6B04113 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты –кәсіпорын қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылату үшін мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік қызмет, экономика және бизнесте, қоғамның әлеу-меттік-мәдени өмірінде, экономиканың нарықтық жағдайында аграрлық сектордың кәсіпорын-дарындакәсіби ұйымдық-басқару, ғылыми-зерттеу, жобалық қызметті жүзеге асыруды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Өмір тіршілік қауіпсіздігі
Қауіпсіздіктің кәсіби мәдениетін қалыптастырады, және алған білімдерінің жиынтығын кәсіби қызметте қолдану, кәсіби қызмет саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біліктілік пен дағдыларды қабілеттілігі түсініледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика қағидалары (ағылшын тілінде)
Экономикалық теория экономиканың жұмыс істеуінің іргелі мәселелерін, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының эволюциясын, жеке ұдайы өндіріс заңдылықтарын (микроэкономика), ұлттық экономика деңгейіндегі ұдайы өндірісті (макроэкономика), мезаэкономиканы, әлемдік шаруашылықты қарастырад�� және зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология
Экология саласындағы теориялық білімдерді береді, студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді, экологиялық ойлауды қалыптастырады, сондай-ақ алған білімін кәсіби және өзге де қызмет қолдану қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Курс заң қызметіндегі құқық және кәсіби этика ұғымдары мен мазмұнын меңгеруге, заңгердің кәсіби қызметінде адамгершілік дау-дамайды шешудің мүмкін жолдарын меңгеруге мүмкіндік береді; кәсіби іс-әрекеттің фактілерін және құбылыстарын этикалық тұрғыдан бағалай білу, нақты өмірлік жағдайларда мінез-құлық ережелері мен нормаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық тарих
Пәннің мазмұны әлемдік экономикалық ойдың дамуымен, қазіргі экономикалық білімнің сипаты мен көп бейнесімен, оның экономикалық саясатпен, идеологиялық доктриналармен және ұлттық мәдениетпен өзара байланысына қатысты мәселелер шеңберін қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстан экономикасы
Пәннің мазмұны Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайын жүйелі түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді және елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағдарлары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін реттейтін механизмдер мен құралдар туралы білім кешенін береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Микроэкономика (ағылшын тілінде)
Ресурстардың шектеулілігі кезінде ұтымды шешім қабылдау туралы ғылым. Бағдарлама аясында нарықтың екі негізгі субъектісі - үй шаруашылықтары мен фирмалардың әрекет ету заңдары мен заңдылықтары қарастырылады. Әртүрлі нарықтық құрылымдардағы фирмалардың қызметінің ерекшеліктер: жетілдірілген бәсекелестік, монополия, олигополия және монополистік бәсекелестік, сондай-ақ экономикалық ресурстардың әртүрлі түрлерінің (еңбек, жер және капитал) нарығының ерекшеліктері зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерде деректерді өңдеудің заманауи әдістері
Эксперименталды зерттеулер деректерін өңдеу бойынша практикалық есептерді шешу үшін қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану. Алынған нәтижелерді дұрыс талдау және ұсыну білігін қалыптастыру. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып эксперименталды деректерді өңдеудің математикалық әдістерін жүзеге асыру. Математикалық статистика әдістерімен кәсіби саладағы қолданбалы есептерді шешу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Маркетинг
Курс қазіргі заманғы Қазақстан жағ-дайында студенттердің маркетинг туралы, философия туралы, нарық қызметінің стратегиясы мен тактикасы және оны іске асыру ерекшелігі жайлы біртұтас түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. Курс барысында студенттерге маркетингтің негізгі ұғымдары мен функциялары көрсетіледі; маркетингті басқару құралдары; заманауи маркетингтік стратегияларды құру, маркетингтік қызметтің келешекті нысандары анықталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Менеджмент (ағылшын тілінде)
