Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01902 Арнайы педагогика: Логопедия в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті білім беру ортасындағы жоғары академиялық стандарттарға сәйкес логопедия білімі бар, азаматтық ұстанымы бар, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге, арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруға қабілетті магистрлерді даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M021 Арнайы педагогика
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
  • Дайындық бағыты 7M019 Арнайы педагогика

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін саладағы озық білімді терең және толық түсінеді; психологиялық-педагогикалық ғылым мен білім беру практикасының проблемаларын шешу үшін негізгі ғылыми тұжырымдамаларды таңдайды және қолданады;
  • Тұтас ғылыми дүниетанымға ие, қоғамдағы жаһандық әлеуметтік-саяси процестерді түсінеді; өзінің зерттеу контексінде әдіснаманы және ғылыми әдістер кешенін пайдаланады; өзін ғылыми-кәсіби қызметтің барлық салаларында цифрлық педагог ретінде көрсетеді;
  • Академиялық және кәсіби міндеттерді шешу үшін көптілді, көп мәдениетті және ғылыми ортада табысты, сындарлы кәсіби қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілетті; академиялық хаттың ғылыми стилін меңгереді;
  • Өзінің ғылыми зерттеу процесін жобалауға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті; өзін адамгершілік бағыттағы педагог-менеджер, әдіскер, сарапшы ретінде көрсетеді; білім беру саласындағы бизнес-процестерді басқару дағдыларын меңгереді;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға білім беру саласындағы қазіргі заманғы ғылыми парадигманы білу мен түсінуді көрсетеді, оның даму перспективалары мен жағдайларын болжайды;
  • Білім алушылардың әртүрлі санаттарына қатысты қарқынды дамып келе жатқан білім беру жүйесіндегі кәсіби міндеттерді шешеді, білім алушылардың жас, типологиялық және жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктерін ескереді;
  • Сөйлеу қабілеті бұзылған білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағдарламаларын жобалайды және іске асырады, білім алушыларды оқытуды, дамытуды, тәрбиелеуді дараландыру үшін қажетті кәсіби қызметте тиімді психологиялық-педагогикалық, оның ішінде инклюзивті технологияларды қолданады;
  • Сөйлеу қабілеті бұзылған білім алушылардың оқу-тәрбие процесін және әртүрлі институционалдық жағдайларда білім беру қатынастарына қатысушылардың өзара әрекетін ұйымдастырады;
  • Арнайы әдістемелер мен заманауи білім беру технологиялары негізінде сөйлеу қабілеті бұзылған оқушылар үшін бейімделген білім беру бағдарламаларын, жеке білім беру бағыттарын әзірлейді және енгізеді, диагностикалық әдістерді және білім алушылардың білім нәтижелерін бағалауды қолданады;
  • Заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, логопедиялық саласында ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді;қазіргі жоғары білім беру педагогикасының педагогикалық теориясы мен әдістемесі саласындағы білімдер жүйесі және оқыту мен тәрбиелеудің сәйкес технологиялары мен әдістері негізінде педагогикалық процесті жоспарлайды және жүзеге асырады;
  • Білім беру ұйымдарымен, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, шетелдік серіктестермен сөйлеу қабілеті бұзылған тұлғаларды оқытудың, кәсібилендірудің және әлеуметтік бейімделудің өзекті мәселелерін шешуде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  • Кәсіби және жеке өзін-өзі тәрбиелеуді жоспарлайды, одан әрі білім беру бағыты мен кәсіби мансабын жобалайды.
Top