6B05105 Генетика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарлама жалпы және молекулярлық генетика саласындағы теориялық білімдерімен, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларымен бәсекеге қабілетті; биология, биомедицина, биотехнология, экология, криминалистика, гендік қорды сақтау және генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
STEM
Қазіргі және озық технологиялық есептерді шешу үшін математикалық және физикалық теориялардың негізгі ұғымдарын, заңдарын, формулаларын, теоремаларын және әдістерін меңгеру және білім алу. Сызықтық және векторлық алгебра. Аналитикалық геометрия. Бір айнымалы функциялардың интегралдық есебі. Көп айнымалы функциялар.Классикалық механиканың физикалық заңдары. Бүкіләлемдік тартылыс заңы, энергияның, импульстің және электр зарядтарының сақталуы, термодинамика.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ботаника
Өсімдік организмінің құрылыс ерекшеліктері және оның көбеюі; биосфераның тұрақтылығы үшін фитоәртүрліліктің маңызы, бақылау әдістері, сипаттау, анықтау, жіктеу. Өсімдіктердің әртүрлі жүйелі топтарындағы айырмашылықтар. Далалық және зертханалық жағдайларда биологиялық ақпаратты жинаудың негізгі әдістері, биологиялық объектілерді зерттеуде қолданылатын қарапайым жабдықтар мен материалдар. Биологиялық объектілер мен жүйелерді зерттеу әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзияға кіріспе
Пәннің мақсаты: инклюзивті білім беру негіздерінің ғылыми-теориялық білімдер жүйесін меңгеру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың құндылық бағдарларын қалыптастыру, инклюзивті ортада кәсіби қызмет саласындағы құзыреттерді меңгерту
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері
Пән адамның өмір сүру ортасында туындайтын қауіпті және зиянды факторлардан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін, төтенше жағдайларда төнетін қауіп-қатерлерден қорғану ережелерін білуге студенттерді даярлау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Пән студенттерде экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми тұрғыда түсіндіруге және тұрақты дамудың мақсаттары мен принциптері жөнінде кешенді білім беруге бағытталған. Пән аясында жаһандық және өңірлік экологиялық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары қарастырылады. Студенттер тұрақты даму саласында ғылыми негізделген, жауапты шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты: Мемлекеттік билік органдарының, саяси және қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін талдау қабілетін қалыптастыру. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы объективті білім беру. Жасанды интеллектінің (ЖИ) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және талдау үдерістеріндегі рөлін көрсету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіру. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен ЖИ-дің талдамалық құралдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлықты еңсеру дағдыларын үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абай ілімі
Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай бағалау құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржы сауаттылығының негіздері
Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әл-Фараби және қазіргі заман
Пәннің мақсаты – студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Зоология
Аурулардың алдын алу әдістері мен стратегияларын әзірлеу мақсатында студенттердің жануарлар жүйелерінің алуан түрлілігі, олардың анатомиясы, физиологиясы, мінез-құлқы және экологиясы туралы білімдерін, жануарлардың өзара әрекеттесуі мен олардың тіршілік ету ортасын түсіну, адам денсаулығына экологиялық қауіптерді бағалау, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен дамуының эволюциялық механизмдерін талдауды қалыпатастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Пән студенттердің экономикалық ойлауын қалыптастыруға және кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған. Курстың аясында нарықтық экономиканың негізгі заңдылықтары мен кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың негіздері қарастырылады. Студенттер экономиканың жұмыс істеу механизмін, бизнестің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін, кәсіпкерлікті құру және жүргізу кезеңдерін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микробиология және вирусология
Пәннің мақсаты: микроорганизмдер мен вирустарды зерттеу объектісі ретінде пайдалану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: прокариоттар және вирустар, олардың қасиеттері, табиғат пен адам тіршілігіндегі рөлі, классификация қағидаттары; олардың алуантүрлілігі; прокариоттық клетканың ультрақұрылымды ұйымы, микробтар және вирустардың өсуі мен көбею ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Биохимия
