6B01512 География-Тарих в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тарих және географиялық білімін іс тәжірибе жүзінде инновациялық оқыту әдістерін пайдаланып қолдана алатын, қарым-қатынасты басқаруға дайын, зерттеу және жобалық әрекетті жүзеге асыратын, білім саласында кәсіби қызмет жасауға бағытталған маманды дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
География және тарих пәнінің мұғалімі мамандығына кіріспе
Бұл пән география және тарих пәні мұғалімінің кәсіби қызметінің мәні мен ерекшеліктерін қарастырады, студенттерді мұғалімнің кәсіби стандартының мазмұнымен таныстырады. Студенттер география және тарих пәнінің мұғалімі ретінде кәсіби мансабын жоспарлау туралы түсініктерін қалыптастырады. Білім берудің қазіргі мәселелері мен мектеп географиясы мен тарихының даму тенденцияларын бағдарлауға көмектеседі. Сондай-ақ курсты оқу кезінде кәсіби өзін-өзі дамыту үшін ақпаратты табу және талдау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жас ерекшелік психологиясы және физиология
Курс адамның анатомиясы мен физиологиясы, жас ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары және адамның жүйке жүйесінің функционалдық ерекшеліктері қарастырылады. Оқушылардың онтогенездегі психикалық және физиологиялық дамуы, жас ерекшеліктері мен дамуының негізгі заңдылықтары, психофизиологиялық нормаларды есепке алу негізінде баланың дамып келе жатқан тұлғасының маңызды психикалық ерекшеліктері туралы жүйелі түсінігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім негіздері
Интеграцияланған пән құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика, кәсіпкерлік және көшбасшылық, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері саласындағы негізгі мәселелер мен қағидаттарды қамтиды. Нормативтік құқықтық актілерді пайдалану ерекшеліктері, Қоғамның іскерлік, этикалық, қоғамдық, экономикалық, кәсіпкерлік және экологиялық нормаларын пайдалана білу. Экологиялық-құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік қатынастардың, көшбасшылық қасиеттердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидаттарының ерекшелігі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пәннің мазмұны білім алушыларда педагогикалық ғылымның теориялық – әдіснамалық негіздері және кәсіби – педагогикалық іс-әрекеттің мәні туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу білім беру ортасында тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұны, принциптері, формалары мен әдістері туралы қажетті білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курсты оқу білім алушыларда оқу мен оқытудағы заманауи тәсілдерді сәтті жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геодезия картография негіздерімен
Бұл оқу курсы студенттердің топографиялық-географиялық карталарды түсінуін тереңдетуге және оларды ғылыми зерттеулер мен далалық жағдайдағы практикада, карталарды құру процесінде, геологиялық зерттеулерде қолдануға бағытталған. Осы пәнді меңгеру барысында студенттер геодезия мен картографияның жағдайы мен даму болашағын, топографиялық карта туралы негізгі мәліметтер, дала жағдайында топографиялық карталарды, пландарды және аэроғарыштық фотосуреттерді пайдалануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ежелгі Қазақстан тарихы
Пән ауқымды фактологиялық материалды хронологиялық реттілікпен, тарихи-этномәдени процестердің негізгі кезеңдері мен өзгешелігімен, Қазақстан аумағындағы тас, қола ғасырларының ерекшеліктерімен, археологиялық мәдениеттермен, ерте мемлекеттік құрылымдармен, ерте көшпелілердің табиғи ортаны шаруашылық тұрғыдан игеру эволюциясымен, Қазақстанның ежелгі заман халқының мәдениетінің ерекшеліктерімен қарастырады. Қазақстанның ежелгі тарихының теориялық, әдіснамалық, тұжырымдамалық мәселелері дүниежүзілік тарих оқиғалары мән мәтінінде қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ежелгі ғұндар
«Ежелгі ғұндар» пәні келесідей негізгі проблемаларды қарастырады: Ғұндар туралы ежелгі қытай деректері Ұлы Ғұн мемлекеті құрылғанға дейінгі және өмір сүрген кезеңдегі, Ұлы Ғұн империясының сыртқы және ішкі саясаты, оның басшылығы мен тарихи тұлғалары, ыдырауы. мемлекеті, Еуразиядағы Ғұн Ордалары, Еуропадағы Ғұндар және Батыс Ғұн Ордалары, оның дүниежүзілік тарихтағы орны мен маңызы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Картография топография негіздерімен
Бұл пән географиялық пәндер жүйесіндегі картографияның орны, негізгі картографиялық түсініктер, карталардың классификациясы, математикалық негізі, шартты белгілер, картографиялық бейнелеу әдістері, геодезиялық құрылғылар, картаны құру заңдылықтары туралы терең білім қалыптасады. Курсты оқу барысында студенттер картаны еркін оқуды, карта мазмұнын талдауды, Жергілікті жерді картасыз және картаның көмегімен бағдарлауды, топографиялық карталарды, компасты, геодезиялық аспаптарды қолдануды, спутниктік суреттермен, аэрофотосуреттермен жұмыс жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Топография жергілікті жерді бағдарлау негіздерімен
Геодезия негіздерімен топография жер бетін бейнелеу әдісі ретінде топографиялық карта туралы іргелі білім беретін, толықтығымен, шынайылығымен және дәлдігімен, оның қасиеттері туралы; жергілікті жердегі геодезиялық өлшеу тәсілдері және далалық түсірілім материалдары мен аэрофотосуреттер бойынша топографиялық карталар жасау әдістері туралы негізгі пән болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Археология және алғашқы қауымдық құрылыс тарихы
