Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M01105 Білім берудегі менеджмент в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беруді басқару органдары мен басқа да көп деңгейлі білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде стратегиялық ойлауға қабілетті, басқарудың инновациялық технологияларын, заманауи білім мекемелерін басқарудың құралдарын меңгерген жоғары білікті басқарушы кадрларды дайындау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Пәннің мақсаты – жоғары кәсіби педагогиканың құзыреттіліктерін, жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-теориялық, әдіснамалық, практикалық негіздерін меңгерген маман даярлау. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі және қосымша категорияларын, жоғары мектеп дидактикасы, жоғары мектептегі менеджмент, жоғары мектеп педагогикасының заманауи мәселелері, жоғары мектептегі жалпы педагогикалық жүйені меңгеріп, өздерінің кәсіби іс-әрекетінде қолдана алады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-теориялық аспекттілерін меңгереді. Кәсіби іс-әрекетке шығармашылық тұрғыдан даяр болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты – болашақ мамандардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі үшін ғылыми, философиялық-әдістемелік және дүниетанымдық негізін қалыптастыру. Ғылыми мамандықтар бойынша білім беру және зерттеу жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға қажетті білім, дағды және құзыреттіліктерді дамыту. Пәнді оқыту барысында мәдениет пен философияның дамуы контекстіндегі ғылымның пайда болу мен даму тарихы, ғылыми білімнің құрылымы мен зерттеу әдістері, заманауи ғылымның даму кезеңдері, өркениеттің дамуындағы ғылым мен техниканың рөлі, ғылыми ілім мен өркениеттің болашағы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық акмеология

    Пәннің мақсаты – «акме» феноменологиясын ғылыми тұрғыда таныту, педагог шеберлігінің жоғары деңгейін дамыту заңдарын қарастыру. Кәсібилікті дамытудың жалпы және дербес акмеологиялық факторлары, менеджердің акмеологиялық мәдениетін арттыру, креативтілікті қалыптастырудың акмеологиялық мәселелері, креативті акмеологиядағы инновациялық үдерістің ерекшеліктері оқытылады. Пәнді оқу барысында магистранттар өзінің кәсіби іс-әрекетін жүзеге асырудың шыңын игеріп, тұлғалық және әлеуметтік жетістіктерді қалыптастырудың әдістері мен технологияларын меңгереді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру ұйымын басқарудағы тұрақты даму тұжырымдамалары

    Пәннің мақсаты – заманауи менеджменттің концепциялары мен принциптерін білім саласы қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген басқару құзыреттіліктерінде қолдану. Білім беру мен басқаруды жетілдіру факторы ретінде білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі мен болашақ дамуы, басқару жүйесі мен объектісі ретінде әртүрлі білім беру ұйымдары, басқару объектісі мен субъектісі ретінде педагогикалық ұжым зерделенетін болады. Курсты меңгеру барысында магистранттар білім беру ұйымының болашақ қызметінің тиімді стратегиялық жоспарын құрып, басқарудың педагогикалық жүйесіне ықпал ете алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Менеджердің зерттеу қызметін жобалау және модельдеу

    Пәннің мақсаты – магистранттарды педагогикалық зерттеушілік жобаларын жүргізуге бағдарлау, олардың тұжырымдамалық моделін жасау, жобаларды басқару қабілеттерін дамыту. Зерттеу жобалардың критерийлері мен перспективалары, зерттеудің құрылымы мен парадигмалары, сандық, сапалық, ғылыми, аралас зерттеу тәсілдері, авторлық құқық, плагиат, аннотацияланған библиография, тарихи және мәдени артефактілерді талдау, инференциалды статистика ұғымдары оқытылады. Пәнді меңгеру барысында магистранттар өзінің зерттеу жобаларының нәтижесін басқарушылық іс-әрекетте қолдануды және кәсіби іс-әрекетте басқарудың тиімді стратегиялық жоспар-моделін жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық және білім беру жүйесіндегі инновацияларды басқару