Пән студенттерді басқарудың ұйымдастырушылық жүйелерінің іргелі негіздерімен таныстырады; қатаң бәсекелестік орта жағдайында білім алушылардың ұйымдардағы процестердің мәні мен мазмұны туралы логиикалық ойларын дамытады; өндірістік, инновациялық, қаржылық, әлеуметтік және ұйымның басқа да қызмет салаларында операцияларды басқару дағдылары мен білімін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іс қағаздар
"Іскерлік қағаздар" пәні студенттерді ресми құжаттарды жазу негіздеріне үйретуге арналған. Курс бағдарламасы білім алушылардың экономика, сыртқы сауда және қаржылық қызмет саласында түрлі құжаттарды жазу және аудару дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Статистика
Пәннің мазмұны ұйымдарда, кәсіпорындарда, фирмаларда және ұлттық экономика салаларында кездесетін талдау мен зерттеудің статистикалық әдістермен байланысты кең ауқымы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық және ауылшаруашылық статистика қаралады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Макроэкономика
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, толық жұмыспен қамту және инфляция деңгейін барынша азайту тұрғысынан экономикалық қылықты біртұтас ретінде зерттейтін экономика ғылымының саласы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Пән студенттерді ғылыми тілде сөйлеу мәнерінің негізгі ерекшеліктерімен таныстырады. Курс аясында келесі жанрлардың ерекшеліктері талқыланады: эссе, ғылыми мақала, реферат (сын-пікір), курстық жұмыс, ғылыми баяндама, баяндама презентациясы. Студенттерде зерттеудің жазбаша нысандары және академиялық мәтіндер жазу дағдылары жайлы түсінігін қалыптас��ыру негізгі мақсат болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық маркетинг
Курс халықаралық маркетинг ортасын, шешімдерді қабылдауды ақпараттық қолдауды, фирмаға сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігін, тұтынушы мен клиенттің мінез-құлқын есепке алудың маңыздылығын көрсетеді, сыртқы нарықтардағы өнім саясатын ерекшеліктерін, сыртқы нарықтарда тауарларды тарату әдістерін және бағалық саясатты белгілейді, халықаралық маркетингтік коммуникацияларды ұйымдастыруды сипаттайды, халықаралық маркетингті басқаруды білдіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Эконометрика
«Эконометрика» - ғылым ретінде эконо-микалық теория, математика және статистика жетістіктерінің синтезі болып табылады, сондықтан оны зерттеу экономикалық процестерді талдау және экономикалық мәселелерді шешу бойын-ша эконометриялық әдістерді дамытуға мүмкіндік беретін басқа да іргелі экономикалық және математикалық пәндермен қатар жүргізіледі. «Эконометрика» - ғылым ретінде экономикалық теория, математика және статистика жетістіктерінің синтезі болып табылады, сондықтан оны зерттеу экономикалық процестерді талдау және экономикалық мәселелерді шешу бойын-ша эконометриялық әдістерді дамытуға мүмкіндік беретін басқа да іргелі экономикалық және математикалық пәндермен қатар жүргізіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кәсіпкерлерге арналған бухгалтерлік есеп
Курс бағдарламасында қаржылық нәтижелерді есептеудің рәсімдерін әдістемелік талдау ретінде қазақстандық бекітілген стандарттар негізінде тео-риялық материал бухгалтерлік есептің қазіргі заманғы тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнес презентациялар (ағылшын тілінде)
Пәнді оқу көптеген ұйымдардың өз серіктестерімен және клиенттерімен байланыс құралы, компания немесе өнім туралы маңызды ақпаратты визуалды беру және аудиторияны әрекетке шақыру туралы түсінік береді. Жобалардың инвестициялық презентацияларын (Pitch deck), коммерциялық ұсыныстарды, демеушілік пакеттерді, сатуға арналған презентацияларды және басқаларды құру бойынша құралдармен және әдістермен танысу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қаржы және валюта
Пәнді оқу мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъекті деңгейінде қаржы қызметін ұйымдастыру, халықаралық және ұлттық валюта жүйесінің жұмыс істеуі, жаһандану жағдайында валюталық қатынастардың даму үрдістері, валюталық операциялар және валюталық курс туралы білімді қалыптастыру мен меңгеруді көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Пайданы басқару
Курс бағдарламасында нарықтық эконо-мика дамыған елдерде кеңінен қолданы-латын пайданы басқарудың заманауи әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикадағы тәуекелділік
