7M07202 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Модернизация, инновациялық және қор үнемдейтін технологиялар жағдайында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алу, стратегиялық басқара алу дағдылары бар жоғары білікті магистрлерді дайындау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M111 Тамақ өнімдерін өндіру
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M072 Өндірістік және өңдеу салалары
Пәндер
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты – магистранттардың кәсіби саласындағы шет тілдік коммуникативті құзыреттіліктерін халықаралық шет тілінде білім беру стандарттарына сәйкес дамыту. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант келесідей құзыреттіліктерге ие болады: лингвистикалық білім мен біліктерін кеңейтеді, кәсіби және ғылыми қызметінде жүзере асыру мақсатында іскерлік ағылшын тілінің негізгі лексикасы мен академиялық хатты меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
«Green culture» аясында шикізат қауіпсіздігі мен сапасы'
Берілген қасиеттері мен құрамы бойынша экологиялық таза тамақ өнімдерінің жасаудағы өзекті мәселелер мен ғылыми бағыттар. Шикізаттың қауіпсіздігі мен сапа бағасына қойылатын талаптар.Тамақ өндірісінің қарқынды дамуына және "жасыл стратегияның" ұлттық көр- табысы үшін «Green skills» аясындағы Қазақстандағы тамақ өнімдері мен тамақ шикізатінің қауіпсіздігінің нормативтік-құқықтық негіздемесі
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Басқару психологиясының теориялық-әдіснамалық және қолданбалы негіздері. Салыстырмалы тарихи талдау және басқару психологиясындағы зерттеулердің келешегі. Басқару қызметінің құрылымы мен негізгі бөлімдері. Басқару субъектілері мен объектілері. Топтық динамика және басқару. Басқарушылық қызметтегі танымдық процестер. Басқару құрылымдарындағы көшбасшылық және басшылық ету. Басқару қызметіндегі коммуникациялар. Кикілжің жағдайларын басқару психологиясы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы жоғары білімнің тарихы мен үрдістері. Ұлттық білім беру жүйесі. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі. Жоғары мектеп дидактикасы. Жаңа білім беру технологиялары. Кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды жасау технологиясы. ЖОО-дағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері. ЖОО-да куратор. Жоғары кәсіптік білім беру менеджменті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шикізат пен азық-түлектердің сапасына және қауіпсіздігіне сараптама жүргізу'
Шикізат пен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін, қауіпті талдау~d жүйелеріна жәна азық-түлки шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің нормативтік-құқықтық базасын зерттеу, тамақ қоспалар, генетикалық модификацияланған шикізат көздерін пайдаланудын қауіпсіздігі, нормалау жәна олардың пайдаланылуын бақылау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Заманауи кезеңдегі Қазақстандағы тағам өнеркәсібінің даму концепциясы'
Қазақстандағы тағам өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын талдау. АӨК-ті тағам өнеркәсібінің шикізат базасы ретінде дамыту. Тағам өнімдерінің негізгі түрлерін және олардың қолданылуын зерттеу. Тағам өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты – болашақ мамандардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі үшін ғылыми, философиялық-әдістемелік және дүниетанымдық негізін қалыптастыру. Ғылыми мамандықтар бойынша білім беру және зерттеу жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға қажетті білім, дағды және құзыреттіліктерді дамыту. Пәнді оқыту барысында мәдениет пен философияның дамуы контекстіндегі ғылымның пайда болу мен даму тарихы, ғылыми білімнің құрылымы мен зерттеу әдістері, заманауи ғылымның даму кезеңдері, өркениеттің дамуындағы ғылым мен техниканың рөлі, ғылыми ілім мен өркениеттің болашағы қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тамақ өнімдерін өндіру процестерінің ғылыми негіздері'
Тамақ өнімдерін өндіру бойынша технологиялық процестердің жеке операцияларын құруға негізделген негізгі заңдылықтарды, ғылыми және теориялық негіздерді оқып үйрену. Тағам өнімдерін өндіру технологиясындағы физика-механикалық, жылу, масса алмасу, химиялық, биохимиялық, микробиологиялық процестер
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің инженерлік негіздері'
Тиімділігі жоғары технологиялық процесті ұйымдастыру. Тамақ өнімдерін өндіру үшін шикізаттардың физикалық-механикалық қасиеттерін пайдалану. Тамақ және қайта өңдеу өндірістеріндегі негізгі және қосалқы технологиилық процестерді іске асыру. Қалдықсыз технологиялар мен қоршаған ортаны қорғаудың принциптерін жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Стратегиялық менеджмент
