6B01407 Музыкалық білім в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жалпы адами және этномәдени құндылықтарды бірліктеқұрметтеп, толеранттылыққа тәрбиелейтін, музыкалық білім беру саласында жаңашыл педагогикалық технологияларды еркін қолдана алады
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B006 Музыка мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
-
Музыка теориясының негіздері
Несиелер: 5Пән – жалпы музыканың теориялық негіздері (дыбыстардың орналасу реттілігі мен заңдылықтары, биіктігі, өлшемі, т.т.) мен ерекшеліктерінбілуді мақсат етеді. Музыкалық шығарманы ноталық оқу, жазу және орындауы үшін қажетті музыкалық ресурстарды табысты пайдалануға тәрбиелеп оқыту
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Педагогтың сөйлеу мәдениеті
Несиелер: 3Оқушылардың сөйлеуін дамыту және түзету үшін сөйлеу мәдениеті бойынша білім, өз пәнін оқыту барысындағы сөйлеу қызметіндегі тіл, тілдің функционалдық стилімен арақатынасындағы педагогтың жақсы тілінің коммуникативтік сапасы, пәннің ұғымдық-терминологиялық аппараты.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
"Мәңгілік ел" ұлттық идеясы және рухани жаңғыру
Несиелер: 2Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясындағы маңызын, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тарихи бастауларын, ұлт ағартушылары мен қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы қоғамдық-саяси қызметтерін, қазіргі Қазақстандағы этносаясат және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының мәнін оқытады
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Несиелер: 3Оқушылардың дамуы мен өсуінің негізгі заңдылықтарын, жеке дамудың әртүрлі кезеңдерінде мүшелер мен жүйелердің қызмет ету ерекшеліктерін игерген. Педагогикалық қызметте оқушылардың физикалық даму қабілеттілігін анықтау әдістерін және алған білімдерін оқыту мен тәрбиеде қолданады
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Музыка теориясы және сольфеджио
Несиелер: 5Музыка теориясының негіздерін білу. Бір немесе бірнеше дауысты музыкалық шығармаларды нотамен айту және сольфеджиолауды үйрену
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Музыка мұғалімінің кәсіби дайындығы
Несиелер: 2Педагогикалық қызметтің мазмұнымен ерекшеліктерін музыка мұғалімінің кәсіби дайындығы тұрғысынан негіздеу. Музыка мұғалімі мамандығының әлеуметтік, этикалық мәні мен мазмұнын түсіну
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Дауыс қою және сольфеджио
Несиелер: 2Дауыс қою және сольфеджио пәні білім алушылардың әуендік дыбыстарды тыңдау, қабылдау, есте сақтау, орындау және сольфеджиолау қабілеттерін тәрбиелеп оқытуға бағытталған. Жаттығулар, гаммалар және музыкалық шығармаларды ноталық жазбалардан оқып үйрену
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Өлкетану (сала бойынша)
Несиелер: 2Курстың мазмұнында өлке тарихын ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі зерттеудің ерекшеліктері мен маңызы, өлке тарихының негізгі тарихи көздері, тарихи оқиғалар, Сыр өңірінің көрнекті тұлғаларының іс-әрекеті, Отандық тарих пен кіші отан тарихының өзара байланысы қарастырылады
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Несиелер: 2Курстың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл бойынша азаматтық ұстанымға ие болу, сыбайлас жемқорлықтың мәні және факторлары туралы кешенді білім беру, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын құқықтық мәдениетін дамыту арқылы адалдық пен әділеттілік нормаларын қалыптастырады
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Музыкалық аспаптар (баян,домбыра,қобыз,фортепиано)
Несиелер: 5Болашақ музыка мұғалімінің музыкалық аспаптарда (баян, домбыра, қобыз, фортепиано) орындаушылық қабілеті мен шеберлігін жетілдіруді негізге алады.Музыкалық аспаптарда (баян, домбыра, қобыз, фортепиано) орындаудың әдіс-тәсілдерін үйрету
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Дінтану және діндер тарихы
Несиелер: 2Білім алушы жастардың бойында адамның өмір сүруінің діни аспектілері, әлемдік діндердің пайда болу тарихы мен өзара байланысы тұрғысында жүйелі ұғымдар қалыптастыру, мифологиялық және діни құндылықтардың, принциптердің, теологиялық доктриналардың негіздері мен жүйесін түсіндіру, әлемдегі және Қазақстандағы қазіргі заманғы діни ахуал, мәдениеттегі діннің ролі мен орны жөнінде ұғым-түсініктер қалыптастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Мамандыққа кіріспе