Тірі организмдердің биохимиялық процестерінің құрамы, қасиеттері, құрылысы және қызметі, биополимерлердің биологиялық әсерінің ерекшеліктері, белоктардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың функционалдық топтары, липидтер, ферменттер, гормондар, витаминдер, аминқышқылдары, зат алмасудың реттелуі, зат алмасу және зертханалық жағдайда биохимиялық талдау әдістері туралы жүйеленген білімді қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Адам және жануарлар физиологиясы
Пәннің мақсаты: физиологияның теориялық және методологиялық негіздерін, адам және жануарлар организмнің тіршілік әрекетінің физиологиялық процестерінің біртұтастығы мен қоршаған ортамен өзара байланысын жүйелеу және көрсете білу;адам және жануарлар физиологиясы бойынша білімдерін практикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде, физиологиялық зерттеулер дағдысын қолдана және талдай білуді үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Клеткалық биология
Пәннің мақсаты – эукариоттық клеткалардың құрылысы, функциялары мен ұйымдасуы, клеткааралық әрекеттесу механизмдері, клеткалық циклді реттеу және негізгі клеткалық үдерістер туралы базалық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: клетка мембраналық құрылымдары; эукариоттық клетканың органеллалары; цитоскелет және клетка ішілік тасымалдау; клеткалық цикл және оның реттелуі; клетканың бөлінуі және оның бұзылыстары; клеткалық сигнал беру; клетканы зерттеу әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Генетика
Пәннің мақсаты: тірі организмдердің тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдары туралы тұтас жүйелік түсінікті және осы білімдерді тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: классикалық генетиканың негізгі заңдылықтары, тұқым қуалау механизмдері; аллельдік және алельдік емес гендердің өзара әрекеттесуі; жыныс генетикасы, жыныспен тіркескен тұқым қуалау; кроссинговер; өзгергіштіктің түрлері; популяциядағы генетикалық процестері; адам генетикасының негіздері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Молекулалық биология
Прокариоттар мен эукариоттарда тұқым қуалайтын ақпаратты беруді және іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі құрылымдар мен механизмдер туралы түсінік қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері, нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттерін талдаудың заманауи әдістері, репликация, транскрипция, РНҚ жетілу, генетикалық материалды қалпына келтіру механизмдері мен әдістерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Бейорганикалық және органикалық химия
Пәннің мақсаты: қарапайым заттар мен табиғаты бейорганикалық және органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін түсіндіру үшін химия заңдылықтарын қолдану қабілетін қалыптастыру; оларға химиялық зертханалық экспериментті жүргізуді үйрету. Келесі аспектілер қарастырылады: атомның және заттың құрылымының кванттық механикалық принциптері; химиялық байланыс; энергетикалық химиялық процестер; химиялық термодинамиканың элементтері, химиялық реакциялардың кинетикасы; гидролиздеу, тотығу-төмендету, олардың сипаттамалары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Қолданбалы генетика
Пәннің мақсаты: пәнаралық зерттеулер жүргізу үшін қолданбалы генетиканың жетістіктері мен преспективасын талдау қабілеттерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: генетикалық түрлендірілген организмдер; ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен төзімділігін арттыру әдістері; фармакогенетика, тұқым қуалайтын ауруларды генотерапия арқылы емдеу; организмдерді генетикалық паспорттау; ластаушы заттарға биотестілеу және генетикалық бақылау; жеке тұлғаны генетикалық идентификациялау; ДНҚ-профильдерінің дерекқорлары; өндіруші штаммдарды генетикалық жетілдіру; генетикалық деректерді талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Генотоксикология
Пәннің мақсаты: генотоксиканттардың әсер етуінің молекулалық механизмдерін және организмнің генотоксиндық факторлардың әсеріне төзімділігін арттыру жолдарын бағалау қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: тірі организмдер мен қоршаған ортаға зиян келтіретін экологиялық факторлардың өзара әрекеттесуінің жалпы заңдылықтары; генотоксикалық факторлар бойынша қоршаған ортаның антропогендік ластануының көздері; организмдерге генотоксиндық факторлардың әсер ету механизмдері; қоршаған ортада генотоксиндық факторларды анықтауға арналған сынақ жүйелері; организмді генотоксиндық факторлардан қорғау тәсілдері, антимутагендар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Эндокринология
