Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01110 Педагогика және психология в Halyqtar dostyǵy

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты: психологиялық- педагогикалық ғылымдар әдіснамасының негіздерін, сол сияқты сабақтас ғылымдар саласының әдіснамасын, жүйелі білімдер мен құзыреттіліктерді және цифрлық технологияларды меңгерген, ғылымды дамытуға қажетті тұжырымдамалық білімдерді жасауға қабілетті, халықаралық деңгейдегі ғылыми пікрталастарда жұмыс тілін қолдана отырып оларды презентациялай алатын және зерттеушілік пен инновациялық психологиялық-педагогикалық қызметке қабілетті жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D001 Педагогика және психология
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Академиялық хат

    Пәннің мақсаты: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ғылыми жұмысты жазудың барлық кезеңдерінде жазу дағдыларын дамыту, дереккөздерді пайдалануды түсінуді жақсарту және плагиаттың алдын алу. Курсты оқу барысында эссе түрлерін жоспарлау және жазу: салыстыру/қарсы қою, себеп/салдар, дәлел, синтез, шет тілінде зерттеу жұмысының жоспарлары және т.б. ашылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы білім берудің теориясы және тұжырымдамасы: отандық және шетелдік тәжірибесі

    Пәнді оқытуда мынадай блоктар қарастырылады: - шетелдік жоғары мектепте салыстырмалы білім берудің теориялары мен тұжырымдамалары; - Қазақстан компаративистерінің салыстырмалы – педагогикалық зерттеулері; - халықаралық және шетелдік зерттеулердегі тәжірибелерге сәйкес білім беру үдерісінің сапасын диагностикалау мен бағалаудың қазіргі технологиялары; - шет елдердегі жоғары білім берудің теориясы мен практикасының даму мәселелері мен үдерістері; - білім беру саясатының теориялары негізінде білімдендіруді дамытудың стратегиялары мен ұстанымдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи психологиялық теориялар және педагогикалық мониторинг

    Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - заманауи психологиялық теориялар мен интервенцияның негізгі мәселелері; - қазіргі психологиялық теориялардың дамуының негізгі бағыттары және олардың түрлері; - дағдарыстық интервенцияның ұстанымдары және олардың типологиясы; дағдарыстық интервенцияның теориялық аспектілері; - қазіргі психологиялық теориялардың ерекшеліктері. - заманауи психологиялық теориялар мен интервенцияның мазмұны мен әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негізінде оқыту процесін персонализациялау

    Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - Қазіргі заманда білім беру жүйесі жаппай стандартталған тәсілдерден дараландырылған, яғни персонализацияланған оқытуға қарай бет бұруда. Бұл үрдістің өзегі – әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін, қабілетін, қажеттіліктері мен оқу қарқынын ескере отырып оқыту. Осындай даралауға жетудің ең тиімді жолдарының бірі – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын оқу процесіне енгізу. Жасанды интеллект негізінде оқыту процесін персонализациялау – бұл ЖИ жүйелерінің көмегімен әрбір білім алушы үшін жеке оқу траекториясын автоматты түрде жобалау, бейімдеу және жетілдіру үдерісі. Бұл жүйелер үлкен көлемдегі білім алушының оқу әрекеттері, тест нәтижелері, мінез-құлқы туралы деректерді жинап, талдап, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, соған сәйкес оқу мазмұнын, тапсырмаларды және әдістерді бейімдейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы білімдендіру саясатының және білім беру тарихының өзекті мәселелері

    Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - посткеңестік кезеңдегі қазақстандық орта және жоғары мектепті модернизациялау сұрақтары; -Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру саясатының өзекті мәселелері ; - мектепке дейінгі, орта, орта кәсіби жоғары білім берудің тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуының негізгі бағыттары; - қазақстандық әлеуметтік-саяси үрдістегі және білім берудегі демократиялық және авторитарлық үдерістер; - қазақстанда орта және жоғары білім берудің ХХ ғасырдың 50- 60жж дамуы; - орта және жоғары білім берудің ХХ ғасырдың 70-90 жж дамуы; - білім беруді реформалаудың үкіметтік стратегиялары; ; -ғасырлар тоғысындағы білім беру реформаларының, заңнамалық құжаттар жобаларының, тұжырымдамалардың, бағдарламалардың және т.б. жаңа үкіметтік жобалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық квалиметрия және білім беру сапасын басқару

    Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - педагогикалық квалиметрияның теоретикалық негіздері,сонымен қатар білім беру сапасын талдаудың заманауи және дәстүрлі әдістерінің теориялық негіздері; - білім беру сапасы туралы нормативтік құжаттар; - білім беру сапасын бағалаудың халықаралық тәжірибесі; - білім беру сапасын бағалауды басқаруға тиімді мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сай тексерудің ұлттық жүйесін қалыптастырудағы білім беру саясатының теориялық негіздері; -квалиметриялық тұрғыларды жүзеге асыру ұстанымдары; -кешенді квалиметриялық бағалауды қолданудың салалары және негізгі бағыттары; - педагогикалық нысандардың сапасын бағалау әдістері, құралдары және технологиялары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты – оқу-зерттеу қабілеттерін дамыту, ғылыми жобаны әзірлеу; талдау, әдістерді қолдану. Негізгі аспектілері: әдістемелік құралдарды меңгеру, зерттеуді жоспарлау және жүргізу дағдыларын дамыту, мәліметтерді, статистикалық әдістерді, зерттеу нәтижелерінен қорытындыларды талдау және түсіндіру дағдыларын меңгеру, өз бетімен ғылыми қызметке дайындалу, конференцияларда зерттеу нәтижелері. Ғылыми мақалалар жаза білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі жасанды интеллект технологиялары

    Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - Жасанды интеллект (ЖИ) – бұл адамның интеллектуалдық қызметін модельдейтін және оған ұқсас әрекеттерді (ойлау, үйрену, шешім қабылдау, тілдік әрекет, т.б.) орындай алатын технологиялар жүйесі. Соңғы жылдары жасанды интеллект білім беру саласына қарқынды енгізіліп, оқу үдерісін цифрлық трансформациялаудың маңызды факторы болып отыр. ЖИ технологиялары мұғалімнің жұмысын толық алмастырмаса да, оны тиімді толықтырып, жекелендірілген оқыту, оқу процесін талдау, болжам жасау, автоматтандырылған бағалау, оқушылармен кері байланыс орнату сияқты бағыттарда кеңінен қолданылуда.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тұжырымдамалық түрде ойлай алу, педагогика мен психологияның өзекті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың мазмұны мен құрылымын дайындау; зерттеудің әдіснамалық аппаратын жобалау, зерттеу міндеттерін жүзеге асыру үшін талданатын ғылымның әдістерін таңдау және қолдану, әдіснамалық эксперименттің әдіснамасын меңгеру, терең және жүйелі талдау негізінде әртүрлі құбылыстарды болжамдай алу мен сипаттаудың моделін жобалау, оларға сапалық және сандық талдау жасау;
  • Мектепке және ЖОО арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен білім беру құжаттарын, білім беру мазмұнын тұтастықта жобалау және сараптамалық бағалау, Қазақстандағы орта және жоғары білім беруді реформалаудың кейбір мәселелерін бағалау, орта және жоғары білім беруді тереңдетіп реформалау бойынша өзінің ұсыныстарын беру;
  • Білім беруге басып кіру үшін заманауи психологиялық теорияларды пайдалану, тұлғаның жеке өміріндегі мәселелерді оның рухани, әлеуметтік контексінде байқау, тұлғаның өмірлік мәселелерін және әлеуметтік білім беруді шешуде басып кірудің мүмкіндіктерін бағалау;
  • Өзінің психологиялық-педагогикалық кәсіби қызметін бағдарлау және жобалау, білім берудегі психологиялық ұйымдардың қызметін сараптамалық бағалау; жоспар құру, оның нәтижелерін көре білу; орындалатын кәсіби педагогикалық әрекеттердің түсіну және негіздеу, ғылыми педагогикалық білімдерді жаңа жағдайларға көшіру;
  • Қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін білім беру үдерісімен өзара байланыста ғылыми тұрғыда талдау, маңызды тұжырымдар мен жинақтауларды жасау, ғылыми зерттеу әдістерін талдау, салыстырмалы- педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеру;
  • Әлем елдерінде білім беруді тарихи және салыстырмалы талдау негізінде салыстырмалы білім берудің, соның ішінде білім беру саясатының өзекті мәселелерін өзекті мәселелерін құрастыру мен талдау және олардың шешімін табуда ғылыми ұсыныстар беру;
  • Білім беру жүйесінің қызметін тиімді қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді жобалау және жасанды интеллект негіздерін интеграциялау, білім беру сапасын арттыру, білім беру аймағында тетілеу технологиясын және білім беру аймағында тестілеу картасын жобалау;
  • Квалиметриялық бағалауды қолдануды жоспарлау және квалиметриялық құзыреттіліктерді меңгеру; өзінің қызметтік жұмысы аясында басқару функцияларын кәсіби деңгейде жүзеге асыру және кәсіби мәселелерді білім беру ұйымдарының мүддесіне сәйкес шешу, басқарушылық - аналитикалық құзыреттіліктерді меңгеру;
  • Кәсіби қызметтің кең аумағында шығармашылықпен өзін- өзі жүзеге асыру, өзінің мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби міндеттерді орындауда жоғары мотивацияларды иелену, өз ісіне және азаматтық кәсіби борышына деген жоғары сезімін, жауапкершілігін дамыту;
  • Психологиялық- педагогикалық ақпараттарды сыни талдау, жинақтау және жүйелеу, зерттеу мақсаттарын қоя білу және оларға жетудің оңтайлы жолдары мен әдістерін таңдау;
Top