7M01902 Арнайы педагогика в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М01902-Арнайы педагогика ББ мақсаты арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке ие, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, басқару қызметін табысты жүзеге асыратын, қазіргі заманғы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M021 Арнайы педагогика
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M019 Арнайы педагогика
Пәндер
-
Ғылым тарихы мен философиясы (қазақ тілінде)
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім берудегі мониторинг (ағылшын тілінде)
Пәнді оқу барысында арнайы білім беру ұйымдарында білім сапасын басқарудың теориялық негіздері, сонымен қатар түзету білім беру мекемесінде білім сапасын басқару негіздері, білім беру мекемесін басқару құралы ретінде мониторингтің мәні, түзету білім беру мекемесінде білім сапасын бағалау құралдарын қалыптастыру тәсілдері, түзету білім беру мекемесінде білім беру сапасын басқару негізі ретінде модельдеу қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)
Пән мазмұны зерттеу әдістемесі, ҒЗТКЖ, ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөліктері, авторлық құқық құжаттарын рәсімдеу, зерттеу жоспарының жаңашылдығы, жобаның өмірлік циклі мен құнын бағалау, идеяларды таңдау критерийлері мен сапасын анықтау дағдыларын қалыптастырады және іс жүзінде тиімді қолдану іскерліктерін меңгертеді. Оқу пәні білім алушылардың жасанды интеллектіні зерттеу барысында көмекші ресурс ретінде тиімді пайдаланып, зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Арнайы білім берудің заманауи жүйелері (қазақ тілінде)
Пәнді оқу барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудегі заманауи технологиялар туралы ұғымдар қалыптасады, жаңа білім беру технологиялары мен оқыту әдістері, білім беру мен оларды дамыту мәселелерін тиімді шешуге негізделетін оқытудың түрлі формасы мен әдістерін қолдану мүмкіндігі, сонымен қатар олардың әлеуметтік бейімделуі және жеке үйлесімділігі мен денсаулығын қалыптастыру мүмкіндігі беріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы (орыс тілінде)
Психологияның пәнаралық қолданбалы саласы, оның негізгі міндеті психологиялық білім мен теорияларға негізделген басқарушылық қызмет мәселелерін зерттеу және шешу болып табылады. Пән басқару процесін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын және осы процесте адамдар арасында пайда болатын қатынастарды зерттейді және реттейді. Басқарушылық қызметтің заңдылықтары, принциптері, әдістері қарастырылады: басқарушылық қызметтің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайлары талданады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жоғары мектептің педагогикасы (қазақ тілінде)
Бұл пәнді оқудың мақсаты жоғары кәсіби білім берудің теориялық және практикалық мәселелері болып табылады. Жоғары оқу орындарының педагогикасы білім беру заңдылықтары мен принциптері, жоғары кәсіби білім беру құралдары мен әдістері туралы білімнің дамуын зерттейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің дамуын, оның негізгі міндеттерін біледі. Сонымен қатар педагогикалық процесті басқарудың ғылыми аспектілері және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану туралы білімдері қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды медициналық-әлеуметтік жетелеу (ағылшын тілінде)
Магистранттар пәнді оқу барысында білім беру, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімделудің әртүрлі бейіндегі медициналық-әлеуметтік жетелеу орталықтары жұмысының негізгі қағидалары туралы білімдерді меңгереді. Психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік жетелеу; әлеуметтік еңбекке бейімдеу және кәсіптік бағдар беру; ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар ата-аналарына диагностикалық- консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, ақпараттық және құқықтық қолдау болып табылатын әлеуметтік көмек мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби) (ағылшын тілінде)
Пәннің мақсаты: халықаралық деңгейде кәсіби салаға кірігу үшін шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, сонымен қатар шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерін аудару үшін, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы шетелдік тәжірибені дамыту, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты ауызша және жазбаша түрде аудару дағдыларын жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Инклюзивті оқыту жағдайында ЕББҚ бар балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру (орыс тілінде)
