Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Химиялық-технологиялық процестерді жоғары деңгейде ұйымдастыруға және стандартты емес жағдайларда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдауға және оларға жауап беруге қабілетті химик-технологты кәсіби дайындауды қамтамасыз ету. Бітірушіні органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында бәсекеге қабілетті, сонымен қатар білім беру, ғылыми бағдарламаларындағы халықаралық аспектілерді дамыту незінде химиялық өндірістің алдыңғы қатарлы технологиялары салаларында жұмыс атқаруға біліктілігі сәйкес келетін маман ретінде, ғылыми зерттеу жұмыстарын атқаратын және нәтижелерді рәсімдей алатын деңгейде дайындау, ғылыми жұмысын магистратурада жалғастыру үшін қажетті білім беруді қамтамасыз ету.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 242
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B060 Химиялық инженерия және процестер
-
ҰБТ-дағы пәндер Химия және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
Физика
«Физика» пәні техника мен технология бакалаврлардың теориялық дайындықтын және кәсібі қызметінің ірге тасының негізі болып табылады, оған қоса ғылыми дүниетанымын және біліктілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика
Математика пәнің зерделудің мақсаты негізгі ұғымдарды, заңдарды, формулаларды, теоремаларды және математикалық зерттеулер әдістерін меңгеру болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Металдар химиясы
Периодтық жүйеде металдар орны, олардың атомдарының электронды құрылысының ерекшеліктері. Металдар оксидтері мен гидроксидтері. Металдардың химиялық, электрохимиялық коррозиясы. Коррозиядан қорғау. Д.И.Менделеев тің химиялық элементтердің периодтық жүйесінде I-III топ негізгі топша металдарына жалпы сипаттама. Химиялық элементтер қасиеттері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Бейограникалық химия
Бейметалдар химиясы. Сутегі, оттегі. VIIА, VIА, VА, IV А, III А топтарының элементтері. 1. Элементтердің жалпы сипаттамасы 2. Өндіріс және пайдалану 3. Физикалық-химиялық қасиеттері 4. Қосылыстар. Қолданылуы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Мамандыққа кіріспе
Студенттердің өздері таңдаған мамандығы органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша химиялық технологияны дамыту тарихымен және болашағымен, сондай-ақ химия өнеркәсібінің мазмұнымен және оқыту бағдарламасымен, химиялық технолог маманын кәсіби даярлаудың негізгі талаптарымен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Радиациялық экология
Радиоактивті ластаушы объектілер және көздері. Физико-химиялық сипаттамалары. Радионкулидтердің миграция әдістері. Радиоактивтілікпен күрес шаралары. Атмосфераның, су ортасының, топырақтың экологиялық химиясы. Химиялық өндірістердің және олардың өнімдерінің қоршаған ортаға әсері. Қоршаған ортаны қорғау технологиясы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Бейорганикалық химиядағы сандық анализ
Химиялық анализдің метрологиялық негіздері. Қателіктер және оларды анықтау әдістері. Гравиметриялық анализ, әдістері. Тұндыру әдістері, тұндырғыштар, қолданылу аймағы. Титриметриялық анализ. Қышқылдық-негіздік, тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық титрлеу. Комплекс түзілу және тұндыру әдістері. Титрлеудің индикаторлық қателіктері. Қолданылатын титранттар, индикаторлар. Титрлеу жағдайы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химиялық сандық анализ
Химиялық анализдің метрологиялық негіздері. Қателіктер және оларды анықтау әдістері. Гравиметриялық анализ, әдістері. Тұндыру әдістері, тұндырғыштар, қолданылу аймағы. Титриметриялық анализ. Қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздандыру титрлеу. Комплекс түзілу және тұндыру әдістері. Титрлеудің индикаторлық қателіктері. Қолданылатын титранттар, индикаторлар. Титрлеу жағдайы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейорганикалық заттар анализі
