Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қатынас
-
Курстың мақсаты: болашақ мамандарды мемлекеттік тілде іс қағаздары мен іскерлік қарым-қатынасты сауатты жүргізе білу дағдыларын меңгерту; азаматтық қарым-қатынаста, әкімшілік басқаруда жиі кездесетін іс қағаздарының түрлі модельдері бойынша өз бетімен құжат жазып, толтыра алу қабілеттілігі дамытып,іскерлік қарым-қатынаста басқару шешімдерін оңтайландыруға, коммуникациялық кедергілерді, дағдарыс пен қақтығыстарды болдырмауда тиімді іскерлік қарым-қатынастың практикалық дағдыларын меңгерту; кәсіби қызмет пен жеке өмірдің коммуникациялары, қазақстандық және әлемдік қоғамдастықта оң және сенімді байланыстарды орнату және дамыту, жеке қарым-қатынас мәдениеті және өнімді қызметке қол жеткізу үшін ұжыммен қарым-қатынас жасау технологияларын қолдану, қолайлы моральдық атмосфераны құру және серіктестермен келіссөздер жүргізу қабілетін меңгерту. Курс іскерлік коммуникацияның ерекшеліктерін; іс қағаздарын жүргізудің негізгі ұғымдарымен және әртүрлі модельдерімен танысуды; кәсіптік қызметтегі вербалды және вербалды емес коммуникациялар теориясын; іскерлік қарым-қатынастың негізгі нормаларын қамтиды. Курс іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктеріне сай өзара әрекеттестіктің негізгі формаларын қолдану; практикалық мәселелерді шешу кезінде кәсіби іскерлік қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейде дамуын көрсетуді; жанжалды жағдайда әрекет ету, коммуникациялық кедергілерді жеңу, іскерлік қарым-қатынасқа оң әсер ету үшін психологиялық механизмдерді тиімді қолдану; іскерлік хат алмасуды және телефон арқылы сөйлесу, әртүрлі әлеуметтік деңгейдегі тұлғалармен сұхбаттасу біліктерін дамытуды көздейді.
-
Образовательная программа 6B01701 Екі шет тілі мұғалімі
-
Несиелер 3
-
Семестр 5