Пәннің мақсаты: студенттерде организмнің эндокриндік жүйесінің жағдайын бағалай алу жайлы, организмнің физиологиялық жүйесінің гормональді реттелудің ерекшеліктерін негіздеу жайлы, организмнің жалпы функционалды қалпы мен оның резервті мүмкіндіктері мен ішкі секреция бездерінің, олардың гормондарының синтезі мен жануарлар және адам организмдеріне әсерлерің жүйелеу және көрсете білу жайлы тұтас жүйелік түсінігін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Адам генетикасы
Пәннің мақсаты: адам геномы құрылымы мен қызметі, тұқымқуалау механизмдері, генетикалық аурулар және оларды диагностикалау әдістері туралы түсінік қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: адам геномы; адамның кариотипі; хромосомалық мутациялар; моногенді, полигенді және мультифакторлы аурулардың генетикалық және молекулалық негіздері; адам генетикасындағы зерттеу әдістері; адамның популяциялық генетикасы; медициналық-генетикалық кеңес беру; пренатальды және постнатальды диагностика.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Клиникалық цитогенетика
Пәннің мақсаты: клиникалық тәжірибеде хромосомалық аномалияларды анықтау, талдау және интерпретациялау үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: хромосомалардың құрылысы мен жіктелуі; хромосомалық цикл; бояу және цитогенетикалық талдау әдістері; хромосомалық мутациялар мен геномдық қайта құрылымдар; тұқым қуалайтын аурулардың цитогенетикасы; пренатальды диагностика және инвазивті тексеру әдістері; ISCN халықаралық номенклатурасы; кариограмма құру, хромосомалық карталар жасау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Биофизика
Пәннің мақсаты: студенттердің адам ағзасындағы биофизикалық процестерді, оларды аспаптық зерттеудің принциптері мен әдістерін түсіну қабілеттерін қалыптастыру. Биофизикалық заңдылықтар; организмге физикалық факторлардың әсер ету ерекшеліктері және оларды зерттеу әдістері, болашақ кәсіби қызмет контекстінде ұйымның әртүрлі деңгейлеріндегі биологиялық жүйелерді зерттеуде биофизикалық әдістерді қолдануды қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Генетикалық инженерия
Пәннің мақсаты: гендік инженерияның молекулалық-генетикалық әдістерін практикада қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: геномдық талдаудың эволюциясы; про- және эукариоттардың генетикалық аппаратының құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы, гендер экспрессиясының реттелу механизмдері, рекомбинантты ДНҚ өндіру және клондаудың әдістері мен тәсілдері; in vitro мутагенезі; антимағыналы РНҚ көмегімен гендік экспрессиясының таңдамалы тежелуі; РНҚ интерференциясы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Мутагенез
Пәннің мақсаты: мутагендік факторларды сипаттау және олар туындаған бұзылыстарды бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: мутагенездің қазіргі заманғы теориялары; мутагенездің теориялық және тәжірибелік негіздері; мутациялардың негізгі түрлері; әртүрлі мутациялардың цитогенетикалық, биохимиялық және молекулалық көріністері; тератологиялық ақауларды және спонтанды тұқым қуалайтын өзгерістерді талдау әдістері; ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру үшін селекциялық практикада мутациялық үдерісті қолдану қағидаттары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Иммунология
Пәннің мақсаты: организмнің иммундық жүйесінің қоршаған орта факторларына жауап беруіндегі негізгі сәттерді сипаттау және түсіндіру қабілеттерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: туа біткен иммунитет; иммундық жүйенің клеткалары; адаптивті иммунитет; иммундық жүйенің мүшелері; адам мен жануарлардың филогенезінде және онтогенезінде иммундық жүйенің дамуының жалпы қағидалары; иммунокомпетентті клеткалардың функциялық жүктемесі; қанның топтары; трансплантациялық иммунитеті; иммунологиялық төзімділік.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Молекулалық диагностика
Пәннің мақсаты: молекулалық диагностика әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: нуклеин қышқылдарын бөліп алу және талдау әдістері; полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) және оның түрлендірілген нұсқалары; амплификациялық және гибридизациялық диагностика әдістері; секвенирлеу әдістері; генотиптеу және мутацияларды анықтау; жұқпалы және тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау; сұйық биопсия және минималды инвазивті әдістер; молекулалық диагностикада сапаны бақылау және стандарттау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Адам және жануарлар цитогенетикасы