Несиелер: 2Педагог-музыканттың кәсіби қызметтеріне теориялық тұрғыдан салыстырмалы талдама жасау, мазмұнын анықтау, негіздеу. Педагог - музыкант қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен, гуманитарлық маңыздылығымен таныстыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Негізгі музыкалық аспап 1: Фортепиано
Несиелер: 4Фортепиано аспабында ойнауда теориялық негіздерін меңгеру. Дыбыс шығару ерекшеліктерін, аспапта дыбыстардың орналасу тәртібімен таныстыру. Орындаушылық қимыл әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игерту. Екі қолмен бір белгісі бар гамма ойнау, аккордтар, арпеджи
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Хортану
Несиелер: 5Хор өнерінің тарихи даму кезеңдерін білу. Хорды танудың теориялық тәжірибелік негіздерін меңгеру. Хормен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері мен дағдыларын қалыптастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 1: (домбыра)
Несиелер: 4Домбыра аспабының құрылысымен танысу, орындаушылық қимыл әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру. Сол қол саусақтары мен оң қол қағыстары қимылдарымен жұмыс жасай білу. Гамма мен арпеджиоларды әр-түрлі қағыстарда ойнау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Аутодеструктивті мінез-құлық превенциясы
Несиелер: 2Аутодеструктивті мінез-құлық туралы түсінікті қалыптас-тыру, психологиялық денсаулық және білім алушылардың психологиялық денсаулығы, педагогтың психологиялық денсаулыєы және оқу ідерісіне оның әсері, психологиялық денсау-лықты жетілдіру жолдары, суицидтік мінез-құлығы ерекшеліктері туралы біледі
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы
Несиелер: 5Болашақ музыка мұғалімдерін Қазақстандық және шетелдік музыкалық білімнің қалыптасуы мен даму үрдерісін оқып білуге, музыканы оқытудың теориялық білім негіздерін меңгертуге бағыттау
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 1 (баян)
Несиелер: 4Негізгі музыкалық аспап пәні - (баян) білім алушының қабілеті мен орындаушылық шеберлігін дамыту арқылы оқытып тәрбиелеуге негізделген. Музыкалық аспапта орындаудың әдіс-тәсілдерін үйрену
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мен еңбек қорғау
Несиелер: 2Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» пәні адамның тіршілік ету ортасындағы қауіпсіз қарым-қатынас пен қауіпті және төтенше жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғау негіздерін қарастырады. Білім алушыда кәсіби қызмет пен сауықтырудың ажырамас бірлігі екендігі туралы көзқарас қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 1: Қобыз
Несиелер: 4Қобыз аспабының құрылысымен танысып, орындаушылық қимыл әрекеттерінің әдіс-тәсілдерін негіздерін игерту. Бірінші позициядағы гаммаларды, арпеджио, аккордтарды ойнау. Ысқышпен дұрыс жұмыс жасай білу
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Педагогика
Несиелер: 5Орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-əрекеттіжүзеге асыруда болашақ мұғалімдердің кəсіби- педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Болашақ мұғалімді даярлауда кəсіби педагогикалық іс-əрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Мектеп репертуарымен жұмыс жасау
Несиелер: 2Мектепке арналған музыкалық шығармаларды аспапта игерудің әдістемелік тәсілдерін білу. Қазақстан, шетел композиторларының, заманауи ырғақтағы балаларға арналған шығармаларды игеру Балалар дауыс диапазонын аспаптық сүйемелмен үйлестіру, тональдық қалыпқа икемдеу
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 2 : Фортепиано
Несиелер: 5Музыкалық аспапты еркін меңгеріп, музыкалық шығармаларды өз деңгейінде орындау,әртүрлі шығармашылық өрнектермен ойнау. Студенттердің орындаушылық шеберліктің дағдылары мен біліктерін қалыптастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Хор класына дайындық
Несиелер: 5Болашақ музыка мұғалімін хорда ән айту әдіс-тәсілдеріне тәрбиелеп оқыту.Хор класына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру. Хорды дирижерлау пәнінің теориялық, тәжірибелік жұмыс түрлерін игеру. Вокалды-хор техникасын қалыптастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары
Несиелер: 3Құзыреттілік тəсілге негізделген тəрбиелеу мен оқыту тәжірибелері негізінде алған білімдерін өлшемдік бағалау технологияларымен ұштастыру. Білім беру үрдісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, оны жүзеге асыру тəсілдерін меңгеру
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Жеке ән салу және сахнадағы қозғалыс
Несиелер: 3Сахналық мінез-құлық мәдениетінің ән айту дағдыларын қалыптастыру.Ырғақтық және өлшемдік сезіну қабілеттерін дамытуға үйрету. Шығарманы орындауда ән салу техникасын қолдана білу және физикалық іс-қимылдар мен дыбыс шығару әрекетін үйлесімді атқару
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Қазақ және әлем музыка тарихы
Несиелер: 5Болашақ музыка мұғалімдерін қазақ және әлемдік музыкасының шығу тарихын, әуендік ерекшеліктері мен көркемдік сипатын жан-жақты білугетәрбиелеп оқытуға негізделген
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Негізгі музыкалық аспап 2 : Қобыз
Несиелер: 5Студенттің есту қабілетін дамытып, фортепиано аспабымен сүйемелдеу дағдысын қалыптастыру. Жеңіл шығармалардың нотасын оқып ойнау.Кішігірім пьесаны есту қабілетіне сүйеніп ойнау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Несиелер: 2Тəрбие үдерісінің негіздерін жəне тəрбиелік іс-əрекеттің əдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Білім берудегі менеджмент
Несиелер: 2Болашақ мектеп мұғалімнің тұтас педагогикалық үдерісін жəне білім беру мекемесіндегі тəжірибелік іс-əрекетін жүзеге асырауда кəсіптік құзіреттілігін қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Негізгі музыкалық аспап 2 : Домбыра
Несиелер: 5Негізгі музыкалық аспап (домбыра) пәні - білім алушының орындаушылық қабілеті мен шеберлігін шыңдауға тәрбиелеп оқытуға негізделген. Музыкалық аспаптаорындаудың әдіс-тәсілдерін үйрену
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Вокал класы
Несиелер: 3Болашақ музыка мұғалімінің ұстаздық қызметте дауысты шебер пайдалана білуге қажетті әншілік дағдыларын игеруге негізделген. Дауысты вокалдық, техникалық жағынан жетілдіру. Музыка пәні мұғалімдерін көркем орындаушылыққа тәрбиелеу
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Негізгі музыкалық аспап 2 :баян
Несиелер: 5Студенттің есту қабілетін дамытып, әншіні немесе өзін-өзі сүйемелдеу арқылы ойнау дағдысын қалыптастыру. Мектеп әндерін және жеңіл шығармаларды нотаға қарап оқып ойнау. Есту қабілетіне сүйеніп ойнау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Негізгі музыкалық аспап 3 : Домбыра
Несиелер: 5Студенттің есту қабілетін дамытумен қатар, фортепиано аспабымен сүйемелдеу дағдысын қалыптастыру. Ән мен күйдің жанрлық ерекшеліктерін түсіндіре білу, нотаны бірден оқу және есту арқылы домбырада ойнау тәсілдерін меңгеру.Төкпе күйлерді ойнау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 3 : Қобыз
Несиелер: 5Күйлердің біркелкі ойыны мен бөлек бір эпизодтарын сезініп, оларды бір-бірімен байланыстырып және де кездескен әртүрлі тәсілдерді: артикуляция, позициядан- позицияға көшуі, таза дыбыс шығаруды үйрету
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Мектепте сыныптан тыс үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру (вокалдық ансамбль, хор)
Несиелер: 2Болашақ музыка мұғалімдеріне репертуар таңдау және ізденімпаздық ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіру. Студенттердің академиялық ән салу мәнерінің әдіс-тәсілдерін үйрету, хор партитураларын жүргізіп оқи алу дағдысын қалыптастыру. Музыкалық-теориялық білімін жетік білу
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Мектепте сыныптан тыс үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру (фольклорлық ансамбль)
Несиелер: 2Мектепте сыныптан тыс үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру пәні білім алушының фольклорлық ансамбльде түрлі музыкалық аспаптарда орындау дағдысын қалыптастыруға бағытталған
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Кәсіпкерлік (сала бойынша)
Несиелер: 3Кәсіпкерлік: түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары, мақсаттары мен міндеттері, ұйымдастыру қағидалары. Кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілері, жүзеге асыру шарттары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес – жоспарды жасау Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Хор класы