Пәнді зерттеу барысында студенттерді негізгі тәуекел түрлерімен, толық және ішінара тұрлаусыздық жағдайында шешім қабылдау әдістерімен, негізгі тәуекелдерді өлшеуіштерімен, тәуекелдерді бағалау әдістерімен, тәуекелдерді басқару стратегиясымен, кәсіпкерлік қызметте оңтайлы портфельдер қалыптастыру үлгісімен таныстыру міндеттері қойылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салық және салық салу
Курс бағдарламасында мәселелері салық теориясы және салық салу жүйесін құрудың теориялық аспектілері мәселелері; салықтардың экономикалық мазмұны, функциялары мен принциптері ашылады, Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтардың даму тарихының қалыптасу кезеңдері, елдегі салықтық реформалар негізгі тұжырымдамалары қарастырылады. Курс бағдарламасында мәселелері салық теориясы және салық салу жүйесін құрудың теориялық аспектілері мәселелері; салықтардың экономикалық мазмұ-ны, функциялары мен принциптері ашылады, Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтардың даму тарихының қалыптасу кезеңдері, елдегі салықтық реформалардың негізгі тұжырымдамалары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бәсекелестік және монополияға қарсы саясат
Курста тауар нарықтарының экономикалық маңыздылығы, олардағы бәсекелес-тік қарым-қатынастардың пайда болу заңдылықтары, бәсекелестік қатынастардың нысандары және монополиялық қызметтің түрлері, бәсекелестік қарым-қатынастарды реттеу және бақылау әдістерінің экономикалық мазмұны және нарықтағы монополистік қызметті шектеу және жол бермеу тәсілдері қарастырылады. Курс Қазақстан Республикасын дағы мемлекеттік бәсекелестік саясаттың жекелеген аспектілерін жүзеге асыруды көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Баға және баға саясаты
Аталмыш курсты зерттеу студенттердің баға белгілеу теориясы, әр түрлі баға түрлерін есептеу техникасы жайлы кешенді құзыреттіліктерінің қалыптасуына; экономикалық ойлау қабілетін дамыту және баға бойынша дербес тиімді шешімдерге дағдылануына ықпал етеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан экономикасын басқару негіздері
Курста Қазақстан экономикасын басқарудың әдіснамалық негіздері, соңғы кезеңде Қазақстан экономикасын басқару жөніндегі шаралар жүйесі, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы, экономиканы басқару әдістері, Қазақстандағы инвестициялық үдерістерді басқару, шағын және орта кәсіпорындардың дамуын басқару, адам ресурстарын басқару қаралады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық саясат
Курстың мақсаты Қазақстанның қазіргі экономикалық саясаты туралы тұтас жүйелі түсінік қалыптастыру болып табылады, студенттерге мемлекеттік экономикалық саясаттың маңыздылығы мен негізгі бағыттары туралы, құрылымдық сипаты туралы және қазіргі заманғы экономикалық проблемаларды зерттеудің аналитикалық аппаратының ерекшеліктері туралы түсінік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Осы курс аясында ұлттық экономиканы қазіргі даму кезеңінде мемлекеттік реттеу, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, экономикадағы микро және макродеңгейлерде қалыптасқан экономикалық қатынастар қарастырылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы мәселелердің кең кешені зерделенеді және талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салық есебі
Пән ішкі және сыртқы қолданушылардың сұрауы бойынша, заманауи шаруашылық жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық сипаттағы басқару шешімдерінің ақпараттық базасын негізге ала отырып салық есебін жүргізу әдістемесі және есеп жасау бойынша теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі
Аталмыш пән шеңберінде мынадай ұғымдар оқытылады: нарық және оның құрылымы, нарық сегменті, нарықтық тауаша, нарықтық конъюнктура, бәсекелестік, нарықтың шоғырлануын өлшеу әдістері, тауардың және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі, бәсекеге қабілетті-лік деңгейін айқындау әдістері, бәсекеге қабілеттіліктің ішкі және сыртқы факторлары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сақтандыру
Курста нарықтық экономика тұрғысынан және қазақстанның ерекшеліктерін ескере отырып сақтандыру мазмұны көрсетіледі: сақтандырудың экономикалық маңыздылығы, міндеттері мен функциялары, сақтандыру түрлерінің жіктелуі, сақтандыру компанияларының қаржылық қызметінің негіздері, сақтандыру қызметін реттеу. Курсты оқу барысында сақтандыру ұйымдарының коммерциялық қызметінің сипаттамасы беріледі, нарықтық шаруашылық басқа да институттарымен салыстырғанда оның ерекшеліктері ашып көрсетіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік қызмет негіздері