«Археология және алғашқы қауымдық құрылыс тарихы» оқу курсы археологияның ғылым ретіндегі ерекшеліктері туралы түсініктер қалыптастырады, археологиялық зерттеу әдістерімен таныстырады, археологиялық дәуірлер мен кезеңдер, оларды зерттеушілер, біздің еліміздің археологиялық мәдениеттері туралы кең көлемде білім береді, адамзат өркениетінің тарихын қайта құруда. Адамзат өнеркәсібі, мәдениет және қоғамдық қатынастар ерекшеліктеріне сүйене отырып, қоғамның даму процесін түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ортағасырлық Қазақстанның ақша айналымы
Курс V-XVII ғасырлардағы Қазақстан қалаларындағы ақша ісінің қалыптасуы мен дамуын қарастырады. Қазақстан жеріндегі бірқатар ортағасырлық әулеттердің және Қазақ хандығының ақша айналысы оқытылады. Ортағасырлық Қазақстан қалаларын археологиялық зерттеу кезінде ғылыми айналысқа қосылған нумизматикалық жаңа зерттеулер материалдары қолданылады. Ортағасырлық ақша айналысында Испиджаб, Алматы, Сығанақ, Сарайшық, Йасы-Түркістан, Сайрам, Сауран қалалары шығарған ақшалардың маңызы көрсетіліп, ақша деректеріндегі тарихи мағлұмат талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Климат өзгеруінің заманауи мәселелері
Бұл курс студенттерге қазіргі заманғы жаһандық мәселелер, климат өзгеруінің негізгі себептері, климатты құрушы факторлар, адамзаттың климатқа әсері, климатты зерттеудің негізгі әдістері туралы терең білім қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушылар ауа-райын бақылауды, климат өзгеруінің нақты себептерін анықтауды және оны түсіндіруді, сонымен қатар климат өзгеруінің алғышарттарын зерттеуді, метеорологиялық приборлармен жұмыс жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қосалқы тарихи пәндер
Қосалқы тарихи пәндер бойынша бағдарламаның негізгі мазмұны жоғары оқу орындарының студенттерін кәсіби даярлау міндетімен анықталады. Бағдарламада әрбір қосалқы тарихи пәндердің теориялық материалын ғана емес, сонымен қатар осы пәндердің тұжырымдарын практикалық қолдану перспективасын ашатын олардың әдістемелеріне де назар аударылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геожүйелер туралы білім
Бұл оқу курсында студенттер жалпы географиялық қабық, олардың өзара әрекеттесуі және географиялық қабық заңдылықтарын, сонымен қатар географиялық орта құрылымының жергілікті ерекшеліктерімен толықтай танысады. Курсты оқу барысында білім алушылар негізгі географиялық заңдылықтарды анықтау жолдарын, материя және энергия ақпарат ағындарымен біріктірілген географиялық жүйені зерттеуді, табиғи аумақтың кешеннің, табиғи ландшафттың өзара бір –бірімен байланысын, үйлесуін, кез келген географиялық объектіні бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы жертану
Бұл оқу курсын оқыту барысында жердің географиялық қабығының құрамдас бөліктері мен жалпы планетарлық қасиеттері, ландшафт және ландшафт сферасы туралы ілім, физикалық географияның зерттеу әдістері мен ғылыми бағыттарын толығымен қарастырады. Студенттер жаратылыстану циклі пәндерінен алған білімдерін ескере отырып, жердің құрамдас қабықшаларын (атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера) зерттеп, олардың ерекшеліктері мен даму заңдылықтары туралы жүйелі білім алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Пән орта ғасырдағы Қазақстан тарихының негізгі мәселелері бойынша жүйелі білімді қалыптастырады. Курс аясында Орта ғасырдағы Қазақстан тарихын кезең-кезеңімен сипаттаудың негізгі мәселелері, мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдері, түркі мемлекеттілігінің қалыптасуы, моңғол жаулап алуының салдары, Қазақ хандығының қалыптасу тарихы, қазақ этногенезі, Қазақ мемлекетінің шаруашылығы, тұрмысы, әлеуметтік құрылымы мен саяси жүйесі, сондай-ақ көшпенділердің рухани әлемінің эволюциясы және олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Курс барысында студенттер инклюзивті білім берудің принциптері мен әдістемелік негіздері туралы білімдерін қалыптастырады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға, инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуде туындайтын кедергілерді болдырмауға, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы ұйымдастырушылық және басқару құзыреттеріне қатысты заманауи талаптардың жаңа үлгілері туралы идеялар қалыптасады. Білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау үлгілері туралы білімді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Метеорология климатология негіздерімен
Бұл курс жердегі атмосфераның құрамы мен құрылысын, негізгі атмосфералық процестерді, радиациялық және жылу балансын, атмосферадағы ылғал айналымын, атмосферадағы циркуляция, жер бетінің климатын, метеорологиялық бақылау әдістерін зерттейді. Географиялық құбылыстар мен процестерге байланысты мәліметтерге дұрыс талдау жасауды, негізгі метеорологиялық приборлардың аттары мен құрлысын, жұмыс істеу принциптерін, қарапайым метеорологиялық приборлармен ауа-райына бақылау жасай білуді үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңартылған білім мазмұнының технологиясы және өлшемдік бағалау
Критериалды бағалау технологиясы курсы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық заңдылықтарына негізделеді, оның әдістері мен субъективті формалары оқу іс-әрекетінің субъектілеріне тікелей байланысты. Курс барысында студенттер жоспарлау мәселелері және білім беруді қалыптастырушы және жиынтық бағалау процестерін ұйымдастыру жолдарын сонымен қатар, негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдерінің іс-әрекетіндегі оқушылардың жетістіктерін бағалау критерийлерін толықтай меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шығыс елдерінің ежелгі және ортағасырлар тарихы