Табиғи объектілерді талдау ерекшеліктері: су, ауа, топырақ, геологиялық объектілер, минералды шикізат, биологиялық объектілер. Сынамаларды іріктеу, сынамаларды талдауға дайындау, минералдандыру, шоғырландыру және бөлу, табиғи объектілердің компоненттерін сәйкестендіру және сандық анықтау әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Органикалық химия
Органикалық химия-жоғары химия-технологиялық білім деңгейін анықтайтын іргелі жаратылыстану-ғылыми пәндердің бірі. Теориялық органикалық химияның негізгі мәселелерін зерттейді. Органикалық химия бойынша белгілі бір білім көлемін береді, оның халық шаруашылығы мен одан әрі ғылыми-техникалық прогресс үшін маңызын көрсетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химиялық технология есептерін компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы шешу
Технологиялық үдерістерді меңгеру үшін заманауи математикалық әдістер мен физикалық құбылыстар мен заңдарды қолданыңыз туралы білім береді. Компьютерлік бағдарламала құрылғыларымен химия және химиялық технологиялар есептерін шығару жолдарын меңгеруді үйретеді және оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім негіздері
Экология және өмір қауіпсіздігі, құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика, кәсіпкерлік және көшбасшылық саласындағы принциптер мен негізгі әдістерді қамтитын кешенді пән. Нормативтік құқықтық актілерді қолдану ерекшеліктері. Экологиялық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері, экологиялық құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химик-технологтар үшін ағылшын тіліндегі терминология
Технологиялық есептерді шешуге химияның теориялық іргелі негіздерді бөлімдерін қолдануды үйретеді. Ағылшын тіліндегі химиялық терминологияны бейорганикалық химия, органикалық химия, физикалық химия, коллоидтық химия және ЖМҚ химиясын қолдану жолдарын үйретеді және оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Елбасы тағылымы
Бұл пәннің мазмұны Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығын, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына бағытталған Елбасының инновациялық жобаларын зерттеуге, «Бақорда», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» ұғымдарын жіктеуге қабілеттіліктерді қалыптастыруға, Елбасы шығармаларының ғылыми-әдістемелік маңыздылығын анықтауға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Инженерлік графика
Проекциялық әдісі. Түзу. Түзулердің өзара орналасуы. Жазықтық. Позициялық есептер. Кескіндер - көріністер, тіліктер, қималар. Аксонометриялық проекциялар. Проекцияларды түрлендіру әдістері. Бет. Беттердің құрылуы. Беттердің қиылысуы. Коаксиалды беттер. Бұйымдар түрлері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қоршаған орта ластаушыларының химиялық түр өзгерістері
Қоршаған ортаның негізгі ластануының химизмі (атмосфераның, судың, топырақтың, өсімдіктердің). Қоршаған ортада ластаушылардың химиялық түрөзгерісі, ластаушылардың флора мен фаунаға әсері, ағзалардың өзара және қоршаған ортамен химиялық әрекеттесуі. Қоршаған ортаға зиянды әсерлерді жою жолдары
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абай әлемі. Жаңа қазақ жазуы
Бұл кіріктірілген пәнде Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезовтың шығармашылық мұрасының философиялық және көркемдік негіздері мен тарихи фактілер және латын графикасы негізінде қазақ алфавитін меңгеру, орфографияның ережелері, орфографиялық және орфоэпиялық нормалары көрсетілген.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиялық токсикология негіздері
Улы және күшті әсер ететін заттарды, сондай-ақ олардың тіндерге, ағзалар мен сұйықтықтарға айналатын өнімдерін оқшаулаудың, анықтаудың және анықтаудың химиялық әдістері туралы үйренеді. Уытты заттардың классификациясы. Улы және қатты әсер ететін заттарды анықтау және зиянсыздандыру әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиялық кинетика және электрохимия
