Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01703 Қазақ тілі мен әдебиеті в ШымУ

Пәндер

  • Қазақ поэзиясының поэтикасы

    Көркем әдебиетті, әсіресе поэзияны талдау мен түсінудің терең теориялық және әдістемелік негіздерін үйретеді. Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесін, бейнелі тілін, стильдік ерекшеліктерін, жанрлық табиғатын поэтикалық құралдар арқылы зерттеуге бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер

    Магистранттар әдебиеттану ғылымының тарихында бар мектептер мен ағымдарды анықтайды. Бағыттар қатар да, әр кезеңде де өмір сүріп кейде бірін-бірі ауыстырып та отырады. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Көркем әдебиеттің даму процесі мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым философиясы мен әдіснамасының негіздері, ғылымның пайда болуы мен тарихи динамикасын, нақты ғылымдардың философиялық мәселелерін, ғылым тарихының негізгі кезеңдерін қарастырады. Ғылым мен білімнің, өркениет пен мәдениеттегі педагогика мен білім философиясының өзекті мәселелері қамтылады. Ғылым философиясы мен ғылым тарихының өзара байланысының ерекшеліктері анықталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектептің педагогика мен психологиясы

    Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының әдіснамалық және теориялық-тұжырымдамалық негіздерін меңгереді. Жоғары мектептің педагогика және психологиялық заңдылықтарын қолданады. Жоғары білім беру саласында педагогикалық және психологиялық қызметті жүзеге асырады. Жоғары мектептің оқу сапасын диагностикалау жолдарын меңгереді. Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби құзыреттілігін және педагогикалық шеберлігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Лингвистикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

    Магистрант линвистикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлаудың теориялық-әдістемелік негізін меңгереді. Линвистиканың жаңа бағыттарымен, линвистикалық терминдермен, линвистикалық зерттеудің әдістерімен танысады. Зерттеу жұмысын жоспарлау және зерттеу қателерін алдын алу, ғылыми әдебиеттермен жұмыс, ғылыми этиканың нормалары, зерттеу әдістерін таңдау, мәліметтер жинау мәселелерін меңгереді. Зерттеу нәтижелерін өңдеу мен талдау, зерттеудің нәтижелерін интерпретациялау құралдарымен танысады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттің зертелу тарихы

    Әдебиеттің зерттелу тарихы пәні - көркем әдебиет мәселелерін қарастырады. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып, әдеби процесте болып жатқан жаңалықтармен жұмыс жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ прозасының даму тарихы

    Қазақ прозасының қалыптасу, даму тарихы, сипаты мен өзіндік ерекшеліктері, қазақ прозасындағы қалыптасқан дәстүр мен жалғастық мәселесі қарастырылады. Қазіргі қазақ прозасындағы жаңашыл-модернистік сипаттағы жазушылардың шығармашылығы, олардың шығармаларындағы тілдік-стильдік ерекшеліктер, әдеби әдіс-тәсілдердің жаңашыл сипаты, бұл топтағы жазушылар туралы бүгінгі әдеби сындағы ой-пікір алуандығы туралы сөз болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тілді лингвомәдени талдау

    Адамның мәдениет пен тiлдегi болмысы, ұлттық тіл мен мәдениет, шетел және ұлттық ғылымдағы лингвомәдениет туралы зерттеулері, лингвомәдениеттанудың негізгі ұғымдары, тілді ұлт тарихымен, концепт арқылы көрінетін мәдениетімен, салт-дәстүрімен, рухани болмысымен сабақтастыра қарастыру мәселелерін қарастырады. Тілді ұлт тарихымен, концепт арқылы көрінетін мәдениетімен, салт-дәстүрімен, рухани болмысымен сабақтастыра қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Шетелдік білім беру процесінде білім алушылардың мәдениетаралық, коммуникативтік және функционалдық құзыреттерін қалыптастыру мақсатында ағылшын тілінің лексикалық, тілдік ерекшеліктерін дамытады. Ғылыми зерттеу, халықаралық байланыс, академиялық жазылу және кәсіби коммуникация, тиісті тілдік құралдарды дұрыс таңдау, пікір білдіру, өз бетінше іздеу дағдыларын қалыптастырады. Магистранттарды кәсіптік оқыту шет тілін (негізінен ағылшын тілін) тереңдетіп оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасын оқыту әдістері мен технологиялары