Пәнді оқу барысында білім алушы Шығыс елдерінің ежелгі және ортағасырлық кезеңіндегі саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуының негізгі аспектілерін айқындап, олардың даму тарихына байланысты мәліметтер алады. Ежелгі Шығыс қоғамының алғашқы қауымдық қоғамнан мемлекеттік қоғамға өту кезеңінің басты белгілерін және мемлекеттік институттарының пайда болу тарихын игерту пәнді оқытудағы басты ерекшелік болып табылады. Ортағасырлық Шығыс елдерінің Батыс Европаның отарына айналуына тарихи талдау жасалынады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Географиядан мектеп оқушыларының өздік жұмыстарының формалары және ұйымдастырылуы
Бұл курста географияның мектеп курсын меңгеруде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері мен формалары, практикалық, далалық, сыныптан тыс жұмыстардың әдістері қарастырылады. Студенттер сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін меңгереді. Студенттер далалық зерттеулерде өз бетінше жұмыс істеу, мектеп географиясы курсының көрнекі материалдарын әзірлеу дағдыларын алады. Өзіндік жұмысты бағалау критерийлерімен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қытай тарихы
Қытайдың жаңа заман кезеңіндегі Цин династиясының тарихы негізінде, өркениетінің жетістіктері, ішкі және сыртқы саясаты, оның басқа мемлекеттермен орнатқан қарым-қатынасы , түрлі династиялардың жаңа заман кезеңіндегі аталмыш мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық және саяси даму сипаты оқытылып, нақты деректер мен тарихнамалық материалдарға сүйене отырып, жартылай отар елге айналу процесінің себебі мен салдарын айқындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абай әлемі
Пән тарихи фактілерді, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының идеялық-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыратын философиялық-көркемдік негіздерін игерте отыра, студенттің өз пікірін айта білу, практикалық дағдыларды және адамгершілік, адалдық, көркем мінез сияқты адами қасиеттерді қабылдауды меңгертеді. Қазақ әдебиеті қаламгерлерінің данышпандық қырлары мен М.Әуезовтің Абай мұрасын зерттеу, насихаттаудағы рөлін, шығармаларының тарих, әдебиет, ғылым үшін маңызын айқындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Географияны оқытудағы қазіргі заманғы технологиялар
Курста географияны оқытудың заманауи технологияларының негізгі әдістемелері сипатталып, олардың сыныпта және сабақтан тыс жұмыстарда тиімді қолдану жолдары толықтай қамтылады. Курс барысында студенттерде әртүрлі оқыту технологиялары туралы түсініктері қалыптасады және оларды мектептегі география курсын оқытуда пайдалану жолдарын меңгеріп шығады. Студенттер қазіргі мектептегі оқытудың негізгі технологияларына теориялық шолу жасайды, жоспарланған нәтижеге жету үшін географияны оқытуда әртүрлі технологияларды қолданудың маңыздылығын терең меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ежелгі заманның өнер ескерткіштері
Курс аясында адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің бір бөлігін бейнелейтін ежелгі әлемнің көрнекті өнер ескерткіштері оқытылады. Пән материалдық және жазбаша ескерткіштерді, сәулет, археология, сәндік-қолданбалы өнерді зерттеу тарихы туралы жүйелі білімді қалыптастыруды қамтиды, өнердің дамуымен байланысты ежелгі әлем тарихының негізгі кезеңдері мен фактілерімен таныстырады. Курс студенттерді адамзаттың мәдени жетістіктеріне, адамзат өркениетінің дамуына үлес қосқан шығармаларға баулиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Географияны оқыту әдістемесі
Бұл курс жалпы орта білім беретін мектепке географиядан мемлекеттік білім стандартының талаптары, мектеп бағдарламалары мен география оқулықтарының мазмұны, құрылымы, әдістемелік аппараты, географияны оқыту әдіс-тәсілдері, географияны оқыту құралдарын пайдалану әдістері, негізгі педагогикалық технологияларды оқу процесінде қолдануды қарастырады. Студенттерді география мұғалімінің функцияларын орындаудағы бастапқы әдістемелік шығармашылық іс-әрекетін теориялық-әдістемелік негізде біліммен қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Антик тарихнамасы
Пән ежелгі кезеңдегі тарихи білімнің дамуы туралы жүйелі білімді қалыптастыруға, тарихи процестің маңызды ежелгі теорияларымен танысуға бағытталған. Курс аясында категориялық және терминологиялық аппаратты, грек тарихнамасының бастауларын, аты аңызға айналған ақындық аңыздарды, абыздардың, Спартан патшаларының жылнамаларын, грек және Рим тарихнамаларының бастауында тұрған тарихшылар мен жазушылардың оқиғалар, шарттар жазбаларын, еңбектері мен шығармаларын зерделеу, ежелгі авторлардың шығармаларын талдау көзделген.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Батыс елдерінің ежелгі және ортағасырлар тарихы
Пән батыс еуропалық қоғам мен мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихы, ежелгі және ортағасырлық өркениеттер дамуының негізгі кезеңдері, дәуірдің маңызды оқиғалары туралы жүйелі білімді қалыптастырады. Курс тарихи процестің қозғаушы күштері мен заңдылықтарын, адамның ондағы және ежелгі мен ортағасырлық әлеуметтік-саяси ұйымындағы орнын, тарихтың осы кезеңін бағалау мен кезеңдерге бөлудің дәстүрлі және жаңа тәсілдерін зерттеуді қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Азия мен Африка елдерінің орта ғасырлардағы тарихы