Хромосомаларды жіктеу және талдау заманауи цитогенетикалық әдістерін қодану қабілеттерін және интерфаза және метафаза хромосомаларының, политенді хромосомалардың және "лампалы щетка" тәрізді хромосомалардың құрылымы мен функцияларын, хромосомалық жиынтықта (хромосомалық, геномдық мутация) генетикалық өзгерістердін, цитогенетикалық талдау әдістерін, нормада және хромосомалық патологияда адамның кариотиптелуі жайында түсінікті қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Канцерогенез генетикасы
Пәннің мақсаты: студенттерге қатерлі ісіктердің пайда болуы мен дамуының генетикалық механизмдері туралы білім қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: ісік дамуының кезеңдері (инициация, промоция, прогрессия); ісік клеткаларының ерекшеліктері; ісік өсуіне алып келетін генетикалық тұрақсыздық; онкогендер мен ісік супрессор гендері; тұқым қуалайтын және спорадиялық қатерлі ісіктер; обыр кезіндегі эпигенетикалық бұзылыстар; қоршаған ортаның канцерогендік факторлары; обырдың молекулалық диагностикасы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Эмбриология
Пәннің мақсаты: адам мен жануарлардың эмбрионалдық дамуының заңдылықтары туралы білімді меңгеру қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: эмбрионалдық дамудың кезеңдері; осьтік ұйымдасу принциптері; морфогенез және органогенез; клеткалық дифференциация және тіндік мамандану; дамуды реттейтін гендер; даму аномалиялары және тератогенез; салыстырмалы эмбриология; эмбриологиядағы заманауи технологиялар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер мен жануарлар селекциясы
Пәннің мақсаты: ғылыми-практикалық жобаларды жасау және жүзеге асыру үшін өсімдіктер мен қол тұқымдар жануарлар селекциясының заманауи жетістіктерін талдау қабілеттерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: сұрыптау үдерісін ұйымдастыру және әдістемесі; сұрыптау әдістері; түр ішілік және түр аралық будандасу, гетерозиготалық гибридтердің селекциясы, селекциялық материалдарды бағалау; жоғары құнды асыл тұқымды малдарды тездетіп көбейту және сақтау биотехнологиясы әдістері, ауыл шаруашылық малдарын трансплантациялаудың жетілдірілген әдістері, эмбрион-биотехнологиялық бақылау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Криминалистикалық генетика
Пәннің мақсаты: криминалистикада қолданылатын молекулалық-генетикалық әдістерді игеру қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: генетика мен молекулалық биологияның сот сараптамасындағы негізгі жетістіктері; тұрақты емес биополимерлерді анықтау әдістері, биологиялық материалдарды диагностикалау үшін молекулярлы-генетикалық маркер ретінде микро- және минителлитикалық ДНҚ-ны қолдану, әке, ана және туыстық ДНҚ анықтау әдістері; молекулярлық диагностикалық сот-зертханаларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер мен жануарлар генетикасы
Пәннің мақсаты: өсімдіктер мен жануарларда тұқымқуалаушылық, өзгергіштік және белгілердің генетикалық реттелуі туралы білімді меңгеру қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: сандық және шаруашылыққа маңызды белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары; көбею генетикасы; өсімдіктердегі төзімділік гендері (R-гендер) және жануарлардағы иммундық жүйелер; салыстырмалы және эволюциялық генетика; өсімдіктер мен жануарлар генетикасындағы заманауи әдістер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 6
-
Бағаналы клеткалар биотехнологиясы
Пәннің мақсаты: ғылым мен медицинада дің жасушаларын қолдануға байланысты теориялық негіздер мен заманауи биотехнологиялық тәсілдер бойынша білімді меңгеру қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: дің жасушаларының түрлері мен қасиеттері; дің жасушаларын алу көздері мен әдістері; дің жасушаларын in vitro өсіру және сақтау тәсілдері; бағытталған дифференциация; дің жасушаларын қолдану салалары; дің жасушаларын қолданудың этикалық аспектілері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Өсімдіктердің иммуногенетикасы
Пәннің мақсаты: өсімдіктерді қорғау үшін өсімдіктердің зиянкестерге қарсы иммунитетінің механизмдерін талдау қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: өсімдіктердің аурулар мен зиянкестерге қарсы иммунитеті; өсімдіктердегі иммунитет пен төзімділіктің көріну түрлері; жоғары сезімталдық реакциялары; патогендердің өсімдіктермен қосарланған эволюциясы; өсімдіктердің төзімділігі мен микроорганизмдердің патогенділігінің генетикасы; тұрақтылық белгісінің тұқым қуалау заңдылықтары; инфекциялық фон, инфекциялық жүктеме және оны анықтау әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Микроорганизмдердің генетикасы