Пәнді оқу барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті оқыту жағдайында әлеуметтік-психологиялық жағымды орта қалыптастыру мен психикалық әл-ауқаттың нақты мәселелерін шешуге бағытталған түзете-дамыта оқыту жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылады. Психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижелерінің негізінде білім алушылар инклюзивті оқытуға қажетті жағдайларды, пайдаланылатын құралдарды, нысандар мен әдістерді талдап, баланың жалпы және жақын даму аймағын ескере отырып, жеке түзету бағдарламаларын әзірлейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ЖОО-да пәндерді оқыту әдістемесі (қазақ тілінде)
Пәнді оқу магистранттардың ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау, арнайы пәндерді оқытудың теориялық негіздері мен әдістемелерін, білім беру бағдарламалары мен оқытудың инновациялық технологияларын мақсатты түрде меңгеруіне ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ЕББҚ бар балаларды дамытудың жеке бағдарламаларын жобалау және әзірлеу (ағылшын тілінде)
Пәнді оқыту барысында магистранттар білім беру үдерісі тәжірибесіне енгізілетін вариативті оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік жабдықтар және білім алушыларға арналған арнайы бағдарламаларды әзірлеу және тәжірибеге енгізу жолдарын меңгереді. Пәнді игеру ғылыми білімдер негізінде қалыптастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Арнайы білім берудің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі (қазақ тілінде)
Пәнді оқу білім алушыларға балалардың білім алу құқығын жүзеге асырудың құқықтық және педагогикалық механизмдерін, құқықтық мәртебесін ашатын білімді меңгеруге мүмкіндік береді; білім беру саласындағы халықаралық нормативтік-құқықтық құжаттардың, аймақтық заңнамалық актілердің мәнін ашуға мүмкіндік береді. Пән курсы құқықтық стандарттың халықаралық құжаттар пакетінің нақты мазмұнымен танысуға, білім беру саласындағы халықаралық, аймақтық құжаттарды талдау және интерпретациялауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы білім берудегі педагогикалық технологиялар (ағылшын тілінде)
Пәнді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық жобалар, білім алудың қолжетімділігін жоғарылату әдісі ретінде қашықтан оқыту мүмкіндігі бар жобалар бағыттары; интернет-портал негізінде қосымша білім беруді жүйелі дамытудың барлық салаларында ақпараттар беру; кіріктірілген ақпараттық жүйелерді дамыту; жобалық-зерттеу қызметтерінің, жаңа технологиялардың, жеке бағытталған тәсілдер технологияларын меңгеру мазмұндары игеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалармен абилитациялық жұмыс (қазақ тілінде)
Пәнді оқыту барысында денсаулығында ақаулығы бар балалармен өмірінің алғашқы жылында жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстар, ерте жастағы балалармен кешенді абилитациялық жұмыс кезеңдері, мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан қолдау қажеттілігі мәселелері оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім берудің ғылыми-әдіснамалық негіздері (орыс тілінде)
Бұл пәнді игеру инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен қағидаларын меңгеруге, жинақталған халықаралық тәжірибені жалпылауға, инклюзивті білім берудің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Курс мазмұны магистранттарды ҚР инклюзивті білім беру мәселелерімен, мемлекеттік бағдарлама негізінде инновациялық тәсілдерді енгізу, сондай-ақ инклюзивтік білім мазмұнын реттейтін халықаралық құжаттармен таныстырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психофизиологиялық диагностика мен түзетудің заманауи технологиялары (қазақ тілінде)
Курстың мақсаты білім алушыларды ми қызметін зерттеудің заманауи инвазивті емес әдістерімен, олардың бұзылыстарын түзету технологияларымен таныстыру болып табылады. Пәнді оқу нәтижесінде адамның жасерекшелік анатомиясы мен физиологиясы, нейрофизиология, жоғары жүйке жүйесі, балалар невропатологиясы, психофизиология негіздері туралы білім мазмұны қалыптасады. Білім алушылар ми функцияларының бұзылуын диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдану дағдыларын, анықталған бұзушылықтарды түзетудің тиімді технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің психологиялық -педагогикалық аспектілері (қазақ тілінде)
Пәнді оқу мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты және тиімді тәрбиелеу аспектілерінің психологиялық-педагогикалық білім мазмұнын беру арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Білім алушылар эмоционалды жайлылық атмосферасын құруға, ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастыруға, әрбір баланың ерекшеліктерін қабылдауға дағдыландырады. Сонымен қатар білім алушылар балаларды тәрбиелеу бойынша теориялық білім мазмұны, олардың жас және жеке ерекшеліктері, оған қажетті кәсіби қызметтегі заманауи әдістер мен технологияларды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері (қазақ тілінде)