Пән орта ғасырлардағы Азия мен Африка елдерінің негізгі даму тенденцияларын зерттейді. Кезеңдік уақыты, орта ғасырдың негізгі мәселелерінің негізгі тарихнамалық тұжырымдамалары, көрнекті тарихи тұлғалардың өмірбаяндық мәліметтері қарастырылады. Азия мен Африка елдеріндегі тарихи оқиғалар мен үрдістердің өркениеттік ерекшеліктерін, ортағасырлық қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын, саяси ұйымның, әлеуметтік құрылымның, мәдени ландшафттың ерекшелігін, африка-азия континенті мемлекеттерінің әлемдік өркениет тарихындағы рөлін ескере отырып талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Табиғи-аумақтық кешендерді геоақпараттық модельдеу
Бұл пән табиғи аумақтық кешендер мен қоршаған ортадағы процестерді геоақпараттық модельдеу мәселелерін қарастырады. Пәнді оқу барысында студенттердің электронды карталарды құру, табиғи объектілерді модельдеу, кеңістіктік талдау, географиялық зерттеулерде геоақпараттық жүйелерді қолдану дағдылары қалыптасады. ГАЖ ортасында мәліметтер қорын құру, сандық деректерді өңдеу және заманауи геоақпараттық жүйелер технологиясын қолдана отырып, зерттеу жобаларын орындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихты оқыту әдістемесі
Тарих сабағын ұйымдастырудың тәсілдері және оқу процесінде жаңартылған бағдарлама негізінде орта мектепте тарихты оқытудың теориялық мәселелері қарастырылады. Тарих сабағын өтуде көрнекі құралдармен, тарихи құжаттармен, тест тапсырмаларын орындау, дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ түрлерін және сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру жолдарымен танысып, оны практикалық сабақ пен педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында қолдану дағдысын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан территориясының географиялық зерттеу тарихы
Қазақстан аумағын географиялық зерттеу тарихы курсы Қазақстан жері туралы алғашқы географиялық мәліметтер мен Ұлы Жібек жолы туралы мәліметтерді қамтиды. Студенттер ерте кездегі ғалымдардың зерттеу еңбектерімен танысады. Курс барысында студенттер ғалымдардың физикалық географиялық зерттеулерімен қатар, жер-су атауларының шығу тарихын зерттейді жыне Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық құнды мәліметтермен толықтай танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Күншығыс Алашорда тарихы
Пән Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды, халық пен ұлттық зиялы қауымның көңіл-күйін, алғашқы жалпықазақ съездері мен олардың шешімдерін, Алаш партиясының қалыптасуын қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушыларда еліміздің шығысындағы Семей қаласындағы Алашорданың - Алаш автономиясы үкіметінің қызметі туралы жүйелі білім қалыптасады. Курс аясында Алаш және Алаш Орда қозғалысының деректанулық базасы мен тарихнамасы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геоинформатика негіздері
Бұл курс студенттерді заманауи картографиялық әдістер: карталардың сандық моделі, электрондық карталармен жұмыс жасау, географиялық ақпараттық жүйелердің қызметі, өзара байланысы, геоақпараттық әдістер, ГАЖ технологияларының ерекшеліктері, картографияда қолданылатын компьютерлік бағдарламалар, географиялық деректер базасы, географиялық деректерді визуализациялау туралы ақпаратпен таныстырады. Географиялық ғылымдарда ГАЖ қолданудың негізгі идеялары, принциптері мен заңдылықтары, географиялық мәселелерді шешуде ГАЖ қолдану мүмкіндіктерінің шегі туралы білімін толықтырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның физикалық географиясы
Пәнді оқу барысында Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы, табиғи ортаны зерттеген ғалымдардың еңбектері, геологиялық тарихы мен палеогеографиясы, геоморфологиялық аудандары, қазіргі жер бедерін түзуші үдерістер, Қазақстанның климаты, ішкі сулары, топырақ жамылғысы, флорасы мен фаунасының экологиялық мәселелері, ерекше қорғалатын аймақтардың маңызын қарастырады. Қазақстанның ірі табиғат кешендері мен физикалық географиялық аудандары сипатталады. Қазақстанның табиғи ортасының экологиялық жағдайы туралы білімдері қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қашықтықтан зондтау негіздері
Курс географиялық зерттеулердің әртүрлі міндеттері үшін қашықтықтан зондтау деректерін алудың заманауи әдістері және аэроғарыштық суреттерді жинау, цифрлық өңдеу және тақырыптық интерпретациялау бойынша практикалық дағдылар туралы білімді дамытуға бағытталған. Курс деректерді жинау технологиялары және қашықтықтан зондтау физикасы сияқты тақырыптарды қамтиды; әртүрлі типтегі кескіндерді өңдеудің қасиеттері мен ерекшеліктері; географиялық зерттеулерде қашықтықтан зондтау деректерін тақырыптық интерпретациялау негіздерін қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның геоэкологиясы
Бұл пәнді оқу барысында жас мамандар геологиялық ортаның заманауи экологиялық мәселелерімен, геологиялық орта мен техносфераның өзара әрекеттесуімен танысады. Студенттер аумақтарды экологиялық-геологиялық картографиялаудың негізгі әдістерін меңгереді. Бұл курс Қазақстан Республикасындағы ауаның, судың, су қоймаларының, литосфераның ластануына баға береді және студенттерді аймақтардағы экологиялық жағдайды сипаттайтын пән бойынша теориялық және практикалық біліммен қаруландырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электрондық білім беру ресурстары