Химиялық реакцияның механизмі. Тұйық жүйедегі гомогенді және гетерогенді реакциялардың жылдамдығы. Химиялық кинетиканың негізгі заңы. Молекулалық пен химиялық реакция реті. Аррениус теңдеуі. Химиялық кинетиканың теориялары. Фотохимиялық және тізбекті реакциялар. Гомогенді және гетерогенді катализдің негіздері. Каталитикалық реакциялардың механизмі және кинетикасы. Электрохимиялық үрдістердің заңдылықтары мен негізгі заңдары. Электрохимиялық элементтің электрқозғаушы күші. Электродты потенциал.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физикалық химия
Негізгі түсініктемелері мен анықтамалары. Химиялық термодинамиканың негіздері. Термодинамиканың 1,2 бастамасы. Фазалық және химиялық тепе-теңдіктер. Бір және көп компонентті жүйелер. Электролит ерітінділерді. Электрохимия. Химиялық катализ және кинетика. Ерітінділер және олардың термодинамикасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экологиялық химия
Экодиагноз және экопрофилактика міндеттері. Қоршаған ортадағы химикаттың мазмұны және өндіріс көлемі, қолдану саласы, қоршаған ортада таралуы; ыдырау қабілеттілігі және тұрақтылығы. Ластаушы заттардың табиғи ортаға айналуының химиялық негіздері. Экожүйелердің экологиялық сипаттамасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сызу геометрия
Сурет - түрлер, тiлулер, қима ГОСТ 2.305-68. №3 жұмыс орындалуы инженерлік графикадан «Сызу проекциялық». Екі бет А3 формата – 1 бет – «Күрделітілулер», 2 бет – «қималар». Машиналардың металлдық бөлшектерiнің нобайлар. № 5 жұмыс орындалуы инженерлік графикадан. Тұтас көрiнiстi сызба және құрастырушы сызба
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиялық тепе-теңдіктерді есептеу
Гомогенді тепе-теңдік, оның белгілері және жағдайлары. Гомогенді жүйелердің әр түрлі типтері үшін химиялық реакциялардың изотерма теңдеуін шығару. Гетерогенді тепе-теңдік, оның белгілері және жағдайлары.Сұйықфазалық жүйелердегі гетерогенді тепе-теңдік. Ерітінділер. Идеал ерітінділер заңдары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Проекциялық сызу
Инженерлік графика тәртібі. Проекция әдісі. Проекцияның тура жазықтығының әртүрлі жағдайы. Нүктенің және нақты өзара жағдайы. Жазықтық. Жазықтықтың тапсырмалар әдістері. Суреттер – көріністері, қималарды кесу. Аксонометриялық проекциялар. Беттің өзара қоспасы. Осьтес беттер. Сызба жиынтықтары. Жиынтық сызбалардың мазмұны. Компьютерлік графика.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Органикалық химия негіздері
Органикалық химия пәні. Алкандар. Алкендер. Алкадиендер. Органикалық қосылыстарды зерттеудегі спектрлік әдістер. Жай эфирлер. Нитроқосылыстар. Аминдер. Альдегидтер және кетондар. Алициклдық қосылыстар. Ароматты қосылыстар. Нитроқосылыстар. Фенолдар. Ароматты карболды қышқылдар және олардың туындылары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өнеркәсіпте технологиялық процестердің негіздері
Маңызды технологиялық ұғымдар мен анықтамалар. Материалдық және энергетикалық ағымдардың сызбанұсқалары. Өндірісте дұрыс үрдісті қалыптастырудағы экономикалық және экологиялық талаптар. Технология үшін термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтардың мәндері. Катализ. Энергия түрлері мен көздері. Шикізаттың көздері мен негізгі түрлері. Байытылған минералды шикізат. Өндірістік және санитарлық суға деген талаптар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Органикалық заттар химиясы және физикасы
Көмірсутек шикізаты, оның құрамы мен қасиеттері, мұнай, газ, көмір түзілу заңдылықтары. Мұнай құрамының жалпы сипаты. Мұнай көмірсутектерінің термиялық және термокатализдік түрөзгерістері. Қатты жанар отындар, түзілу табиғаты, көміртүзілу сатылары, жіктелуі. Полимерлік материалдар, полимерлік материалдар алудың өндірістік әдістері сипаттамасы және қолдану аймағы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көмірсутекті шикізатты өндеу технологиясы
Органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы негізгі ғылыми-техникалық мәселелер мен даму перспективаларын зерттеу, мұнайды өңдеу тереңдігін арттыру мақсатында ауыр мұнай шикізатын өңдеу технологиясының физикалық және физика-химиялық ерекшеліктерін білу қабілетін қалыптастыру және дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электрохимиялық анализ әдістері
