздері мен принциптерін, жаңа энергия көздерін іздеуді және құруды есептеуде білімдер мен практикалық дағдыларға ие болады.

    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді коммерцияландыру

    Пәннің мақсаты жобалардың экономикалық тиімділігін бағалаудың әдіснамалық негіздері туралы білімді қалыптастыру, ғылыми зерттеулер нәтижелеріне негізделген бизнес-жоспарларды әзірлеу. Докторанттар инновациялық стратегиялардың CASE STUDY әзірлейді, коммерцияландыру кезеңдерінің мазмұнын, бизнес-жоспарлаудың техникалық ерекшеліктерін, негізгі ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастырудың жоспарларын, принциптері мен нысандарын зерделейді.

    Несиелер - 5
  • Астрофизикалық мәліметтерді компьютерлік өңдеу

    Пәннің мақсаты – докторанттарға астрономиялық спектрлер мен фотометриялық деректерді компьютерлік өңдеу әдістерін үйрету. Докторанттар IRAF бағдарламасында деректермен жұмыс істеуді және бақылаулар нәтижесін интерпретациялауды меңгереді. Зерттеу қорытындыларын талдап, кәсіби дағдыларын жетілдіреді

    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    Пән ғылыми бағыттағы әртүрлі мәтіндерді (ғылыми мақала, баяндама, пікір, әдеби шолу, эмпирикалық зерттеу және т.б.) жазу дағдыларын қалыптастыруға және олардың құрылымы мен ерекшеліктерін терең меңгертуге бағытталған. Пән мазмұнына ғылыми жазылым үдерісінің барлық кезеңдері – тақырып таңдаудан бастап, мақаланы халықаралық басылымда жариялауға дейінгі кезеңдердегі өзекті мәселелер кіреді. Докторанттар сыни ойлау, жүйелі және дәлелді жазу, ғылыми дискурсты қалыптастыру, мәтінді талдау, бағалау және ғылыми стильде оқи білу дағдыларын дамытады. Халықаралық деңгейдегі рейтінгісі жоғары журналдардағы ғылыми мақалалардың құрылымымен, стильдерімен танысады.

    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пән докторантты зерттеу үдерісін түсіндіруге және ғылыми мәтіндерге талдау жасау, әдіснама жазу, зерттеу жоспарын құру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән зерттеу дизайны, дерек жинау, сапалық және сандық әдістер, зерттеу этикасы мен деректерді талдау бойынша кешенді білім береді, нәтижесінде докторанттың ғылыми жұмысын жүйелі жазуына негіз қалайды.

    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Терең теориялық және тәжірибелік білімдерді, ғылыми зерттеу жұмыстарының есептерін шешу кезінде пайдаланады және әртүрлі параметрлердің аналитикалық, сандық есептеулерін алу үшін заманауи техникалық құрылғыларда жұмыс істей алады.
  • Әлемнің біртұтас көрінісін астрофизика мен космологияны, күрлелі жүйелердің биофизикасын сипаттағанда және зерттегенде жоғары зияткерлік белсенділікті көрсетіп жоғары ғылыми көзқарасты дәйектейді.
  • Альтернативтік энергия көздерінің энергетикалық құрылғыларының әртүрлі сипаттамаларын есептеу кезінде альтернативтік энергетика және энергия үнемдеудің қазіргі таңдағы күйін көрсететін тенденциялары мен әдістерін, мәселелерін бағалайды.
  • Рейтингтік басылымдарда жариялау үшін және ауқымды ғылыми аудиторияларға көрсету үшін жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін пайдалана отырып жазбаша және ауызша академиялық мәтіндерді құрастырады
  • Тұтынушының сұранысын қанағаттандыруға және үстеме пайда түсіру мақсатында отандық және шетелдік тәжірибелерді ескере отырып ғылыми- қолданбалы зерттеулер нәтижесін коммерциаландырудың және ғылымнан технологияны өндірістік секторға тасымалдаудың бірегей жүйесін іске асыру әдістемесін жасайды (өзінің ғылыми жұмысының мысалы негізінде)
  • Шекті элементтер әдісін қолдана отырып әртүрлі механикалық жүйелерде және биологиялық ортада жүретін күрделі физикалық құбылыстар мен процестердің математикалық және компьютерлік модельдерін жасайды
Top