Бұл оқу курсы педагогикалық бағыттағы мамандық студенттерінің заманауи ақпараттық,коммуникативтік және білім беру технологиялары аумағындағы икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін оқытуға бағытталған. Курс бір-біріне тәуелсіз модульдарды қамтитын құрылымға ие. Курс барысында пән бойынша электронды оқу материалдарын жасау әдістерімен танысады. Цифрлық білім беру ресурстарын құру үшін заманауи құралдар мен онлайн сервистердің мүмкіндіктерін зерделеу графика мен инфографика құруға арналған құралдармен жұмыс істеуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының тарихы
Пән түркі халықтарының тарихын біртұтас үрдіс, әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Пән аясында түркі халықтарының шығу тегінің тарихи тамыры, олардың өзара байланысы, этностық, саяси және мәдени өзгешелігі, ортағасырлық түркі мемлекеттік бірлестіктеріндегі саяси-экономикалық және мәдени үдерістердің негізгі ұғымдары мен мәні, жаңа кезеңдегі түркі халықтарының қалыптасуы мен дамуы, қазіргі кезеңдегі түркі мемлекеттерінің қоғамдық-саяси дамуы талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның тарихи географиясы
Бұл пән географиялық ортаның Қазақстанның дамуына әсерін қарастырады. Сондай-ақ Қазақстан халқының қалыптасу үрдісі, оның этникалық құрамы, орналасуы, қозғалысы, ежелгі сонымен қатар қазіргі кезеңде осы аумақта өмір сүрген мемлекеттердің тарихы мен аумақтық орналасуын зерттейді. Бұл курс тарихтың әртүрлі кезеңдерінде мемлекет шекараларының өзгеруі, ішкі әкімшілік-аумақтық бөлінісі, елді мекендердің орналасуы туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Туған өлке тарихы бойынша вариативті курсты оқыту әдістемесі
Курс Шығыс Қазақстан облысының тарихи өткені және осы пәнді оқыту әдістемесі туралы, өңір тарихында елеулі із қалдырған тұлғалар туралы түсініктерді қалыптастыруға; Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық, саяси және географиялық жағдайына, оның тарихы мен археологиясына, аймақтың дамуы мен қазіргі жағдайына тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға; оқушыларды Шығыс Қазақстан облысында тұратын халықтардың әлеуметтік тәжірибесі мен адамгершілік құндылықтарына, мәдениетіне тартуға арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Саяси география геосаясат негіздерімен
Жалпы бұл пәнді меңгеруде білім алушылар саясаттағы кеңістіктік-территориялық аспектіні және әртүрлі мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық өміріне зерттеулер жүргізеді. Курста білім алушылар саяси география мен геосаясаттың теориясы мен әдістемесінің негіздері мен толығымен танысады. Экономикалық-географиялық зерттеудің негізгі тәсілдері мен әдістері, саяси география және геосаясат, экономиканың негізгі салаларының географиясы, олардың негізгі географиялық заңдылықтары, орналасуы мен даму факторлары бойынша теориялық білімдерін практикада қолдана біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Курс барысында студенттер материктер табиғатының әртүрлілігі туралы физикалық-географиялық білім жүйесін қалыптастырады және мұхиттар мен аумақтың аймақтық ерекшелігін анықтайтын табиғи факторлар мен су айдындары, олардың адам өміріне және экологиялық жағдайына әсерін толықтай қарастырады. Курс негізінде материктер мен мұхиттардың табиғатының алуан түрлігі терең қарастырылып және жер шарының физикалық географиялық ерекшеліктері толықтай сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығыс Қазақстанның тарихының жаңа және қазіргі заман кезеңіндегі өзекті мәселелері
Пән жаңа және қазіргі уақыттағы Шығыс Қазақстан тарихының өзекті мәселелері туралы түсінік қалыптастырады. Шығыс Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруі, Шығыс Қазақстан аумағында бекіністер салу, әкімшілік - аумақтық басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру, Ресей империясының әкімшілік саясатының өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуына әсері қарастырылады. Алаш автономиясын құру, қоғамдық қозғалыстардың және "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының пайда болуы оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ халқының рухани мәдениеті
Қазақ халқының рухани мәдениеті тарихының курсы қазақ көшпелі қоғамының тарихи-мәдени өмірінің қалыптасуы мен дамуын, оның тілін, дүниетанымын, халық мәдениетінің бірегей түрлерін, жаңа жанрлардың дамуын, сол немесе өзге дәуірдің өзіндік қажеттілігін, нақты кезеңнің рухани мәдениетінің міндеттерін, қазақ мәдениетінің рухани-идеологиялық негіздерін қарастырады. Пән рухани дамудың маңыздылығын, оның құндылықтарын, олардың даму жолдарын негіздеуге ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өлке тарихын оқытуда сыныптан тыс жұмыстар
Пән аясында білім алушылар мектепте туған өлке тарихы бойынша сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігін меңгереді; қазіргі мектепте туған өлке тарихы бойынша сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру әдістемесін; мектепте туған өлке тарихы бойынша сыныптан тыс жұмыс жүйесін жобалау тәсілдерін; қазіргі мектепте туған өлке тарихы бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі құралдары мен әдістерін пайдалануды қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Этнология