Пәннің мақсаты: өнімділігі жоғары штаммдардың селекциясында микроорганизмдерді зерттеудің генетикалық әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: микроорганизмдер геномының құрылысы мен ұйымдасуы; прокариоттардағы репликация, транскрипция және трансляция үдерістері; генетикалық материалдың горизонталды берілуі; плазмидалар мен мобильді элементтердің генетикасы; бактериофагтар генетикасы; микроорганизмдерді генетикалық талдау әдістері; микроорганизмдер гендік инженериясы; антибиотиктерге төзімділік; ақуыздар, ферменттер, метаболиттер өндіруші микроорганизмдер, пробиотиктер және синтетикалық микроорганизмдер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Геномика және протеомика
Пәннің мақсаты: геномика мен протеомиканың негіздері, өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің геномдары мен протеомдарының ерекшеліктері туралы іргелі білім қабілеттерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: әртүрлі организмдердегі гендер мен ақуыздардың құрылымдық-функционалдық ерекшеліктері; гендер мен ақуыздарға арналған дерекқорлар; гендер мен ақуыздардың физикалық-химиялық қасиеттері мен функцияларын сәйкестендіру және модельдеу; геномдар мен протеомдарды зерттеу әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Биостатистика
Пәннің мақсаты: биологиялық зерттеулерде статистикалық әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: негізгі статистикалық әдістер мен ұғымдар; кездейсоқ өзгергіштіктің заңдылықтары; вариациялық қатарды графиктік түрде бейнелеу; сипаттамалық статистиканың көрсеткіштері (орташа мәндер, дисперсия, стандартты ауытқу және т.б.); параметрлік және параметрлік емес критерийлер (Стьюденттің t-тесті, хи-квадрат критерийі, корреляциялық талдау, дисперсиялық талдау (ANOVA), Манн–Уитнидің U-тесті және т.б.).
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Даму генетиканың негіздері
Пәннің мақсаты: органогенездің генетикалық механизмдерін түсіндіру және онтогенездің әртүрлі деңгейлерін басқаратын гендерді сипаттау қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: даму барысында гендердің өзара әрекеттесуі, дамуды реттейтін генетикалық жүйелердің ұйымдасуы мен қызметі; организмдердің дамуына жауап беретін гомеозистік гендердің рөлі; онтогенездің әртүрлі деңгейлерін бақылайтын гендер (клеткалардың бөлінуі, апоптоз, эмбриогенез, гистогенез, клеткалардың дифференциациясы).
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Мінез-құлық генетикасының негіздері
Пәннің мақсаты: мінез-құлық реакцияларының, когнитивтік функциялардың және психоэмоционалдық күйлердің генетикалық негіздерін, сондай-ақ адамның және жануарлардың мінез-құлық белгілерінің тұқымқуалау ерекшеліктерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: мінез-құлық белгілерінің тұқымқуалаушылығы; мінез-құлықтың молекулалық-генетикалық негіздері; ортаның мінез-құлық гендерінің экспрессиясына әсері; психикалық және нейродегенеративті бұзылыстар генетикасы; интеллект пен оқуға бейімділік генетикасы; әлеуметтік және күйзелістік реакциялар, тәуелділік пен аддиктивті мінез-құлық генетикасы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Молекулалық геронтология
Пәннің мақсаты: қартаюдың молекулалық-генетикалық және клеткалық механизмдерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: қартаю ұғымы, өмір сүру ұзақтығы, бағдарламаланған және стохастикалық қартаю теориялары; қартаюдың генетикалық детерминанттары; қартаюдың клеткалық және молекулалық маркерлері; клеткалық қартаю және апоптоз; ағзаның қартаюының жүйелік аспектілері; өмір сүру ұзақтығы, жасқа байланысты аурулар және оларды баяулату стратегияларын зерттеудің заманауи тәсілдері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Молекулалық генетика бойынша практикум
Пәннің мақсаты: тірі организмдердегі биохимиялық процестерді зерттеуде генетикалық бақылау әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: гендік мутациялар мен аминқышқылдарының жалғыз алмастырылуын анықтау әдістері, ферменттердің сандық және сапалық өзгергіштігі, қандағы топқа тән заттар, ферменттер мен басқа белоктардың полиморфизмі, аминқышқылдары арқылы метаболизмнің тұқым қуалайтын аурулары, көмірсулар, липидтер, пуриндер және пириндер алмасуы, металдар
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Эволюция теориясы