    Пәннің мақсаты – магистранттарды көшбасшылық теорияларды кәсіби және ғылыми тұрғыдан терең талдауға, әдістемелерді нақты жағдаятта қолдануға, басқарудың заманауи тенденцияларын бағалауға баулиды. Білім беру ұйымдарындағы басқару субъектілері, басқарудағы шешім қабылдаудың классикалық және заманауи тәсілдері, дельфи топтары және номиналды топтар, көшбасшылықтың инновациялық құралдары, трансформациялық көшбасшылық, тұлғааралық коммуникация тақырыптары меңгеріледі. Курсты меңгеру нәтижесінде магистранттар көшбасшылықты қалыптастыру әдістері мен инновацияларды оқу үдерісінде қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты – білім беру саласындағы іс-әрекетті, тұлғалардың қарым-қатынасын басқарудың жалпы психологиялық аспектілерін қалыптастыру. Басқару психологиясының тарихы, басшы қызметінің психологиялық механизмдері, кәсіби білім берудің психологиялық мазмұны, басқару субъектілері мен объектілері меңгеріледі. Пәнді меңгерудің нәтижесінде магистранттар жоғары мектептегі басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық қырын және кәсіби іс-әрекетте тұлғалық психологиялық қарым-қатынасты басқарудың негізін меңгереді. Білім алушылар түрлі ресурстарды басқарудың психологиялық аспектілерін түсіндіруге; басқару әдістерін қолдануға; проблемалық жағдайларды талдауға қабілетті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты – магистранттардың кәсіби саласындағы шет тілдік коммуникативті құзыреттіліктерін халықаралық шет тілінде білім беру стандарттарына сәйкес дамыту. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант келесідей құзыреттіліктерге ие болады: лингвистикалық білім мен біліктерін кеңейтеді, кәсіби және ғылыми қызметінде жүзере асыру мақсатында іскерлік ағылшын тілінің негізгі лексикасы мен академиялық хатты меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мониторинг және білім сапасының сараптамасы

    Пәннің мақсаты – магистранттардың кәсіби басқарушылық қызметінде сапа менеджменті жүйесінің қағидаларын басшылыққа алуын, білім сапасын сараптай білуін меңгерту. Білім беру сапасының менеджменті жүйесі және ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру, білім беру сапасының көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етудің мониторингі жүйесі, стратегиялық басқаруды жоспарлау кезінде SWOT талдауды пайдалану меңгерілетін болады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттардың білім нәтижелеріне мониторинг жүргізу және білім сапасына бағалау дағдылары қалыптасады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Менеджердің эмоционалды интеллектісі

    Пәннің мақсаты – болашақ менеджердің мақсатқа жету жолында жеке тұлғаның эмоциялық күйіне икемделу және өз эмоцияларын басқару қабілеттерін меңгерту. Білім беру мекемелеріндегі тұлғааралық қарым-қатынастардың түрлері, эмоционалды интеллектіні дамыту тәсілдері, эмоциялық интеллектіні өлшеу құралдары, педагогикалық ұжымдағы конфликт және оны шешудің заманауи тәсілдері оқытылады. Пәнді игерудің нәтижесінде магистранттар өзінің психикалық саулығы мен стреске төзімділігін қалыптастыруға, тұлғалармен қарым-қатынас жасауда эмоцияны басқаруға, эмпатияға қабілетті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру процесіндегі инновациялық менеджмент

    Пәннің мақсаты – инновациялық парадигмаға негізделген білім беру жүйесіндегі басқарудың бағыттарын зерттеу, инновациялық менеджменттің сапалық ерекшеліктерін талдауға баулу. Білім мекемелерін басқаруда инновациялық формаларды қолдану, инновациялық басқарудың ғылыми әдіс-тәсілдері, классикалық және инновациялық менеджменттің ерекшеліктері, шетелдік инновациялық тәжірибелерді қолданудың тиімді жолдары оқытылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттарда инновациялық менеджменттің заманауи тәсілдерін кәсіби қызметте қолдану дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Білім беру ұйымын басқарудың нормативтік-құқықтық негіздері

    Пәннің мақсаты – ҚР нормативті-құқықтық құжаттарын, білім беру мекемелерінің нормативті-құқықтық құжаттарын білу және талаптарға сай қолдануды меңгерту. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің заңнамалық актілері, білім беруді басқарудың қазіргі заманғы принциптері, мемлекеттік білім стандарттары, үлгілік бағдарламалар, қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттар, мектеп директорының құжаттары меңгеріледі. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар білім беру ұйымдарын басқарудағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кәсіби қызметін оңтайландыруға мүмкіндік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Киберпедагогика негіздері (педагогикалық білім беру бағдарламаларына)