Бұл курс этнологияның тұжырымдамалық аппаратын дамытуға бағытталған, сондай-ақ этнологиялық материалды жинау, өңдеу және түсіндіру әдістері, зерттеу дереккөздері, негізгі мектептер мен бағыттар, олардың ең көрнекті өкілдері қарастырылады. Курс аясында әлем халықтарын жіктеудің негізгі принциптері, этногенез және этникалық тарихы, әлемнің қазіргі этникалық бейнесі оқытылады, отандық және шетелдік этнология ғылымындағы тарихи-этнографиялық аймақтар мен әлем халықтарына сипаттама беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан халқының орналасу географиясы
Курста «Халықтың таралуы» және «халықтың тығыздығы» ұғымдарының анықтамасы қарастырылып, халықтардың дүние жүзінің бөліктері және елдер бойынша таралуы мен Қазақстан территориясындағы халықтардың орналасуының негізгі айырмашылықтары зерттеледі. Курсты оқу барысында Қазақстан территориясындағы халықтың орналасуына әсер ететін факторлардың сипаттамасы: климат, рельеф, табиғи ресурстар, тарихи фактор, адамның табиғи жағдайларға бейімделуі ерекшеліктері туралы толықтай қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Географияны оқытуда АКТ қолдану
Бұл пән студенттерді география сабақтарында әртүрлі білім беру қосымшалары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерімен таныстырады. Студенттер цифрлық білім беру ресурстарын құру тәсілдері мен қызметтерін оқып танысады, мектептегі география сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануды үйренеді. Студенттер білім беру платформаларымен, сайттарымен жұмыс істеу дағдыларын игереді және алған білімдерін кәсіби қызметінде қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Бұл пән Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайын, халқы және еңбек ресурстары, шаруашылығын, көмір, мұнай, газ өнеркәсібін, электр энергетика шаруашылығын, металлургиялық кешенін, химия, құрылыс материалдар өнеркәсібін, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешенін, тамақ, жеңіл өнеркәсіптерін, инфрақұрылымдық кешенін қарастырады. Білім алушылар Қазақстан экономикалық аудандары: Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстанның экономикалық жағдайы, Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтағы орны туралы білімдерін толықтырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Орта мектепте туған өлке тарихын оқыту
Курс аясында студенттер Шығыс Қазақстан облысының тарихын, өлке тарихында елеулі із қалдырған тұлғалар туралы білімдерін арттырады; өлке тарихының әртүрлі кезеңдерінде алынған нақты деректердің көмегімен тарихи процестерді талдайды. Шығыс Қазақстан тарихы бойынша курстың пилоттық жұмыс бағдарламасымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан тарихы бойынша авторлық оқулықтың, жұмыс дәптерінің мазмұны мен, әдістемелік құралмен және аннотацияланған библиографиялық көрсеткішпен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
Білім алушылар Шығыс елдері деп аталатын Азия және ішінара Африка елдерінің (Солтүстік Афика елдерін) жаңа және қазіргі заман кезеңіндегі саяси, әлеуметтік – экономикалық жағдайы туралы ғылыми түсініктерді меңгереді, тарихи оқиғаларға салыстырмалы түрде сипаттама береді. Пәнді оқу барысында білім алушы Шығыс мәдениет пен өркениетінің ошағы екендігін тарихи деректер арқылы анықтап, тарихи талдау жасап, адамзат қоғамының даму сатылары мен заңдылықтары жөнінде мағлұмат алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Туризм негіздері
Пәнді меңгеру барысында студенттерге туризмнің теориялық негіздері туралы ақпарат береді. Студенттерді туризм индустриясының негізгі ұғымдарымен таныстырып, туризмнің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін бағалауын және туризмге әсер ететін негізгі факторлар туралы білімдерін қалыптастырады. Туризмнің өлкетану және спорттық бағдарлау элементтері жан-жақты зерттейді. Туризм саласында қолданылатын терминдермен таныстырады. Туризмді қарастыра отырып студенттердің экономикалық, экологиялық тәрбиесін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Пән XVIII-XXғасырдың басына дейінгі Отан тарихының күрделі проблемаларына арналған. Тәуелсіздік жолында ұзақ күрескен халқымыздың XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар, қазақ-орыс,қазақ-қытай қатынастарынан басталып,XVIII XІXғғ.Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесінде алар орны, Ресей империясының отарына айналу кезеңдері, қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік және экономикалық құрылымдағы өзгерістерді, қазақ халқының ірі тұлғалары, ұлт-азаттық күрестері, ХХғ.басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы, қазақ зиялыларының жаңа тарихи кезеңдегі қызметі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғи ресурстар географиясы
Бұл оқу курсында табиғи ресурстардың аумақтық кешендерінің дамуы мен таралуын және оларды пайдалану мәселелерін қарастырады. Студенттер оқу пәнін меңгеру барысында жер бетіндегі табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын біліп, зерттеудің аумақтық ерекшеліктері мен табиғи ресурстардың біркелкі бөлінбеуінің проблемаларымен танысады. Дүние жүзінің әртүрлі аймақтарының ресурстарын,және оларды ұтымды пайдалану проблемалары мен оларды шешу жолдары бойынша теориялық және практикалық біліммен қаруланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғатты пайдалану және геоэкология
