Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M03112 Әлеуметтік сала мен кәсіби қызмет психологиясы (1 жыл) в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясының теориялық-әдіснамалық және қолданбалы негіздері. Салыстырмалы тарихи талдау және басқару психологиясындағы зерттеулердің келешегі. Басқару қызметінің құрылымы мен негізгі бөлімдері. Басқару субъектілері мен объектілері. Топтық динамика және басқару. Басқарушылық қызметтегі танымдық процестер. Басқару құрылымдарындағы көшбасшылық және басшылық ету. Басқару қызметіндегі коммуникациялар. Кикілжің жағдайларын басқару психологиясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Менеджмент

    Басқару жүйесінің объектісі - адам ресурсының әлеуетін, уәждемесін арттыру және жақсарту;басқару және жалпы бақылау функциясы саласында инновациялық жүйені енгізу болып табылады.Кәсіпорындарды басқару және басқарушылық шешімдер қабылдау саласындағы елдердің даму тәжірибелерімен танысу.Табысты басқару және тәлімгерлік әдістері мен стилі, менеджердің зияткерлік әлеуетін арттыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Денсаулық психологиясы

    Денсаулық пен сырқаттың психологиялық және мінез-құлықтық үдерісі. Тұлғаның психологиялық денсаулығының өзекті мәселелері. Тұлғаның психологиялық денсаулығы: диагностика, профилактика және коррекция. Денсаулықтың акмеологиялық аспектілері. Логотерапиядағы денсаулық мәселесі. Өзіндік дамудың қазіргі теориялары. Тұлғалық өсу жағдайлары. Тұлғаның психологиялық жетістігі. Денсаулық психологиясының даму перспективалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Күйзеліске бейімді мінез-құлық психологиясы

    Тұлғаның жағымсыз күйін зерттеудің негізгі әдістері мен бағыттары. Стрестің белгілері, фазасы мен категориялары. Стресс тудыратын жағымсыз салдарды алдын алу және стресті жеңу тәсілдері. Тұлғаның стресті жағдайлардағы мінез-құлық моделі. Стреске төзімділік мінез-құлқын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұлға қасиеттерінің психокоррекциясы

    Әртүрлі психологиялық бағыттар шеңберіндегі психокоррекция моделі. Педагог, ата-ана, балаларға психологиялық көмек көрсетуге арналған түзету әдістері. Мінез-құлықтық, танымдық қызметтердің бұзылыстарының психологиялық жіктемелері. Қазіргі психологиялық түзету техникалары. Мінез-құлықтық және танымдық бұзылыстар, ата-ана-балалар арасындағы қақтығысты мәселелер бойынша ата-аналарға, балаларға және жеткішектерге психологиялық көмек берудегі психокоррекциялық тәсілдер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи психологияның даму тенденциясы, тарихы

    Қазіргі психологияның тарихы мен өзекті мәселелері. Қазіргі психологияның негізгі тұжырымдамалары. Психологияның дағдарысының заманауи көріністері. Теориялық және қолданбалы психологияның жаңа жетістіктері мен қазіргі тенденциялары. Психологиялық ғылым мен практиканың интеграциясы. Заманауи психологияның даму перспективалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Акмеология

    Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі Акмеология. Акмеологияның әдіснамалық негіздері. Білім түрі ретінде акмеология жүйесі. Акмеология заңдары. Акмеологиялық зерттеудің логикасы. Акмеологиялық зерттеулерді технологияландыру. Тұтас адам акмеологиялық зерттеу объектісі ретінде. Кәсіби және кәсіби дамудың акмеологиялық негіздері. Мәдениет адам мен қоғамның акме-бағдарланған дамуының интегративті көрсеткіші ретінде.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Магистранттардың кәсіби салада шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін дамыту және жетілдіру, кәсіби қызметте шет тілін пайдалану, өз қызметі шеңберінде шетелдік әріптестермен ғылыми-практикалық алмасуды іске асыру. Лингвистикалық білім мен біліктерді кеңейту; мәдениетаралық өзара іс-әрекет жағдайларында шет тілінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру; зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық деңгейлерде жариялау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Психологияның теориялық және әдістемелік негіздері

    Әдіснама және психология ғылымының әдіснамалық принциптері. Арнайы және жек әдіснама. Психологияның ғылыми-жаратылыстану негіздері. Психологиядағы әдіснамалық парадигмалар. Қазіргі әдіснамалық тұжырымдамалар. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері мен бағыттары. Адамды іс-әрекет субьектісі ретінде тұтас және жүйелі зерттеу. Детерменизм және себеп-салдар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психосоматика және денсаулық психологиясы

    Психосоматика және денсаулық психологиясы саласында құрастырылған модельдер мен қазіргі теориялар. Клиентпен жұмыс жасау барысында қолданатын психосоматика және денсаулық психологиясы туралы білімдер бойынша психокоррекциялық бағыттар мен әдістердің негіздемесі мен таңдау критерилері. Клиентпен өзара әрекеттесу ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тұлғалық және мансаптық өсу акмесі

    Өзін-өзі талдау, өзін-өзі тұжырымдау, жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі түзету және мансапты жоспарлау психологиясының теориясы. Адам дамуында тұлғаның акмеге жету жолдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Консультативтік тәжірибенің базалық модельдері

    Психологтың жеке және топтық контекстегі жұмысының негізгі бағдары, кеңес беру процесінің кезеңдері, типтік жағдайларда психологиялық кеңес беру ерекшеліктері. Клиенттің сұранысы бойынша кеңес берудегі әңгімелесу форматы, ескерту мен қателерді жөндеу, әңгімелесу барысындағы кемшіліктер, клиенттің сұранысын қанағаттандыру мен мәселені шешу мақсатында техникалық әдістерді қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысымен іскерлігін дамыту, еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру; стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану.
  • Қазіргі психологиядағы дамудың негізгі дүниетанымдық және теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдауға дайындық деңгейін көрсетеді. Жеке тұлғалық өсу мен ұжымды басқару кәсібилігін арттыруға бағытталған дағдыларды, мансап пен бизнесті жоспарлауда психологиялық әдістерді меңгерген.
  • Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, психотерапия, психодиагностика және алдын-алу бағыттарында бағдарлай білу. Белгілі бір психокоррекциялық мәселені шешу кезінде тұлғаның қасиеттерін ескере отырып, ғылыми ізденістің және оларды кәсіби қызметте қолданудың негізгі білімдерін көрсету.
Top