Электродтық процесстер. Полярографиялық әдістер: классикалық, дифференциалды, қалапты импульсті, дифференциалды импульсті, ауыспалытоктық полярография, потенциалы жылдам ауысатын полярография. Потенциометрия: тура және потенциометриялық титрлеу. Ионометрия. Кулонометрия: Электрогравиметрия. Кондукометрия. Хронокондуктометрия және жоғары жиілікті титрлеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Беттік құбылыстар
Беттік құбылыстардың термодинамикасы. Беттік-белсенді заттар. Саңлаулы адсорбенттерде, жұмсақ беттердегі адсобция, капиллярлы конденсация. Адгезия мен суландыру. Қос қабатты электрлік қабаттың құрылым мен түзілу механизмі. Электрокинетикалық құбылыстар. Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы. Дисперсті жүйелердегі оптикалық құбылыстар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұнай және мұнай өнімдері анализі
Мұнайлардың пайда болуы және жіктелуі. Мұнайдың физикалық қасиеттері, элементтік құрамы, фракциялық құрамы. Негізгі мұнай өнімдерінің топтық және құрылымдық-топтық құрамы, оларды анықтау әдістері. Мұнай және мұнай өнімдерінің элементтік анализі. Мұнай өнімдерінің құрамы мен эксплуатациялық қасиеттері. Негізгі қалыптандыру көрсеткіштерін анықтау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дисперсті жүйелер химиясы
Беттік қабаттың негізгі термодинамикалық параметрлері. Адсорбциялық және беттік керілу, Гиббс теңдеуі, беттік-белсенді және инактивті заттар, адгезия, суландыру мен сұйықтың ағуы. Қос қабатты электрлік қабаттың құрылым мен түзілу механизмі. Электрокинетикалық құбылыстар. Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы. Дисперсті жүйелердегі оптикалық құбылыстар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Хроматографиялық анализ әдістері
Хроматографиялық әдістер. Заттардың қоспаларын бөлу және талдау, сонымен қатар заттардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу әдісі. Газ және сұйықтық хроматографиялардың аналитикалық қолдану аймағы, хроматографиялық әдістердің салыстырмалы артықшылықтары мен кемшіліктері, хроматографиялық анализдің инструменталды негізі. Адсорбциялық, ионалмастырғыш, таралғыш хроматаграфия. Теориялық негіздері және эксперимент техникасы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Анализдің физико-химиялық әдістері
Электрохимиялық әдістер: кондуктометрия, потенциометрия, кулонометрия, вольтамперо-метрия, полярография. Анализ жүргізу жағдайлары, теориялық негіздері, әдістердің артықшылығы мен кемшіліктері. Атомдық-спектроскопиялық әдістер: атомдық-эмиссиялық, атомдық-абсорбциялық, атомдық-флуоресцентті анализ. Молекулярлы-абсорбциялық спектроскопия әдістері. Рентгенді спектроскопия. Тербелмелі спектроскопия. Хроматографиялық анализ әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұнай химиясы
Мұнайдың шығу тегі. Мұнай мен мұнай өнімдерінің химиялық, элементтік, фракциялық және топтық құрамы. Мұнайдың негізгі технологиялық сипаттамалары. Мұнайлардың жіктелуі. Мұнай көмірсутектері. Мұнайдың гетероорганикалық қосылыстары. Мұнайдың химиялық-коллоидтік қасиеттері. Мұнайды зерттеу әдістері. Мұнайды өңдеу әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы химиялық технология
Химиялық өндiрiстің классификациясы. Химиялық өндiрiсiнiң жалпы технологиялық құрылымы. Химиялық өндiрiстің шикiзат көздерi. ХТС химиялық өндiрiсiндегi энергия, құрылым және сипаттама. Химиялық технология әдiстерi. ХТС талдау және синтез. Химиялық процесстер, классификация. Гомогенді, гетерогендi химиялық процесстер. Өнеркәсiптiк катализ. Химиялық реакторлар. Өнеркәсiптiк химиялық реакторлар. Өнеркәсiптiк химиялық өндiрiстер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көп ядролы конденсирленген және конденсирленбеген қосылыстар
Конденсирленген ядролары бар көпядролы ароматты қосылыстар. Конденсирленбеген ядролары бар көпядролы ароматты көмірсутектер. Өнеркәсіпте алу әдістерімен құрылысы. Изомериясы. Номенклатурасы. Физикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Органикалық синтез үшін маңыздылығы. Ацетиленді альдегидтер мен кетондармен конденсациялау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Органикалық қосылыстардың стереохимиясы