Бұл пән табиғат пайдалану түрлерін және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалауды, табиғатты тиімді пайдалану қағидаттарын, геосфералардың ластануын, геоэкологиялық аудандастыру, антропогендік факторлар, ғаламдық экологиялық мәселелерді, оларды шешудегі әлемдік тәжірибе мен инновациялық технологияларды қарастырады. Студенттер Қазақстанның экологиялық мәселелері, адамзаттың дамуындағы мәселелері, оларды анықтау критерийлері, бейбітшілікті сақтау, энергетика және шикізат, дүниежүзілік мұхит, дамушы елдердегі мәселелер, геоглобалистика туралы білімдерін толықтырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
STEM оқытудың формалары мен әдістері
Бұл оқу курсында студенттер жаратылыстану - математика ғылыми бағыты пәндерінің оқу міндеттерін интеграциялау мүмкіндіктерінің теориялық және әдіснамалық негіздерімен танысады. STEM білім беру саласындағы технологияларды қолдана отырып, заманауи сабақты әзірлеуге үйретеді. Курс студенттерде оқу үдерісі үшін өзекті кейстер мен нақты зерттеу мәселелерін әзірлеу, іздену дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу дағдыларын, бірлескен жұмыс пен фактчекингті дамытуға ықпал ететін инновациялық технологияларды қолдануды меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ диаспорасының тарихы
Қазақ диаспорасының тарихы пәні - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер цикліндегі дербес пән. Диаспора тарихы – қазақ диаспорасының тарихи, демографиялық, этнопсихологиялық, қоғамдық-саяси, мәдени және тұрмыстық мәселелерін зерттейді. Пән білім алушыларға қазақ диаспорасының қалыптасуының негізгі кезеңдерін, шетелдегі қазақ қауымдастығын дамытудың өзекті мәселелерін, қазақ диаспорасының заманауи дамуына талдау жасауға мүмкіндік береді. Қазақ, орыс зерттеушілерінің еңбектерін қолдана отырып білім алушылар қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайларын зерттеуге мүмкіндік алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Пән білім алушылардың ХХ - ХХІ ғасырлардағы Еуропа мен Американың жетекші елдері мен аймақтарының саяси, экономикалық, демографиялық және мәдени дамуының негізгі тенденциялары туралы жан-жақты түсінігін қалыптастыруға арналған. Курс аясында зерттелетін кезеңдегі халықаралық қатынастар мәселелері талданады. Курс батыс өркениеті эволюциясының ерекшелігі, индустриалды қоғамның біртіндеп өзгеруі және қазіргі постиндустриалды, ақпараттық өркениеттің қалыптасуы туралы объективті идеяларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Батыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
Пән Батыс елдерінің тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде қарастырады, білім алушыларды ғылыми категориялық аппаратпен, зерттелетін кезеңнің негізгі дереккөздермен таныстырады. Батыс елдерінің жаңа және қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық, идеялық-саяси, рухани даму ерекшеліктері талданады, курсты оқу барысында білім алушыларда халықаралық қатынастардың әлемдік жүйесін қалыптастыру үрдісіне Батыс елдерінің әлеуметтік дамуының негізгі тұжырымдамалары бойынша жүйелі білім қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеудің ғылыми негіздері
Бұл курс болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың негізі ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу саласындағы студенттердің құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курста ғылыми білімнің мәні, ғылыми зерттеу әдістері, ұйымдастыру және зерттеу қызметін жоспарлауды қамтиды. Курс барысында студенттер ғылыми-зерттеу жұмысының маңыздылығын, оны ұйымдастыру жолдарын түсініп, оны ғылыми салада тиімді жүзеге асыру жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Халықаралық қатынастар географиясы
Бұл курс халықаралық зерттеулерге арналған элементтердің периодтық кестесін белгілейді. Ол аумақтық басқарудың механизмдері мен формаларын, көптеген аумақтық модельдермен ұсынылған дүниенің геосаяси құрылымын және дүниежүзілік геосаяси циклдерде теориялық мәселелерді зерттейді. Халықаралық қатынастардағы геосаяси факторларды, жаңа экономикалық саясаттың мүмкіндіктері мен жолдарын, халықаралық қатынастардағы жалпыадамзаттық және мемлекеттік мүдделердің тиімді тепе-теңдігін анықтау жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ландшафтану
Бұл пән ландшафттану ғылымының даму тарихын, ландшафттық зерттеулердің негізгі әдістерін, ландшафттың тік және көлденең құрылымын, оның морфологиясын, ландшафттардың классификациясын толық қарастырады. Білім алушылар ландшафттық аудандастырудың негізгі таксономиялық бірліктері, ландшафттардағы динамикалық үдерістер, Қазақстанның табиғи және антропогендік ландшафттарын аудандастыру, ландшафттық және экологиялық картаға түсіру, қолданбалы ландшафттық зерттеулердің негізгі бағыттары туралы білімдерін толықтырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
Қазіргі замандағы афро-азиаттық елдердегі тарихи дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, қос құрлықтың әртүрлі аймағындағы ерекшеліктерін анықтай отырып, отарлық жүйе күйреген соң Азия мен Африкадағы тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуындағы маңызды оқиғаларға тоқталып, қазіргі таңдағы дербес мемлекеттердің Шығыс елдерінің саяси –экономикалық, әлеуметтік, діни- идеологиялық, тарихи- мәдени тарихын зерделей отырып әлемдік қауымдастықтағы орны мен маңызын айқындайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