Несиелер: 5Кәсіби орындаушылықты дамыту арқылы хормен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Хор ұжымын ұйымдастыру. Музыкалық шығарманы орындауда вокалды-хор техникасының әдіс-тәсілдерін жетік білу және тәжірибеде қолдану
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Музыка пәнін оқыту әдістемесі
Несиелер: 5Қазіргі таңдағы білім берудегі модернизациялау талабына сәйкес оқыту әдістерін қолдана алатын музыка мұғалімдерін дайындау Музыка пәнін оқыту әдістерін негіздеу, түрлі білім бағдарламалары мен музыкалық оқу әдістемелік кешенді практикада қолдану жолдарын корсете білу
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Инклюзивті білім беру
Несиелер: 3Қазақстанда және шетелде арнайы білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңдері, балаалар мен жасөспірімдердің аномальды даму заңдылықтары, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат туралы, дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларға арналған арнайы білім беру жағдайлары туралы білім қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Гармония
Несиелер: 2Гармония пәні - музыкалық құралдарын зерделеу арқылы әуендік көркемүндесу жолдарын, заңдылықтары мен ережелерін басшылыққа алып,оларды тәжірибе жүзінде қолданудың әдіс-тәсілдеріне тәрбиелеп оқытуды көздейді
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 3 : Фортепиано
Несиелер: 5Жеңіл және күрделі сонаталық формадағы шығармалардың (рондо, соната, вариация) мазмұны мен формасын түсініп, оларды орындаудағы әдіс-тәсілдерін меңгеру.Екі қолмен екі белгісі бар гамма ойнау, аккордтар, арпеджио
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Вокал және хорды дирижерлау
Несиелер: 5Вокал және хорды дирижерлау жұмыстарын кәсіби деңгейде іске асыратын мамандыдаярлау көзделеді. Музыкалық шығарманы вокалдық орындауға тәрбиелеу. Оқу процесінде және сабақтан тыс уақытта вокалды-хор жұмыстарын ұйымдастыра білу
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 3 : Баян
Несиелер: 5Вариациялық формада жазылған шығармаларды түрлендірудің әуендік, ырғақтық, гармониялық, фактуралық тәсілдерін меңгеріп, талдау жасау.Минорлы гаммаларды (гармониялық, мелодиялық) арпеджио аккордтарын екі қолмен ойнау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
«Финал» музыкалық компьютерлік бағдарламасы//
Несиелер: 5Финал музыкалық компьютерлік бағдарламасын қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге негізделген. Музыкалық шығарманы ноталық жазбасын компьютер пернетақтасында жазып нотаға түсіруге үйрету
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Конструктивті оқыту әдістемесі
Несиелер: 5Білім беру мәселесінде заманауи педагогикалық технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді оқу процесінде ұтымды қолдануды меңгеру. Өзін-өзі реттей алатын, табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын бәсекеге қабілетті жоғары кәсіби деңгейдегі тұлғаны даярлап шығару.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Хор класы және хормен жұмыс жасау практикумы 1
Несиелер: 5Болашақ музыка мұғалімінің кәсіби орындаушылық шеберлігін дамыту арқылы рухани мәдениеттілігін қалыптастыру.Хормен жұмыс жасау процесін ұйымдастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Негізгі музыкалық аспап 4 : Домбыра
Несиелер: 5Домбыра аспабын еркін меңгеріп, музыкалық шығармаларды өз деңгейінде орындау дағдысын қалыптастыру. Қазақ және шетел композиторларының шығармаларын орындау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Негізгі музыкалық аспап 4 : Фортепиано
Несиелер: 5Полифониялық шығармадағы әртүрлі әуендерді бір жүйеге бағындырып, әр дауысты үздіксіз естіп ойнауды үйрету. Полифониялық шығармадағы әр дауыстың әуенін жеке-жеке ойнау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Қосымша музыкалық аспап: (домбыра,баян,қобыз, фортепиано)
Несиелер: 5Қосымша музыкалықаспаптардакәсіби орындау мен сахнада орындау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Музыкалықаспапты (домбыра, баян, қобыз) меңгеруде орындаушылықтың үлгілік әдістерін игеру
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Негізгі музыкалық аспап 4 : Қобыз
Несиелер: 5Күрделі формадағы шығармалардың (концерт, соната) мазмұны мен формасын түсініп, оларды орындаудағы әдіс-тәсілдерін игерту. Қазақ және шетел композиторларының шығармаларын ойнау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Мектеп хорымен жұмыс жасау практикумы 1