Пәнді оқу барысында кәсіпкерліктің теориялық және әдіснамалық негіздері. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және түрлері. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық аспектілері. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалауға қатысты сұрақтар қаралады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтар экономикасы
Оқытылатын курста аймақтық экономиканың негізгі мәселелері, шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында оларды шешу жолдары мен әдістері, елдің аймақтық шаруашылық жүйелерінің кең экономикалық әлеуетінің ерекшеліктері, халықтың аймақтық өндіріс түрлері, еңбек ресурстарының аймақтық нарықтары талданады. Курста қазіргі заманғы шаруашылық жағдайында аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеу және болжау мәселелеріне үлкен мән берілген.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халықаралық экономика
Пәнді оқытудың мәні мемлекеттің экономикалық субъектілерінің өзара іс-қимыл саласы халықаралық тауар және қызмет көрсету, капитал, жұмыс күші және технологиялармен алмасу саласы болып табылатындығы. Елдің эконо-микалық дамуына әсер етуді зерделеу, мемлекеттердің тиімді сыртқы эконо-микалық саясатын әзірлеу, мемлекет-аралық және мемлекетаралық келісімдер шеңберінде олардың арасындағы үйлесім.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік басқарудың теориясы
Курс бағдарламасында мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің теориялық аспектілері, оның ішінде мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері, оның заңдары, принциптері, нысандары мен әдістері, мемлекеттік басқару субъектісі мен объектісінің ерекшеліктері, қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретінде мемлекеттің, билік органдарының қызметін функционалдық талдау және бұл ретте қалыптасатын саяси-құқықтық және әлеуметтік қатынастар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Өндіргіш күштерді орналастыру
Өндіргіш күштерді орналастыру және аудандарды дамыту ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Пән халық шаруашылығының дамуының кеңістіктік аспeктілерін зерттейді, оның салаларын, өндіргіш күштерді нақты орналастыру факторларын және өңірлік дамуын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өнеркәсіп салаларының экономикасы
Өнеркәсіп салаларының экономикасы оқу курсы ретінде әр түрлі нарықтық құрылым жағдайында материалдық өндіріс салаларының даму заңдылықтарын, олардың даму тиімділігі мен перспективаларын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлемдік экономика
Курста дүниежүзілік экономиканың даму мәселелері, әлемдік экономиканың экономикалық әлеуеті мен салалық құрылымы, сондай-ақ халықаралық сауда мәселелері қарастырылады; әлемдік капитал және еңбек нарығы, валюта нарығы және олардағы трансұлттық корпорациялардың қызметі толығырақ сипатталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы экономика
Курс ұлттық экономикалардың қалыптасу және қызмет ету ерекшеліктерін зерттеуге, олардың арасындағы ұқсас және ерекше белгілерді анықтауға бағытталған.Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені Қазақстанның болмысына бейімдеу, ұлттық экономиканың бәсеке-ге қабілеттілігін арттыру, экономикалық жүйелердің даму деңгейін салыстырудың әмбебап өлшемдерін қалыптастыру, экономикалық параметрлер мен салыстыру көрсеткіштерін, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді және олардың даму модельдерін типологияландыру мәселелері зерделенеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның аймақтық дамуы
Аталмыш курста аймақтық экономиканың негізгі проблемалары, шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайда оларды шешу әдістері мен жолдары, елдің аймақтық шаруашылық жүйесінің экономикалық жиынтық әлеуеттінің ерекшеліктері, аймақтық ұдайы өндірістің типтері, еңбек ресурстарының аймақтық нарықтары талданады. Курста шаруашылық жүргізудің заманауи жағдайында мемлекеттік реттеу және аймақтық экономиканы болжау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік бюджет