Курстың мақсаты магистранттардың теориялық білімі мен басқарудың заманауи стратегиялық тәсілдерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорындағы стратегиялық менеджменттің мәні мен маңыздылығы; кәсіпорынның даму стратегиясында басқару қажеттілігін айқындайтын негізгі факторлар; стратегиялық менеджменттің негізгі функциялары мен орындалатын міндеттері; кәсіпорынның миссиясы мен мақсатын қалыптастырудың базалық дағдылары; кәсіпорынның қаржылық мақсаты; құндылықтар тізбегінің тұжырымдамасы;кәсіпорынның стратегиялық жобалары және іске асыру жолдары; бизнес-бірліктер мен тұтынушыларға көрінетін және көрінбейтін артықшылықтарды айқындауды оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Шикізат және тамақ өнімдері қауіпсіздігінің химиялық және биологиялық аспектілері''
Шикізат пен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың негізгі тәсілдерін оқып білу, адам денсаулығына әсер ететін химиялық бөтен заттардың, микроорганизмдердің және олардың метаболиттерінің қауіптілігін талдау және жіктеу жүйелері, тағамдық қоспаларды қолданумен байланысты қауіптер, генетикалық модифицирленген шикізат көздері, олардың қолданылуын нормалау және бақылау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тамақ технологиясының теориялық және қолданбалы аспектілері'
Ашыту, пісіру, тұздау, мөлшерлеу және басқа тамақ технологиясы технологиялық процестерінің теориялық аспектілерін зерделеу. Жоғары технологиялық тиімділікпен жұмыс жасайтын технологиялық жабдықтарды негізді түрде таңдау үшін тамақ технологиясының қолданбалы аспектілерін қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Функционалды және құрамдас тамақ өнімдерін өндіру'
Халықтың барлық топтарына арналған тамақ өнімдерінің жіктелуі. Адамдардың белгілі бір тобы үшін функционалдық мақсаттағы тамақ өнімдерін құрастыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, халықтың әртүрлі топтарының теңдестірілген тамақтануы қағидаттары
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі замануи технологиялық машиналары'
Барлық өңдеу кезеңдерінде сапасы кепілденген дайын өнімді өндіретін заманауи технологиялық жабдықтарды негіздеулі таңдау. Өңделетін шикізаттың қасиеттерін ескере отырып, жабдықтардың жоғары технологиялық тиімділігін қамтамасыз ету арқылы өндірістік процесті тиімділеу. Технологиялық жабдықтарды қолдану кезеңінде нормалар мен қауіпсіздік жұмыс ережелерін сақтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің ластануы
Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің ластануы. Ластағыш заттардың экотоксикологиясы, азық-түліктің антропогендік ластануы саласында білім қалыптастыру зиянды заттармен тамақ өнімдерін өндіру, олардың жіктелуі, күресу себептері мен әдістерін анықтау, қалдықтардың өмірлік циклын басқару, 3R енгізу (қысқарту, қайта пайдалану, кәдеге жарату), қауіпті қалдықтарды басқару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Азық-түлік өндірісіндегі нанотехнологиялар мен наноматериалдар'
Табиғи және жасанды нанонысандар мен нанобөлшектерді, негізгі терминдер мен анықтамаларды, наноқұрылымды материалдарды алу әдістерін және оларды қолдануды зерттеу; ауылшаруашылық шикізатын өңдеу және тамақ өндірісі саласында наноқұрылымды материалдарды пайдалану бойынша ғылыми әзірлемелер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инженерлерге арналған кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты - технологиялық кәсіпкерлік пен инновация дағдыларын қалыптастыру. Команда құру, принциптері, топ мүшелерінің функциялары. Шаблондар негізінде бизнес-модельдеу. Бизнес-идеяны негіздеу, аймақтық кәсіпкерліктің инновациялылығы мен өзектілігін бағалау. Нысаналы сегменттерді бағалау және негізгі құндылықтарды айқындау, клиенттермен өзара қарым-қатынас арналары, бизнес-жобаларды таныстыру негіздері, elevatorpitch, Технологияларды коммерцияландыру әлеуеті және идеядан нарыққа шығу жолдары мен тосқауылдары зерделенетін болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің ғылыми-зерттеу мен инновация негіздері'
Таңдап алынған ғылыми тақырыптың өзектілігін негіздеу. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау. Тәжірибе жүргізудің тәсілдерін (әдіснамаларын) таңдау. Зерттеу қорытындыларын талдау. Тамақ және қайта өңдеу өндірістеріндегі инновация түрлері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тамақ өндірісі технологиялық процестерін математикалық үлгілеу және оптималдау'