Органикалық қосылыстар стереохимиясының негізгі түсініктері мен анықтамалары. Оптикалық изомерлер және алу әдістері. Кеңістік конфигурацияны анықтау. Конформациялар. Циклдердің стереохимиясы. Геометриялық изомерия. Ароматты қосылыстардың стереохимиясы. Гетероциклді қосылыстардың стереохимиясы. Құрамында азоты бар қосылыстардың стереохимиясы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Минералды шикізат анализі
Жер қорында химиялық элементтердің таралуы. Сынама түрлері. Сынаманы алу әдістері. Орташа сынаманы алу. Сынаманы өндеуге дайындау. Силикатты минералды шикізаттың сипаттамасы мен классификациясы. Карбонатты жыныстардың құрамын сипаттау. Күкіртті минералды шикізат. Қара металдардың минералдары мен кеңдерін анализдеу. Түсті элементтердің минералдары мен кендерін анализдеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Коллоидтық химия
Беттік құбылыстардың термодинамикасы. Беттік құбылыстар мен қатты молекулалардың механикалық қасиеттері. Фазалар бөліну шекарасындағы адсорбция. Дисперсті жүйелердегі электробеттік құбылыстар. Лиофобты элементтер. Лиофильді диспресті жүйелер. Эмульсиялар мен көбіктер. Аэрозольдер. Седиментациялық тұрақтылық. Агрегаттық тұрақтылық
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Полимерлер өндірісінің химиялық технологиясы
Полимердің өнеркәсіп өндірісінің жіктелуі. Көптонналы полимер өндірісінің шикізаттары. Термопласт өндірісінің технологиялық сызбасы: жоғары қысымдағы полиэтилен, төмен қысымдағы полиэтилен, полипропилен, пластифицирленген және пластифицирленбеген поливинилхлорид, полистирол, полибутадиен, полиизопрен және басқа да реактопластар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
БАЗ және СЖЗ химиялық технологиясы
Беттік активті заттардың және синтетикалық жуғыш заттардың алынуы және жіктелінуі. Беттік активті заттардың және синтетикалық жуғыш заттардың технологиясының теориялық негіздері. Әртүрлі типті БАЗ, тұрмыстық химия тауарларының өндірісі: СЖЗ, тазартқыш және басқа заттар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы
Негізгі түсініктер. Жоғары молекулалық қосылыстар пен төменгі молекулалық қосылыстарды бөліп ажырату шарттары. Полимердің маңызды қасиеттері, макромолекулалардың қасиеттері мен сипаттамалары. Полимер мен синтетикалық материалдардыі синтезінің негіздері. Полимердің физикалық күйлері. Аморфты полимердің термомеханикалық қисықтары. Полимерді ерітудің ерекшеліктері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Органикалық және мұнай химиясы өндірісінің технологиясы
Негізгі органикалық және мұнай химиясы өңдеу өндірістерінің классификациясы. Өндіріс шикізаттары. Спирттер, эпоксидтер, альдегидтер, кетондар, органикалық қышқылдар мен күрделі эфирлер, хлороформ, дихлорэтан, хлорбензол, перхлоралкандар, меркаптандар, сульфоқышқылдар, аминдер, нитроқосылыстар, негізгі бояғыштар, нитрилдер, синтетикалық жуғыш заттар өндірудің технологиялық схемалары. Қатты жанармай түрлері. Көмірді кокстеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Фармацевтикалық химия
Фармацевтикалық химия дамуының негізгі сатылары. Дәрілік заттардың номенклатурасы, методологиялық негіздері және жіктеу принциптері. Дәрілік заттарды алу көздері және әдістері. Дәрілік заттар сапасын қамтамасыз ету. Биофармацевтикалық анализ. Бейорганикалық және органикалық дәрілік заттар идентификациясы. Тазалығына тексеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Дәрілік заттардың өнеркәсіптік синтезінің жалпы әдістері
Дәрілік препараттарды құрудың қысқаша тарихы. Дәрілік заттарды құрудың заманауи принциптері мен технологиялары. Комбинаторлық химия. Артықшылықты құрылымдар. Қосылыстың модификациясы. Биокатализ технологиясы. Микротолқынды синтез. Дәрілік заттарды құрудың биотехнологиялық әдістері, олардың ерекшеліктері. Дәрілік заттардың құрылысын, физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Полимерлі материалдарды өндіру технологиясы
