Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M08101 Агрономия (бейіндік) в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Егіншіліктегі ресурсүнемдегіш технологиялар

    Ауылшаруашылық дақылдарының ресурсүнемдегіш технологияларының қазіргі жағдайы және келешегі. Заманауи егіншілік жүйелерінің теориялық негіздері, ауылшаруашылық өндірісінің табиғи-климаттық жағдайлары, егіншілікте ресурсүнемдегіш технологияларды қолданудың әлемдік тәжірибесі. Тұқым, егіске берілетін су, тыңайтқыш, жанар-жағар май шығындарын үнемдеуді қамтамасыз ететін технологиялар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент

    Басқару ғылымының пәні және әдістері. Менеджменттің мәні және қағидалары. Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері. Ұйымдар түсінігі және түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы. Менеджменттің ақпаратмен қамтамасыз етілуі. Менеджменттегі коммуникация. Менеджменттегі басқарушылық шешімдер. Басқарудың экономикалық әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Ауылшаруашылық дақылдары өнімділігін бағдарламалау

    Өсімдік өнімділігін бағдарламалау – жақсы сапалы, жоғары өнім өсірудің ғылыми негізделген жүйесі. Бағдарламалау шектеуші табиғи фактор, дақылдың реттеуші факторға қажеттілігі, өнімге әсер етуші және оның қалыптасуына қолайлы жағдай жасайтын табиғи факторлар негізінде, реттеуші фактордың қолдану шамалары негізінде жүргізіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдік шаруашылығындағы инновациялық технологиялар

    Өсімдік шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер ететін және агроөнеркәсіп кешенінің көптеген салаларының дамуына шикізат базасы болатын ауыл шаруашылығының маңызды саласы. Өсімдік шаруашылығында инновациялық технологиялар топырақ құнарлылығын жақсарту, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру және өнім сапасын жоғарылату негізінде,өндірілетін өсімдік өнімдерінің көлемін еселеп көбейтуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетел тілі

    Бұл пән шеттілдік білім беру үдерісінде білім алушылардың мәдениетаралық-коммуникативтік құзіреттерін жеткілікті және базалық жеткілікті деңгейлерінде қалыптастыратын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Басқару психологиясы

    Магистранттар үшін психология курсы гуманистік дүниетанымын қалыптастыруға негіз болып табылады. Аталған курс құрамына қазіргі психологиялық ғылымның қоғамдағы орны мен рөлі жайындағы мәліметтер кіреді. Ол курста психологияның базалық білімдері қарастырылады. Фундаменталды және психологиялық түсініктердің негізінде адам тұлғасы мен әрекеттеріне тұтас көзқарастарын қалыптастырып, психикалық процестердің заңдылықтары мен адамның тұлғалық қасиеттері туралы білімдер негізінде жастардың әрекеттері мен мінез-құлықтарына саналы түрде талдау жасай білу қажеттіліктерін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Ауылшаруашылық дақылдарының сорттары мен будандарын шығарудың заманауи әдістері

    Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауылшаруашылық дақылдарының сорттары мен будандарының маңызы. Өсімдік селекциясының негізгі бағыттары, дәстүрлі және заманауи әдістері. Іріктеу, будандастыру, мутагенез. Өсімдік селекциясында қолданылатын биотехнологиялық әдістер.Жасуша және ұлпа өсіру әдістері. Гендік инженерия әдістері. Ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын сынақтан өткізу, өндіріске енгізу, олардың өсіру технологияларын әзірлеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің ғылыми негіздері

    Өсімдік шаруашылығы өнімдерін тиімді пайдалану, экономикалық жағынан пайдалы режимдер мен әдістерді қолданып, оларды сақтау мен өңдеуді дұрыс ұйымдастыру. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау мен өңдеу кезінде, олардың сапасын арттыру-экономиканың дамуының міндетті шарты.Өнімдерді сақтау кезінде өнімнің жоғалуын азайту өндірісті кеңейтпей-ақ, оның өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тіл білімі саласындағы білімі мен түсінігін көрсету, басқарудың экономикалық әдістерін меңгеру, жоғары мектеп педагогикасы саласындағы психологиялық ғылымның жетістіктерін кәсіби деңгейде қолдану; шетел тілі, менеджмент, басқару психологиясы саласындағы мәселелерді шешу және дәлелдерді қалыптастыру; әріптестермен және клиенттермен қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру, түрлі әлеуметтік желілерде қажетті материалды өз бетінше меңгере білу, оқуды жалғастыру.
  • Дақылдардың өнімділігі мен өнімнің сапасын жоғарылатудың инновациялық технологияларын қолданады, ауылшаруашылық дақылдарының селекциясында заманауи әдістерді игереді. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтаудың және өңдеудің үнемді режимдері мен әдістерін қолданады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарламалау әдістерін біледі, ауыл шаруашылығында ресурстарды үнемдейтін технологияларды қолданады.
  • Өсімдік шаруашылығындағы инновациялық технологиялардың, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарламалау және ресурстарды үнемдеу технологиялары бойынша зерттеулердің нәтижелерін мақалалар мен ғылыми есептер дайындауда, ғылыми бағыт тақырыбында диссертация жазуда қолданады.
Top