Үлгілеу әдістерінің жіктелуін және математикалық үлгілеу принциптерін оқып-білу. Тамақ өндірісінің негізгі технологиялық процестерінің математикалық үлгілерін құрастыру алгоритмін игеру. Процестерді эксперименттік зерттеулер негізінде үлгілеу. Экспериментті жоспарлау және эксперименттік мәндерді өңдеу. Бір және көпөлшемді регрессиялық теңдеулерді құрастыру. Регрессиялық теңдеулер сызбасын бейнелеуге арналған қолданбалы бағдарламаларды игеру
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін реттеу, ғылыми зерттеулер және қолданбалы аналитика, зерттеу жұмыстарының дизайны және конфигурациясы, зерттеу және зерттеу өнімінің параметрлері; ғылыми зерттеулер мен қолданбалы аналитика әдістерін меңгерту. Ғылыми зерттеулердің категориялық аппараты, ғылыми-әдістемелік зерттеудің ұғымдық аппараты, оның мазмұны мен құрылымы, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен әдіснамалары, ғылыми танымның парадигмалары мен тұжырымдамалары, педагогикалық зерттеулердің теориялық және практикалық маңызы оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Эксперименталдық нәтижелерді өңдеу әдістері'
Эксперименттік зерттеулер барысындағы өлшеулердің түрлері мен ауытқуларын анықтау. Сенімділік интервалын есептеу. Статистикалық, дисперсиялық,корреляциялық және регрессиялық талдау жүргізу. Кестелік және сызбалық тәуелділіктерді өңдеуге арналған математикалық әдістерді үйрену
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тамақтану ғылымының теориялық және тәжірибелік негіздері'
Жұмыс істеушілердің түрлі топтарына арналған тамақ өнімдерінің дәстүрлі және жаңа технологияларын жетілдіру мен жасау. Тамақ өнімдерінің қауыпсіздігі мен азықтық бағалылығын бақылауды жүргізу. Биологиялық белсенді заттарды, тамақ қоспаларын қолдану, сапа тексеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Наноинженерлік зерттеулер негіздері
Пәннің мақсаты - наноқұрылымдарды құрудың теориялық негіздері, табиғи және жасанды нанобөлшектердің, нанобөлшектердің қасиеттері, құрылымы, наноматериалдардың қасиеттері мен құрылымы. Оны өндіру үшін жабдықты таңдау, наноматериалдарды алу әдістері мен тәсілдерін бағалау, материалдар құрамын іріктеу, наноматериалдарды сынау және сапасын бағалау әдістерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жаңа тағам өнімдеріне арналған шикізаттарды өңдеу технологиясы'
Өңдеудің барлық кезеңдерінде дайын өнімнің сапалақ көрсеткіштерін бақылау үшін дәстүрлі және дәстүрлі емес шикізаттардың физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерін зерделеу. Осы негізде алынған тамақ шикізаттарын қолдану арқылы тамақтық құндылығы жоғары жаңа тамақ өнімдерінің технологияларын жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жаңа заманғы тамақ өнімдерінің технологиясы'
Тұтынушылық және тауарлық қасиеттері биік тамақтық құндылығы жоғары жаңа буынды тамақ өнімдерінің технологияларын жасау мен құру. Ақуызды және минералды құрамдарын ескере отырып, өсімдік, жануар және минерал тектес шикізаттарды тиімді қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тамақ өнеркәсібіндегі ғылыми зерттеулеріндегі компьютерлік технологиялар'
Заманауи компьютерлік техника мен программалық қамтамасыздықты жіктеу, қолдану және құрылымы. Ғылыми зерттеулерді тиімді ұйымдастыру мен іске асыру үшін арналған инновациялық ғылыми және қолданбалы пакеттер. Қарастырылған құбылыстар мен технологиялық процестердің үлгілерін жасау мен зерделеу үшін арналған арнаулы компьютерлік редакторлар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тамақ өнімдерін өндіруге генетикалық модифицирленген объектілер'
Трансгендік шикізат көздерін және олардан алынатын тамақ өнімдерін құру мақсатын, ДНҚ мен РНҚ рөлін, генетикалық түрлендірілген шикізат көздері мен оны қайта өңдеу өнімдерін алуды қамтамасыз ететін биологиялық және биотехнологиялық тәсілдерді оқып білу
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби салада заманауи тілдік және коммуникациялық құзыреттілікті қолдану
- Қауіпсіз азық-түлікті тағамын өндіру үшін кәсіби қызметте жаңа технологияларды игеру білімін пайдалану
- Тамақ өнімдері өндірісінің фундаменталды және тәжірибелік ғылыми негіздері туралы білімін тәжірибеде қолданады
- Ғылыми зерттеулер мен кәсіпкерліктің негіздері мен әдістері туралы білімді кәсіби тәжірибеде қолдану
- Сапа көрсеткіштері жоғары тағам өнімдерін алу мақсатында тағам технологиясының теориялық аспектілері туралы білімдерін тәжірибеде қолданады
- Тәжірибеде процестерді модельдеу әдістерін және заманауи тағамдық жабдықтарды игеру білімін пайдаланады
- Ұйым жұмысын белсендіру, ұйымдағы кадрларды сауатты жұмыс істеуге жұмылдыру мақсатында басқару іс-әрекетінде психологиялық және педагогикалық әдістер мен принциптерді қолдану