Пәннің мақсаты: Жер бетінде тіршіліктің эволюциялық заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: эволюцияның синтездік теориясының ережелері; эволюцияның генетикалық, онтогенетикалық және экологиялық негіздері; Жер бетіндегі тірінің эволюциясының механизмдері және заңдылықтары, қарапайым факторлары; микро- және макроэволюциялық процестердің себептері және механизмдері; мүшелер мен функциялар эволюциясы; филоценогезді және эволюциялық процестердің бағытталу себептері; адамның эволюциясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Нейрогенетика
Пәннің мақсаты: жүйке жүйесінің функциялары мен дисфункцияларының негізінде жатқан генетикалық механизмдерді талдау қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: орталық жүйке жүйесінің дамуы мен қызметінің генетикалық негіздері; ми қызметін зерттеудің молекулалық-генетикалық әдістері; неврологиялық бұзылулардың генетикасы (Альцгеймер және Паркинсон аурулары, эпилепсия, склероз және т.б.); жүйке жүйесін зерттеу үшін геномдық деректерді пайдалану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Жеке медицина
Пәннің мақсаты: пациенттің генетикалық, молекулалық және клиникалық деректеріне негізделген персонализделген медицинаның принциптері, әдістері мен қолдану салалары бойынша білімін көрсету қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: ауруларға генетикалық бейімділік; фармакогенетика және фармакогеномика; молекулалық-генетикалық диагностика; созылмалы ауруларды емдеудегі жекелендірілген тәсілдер; персонализделген медицинаның технологиялары (сандық денсаулық, телемедицина, жасанды интеллектті жеке деректерді талдауда қолдану); этикалық, құқықтық және әлеуметтік аспектілер.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу және ғылыми зерттеулер этикасы
Пәннің мақсаты: студенттердің өздерінің ғылыми идеяларын құрылымдық түрде таныстыру дағдыларын қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: ғылыми нәтижелерді ауызша және жазбаша түрде ұсынудың стилистикалық ерекшеліктері; ғылыми және ғылыми-ақпараттық мәтіндердің түрлері; ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты ақпараттық технологияларды қолдану арқылы талдау; клиникалық-генетикалық және биомедициналық зерттеулер жүргізудегі этикалық нормалар мен ережелер.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Адам репродукциясының генетикасы
Пәннің мақсаты: адамның репродуктивтік қызметінің генетикалық негіздерін, ұрықтылыққа, эмбрионның дамуына әсер ететін факторларды және репродуктивтік бұзылыстардың тұқым қуалайтын түрлерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: репродуктивтік функцияның генетикалық реттелуі; ұрықтылыққа әсер ететін хромосомалық және гендік аномалиялар; ерлер мен әйелдердің бедеулігі; репродуктивтік медицинадағы генетикалық зерттеу әдістері; пренатальды және преиимплантациялық генетикалық диагностика; қосалқы репродуктивтік технологиялар бағдарламалары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби және жеке, өз-өзімен білім алу арқылы болашақ карьерасын модельдеу және оқыту жолын жоспарлау.
- Молекулалық-генетикалық, биохимиялық, морфофизиологиялық ерекшеліктерді талдау;
- Селекциялық орталықтарда қолайсыз қоршаған орта факторларға төзімді мәдени өсімдіктердің өнімділігі жоғары сорттарын және ауылшаруашылығы жануарларының жоғары өнімді тұқымдарын шығару үшін жалпы және молекулалық генетиканың заманауи әдістерін қолдану
- Генетикалық заңдылықтарды анықтайтын модельдік организмдер мен тест-жүйелермен эксперименттерді жүргізу;
- Ғылыми-өндірістік орталықтарда және зертханаларда GLP ережелері мен биоэтиканың қағидаттарына сәйкес генетикалық әдістемелерді қолдануда жұмыстардың қауіпсіздігін және сапасын бағалау;
- Материалды ауызша, жазбаша және графикалық түрде бере отырып, зерттеу нәтижелерінен негізделген қорытынды жасау
- Перинатальды орталықтарда тұқым қуалаушылық ауруларды диагностикалау және алдын-алу үшін және сырттан тыс ұрықтандыру зертханаларында халықтың репродукция мәселелерін шешуде жалпы және молекулалық генетиканың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
- Тіршілік ортаның түрлі факторларына байланысты организмдердің генетикалық өзгергіштігін бағалау;
- Молекулалық, клеткалық және организм деңгейлерінде тұқымқуалаушылық және өзгергіштікті түсіндіру;
- Қоршаған ортаның генетикалық мониторингне қатысты генетикалық зерттеулердің заманауи жабдықтарын және есептеу құралдарын зертханалық және дала жағдайларында пайдаланып генетикалық зерттеулерді іске асыру;
- Информациялық технологияларды пайдалану негізінде ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық ақпаратқа талдау жасау;
- Кеден және санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалауда ГМО-ы бақылау үшін, криминалистика зертханаларында жеке адамды идентификациялау және туыс болуын анықтау үшін сараптамалардағы молекулалық-генетикалық әдістерін қолдану;