Жасанды жоғары молекулалық қосылыстар алу тәсілдері. Каучук және резеңке өндірісі. Синтетикалық шайырлар және пластмассалар, оларды өндіру технологиясы. Синтетикалық және жасанды талшықтар өндірісі. Синтетикалық материалдардың негізгі кластары, олардың сипаттамасы, өндіріс құрылымы және оларды қайта өңдеу аймағындағы негізгі мәселелерді шешу жолдары
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Полимерлерді қайта өңдеу технологиясы
Полимерлі материалдардың негізгі кластары, олардың сипаттамасы, өндіріс құрылымы және оларды қайта өңдеу аймағындағы негізгі мәселелерді шешу жолдары. Полимерлерді қайта өңдеудің негізгі технологиялары. Полимерлерді қайта өңдеудің технологиялық сызбасының жіктелуі. Полимерлерді қайта өңдеуге қажетті құрал-жабдықтардың жіктелуі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру
"Стандарттау туралы" ҚР Заңы. ГСС негізгі ережелері. Өндірістік процестерді жасау мен қоюды стандарттау. Жобалық құжаттама жүйелерін стандарттау. Сапа менеджменті жүйелерін Стандарттау, сертификаттау және техникалық кедергілер. ҚР заңы "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы". Метрологиялық сипаттамаларды өлшеу және нормалау жіктелуі. Мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негіздері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Полимерлер химиясы
Негізгі түсініктер. Жоғары молекулалық қосылыстар пен төменгі молекулалық қосылыстарды бөліп ажырату шарттары. Полимерлердің халық шаруашылығындағы рөлі. Полимердің маңызды қасиеттері мен сипаттамалары. Полимер мен синтетикалық материалдарды синтезінің негіздері. Полимердің физикалық күйлері. Аморфты полимердің термомеханикалық қисықтары. Полимерді ерітудің ерекшеліктері. Полимерлі гидрогельдер. Полимерді идентификациялау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Табиғи қосылыстар химиясы
Бейорганикалық тектес табиғи қосылыстар. Минералдар, тұздар. Табиғи органикалық қосылыстар. Өсімдіктектес органикалық қосылыстар. Алкалоидтар, пигменттер, көмірсулар, витаминдер. Жануартектес органикалық қосылыстар. Липидтер, балауыздар, стероидтар, белоктар (ақуыздар), нуклеин қышқылдары, ферменттер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жанармай және көмірсутекті материалдар химиялық технология негіздері
Табиғи жанармай және көміртек материалдары химиясын, көмір және мұнай түзілу процесстерінің стадияларына сәйкес көмір, битум, мұнай, табиғи газ құрамын және физика-химиялық қасиеттерін, өндірілетін жанармай түрлерін, оларды бөлу әдістерін және технологиялық процесс ерекшелігін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дәрілік полимерлер технологиясы
Дәрілік заттар туралы жалпы түсініктер мен анықтамалар. Полимерлердің негізгі кластары және олардың медицинада қолдану аймағы. Макромолекулалық терапевтік жүйелер. Трансдермальді терапевтік жүйелер. Полимерлік гидрогельдер. Полимерлік материалдардың биодеструкциясы. Физиологиялық активті полимерлер. Полимерлік нанобөлшектер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері
Технологиялық процесстер химизмі және механизмі: органикалық заттарды өңдеу процесстерінің технологиялық жабдықтары және негізгі аппараттардың технологиялық безендірілуі. Мұнай және газды қайта айдау және ректификациясының теориялық негіздері, мұнай фракцияларын тазарту, май дистиляттарын депарафинизация, адсорбциялық, каталитикалық тазарту, гомогенді ерітінділер, қабыршақты жабындылар алу заңдылықтары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көмірсутекті шикізатты екіншілік өндеу технологиясы
Органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы негізгі ғылыми-техникалық мәселелер мен даму перспективаларын зерттеу, мұнайды өңдеу тереңдігін арттыру мақсатында ауыр мұнай шикізатын екіншілк өңдеу технологиясының физикалық және физика-химиялық ерекшеліктерін білу қабілетін қалыптастыру және дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Фармацевтикалық технология негіздері