    Пәннің мақсаты – оқытуда АКТ-ны қолдану нәтижесінде пайда болған педагогика, психология әдістемелері мен теорияларындағы өзгерістерді анықтау және киберпедагогиканы педагогика ғылымының жаңа саласы ретінде оның тұжырымдамасының сипаттамасын қарастыру. Педагогикалық технология негізінде киберпедагогика курсының оқыту формаларын, оқу материалдарын және оқу қызметінің түрлерін, оның ішінде АКТ, қашықтықтан оқыту, компьютерлік мәліметтерді өңдеу әдістері, интербелсенді әдістері, киберкеңістіктегі оқу, тәрбие және даму процестері оқытылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Менеджмент дамуының заманауи тенденциялары

    Пәннің мақсаты – магистранттарға менеджменттің ғылым ретіндегі даму теорияларын меңгерту, педагогикалық менеджменттің эволюциялық өзгерістерін салыстырмалы талдауға баулу, оны тәжірибеде қолдана білу. Басқарудың ғылым ретінде қалыптасу тарихы, менеджмет мектептерінің қазіргі ізбасарлары, басқару туралы ғылымның заманауи тұжырымдалары, менеджменттің замануи дамуының перспективалары оқытылады. Курсты меңгеру нәтижесінде магистранттар менеджмент концепцияларының тарихи алғышарттарын және менеджменттің қазіргі мәселелерін жаңа жағдайларда аналитикалық және басқару мәселелерін шешуге пайдалана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Стейкхолдерлер мен коммуникацияларды басқару

    Пәннің мақсаты - магистранттарға коммуникациялық үдерісті жетілдірудің тәсілдері мен стейкхолдерлермен тиімді жұмыс жасаудың жолдарын меңгерту. Тиімді коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру, ақпаратпен алмасудың сапасын арттырудың тиімді технологиялары, стейкхолдерлермен қарым-қатынас түрлері, тұтынушының талабына сай маман даярлау жүйесі, білім, ғылым және өндіріс аумағын байланыстырушы инновациялық инфрақұрылымды дамыту меңгеріледі. Курсты меңгеру барысында магистранттар мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, коммуникациялық процестердің түрлі технологияларын ұтымды қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Білім беру жүйесіндегі менеджердің кәсіби этикасы және деонтология

    Пәннің мақсаты – болашақ менеджердердің кәсіби қызметінде педагогикалық әдептің негізгі құндылықтарын, моральдық ұстанымдарды басшылыққа алуды меңгерту. Моральдық этиканың заманауи тұжырымдамалары, менеджердің кәсіби мәдениеттілігі мен этикеті, корпоративтік этиканы қалыптастырудың замануи тәсілдері, білім беру мекемелерінің этикалық кодексін құрастыру, этикалық сипаттаға басқаруды жүзеге асырудың артықшылықтары оқытылады. Курсты меңгерудің нәтижесінде магистранттар болашақ басқарушылық қызметте моральдық нормалар мен этикалық талаптарды сақтай отырып тұлғалармен қарым –қатынас жасау дағдыларын қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стратегиялық менеджмент(гуманитарлық білім беру бағдарламаларына)'

    Стратегиялық менеджменттің мәнін және кәсіпорындағы стратегиялық менеджменттің маңыздылығын түсіну. Кәсіпорынды басқару, кәсіпорын стратегиясын дамытудағы басқару қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар. Стратегиялық менеджменттің негізгі функциялары мен міндеттері. Кәсіпорынның мақсаты мен миссиясы. Кәсіпорынның қаржылық мақсаттары. Бизнес-бірліктердің тұтынушыларға көрінетін және көрінбейтін артықшылықтары. Құндылықтар тізбегі ұғымы. Кәсіпорынның даму стратегиясы және іске асыру жолдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Зерттеулердің заманауи ғылыми инструментарийлері

    Пәннің мақсаты-ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдау білігтілігін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: зерттеу әдістерінің негізгі кезеңдері мен теориялық негіздері, зерттеудің негізгі тұжырымдамалары мен әдіснамалық аппараты, қазіргі заманғы зерттеулердің озық және тиімді құралдары мен технологиялары, ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастырудағы шет елдердің ерекшеліктері мен тәжірибесі қарастырылатын болады. Курсты игеру нәтижесінде магистранттар ғылыми бағыттың объектілік-пәндік ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми эксперименттерді ұйымдастыруға, қолдануға, зерттеудің ең тиімді әдістерін таңдауға қабілетті болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Медиапедагогика