Несиелер: 5Мектеп хорымен жұмыс жасауда музыка миұғалімінің вокалды – хор техникасын қ алыптастыру. Мектепте хор репертуарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Музыкалық іс – әрекеттерді ұйымдастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Негізгі музыкалық аспап 4: Баян
Несиелер: 5Күрделі формадағы шығармалардың (рондо, соната) мазмұны мен формасын түсініп, оларды орындаудағы әдіс-тәсілдерін меңгеру. Минорлы гаммаларды (натуралды, гармониялық, мелодиялық) арпеджио аккордтарын екі қолмен ойнау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Музыкалық компьютерлік технологиялар
Несиелер: 5Музыкалық компьютерлік технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге негізделген. Музыкалық шығарманы ноталық жазбасын компьютер пернетақтасында жазып нотаға түсіруге үйрету
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Музыкалық шығармаларды талдау
Несиелер: 5Музыкалық шығармаларды талдау пәні музыкалық шығармалардыңжанрын, стилдік ерекшеліктерін, мазмұны мен формасын талдауға негізделген. Музыкалық шығарманың мән-мағанасын толық ашып көрсету; жанрлық негізін айқындау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 5: Фортепиано
Несиелер: 5Фортепиано аспабында орындаушылық шеберлігін кәсіби деңгейде көрсету, концерттік орындаушылық мәдениетке бейімдеу. Фортепиано аспабын еркін меңгеріп, әртүрлі жанрдағы шығармаларды ойнау, музыкалық репертуармен өздігінше жұмыс жасау, мектеп әндерін өз сүйемелінде орындау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Хорды дирижерлау
Несиелер: 5Хорды дирижерлау пәні болашақ хор жетекшісінің рухани мәдениеттілігін қалыптастыруға, хорға жетекшілікке оқытудың хорды басқару әдістемесін тәжірибе арқылы меңгеруге бағытталған. Дирижерлаудың әдістемесі мен техникасын игеру
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 5: Домбыра
Несиелер: 5Музыкалық аспапты жеке кәсіби орындаушы деңгейінде меңгертіп, концерттік орындаушылық мәдениетке бейімдеу, техникалықіскерлік дағдыларын қалыптастыру.Шығарманы көркем, мәнерлі ойнауға машықтандыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Музыкалық психология және музыкалық білім берудің психологиясы
Несиелер: 5Музыкалық білім беру процесінде музыкалық дамуының психологиялық ерекшеліктерін талдай білуі. Музыкалық психология пәнінің негізгі зерттеу бағыттары жөнінде түсінік беру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Мектеп хорымен жұмыс жасау практикумы 2
Несиелер: 5Мектеп хорымен жұмыс жасау практикумының пәні музыка мұғалімінің рухани мәдениеттілігін қалыптастыруға негізделген.Вокалды-хор техникасын қалыптастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Музыкалық психология және музыкалық терапия
Несиелер: 5Музыка мұғалімдерінің музыкалық терапияны балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытудағы педагогикалық және психологиялық мүмкіндіктерін практикада қолдана білуі. Музыкалық терапияның практикалық мазмұны, даму тарихы, жіктемесі мен практикада тиімді қолдану әдістерімен таныстыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 5: Қобыз
Несиелер: 5Қобыз аспабында жеке орындаушы ретінде, концерттік орындаушылық мәдениетке бейімдеу. Қобыз аспабын еркін меңгеріп, әртүрлі жанрдағы шығармаларды ойнау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Музыкалық шығармаларды талдау және полифония негіздері
Несиелер: 5Музыкалық шығармаларды талдау және полифония негіздері пәні музыкалық шығармаларды кәсіби тұрғыда талдауға және полифония негіздерін меңгеруге бағытталған.Музыкалық шығармаларды талдау Полифониялық жазудың алғашқы негіздерін игерту
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Негізгі музыкалық аспап 5: Баян
Несиелер: 5Полифониялық шығармадағы әртүрлі әуендерді бір жүйеге бағындырып, әр дауысты үздіксіз естіп ойнауды үйрету. Полифониялық шығармадағы әр дауыстың әуенін жеке-жеке ойнау. Полифониялық шығармаларды өз бетінше талдап, мәнерлеп орындау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Музыкалық демалысты ұйымдастыру және продюсерлік қызмет негіздері
Несиелер: 5Музыкалық демалысты ұйымдастыру және продюсерлік қызмет негіздерін өмір тәжірибесінде тиімді қолдануды меңгертуге бағытталған. Музыкалық демалысты ұйымдастыру жұмыстарының әдіс-тәсілдерін игеру.
