Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05103 Молекулалық биотехнология және биомедицина в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ОН1 - негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады.
  • ОН2 - заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игере білу
  • ОН3 - жүргізіліп жатқан іргелі зерттеулер мен технологиялық әзірлемелерді ғылыми, патенттік және маркетингтік қамтамасыз ету мақсатында биотехнология саласындағы және сабақтас пәндер бойынша мәліметтерді жинауды талдау, кешенді талдау және ғылыми ақпарат пен техникалық құжаттаманың аналитикалық синтезін жүргізу; ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгеру, эксперименттердің нәтижелерін дұрыс өңдеу, тұжырымдар жасау, ғылыми нәтижелерді (мақалалар, тезистер, диссертациялар) әзірлеу әдіснамасын меңгеру
  • ОН4 – биотехнология өнімдерінің сапасын басқару жүйесін Қазақстандық талаптарға және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес іске асыру дағдыларына ие болу
  • ОН5 – биологиялық объектілердің құрылымдық және функционалдық ұйымдастыру принциптерін және олардың қызметінің механизмдерін біледі; молекулярлық-биологиялық және биохимиялық әдістердің кең спектрін, оның ішінде эукариот жасушаларын өсіру, геномдық ДНҚ және РНҚ-ны бөліп алу, гендерді ПТР-мен амплификациялау және секвенирлеу, плазмидалар бөліп алу және анықтау, рестрикциялық талдау; электрофорез, генотиптеудің әртүрлі әдістерін, хроматографиялық әдістерді, биотехнологиялық өнімнің қауіпсіздігін талдау және бақылау әдістерін меңгерген.
  • ОН6 – про - және эукариоттық жасушалардың әртүрлі сатыларда гендерді реттеу мен экспрессиясының молекулалық пост-транскрипциялық механизмдері өтетін негізгі метаболикалық үрдістерді қамтитын геномдардың құрылымдық ерекшеліктері мен эволюциясы аясында теориялық білімді шығармашылықпен пайдалана алy
  • ОН7–қолданбалы және іргелі сипаттағы биохимиялық, биотехнологиялық, медициналық және фармакологиялық міндеттерді шешу үшін геномдық, протеомдық талдау деңгейінде биоинформатика әдістерін меңгеру; биоинформатикалық бағдарламалармен және ресурстармен жұмыс істеу, ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін биологиялық ақпаратты жинауды, өңдеуді, интерпретациялауды өз бетінше жүзеге асыру; in vitro жасушаларымен жұмыс істеу әдістерін меңгеру, диагностика және емдеу үшін жасушалық культураларды пайдалану; бионотехнологиялар бойынша зерттеулерге қатысу дайындығын көрсету
  • ОН8– биотехнологиялық өнімдерді алудың жаңа тиімді жолдарын әзірлеуі мен іздестіруін жүргізу, ДНҚ технологиясы мен жасушалы технологияларды қоса отырып, заманауи биотехнологияларды құру. Биосинтез өнімдерін бөліп алуға, анықтауға және талдауға, биологиялық препараттардың жаңа штамм-продуценттерін алуға қабілетті болу.
Top