Курс студенттерде елдің мемлекеттік бюджеті туралы, бюджетті реттеу құралдары мен тұжырымдамалары туралы тұтас ғылыми түсінік қалыптастыруға, оның кіріс және шығыс бөліктерінің теңдестірілуіне қол жеткізуге бағытталған. Мемлекеттің жұмыс істеуінің алғышарты және қаржылық базасы, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу ретінде мемлекеттік бюджет туралы білімді жүйелеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инновациялық менеджмент
Курс кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың теориялық мәселелері мен олардың нақты кәсіпорындарда практикалық іске асырылуын, зияткерлік меншік объектілерін бағалаудың теориялық мәселелері мен оларды практикада пайдаланудың мүмкіндіктерімен таныстырады. Инновациялық құрылымдарды ұйымдастырудың шет елдік тәжірибесі және оларды қамтамасыз ету заңдар талданды. Курста инновацияны қаржылық қолдау тетіктері қаралады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтық экономика және басқару
Курстың бағдарламасында аймақтық экономика негіздері, әр түрлі экономикалық мектеп өкілдерінің аумақты тиімді пайдалану проблемаларына көзқарастары, экономикалық кеңістікті тиімді ұйымдастырудағы экономикалық саясаттың рөлі мен орны, өңірлік экономиканы реттеу тәсілдері, аймақта өтетін процестерді қоса алғанда және өндіргіш күштерді орналастыруға әкімшілік ықпал ету шаралары баяндалған
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік саясат және басқару
Курс мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және іске асыру тетігі арқылы-басқарушылық шешімдер мен іс-әрекеттердің әлеуметтік тиімділігін айқындауға мемлекет пен қоғам байланыстарын танудан мәселелерді қояды және қарастырады. Осылайша барлық басқару элементтері олардың әлеуметтік-құқықтық және саяси мәні – адамдардың, қоғамның тыныс-тіршілігіндегі, мемлекеттің дамуы мен нығаюындағы рөлі мен маңызы арқылы сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Желілік экономика
Пәннің мазмұны ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығының, электронды бизнес және электронды коммерцияның, провайдерлік фирмалар мен интернет-компаниялар жұмысыының, интернет-маркетингтің теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеумен байланысты мәселелер ауқымын қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік қаржыларды басқару
Курсты оқу студенттердің мемлекеттік қаржыға қатысты сауатты қарым-қаты-насын қалыптастыруға, олардың рөлін, құрылымы мен функцияларын түсінуге бағытталған. Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың, бюджеттік үрдісті, мем-лекеттік несиені, бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік кәсіпорындар қаржыла-рының экономикалық табиғатын білу. Мемлекеттік қаржыны басқару саласын-да бюджеттік ойлау мәдениетін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-ті меңгеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Курс инновациялық және зияткерлік қызметтің теориялық және құқықтық негіздерімен, зияткерлік меншік объектілерін есепке алу, бағалау және коммерцияландыру әдістемесімен, инновациялық жобалаумен және кәсіпорындардың инновациялық қызметін талдаумен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтық деңгейде персоналды басқару
Курс заманауи ұйымдар үшін персоналды басқару қызметінің маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді, бұл қызметтің жүйелік сипатын түсіндіреді, қазіргі кезде қолданылатын аталмыш қызметтің және әдістердің негізгі бағыттары туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ұйымдастыру
Курс кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру мен нормалаудың қазіргі заманғы тәсілдерін, еңбек нормативтерін есептеу түрлері мен тәсілдерін, еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйелерін, сондай-ақ кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру кезін-де заңнамалық актілерді практикалық қолдануды пайдаланудың Білім және дағды кешенін қалыптастыруға мүмкін-дік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
АӨК экономикасын цифрландыру
Курста "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасында ұсынылған цифрландыру кезеңінің заманауи ұғымдары мен аралық технологияларының маңызды тенденциялары қаралды. Қазіргі заманғы цифрлық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін түбегейлі арттыру мақсатында АӨК сандық платформасын құру қажеттілігі, өндірістік процестер жаңа сандық, озық технологиялар мен инновациялық бизнес-модельдері платформа негізінде қызмет көрсету түріндегі кәсіпорындардың нарықтық өзара әрекеті дәлелденеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтардағы агробизнесті ұйымдастыру* (ағылшын тілінде)