    Жоғары оқу орындарында қолданылатын оқытудың заманауи әдістері білім алушылардың сыни ойлауын дамытуға, өз бетінше ізденуге және практикалық дағдыларды меңгереді. Оқыту әдістері зерттеу қабілеттерін дамытуға және шығармашылық ойлауды жетілдіруді қалыптастырады. Оқытудың инновациялық технологияларының тиімділігі білім беру сапасына, оқу үдерісіне енгізілген әдістер мен технологиялардың білім алушылардың дағдыларына әсерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі

    Магистранттар жоғары оқу орны іс-тәжірибесінде қолданылып жүрген әдебиетті оқытудың инновациялық әдістерімен танысады, жаңашыл мұғалімдердің оқыту әдістерін оқып-талдауды үйретеді, педагогикалық ізденіс пен шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамытады. Болашақ мамандарды әдебиетті оқыту әдістемесінің даму тарихы мен оған әдіскер ғалымдардың қосқан үлесімен, бүгінгі таңдағы қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелік проблемаларымен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің жалпы курсы

    Бұл пән магистранттарға қазақ тілінің барлық салаларынан жалпы мағлұмат береді. Сондай-ақ білім алушылар бакалавриатта қазақ тілі салалары бойынша алған білімдерін ары қарай тереңдетіп, ғылыми бағытқа бойлайды. Тілдің ғылыми теориялық негізін, тілдегі барлық құбылыстарды, тілдің даму бағыты мен тілдік үдерістерді терең танып түсінуге және тіл біліміндегі жаңа зерттеулерді оқып талдауға бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет

    Еуропалық «ренессанс», орыстың «возрождениесі», қазақша «қайта өрлеу дәуірі» деп аталған әлемдік мәдениеттегі зор өзгерістер кезеңі тарихының басты ерекшеліктері мен терминнің түп мағынасы, қазақ әдебиетіндегі қайта өрлеу дәуірінің көшбасшысы Абай ренессансы сынды мәселелер қарастырылады. Еуропалық ренессансқа дейін Азия мәдениеті, шығыс қиырдағы Қытай мәдениеті әлдеқайда ерте дамығаны жайлы мәліметтер беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Әлемдік және қазақ әдебиетінің тарихи даму заңдылықтарына байланысты талдаулар ұсынылады. Әдебиет тарихын дәуірлеуге байланысты жазылған іргелі зерттеулердің теориялық-методологиялық ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, олардың әдебиеттану ғылымын дамытудағы ықпалы туралы кең көлемді мәліметтерді жинақтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

    Жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиетінің оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Білім алушылар қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін меңгеріп, болашақта өз мамандықтары бойынша білім беру саласында жоғары деңгейде жұмыс істей алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар

    Тіл ғылымының жаңа бағыттары бойынша қалыптасқан антропоөзектік бағыттарға жататын этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану салалары бойынша негізгі ұғымдарға талдау жасайды. Нәтижесінде филология саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын меңгере отырып, өздерінің ғылыми зерттеулеріне талдау нәтижелерін қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогикалық шаралар және білім берудегі заманауи тестілеу технологиялары.