Пәннің мазмұнында арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың теориялық негіздері ашылады. Пән аясында магистранттарда коррекциялық оқыту мен тәрбиелеу процесін ғылыми негізде және әдістемелік жағынан сауатты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім мен білік жүйесі, озық педагогикалық тәжірибені талдау дағдылары, арнайы әдебиеттермен жұмыс істей білу қабілеттері қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы білім берудегі педагогикалық этика және деонтология (орыс тілінде)
Пәнмен танысу шеңберінде студенттер кәсіби қызметтің принциптері мен адамгершілік нормаларының жүйесі ретінде Педагогтің кәсіби этикасы туралы, Әлеуметтік деонтологияның этикалық және нормативтік негіздерін дамытудың негізгі кезеңдері, кәсіби борыш санасының өлшемдері, борыш пен нормативтік міндеттемелерді іске асыру саласы туралы тұтас түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психокоррекция және психотерапия негіздері (қазақ тілінде)
Бұл курс психокоррекция мен психотерапияның негізгі бағыттарын, зерттеу әдістерін, психокоррекция және психотерапия саласындағы шетелдік және отандық тәжірибенің негіздерін ашуға, сондай-ақ психокоррекциялық және психотерапиялық іс-шараларды жүргізудегі арнайы педагогтың рөлі мен мүмкіндіктерін қарастырады. Пәннің мазмұнында психокоррекция мен психотерапияның теориялық негіздері, сондай-ақ магистранттарға психокоррекциялық араласу арқылы кәсіби психологиялық көмек көрсетудің практикалық дағдыларын меңгертіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
МШ балаларды психологиялық қолдауды жобалау бағдарламалары (қазақ тілінде)
Курсты оқу аясында магистранттар балалардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес қарастырылатын категориялары үшін білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгереді, дене және психикалық дамуының айқын бұзылыстары бар балаларға арналған жеке және топтық сабақтарды әзірлеу мен іске асыруға қатысады; психологиялық сұрақтар бойынша ата-аналарға білікті кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету әдіс-тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердегі математикалық статистика (орыс тілінде)
Пәнді оқыту барысында арнайы білімдегі математикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері мен негізгі бағыттары туралы түсініктер қалыптасады. Білім сапасын жақсартуға бағытталған математикалық әдістерді қолданудың көпфункционалды жүйелері; білім беру үдерісіндегі ақпараттық-математикалық модельдеу алгоритмі; «білім алушының жеке жетістік деңгейін» бағалаудың педагогикалық-математикалық өлшемдерін жасанды интеллект арқылы қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттеу контекстінде арнайы білім беру саласының алдыңғы қатарлы теорияларына негізделген білімдері мен түсініктерін көрсетеді, идеяларын ұсынады, зерттейді және қолданады.
- Арнайы білім берудің пәнаралық контекстінде проблемаларды шешу үшін өз білімдерін, түсініктерін және оларды кәсіби деңгейде қолдану қабілеттіліктерін көрсетеді.
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдаулар негізінде қорытынды шығару үшін ақпаратты жинақтау мен түсіндіруді жүзеге асыруда жасанды интеллектті пайдаланады.
- Кәсіби құзыреттілік деңгейінде арнайы білім беру саласындағы негізгі идеяларды, проблемаларды, шешімдерді, ақпаратты, жасанды интеллект мүмкіндіктерін игере алады.
- Арнайы білім беру саласында өзіндік іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті дағдыларын көрсетеді.
- Жоғары мектепте оқытудың заманауи технологияларын және арнайы білім беру саласындағы инновациялық жетістіктерді қолдана біледі.
- Оқыту үдерісінде академиялық және кәсіби деңгейде қолданылатын тілдік білімдерді меңгереді.
- Қоғамдық пікірлер, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және кәсіби қызметінде қолдана алады.
- Арнайы білім беру саласында кәсіби қызметте қажетті дайындық деңгейлері мен салауатты өмір салтын ұстану қабілеттерін көрсете алады.
- Арнайы білім беру саласында кәсіби қызметке қажетті жағдайларды жүзеге асыра алады.
Ұқсас БББ
7M01902 Арнайы педагогика:Аутистік спектрі бұзылған балаларды қолдау (IP)
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01902 Арнайы педагогика: аутизм спектрі бұзылған балаларды сүйемелдеу (IP)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01902 Арнайы педагогика
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01902 Арнайы педагогика: Логопедия
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01902 Арнайы педагогика
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)