Экономикалық және әлеуметтік география курсында дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік, саяси картасы қалыптасуын, оның мазмұнын түсіндіреді. Негізгі экономикалық, әлеуметтік, қаржылық заңдылықтарды қарастырады. Экономикалық, әлеуметтік және саяси география ғылымы бойынша мәліметтерді күнделікті өмірдегі тәжрибеде қолдану жолдарын үйретеді. Курс барысында студенттер дүние жүзі бойынша экономика салаларын, даму ерекшеліктерін, әсер ету факторын, импорт, экспорт сияқты ұғымдарды қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы
Пән Жаңа заман тарихының маңызды мәселелерін зерттеуге бағытталған. Курс аясында әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани процестер, зерттелетін кезеңнің халықаралық қатынастары қарастырылады, жекелеген елдердің эволюциясының ерекшеліктері талданады. Ең индустриалды дамыған елдердегі өнеркәсіптік революцияның аяқталу кезеңі және әлемдік капиталистік экономиканың түпкілікті қалыптасу процесі, буржуазиялық әлеуметтік жүйенің революциялық қалыптасуымен және индустриалды (жаңа) өркениеттің пайда болуымен бірге жүретін еуропалық дәстүрлі қоғамның ыдырау үдерісі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикалық-географиялық аудандастыру
Бұл пән студенттерде физикалық-географиялық кешен ұғымы және оның құрамы, физикалық-географиялық аудандастырудың ғылыми идеяларының дамуы, принциптері мен әдістері, таксономиялық бірліктерінің жүйесі, физикалық-географиялық шекаралар туралы білім қалыптастырады. Студенттер құрлықтардың, мұхиттардың, тау жүйелерінің физикалық-географиялық аудандастырылуының қазіргі жағдайы, ТМД елдері мен Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастырылуы, қолданбалы аудандастыру, физикалық-географиялық аудандастырудың маңызы бойынша жүйелі толық білім алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Отан тарихының өзекті мәселелері
Пәнді оқып үйрену барысында студенттерде Отан тарихының тұжырымдамалық мәселелері бойынша теориялық ережелер туралы білімді қалыптастырады. Қазақстан тарихының түйінді мәселелерінің деректемесі мен тарихнамасы сарапталады. Курс шеңберінде қазақ халқының кезеңдестіру, этногенезі, Қазақ мемлекеттілігі мен өркениетінің эволюциялық дамуы, көшпелілік феномені мәселелері зерделенеді, Ресей империясының қазақ жерлерін отарлауы, қазақ халқының тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күресі, Қазақстанның кеңестік модернизациясы, қазіргі заманғы экономикалық, саяси, мәдени үрдістері қаралады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
Азия мен Африка елдерінде жаңа заман кезеңінде дербес дамуына ондағы феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың даму үрдісінің баяу жүзеге асуына Батыс Европа мен Жапонияның отарлық саясатының саяси, әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуына тигізген кері ықпалы мен салдары айқындалып, “Шығыс мәселесі” мен ұлт азаттық көтерлістер мен Азиялық революциялар тарихы, бірінші дүние жүзілік соғыстың Азиялық империялардың ыдырауына әкелу себептері жан жақты қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Елтану және саяси география негіздері
Бұл пән дүниежүзі аймақтары, физикалық-географиялық, тарихи - мәдени, саяси –географиялық, тарихи -географиялық аудандастыру, геосаяси аудандары туралы білім қалыптастырады. Студенттер дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері, дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын демографиялық, әдістемелік, ақпараттық технологиялардың даму көрсеткіштері, жиынтық ішкі өнім көрсеткіштерін есептеу, ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі, дүниежүзінің геосаяси кеңістігі, геосаясаттағы географиялық факторлар, мемлекеттік аумақтың морфологиясы, мемлекеттік шекара туралы жүйелі білім алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қалалар географиясы
Пәнді меңгеруде білім алушылар салыстырмалы түрде тығыз қоныстанудың қалаларын, кенттерін және басқа аудандарын зерттеп, геодемографиялық білімдерін қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында дүние жүзі елдері аймақтарының қалалық қоныстануы, қалалардың эволюциясын, қала жүйелерінің қалыптасу туралы негіздері ғылыми теориялық және эмпирикалық білімдермен қаруланады. Студенттер қалалардың экономикалық-географиялық жағдайын бағалау жүргізіп, қазіргі контексте қаламен және қалалық ортамен жұмыс істеу принциптерін талдау жүргізеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Мектеп пен университеттің географиялық және тарихи пәндер бағдарламасының барлық сұрақтары бойынша оқу материалын күнделікті кәсіби қызметке байланыстыру
- Білім беру ресурстарын оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды және заманауи ақпарат құралдарын пайдалана отырып әзірлеу.
- География және тарих сабақтарында оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі әдістерін қолдану.
- Тәжірибелік-зерттеу жұмысының нәтижелерін есеп, ғылыми баяндама, хабарлама, қорытынды түрінде түсіндіру.
- Табиғат кешендерінің қалыптасу заңдылықтарын сипаттау және қазіргі кезеңдегі табиғат пен қоғамның өзара байланысу ерекшеліктерін анықтау.
- Теориялық және практикалық тапсырмаларды түсіндіру кезінде тарихи пәндер саласындағы негізгі ережелерді, ұғымдар мен заңдарды интеграциялау.
- Оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен критериалды бағалаудың заманауи технологияларын қолдану.
- Ақпарат пен дереккөздерді олардың нақтылығы мен ғылыми сипаты бойынша түсіндіру.
- Экономикалық және әлеуметтік география, дүние жүзінің жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша білімдерін педагогикалық қызметте қолдану.
- Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.