    Пәннің мақсаты – цифрлық медиаиндустрияның заманауи бағыттары туралы білімдері бар және медиақұзыреттіліктерін педагогикалық тәжірибеде қолдануға қабілетті магистранттарды даярлау. Пән медиатрансформация процестерінің қалай жүретінін және медиаортаның өзгеруіне қандай факторлар ықпал ететінін анықтайды. Пәнді меңгерудің нәтижесінде магистрант кәсіби қызметте медиақұралдардың жетістіктерін пайдалану тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім беру саласындағы бизнес-зерттеу жобалары

    Пәннің мақсаты – магистранттарды бастапқы бизнес жоспарларды құруға, педагогикалық үрдістің сапасын жақсарту мақсатында бизнес жобаларды құрастырып, оны өз тәжірибелерінде қолдануға үйрету. Жаһандық бәсекелестіктегі мамандардықтар сұранысының өзгерісін зерттеу, бизнесті жоспарлау мен шешім қабылдаудың базалық элементтері, басқару стратегиясы және кәсіпті стратегиялық жоспарлау, білім беру сапасын жетілдіру бойынша ғылыми жобалар дайындау, стартап пен жаңа венчурдің құрылымы, фандрайзинг, реинжиниринг теорияларын меңгереді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар гранттық қаржыландырылған зерттеу жобаларын және білім берудегі бизнес жобалардың конкурсына қатысудың жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Заманауи менеджердің цифрлы-креативтілік құзыреттілігі

    Пәннің мақсаты - білім беру кеңістігінде цифрлық педагогиканың әдіснамалық және теориялық негіздерін меңгеру және тәжірибеде қолдану. Цифрлық білім беру парадигмасы, цифрлық педагогикада жеке тұлғаның дамуы, жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу тұрғысынан цифрландыру, цифрлық трансформация процесі, ақпараттық-білім беру ортасындағы менеджердің рөлі, қашықтықтан білім беруде SMART-технологияларды қолданудың ерекшеліктері оқытылады. Пәнді меңгерудің нәтижесінде магистрант өзінің кәсіби қызметінде заманауи цифрлық білім беру технологияларын сауатты пайдалана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • HR- менеджмент

    Пәннің мақсаты - магистранттарды адами ресурсын тиімді басқаруға, жеке адамның құндылықтарын қабылдай білуге, стратегиялық басқаруды дұрыс ұйымдастыруға баулиды. Жаһандану және ұлттық контекстегі HR- менеджмент, ішкі және сыртқы еңбек нарығының өзгеруі және еңбек нарығын қайта құру, жалақы төлеу жүйесі оқытылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар еңбек шартын құру, адам ресурстарын дамытуға қажетті инвестиция тарту жолдары, білім беру ұйымдарында кадр бөлімінің құжаттарын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық квалиметрия

    Пәннің мақсаты - магистранттардың білім сапасын бағалау әдіс-тәсілдерін меңгерту, сапа өлшемдерін ғылыми негіздеу құзыреттіліктерін қалыптастыру. Квалиметрияның түрлері, шкалалары, сапаны өлшеудегі халықаралық және отандық педагогикалық стандарттар, білім беру мекемелері құжаттарының сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігі, мемлекеттік аккредиттеудің стандарттары және оны жүргізудің барысы, ішкі және сыртқы мониторинг зерттеледі. Пәнді оқыту кезеңінде магистранттар сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтаудың классикалық және заманауи тәсілдерін зерттейді. Курсты меңгеру нәтижесінде магистранттар кәсіби қызметінде заманауи өлшем әдістерін қолдана алады, сапалық бағалауды қолдана алады, әртүрлі педагогикалық жүйелерде нәтижелердің сенімділігі мен объективтілігі үшін квалиметриялық процедураларды жүзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім беру сапасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы

    Пәннің мақсаты – магистранттарды білім беру мекемелеріндегі тұтас педагогикалық процестің сапасын бағалау өлшемін жүргізуге, психодиагностикалық зерттеулерді ұйымдастыруға баулу. Психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүргізудің теориясы мен технологиясының мәні, мақсаты, міндеттері, нысандары мен әдістері. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың принциптері. Психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүргізудің жоспары, құрылымы және логикасы. Пәнді меңгерудің нәтижесінде магистранттар білім сапасына диагностика жасап, оның нәтижелерін талдай түсіндіре және бағалай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін реттеу, ғылыми зерттеулер және қолданбалы аналитика, зерттеу жұмыстарының дизайны және конфигурациясы, зерттеу және зерттеу өнімінің параметрлері; ғылыми зерттеулер мен қолданбалы аналитика әдістерін меңгерту. Ғылыми зерттеулердің категориялық аппараты, ғылыми-әдістемелік зерттеудің ұғымдық аппараты, оның мазмұны мен құрылымы, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен әдіснамалары, ғылыми танымның парадигмалары мен тұжырымдамалары, педагогикалық зерттеулердің теориялық және практикалық маңызы оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бенчмаркинг және коучинг бойынша практикум

    Пәннің мақсаты – білім беру сапасын жетілдіру үшін басқа бәсекелестердің озық тәжірибелерінің тиімдісін қолдану, коучинг тәсілдерін меңгерудегі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Білім беру саласындағы шетелдік озық тәжірибелер, бенчмаркингтің түрлері, серіктестердің әлеуетін ұтымды пайдалану, коучингтік әдіс-тәсілдер, әртүрлі мультимәдениеттік факторлар меңгеріледі. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар нақты мақсаттарға қол жеткізу кезінде серіктестердің әлеуетін ұтымды пайдалануға құзыретті болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін дамыту

    Пәннің мақсаты – магистранттардың кәсіби қызметте өзін-өзі жетілдіруі, тұлғалық өсуі, шығармашылық дамуы, педагогикалық шеберлігін шыңдауын меңгерту. Жеке және кәсіби дамудың жолдары, білім берудегі менеджердің ғылыми, инструменталдық, басқарушы-ұйымдастырушылық, зерттеушілік, білім берушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың тәсілдері, менеджерлерді кәсіби даярлауда біліктілікті арттыру курстарының тиімділігі оқытылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар кәсіби-тұлғалық дамуды жүзеге асыру дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Оқыту процесін өз бетінше модельдей отырып аралас және қашықтықтан оқытудың жаңа технологияларын эксперименттен өткізеді
  • Байланыс құралдарын тиімді пайдалана отырып, стейкхолдерлермен ұтымды жұмысты ұйымдастыру кезінде инновациялық-басқару мәселелерін шешеді және көшбасшылық танытады
  • Білім беру сапасын жетілдіруде білім беру жобаларын және бизнес-жобаларды құру және басқару кезінде ғылыми әдістерді қолдана отырып, жеке зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тәжірибеге енгізеді
  • Менеджменттегі қазіргі теориялар мен концепциялар бағыттарының ерекшеліктерін және ғылым тарихы мен философиясының мәселелерін талдай отырып, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді табады
  • Педагогикалық менеджментте білім беру инфрақұрылымының ресурстарын тиімді таңдайды және білім беру ұйымының даму стратегиясын қалыптастырады
  • Білім беру жүйесінде нормативтік-құқықтық актілерді қолдана отырып, персоналды басқару жүйесін үйлестіреді және әзірлейді
  • Квалиметриялық әдістерді пайдалана отырып, білім берудің барлық қызметіне мониторинг жүргізеді
  • Психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижелерін өңдеп, талдай отырып, өз тәжірибесін басқару жүйесінде үздік педагогикалық өнімдерді әзірлейді және түрлендіреді
  • Өзінің шығармашылық әлеуетін қолдана отырып, кәсіби-тұлғалық дамуда жаңашыл және креативті идеяларды жүзеге асырады
  • Қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін меңгереді
  • Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясын меңгеруде алған білімдері мен дағдыларын жаңа жағдайда басқару мәселелерін шешуге қолдана отырып, оқытушының кәсіби құзыреттілік дағдыларын меңгереді
  • Бағдарламалық басқару мүмкіндіктерін пайдалануда заманауи медиакоммуникация құралдарын, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолданады
  • Мінез-құлықтың этикалық және моральдық нормаларын сақтай отырып, кәсіби іс-әрекетте эмоционалдық құзыреттілігін танытады
Top