    Білім беру саласындағы заманауи әдіс-тәсілдерді, педагогикалық технологияларды, тестілеудің жаңа тәсілдерін, оларды оқу процесіне енгізу жолдарын қарастырады. Білім беру жүйесін жаңғыртуға, оқу үдерісін сапалы түрде басқаруға мүмкіндік береді. Білім алушылар өз білімін жетілдіру мен тестілеу жүйелерін пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиетінің теориялық мәселелері

    Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қазақ әдебиетінің даму барысын, оның жаңа бағыттары мен ерекшеліктерін зерттейді.Тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетінде орын алған теориялық өзгерістерді, жаңа бағыттардың қалыптасуын, әдеби үдерістердің ерекшеліктерін және олардың қоғам мен мәдениетке әсерін талдайды. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму жолын, оның теориялық негіздерін, әдеби ағымдары мен жанрларындағы өзгерістерді, әдебиетінің жалпы бағыттары мен құндылықтарын талдайды. Жаңа әдеби теорияларды, шығармашылық ізденістерді және әдебиеттің ұлттық болмыстағы орнын саралайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Классикалық әдеби дәстүр және жаңашылдық

    Классикалық әдеби дәстүр мен жаңашыл әдеби ағымдардың арақатынасын түсіндіру, әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың ерекшеліктерін, олардың бір-бірімен қалай байланысқанын зерттеуді меңгереді. Магистрантарға әдеби үдерістің эволюциясын, жаңа идеялар мен көзқарастардың қалыптасуын, әдебиетте болатын жаңашылдықтың ықпалын анықтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тіл білімі теориясы

    Лингвистикалық білімнің негізі саналатын, тілді терең ғылыми тұрғыдан тануға бағытталады. Болашақ тіл мамандары мен зерттеушілерге теориялық негіз береді, олардың кәсіби дамуына жол ашады. Студенттерге тіл білімінің теориялық негіздерін, тілдің құрылымын, қызметін, даму заңдылықтарын және қазіргі лингвистикалық бағыттарды ғылыми тұрғыда түсіндіреді. Жалпы тіл білімі мен жеке тілдерді зерттейтін салалардың негізі болып табылады. Ол тілдің универсалдық қасиеттерін, адам ойлауымен және қоғаммен байланысын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ ономастикасының лингвоконтсептологиялық негіздері

    Магистранттарға қазақ ономастикасын лингвоконцептологиялық бағытта талдау машығын қалыптастырады. Ономастикалық бірліктердің ұлттық-мәдени концептілер жүйесіндегі орнын түсіндіреді. Қазақ жалқы есімдерінің терең семантикасын, мәдени мәнін, концептуалдық мазмұнын анықтайды. Ғылыми тұрғыда жүйелеуге машықтанады. Пән болашақ тілші, ономаст-ғалымдарға қазақ атауларындағы ұлттық дүниетаным мен рухани мәдениетті түсінуге жол ашады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Идеялар, ғылыми қорытындылар және проблемаларды шешу жолдары жөніндегі ақпаратты көпшілік аудиторияға дәл әрі құрылымдық тұрғыда жеткізуді қамтамасыз етеді.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, ақпараттық мәдениеті мен шетел тілін меңгеру деңгейі негізінде өзіндік пікір қалыптастыру қабілетін көрсетеді.
  • Зерттеу саласына қатысты пәнаралық байланыстар аясында немесе күтпеген жағдаяттарда туындайтын проблемалардың мәнін түсініп, оларды шешу процесінде креативті ойлауға негізделген білімді шығармашылықпен қолданады және интеграциялайды
  • Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде қазақ тілі мен әдебиетті оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, сондай-ақ зерттеу әдістерін игеруді көрсете біледі;
  • Білім беру кеңістігінде инновациялық тәсілдерді қолданып, түрлі пәндер арасындағы байланыстарды нығайтады және жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін оқу үдерісіне тиімді кіріктіреді.
  • Ғылыми мақалаларын халықаралық деңгейдегі басылымдарда жариялап, қалыптасқан зерттеу мәдениеті мен ғылыми этика талаптарын ұстанады.
  • Ғылыми-әдістемелік өнімдер мен авторлық курстарды, сондай-ақ оқытылатын пәндерге арналған әдістемелерді әзірлеу әдіснамасын меңгереді.
Top