Фармацевтикалық технологияның негізгі терминдері. Өндірістің технологиялық регламенті туралы түсінік. Қолданылатын процестер мен аппараттар. Биофармацевтикалық аспектілері қатты дәрілік түрлерді өндіру технологиясы . Стерильді дәрілік заттарды өндіру технологиясы. Жұмсақ дәрілік түрлерді өндіру технологиясы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Көмірсутектік шикі заттың біріншілік және екіншілік өндеу процестерінің технологиясын оқу. Органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді және перспективаларын зерттеу, мұнай өңдеу тереңдігін арттыру мақсатында ауыр мұнай шикізатын өңдеу технологиясының физика-химиялық сипаттамаларын білу қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Органикалық қосылыстардың кинетикасы мен механизмі
Химиялық реакция механизмін түсіну. Реакция механизмдерін жүргізу әдістері. Кинетикалық зерттеулердің есптері мен зерттеушілік тапсырмалары. Химиялық үрдістің кинетикалық және термодинамикалық параметрлері. Реті реакциялар. Стационарлы концентрациялар әдісі. Органикалық қосыластырдың ыдырауының кинетикасы. Радикалды полимерленудің кинетикасы. Кинетикалық изотопты эффект. Ферментті катализ принциптері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мұнай мен газ өңдеу технологиясы және қондырғылары
Мұнай және газды өңдеудің көп тонналы технологиясының қондырғылары мен типтік процестері. Радикалды-тізбекті, гомогенді және гетерогенді катализдік реакциялар. Пиролиз. Катализдік және термиялық крекинг, риформинг, изомеризация, гидротазарту процестері. Гидрокрекинг, тотығу, олигомеризация процестері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Полимерлерді зерттеу әдістері
Полимерлерді зерттеу әдістерінің жіктелуі. Молекулярлы массалық бөлуін анықтау әдістері, Полимерлер ерітінділердің қасиеттерін зерттеу әдістері (критикалық темпеературалар анықтау, полимер-ерігіш әрекеттесуін зерттеу әдістері). Полимерлердің рентгеноқұрылымдық анализі. Полимерлерді электронномикроскопиялық зерттеу. Полимерлер вискозиметриясы. Осмометриялық әдістер. Жоғары молекулалы қосылыстар хроматографиясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Химико-технологиялық өндірістің негізгі процестері мен аппараттары
Ағындардың гидродинамикалық құрылымының моделі. Гидравлика негіздері. Заттың тамшылы-сұйық, буфазды жағдайы. Құбырлардың гидравликалық кедергісі. Жалпы кедергі теңдеуі. Кедергі коэффициенттері. Жылу өткізгіштігі. Температуралық градиент. Фурье Заңы. Жылуөткізгіштік коэффициенті. Жылу тасымалдағыштар қозғалысының өзара бағытын таңдау. Массаберу теңдеуі. Ұқсас диффузиялық өлшемдер. Массаберу жылдамдығы мен теңдеуі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гетероциклді қосылыстар
Гетероатомның химиялық тибиғатына және цикл мөлшері бойынша гетероциклді қосылыстардың жіктелуі. Бес мүшелік бір және көп атомды гетероциклдер. Алтымүшелік бір және көп атомды гетероциклдер. Пиридинді қосылыстар алу көздері. Никотин қышқылы. РР витамині (дәрумені).
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Полимерлерді қайта өңдеу және өндіру аймағындағы жаңа бағыттар
Полимерлерді өндіру аймағындағы жаңа бағыттар: биоыдыратын электрөткізгіш полимерлер, медикалық-техникалық мақсаттар үшін полимерлер, медициналық полимерлер, смарт полимерлер, нанотехнологиядағы полимерлер, полимерлік орама материалдары. Стереоспецификалық полимерлер алу әдістері, тірі полимеризациялау әдісімен полимерлер алу. Полимерлік екінші шикізат өндеу, 3D басып шығару. Композиттік полимерлік материалдар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дәрілік формалар технологиясы
Биофармация. Қатты және жұмсақ дәрілік формалар технологиясы. Стерильді және асептикалық дәрілік формалар технологиясы. Көз дәрілік формасының технологиясы. Антибиотиктермен дәрілік формалар технологиясы. Дәрілік формалар технологиясында дозалау. Фитопрепараттар. Дәстүрлі емес дәрілік формалар. Пролонгирленген дәрілік формалар. Инновациоялық дәрілік формалар (пролонгирленген, пеллеттер, инкапсулирленген, нанокапсулирленген).
