Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01902 Арнайы педагогика в ОҚМПУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • арнайы педагогиканың қазіргі дамуын кешенді философиялық тұрғыдан ұғынады, білім беру бағдарламасы аясындағы іргелі ғылымдардан алған білімдерінің негізінде ЕБҚБ тұлғаларды педагогикалық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдауды, білім беруді, оңалтуды, ǝлеуметтік бейімдеу жǝне ықпалдасу үрдістерін зерттеуді, жобалауды іске асырȧ біледі
  • жоғары мектепте оқытудың заманауи технологияларын және арнайы білім беру саласындағы инновациялық жетістіктерді қолданады, оқу үдерісін жобалауға және жоғары мектепте, білім беру ұйымдарда оқытудың жеке бағыттарын әзірлеуге, жеке әдістемелерді жасауға қабілетті
  • арнайы және инклюзивті педагогика тұжырымдамаларына сәйкес психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізеді, ЕБҚ бар тұлғаларға білім беру мǝселелері бойынша білім беруді басқару, денсаулық сақтау жǝне халықты ǝлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметкерлерімен жǝне қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен өзара ǝрекеттестік жұмыстарды жүзеге асырады
  • білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-әдістемелік қызметте ЦБР, ақпараттық-коммуникациялық және ассистивті технологияларды пайдаланады, тұтас ғылыми дүниетанымға ие, өзінің зерттеу контексінде әдіснаманы және ғылыми әдістер кешенін пайдаланады; өзін ғылыми-кәсіби қызметтің барлық салаларында цифрлық педагог ретінде көрсетеді
  • академиялық және кәсіби міндеттерді шешу үшін көптілді, көпмәдениетті және ғылыми ортада табысты, сындарлы кәсіби қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара іс - қимылға ықпал етеді; академиялық жазудың ғылыми стилін меңгереді; өзінің кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде лингвистикалық құзыреттерді қолданады, кәсіби саласында ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қабілетті.
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытуды, дамытуды, тәрбиелеуді дараландыру үшін тиімді психологиялық-педагогикалық бағдарламалар әзірлейді; арнайы білім беруді ізгілендіреді және саралайды, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады, мәтінге ғылыми-сараптамалық баға береді.
Top