Курста агробизнес түсінігі, маңызы және ерекшеліктері, Қазақстандағы агробизнестің құрылымы және қазіргі жағдайы, тамақ өнеркәсібі салаларының сипаттамасы, шикізат түсінігі, оның жіктелуі және шикізат базасын орналастыру нұсқалары, ауыл шаруашылығы өнімде-рін өндіру, қайта өңдеу, сақтау және сату саласында шаруашылық аралық және экономикалық байланыстарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлау
Ұсынылып отырған курста өңірлік дамуды стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыру мәселелері қаралады, стратегиялық жоспарлаудың мазмұны мен әдістері, стратегиялық баламаларды әзірлеу мен стратегияны таңдау тәсілдері баяндалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнес-жоспарлау
Пән бәсекелі экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жоспарлау дағдыларын қалыптастыру бағытталған. Пәнді оқыту барысында бизнесті жоспарлау саласында студенттің іргелі білімін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Муниципалды басқару
Курста муниципалдық менеджмент пәні ғылым және оқу пәндері ретінде. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару. Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негіздері. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Өңірлік әкімшілік. Тұрғын үй-коммуналдық ұйымдар. Муниципалдық білімнің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспары туралы сұрақтар қаралады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мемлекеттік сектордағы менеджмент
Курста мемлекеттік менеджмент: мүмкіндіктер мен шектеулер. Биліктің саяси институттары және басқару механизмдері. Мемлекеттік орган: құрылым құзыреті. Мемлекеттік аппараттың реформасы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту мәселелеріне қатысты сұрақтар қаралады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Өндірісті ұйымдастыру (ағылшын тілінде)
Курстың мазмұны студенттерді ұйымдардың қызмет ету негіздерімен, басқарудың негізгі функцияларымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың функционалдық бөлімшелерінің жұмысын, қызметін ұйымдастырумен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Мәдени ой-өрісі кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін ғылыми-жаратылыстану пәндерінің базалық негіздерін білу
- Әлемдік және отандық экономика тарихының негізгі оқиғаларын, "Қазақстан-2050" стратегиясы аясында іске асырылып жатқан реформалардың жағдайын, қазіргі заманғы бизнес саласының даму тенденциясын білу және түсіну
- Мемлекеттік басқару және аймақтық даму саласындағы негізгі құбылыстар мен шұғыл мәселелердің мәнін түсіну
- Мемлекеттік қызметте басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттық өзара іс-қимылдың, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің, түсіндірудің негізгі тәсілдері мен құралдарын меңгеру
- Қазақстан Республикасында бизнесті ұйымдастырудың заңнамалық базасы мен принциптерін білу
- Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың есептілігіндегі қаржылық, бухгалтерлік және өзге де ақпаратты түсіну
- Мемлекеттік, жергілікті басқару және аймақтық даму саласындағы мемлекеттік және халықаралық сапа стандарттарын білу
- Мемлекеттік қызметте басқарушылық шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті талдау және басқару бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін дағдыларды меңгеру
- Қызметкерлерді тиімді жұмыс топтарына біріктіру, инновациялық қызметті жандандыру, аймақтардағы және елдегі қолайлы макроэкономикалық жағдайды қалыптастыру
- Мемлекеттік қызметте басқаруды ұйымдастыру және басқару қызметінің тәжірибелік мәселелерін кәсіби шеше білу қабілеттілігі
- Жұмысты ұйымдастыру және адам ресурстарын басқаруға, макроэкономикалық жағдайды талдай білуге қабілетті болу, мемлекеттік және жергілікті басқару мәселелерінде коммуника-тивтік құзыреттіліктің болуы
- Кәсіби қызметпен байланысты міндеттерді талдау және шешу үшін ақпараттық технологияларды қолдану
- Қызметкерлерді тиімді жұмыс топтарына біріктіре білу, инновациялық қызметті жандандыру, өңірдегі және елдегі қолайлы макроэкономикалық жағдайды қалыптастыру