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Химиялық өндірістің негізгі процесстері мен аппараттары
Химиялық өндірістің гидромеханикалық процесстері және аппараттары. Қозғалыстың, жылудың, массаның тасымалдану теориясының негізі, химиялық технология процесстерін модельдеудің физикалық және математикалық теориялары, гидродинамика және гидродинамикалық процесстер; сұйықтық қозғалысын басқару негізі, ағынның гидродинамикалық құрылымы, сұйықтықтардың тасымалдануы, газдар сығылуы мен тасымалдануы, біртекті емес жүйелер сұйықтығы мен газды бөлу, сұйық ортадағы қозғалыс.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұнай мен қатты табиғи энергия тасымалдағыштардың топтық және техникалық анализі
Тауарлы мұнайдың және қатты табиғи энергия тасымалдағыштардың техникалық жағдайы. Мұнай мен қатты табиғи энергия тасымалдағыштардың топтық және техникалық анализі. Мұнай және мұнай өнімдерінің элементтік анализі. Негізгі қалыптандырғыш көрсеткіштерін анықтау. Қатты табиғи энергия көздерінің техникалық анализі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Зауыттарды жобалау негіздері және жабдықтау
Жылу, массаалмасу процестері, аппараттар, жылу беру теориясының негіздері, химиялық аппаратурада жылу беру және бұрудың өнеркәсіптік тәсілдері массаалмасу процестері, аппараттар: массаалмасу теориясының негіздері, массаалмасу аппаратурасын есептеу әдістері; фазалардың жылжымайтын беті бар массаалмасу процестері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медициналық қолданыстағы полимерлер өндірісінің технологиясы
Биомедициналық бағытта медицинада, фармацияда және биотехнологияда қолданылатын полимерлердің тәжірибелік есептерін шешу үшін қажетті теориялық негіздерді терең оқытады. Биомедициналық бағытта, фармокологияда және биотехнологияда дәрілік заттарды дайындауда қолданылатын полимерлердің алынуын жете қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы
Органикалық химияның негізін қалайтын бөлімдерін оқыту: органикалық молекулалар құрылысы, электронды және кеңістік эффектілер, органикалық молекулалардың стереоизомериясы реакциялардың негізгі механизмдерінің теориясы, номенклатурасы, алу әдістері, химиялық қасиеттері, қолданылуы. Органикалық қосылыстардың маңызды функционалдық туындылары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экономика, өндірісті ұймдастыру және менеджмент
Өндірістік бағдарлама және өндірістік қуаттылық. Шығын тарауларының калькуляцион-дық есптеулері және мазмұны. Нарық жағдайларында шығынды есептеу ерек-шелігі. Бағалы білім беру. Кіріс және рентабельдік. Қаржы ресурстары, қаржыландыру көздері, қаржы эконо-микалық қызметтің негізгі көрсеткіш-тері. Салық. Өндірістің техника-экономикалық тиімділігін есептеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
Оқыту нәтижелері
- Дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру және ұлтаралық, мәдениет аралық мәселелерді шешу үшін философиялық және тарихи білімді қолдана білу қабілетіне ие болу
- Әр түрлі қызмет салаларында экономикалық-құқықтық және экологиялық білімдерді қолдана білу
- Технологиялық процестерді меңгеру үшін заманауи математикалық әдістерді, физикалық құбылыстарды және заңдарды қолдану
- Тәжірибе нәтижелерін заманауи компьютерлік технологиялар көмегімен өңдеу
- Технологиялық тапсырмаларды шешу үшін химияның фундаменталдық бөлімдерінің теориялық негіздерін қолдану
- Заманауи жаңалықтарды, химиялық технологиядағы өнертабыстарды және инновацияларды зерттеу үшін ағылшын тіліндегі химиялық терминологияны меңгеру
- Технологиялық тапсырмаларды шешу үшін органикалық қосылыстардың химиясын қолдану
- Технологиялық процестерді регламентке сай және экологиялық салдарларын ескере отырып жүзеге асыру
- Органикалық заттар өндірісінің технологиялық процесін ұйымдастыру
- Мұнай, газ, полимерлерді өндіріудің және өңдеудің технологиялық процестерін ұйымдастыру