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Хор класы және хормен жұмыс жасау практикумы 2
Несиелер: 5Хор класы және хормен жұмыс жасау практикумы пәнінің болашақ музыка мұғалімінің оқыту- әдістемелік, және вокалды –хор техникасын қалыптастыру. Күрделі жанрда,стильде жазылған хор шығармаларына талдау
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Музыка мұғалімінің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
Несиелер: 3Музыка мұғалімінің зерттеу әрекетін ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздерін игерту. Ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдей білу. Педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзеу. Зерттеу жұмыстарының айқындаушы және қалыптастырушы эксперименттердің мазмұнын айқындау, оларды жүргізу
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (негізгі музыкалық аспап)
Несиелер: 3Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі пәні болашақ музыка мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін сахнада орындауға негізделген. Студенттердің бойында орындаушылық дағдыларын қалыптастыру.Түрлі бағыттағы стильдер, жанрлар мен формаларда жазылған шығармаларды орындап үйрену
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (хорды дирижерлау)
Несиелер: 5Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі пәні дирижерлық шеберлігін сахналық орындауда көрсетуге бағытталған.Мемлекеттік емтиханда концерттік бағдарламаларды презентациялау. Хор шығармаларын орындаушы топтарды ұйымдастыру мен дайындық жұмыстарының әдіс-тәсілдерін игерту
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Код ON1
Әлеуметтік-мәдени білімі: Гуманитарлық, құқықтық, тілдік және ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін кәсіби міндеттерді шешуде қолдана біледі,
-
Код ON2
Пропедевтика:Педагог қызметінің әлеуметтік, этикалық талаптарын біледі, сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік қасиеттерінің кәсіби этикет нормаларымен өзара байланыстыра алады
-
Код ON3
Базалық білім: Музыкалық аспаптарда ойнау, вокалдық-хор дирижерлау негіздерінің техникасы, әдіс-тәсілдерін біледі, теориялық бағыттағы пәндердің интеграциялық үйлесімділігін кәсіби қызметте қолдана алады.
-
Код ON4
Іргелі білім: Түрлі музыкалық-педагогикалық жүйелер теориясы мен дамуын (мектептегі музыкалық білім берудің беру мазмұны) сипаттай және негіздей алады
-
Код ON5
Арнайы психологиялық-педагогикалық білім негіздері: Аутодеструктивті мінез-құлықтың түрлерін айқындау, инклюзивті білім беруді ұйымдастыра біледі, музыкалық білім беру психологиясы пәнінің орнын негіздей алады
-
Код ON6
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер: Нақты білім беру сатысындағы оқу-тәрбие процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін заманауи әдістемелер мен технологияларды, музыкалық компьютерлік бағдарламаларды қолдануға дайын
-
Код ON7
Ғылым, инновация және тәрбие жұмыс: Құзыреттілік тəсілге негізделген тəрбиелеу мен оқыту тәжірибелері негізінде алған білімдерін өлшемдік бағалау технологияларымен ұштастырады, музыкалық-педагогикалық әрекетте ізденушілік қабілеттерін көрсете біледі
-
Код ON8
Қорытынды аттестаттау модулі: Музыкалық аспапта орындаушылықты, дирижерлау және хормен жұмыс жасауды кәсіби деңгейде көрсете алады, жаңартылған музыкалық білім беру мазмұны аясында оқу үдерісін модельдей алады