Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M04201 Құқықтану (Бейінді) в Болашақ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары құқықтық мәдениеті мен құқықтық қызметтің практикалық дағдылары бар, мемлекеттік басқару, құқық қорғау қызметі, адам құқықтарын қорғау, азаматтық қоғамды дамыту саласындағы жұмысқа бағдарланған құқықтану саласында жоғары білікті мамандарды даярлау; конституциялық, әкімшілік, азаматтық, экологиялық, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өзекті мәселелері бойынша шешім қабылдауға қабілетті мамандарды қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы «Bolashaq» академиясы
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M042 Құқық
Пәндер
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстарды саралау мәселесі
Пәнде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын саралау ерекшеліктері оқытылады, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дұрыс саралауда туындайтын қиындықтар мен оларды шешу жолдары анықталады. Оқыту барысында қылмысты саралау теориясының негізгі ережелері беріліп, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дұрыс саралаудың дағдыларын, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қылмысқа жатпайтын құқық бұзушылықтар мен аморальды теріс қылықтардан айыра білуді, қылмыстық заңнаманың кем тұстарын анықтай алуды, қылмыстық-құқық нормалары мен құқық коллизияларының бәсекелестігін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын саралау барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын анықтау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Менеджмент
Бұл курс жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру, ұйымның мотивациялық саясатын әзірлеу қабілетін қарастырады. Кәсіби қызметте іскерлік және басқарушылық қарым-қатынас әдістерін қолдана білу, басқару әдістері жүйесін қолдана отырып тиімді шешімдер қабылдау, менеджменттің ерекшеліктерін ескеру (салалар бойынша).
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Салыстырмалы қылмыстық құқық
Әртүрлі мемлекеттердің қылмыстық құқығының біратаулы институттарын салыстыру жолы арқылы олардың қылмыстық-құқықтық жүйесін, негізгі қағидаттары мен санаттарын, олардың тарихы мен заңды дамуын оқытатын құқықтанудың (заң ғылымының) саласы (бөлігі). Салыстырмалы қылмыстық құқық - ғылыми бағыт, соның аясында салыстырмалы-құқықтық әдісті қолдану арқылы қылмыстық құқықтың жалпылылығы мен ерекшелігі, бірегейлігі мен айрықшалығы зерттеледі. Салыстырмалы әдіс арқылы әртүрлі мемлкеттердің қылмыстық-құқықтық жүйесі, халықаралық құқықтың ұлттық құқықтық жүйеге әсері, қылмыс саласындағы саясат, қылмыстық заңнама, сот тәжірибесі, құқық доктриналары, сондай-ақ өзге де өткен тарихындағы және қазіргі кезеңдегі салыстыруға жататын пәндер оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Халықаралық қылмыстық құқық
Пән мемлекеттердің халықаралық қылмыстарға қарсы күрес, оларды анықтау, тергеу және жазалау жөніндегі ынтымақтастығын реттейтін халықаралық жария құқықтың дербес саласына арналған. Бұл классикалық халықаралық құқықтан айтарлықтай ерекшеленеді, өйткені оны реттеу субъектісі, ең алдымен, мемлекет емес, белгілі бір әрекет жасаған адам болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Келісім-шарт құқығының өзекті мәселелері
Бұл пәнді оқу қоғамның шарттық қатынастарының басты өзегі болып табылады. Қоғамдық шарттық қатынастар дегеніміз азаматтар мен мекемелер қолданатын барлық азаматтық құқықтық шарттар болып табылады. Шарт – ұзақ тарихы бар құқықтық конструкция, адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынас екі жақтан да келісілген түрлі формалардың пайда болуына немесе жаңа қарым-қатынас үлгісінің пайда болуына әкеліп соғады. Осындай үлгілердің түрі келісім-шарт болып табылады. Пәннің оқытылу мақсаты болып бұл пәннің құқықтық табиғаты, оның басқа мемлекеттік-құқықтық пәндері арасындағы орны, басқа құқықтық жүйедегі қолданысы болып табылады. Аталған пәнді оқытудың міндеттері-шарттың өзгертілуі мен тоқтатылуының тәртібін зерттеу, оның заңсыз болып табылуы, мазмұнының бүгінгі күн талабына сай келуі және шарттық құқықтың түсінігінің қалыптасуы болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қылмыстық сот өндірісіндегі қорғаудың теориялық және қолданбалы мәселелері
Пәнде қылмыстық процесте қорғауды ұйымдастырудың жалпы теориялық және қолданбалы мәселелері, оны жүзеге асырудың тәртібі, тактикасы мен стратегиясы оқытылады. Ерекше назар адвокатура секілді әлеуметтік-құқықтық институтқа бөлінеді. Оның негізгі проблемалары анықталады. Қылмыстық процесте азаматтарға білікті заң көмегін жүзеге асыратын қорғаушының нақты мәртебесі анықталады. Сондай-ақ қылмыстық процестегі қорғаушының тараптар арасындағы тәуелсіз, даралық процессуалдық жағдайы, қызметінің сипаты, адвокаттың орны, қорғалушы алдындағы оның рөлі секілді мәселелер зерделенеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралау мәселесі
Пәнде экономикалық қылмыстарды саралау ерекшеліктері, экономикалық қылмыстарды дұрыс саралауда туындайтын қиындықтар мен оларды шешу жолдары анықталады. Оқыту барысында қылмысты саралау теориясының негізгі ережелері беріліп, экономикалық қылмыстарды дұрыс саралаудың дағдыларын, экономикалық қылмыстарды қылмысқа жатпайтын құқық бұзушылықтар мен аморальды теріс қылықтардан айыра білуді, қылмыстық заңнаманың кем тұстарын анықтай алуды, қылмыстық-құқық нормалары мен құқық коллизияларының бәсекелестігін, экономикалық қылмысты саралау барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын анықтау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Криминологияның өзекті мәселелері
Қазіргі заманғы қылмыс тенденциялары және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің криминологиялық мәселелері. Қазіргі қылмысты анықтау және жалпы әлеуметтік криминологиялық профилактика мәселелері. Жеке қылмыстық мінез-құлықтың себептері, қылмыскердің жеке басы және арнайы криминологиялық алдын-алу мәселелері. Қылмыстық, виктимология және криминологиялық алдын алу мәселелері. Жасырын қылмыс-оны талдау және зерттеу мәселелері. Криминологиялық болжау және жоспарлау негіздері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Құқықтық талдаудың әдіснамасы
Пәнде ғылыми қызметтің әдістері мен процедуралары оқытылады. Соның ішінде жалпы ұғымдары, құқықтық талдау жасаудың ерекшелігі мен тәртібі қарастырылады. Құқықтық қызмет аясында қолданылатын белгілі бір әдіс-тәсілдер мен операциялар жүйесі анықталады. Құқықтық білімнің құрылымы мен дамуы, құқықтық талдаудың құралдары мен әдістерін, нәтижелерді негіздеу тәсілдерін, білімнің тәжірибеде жүзеге асуының механизмдері мен нысандарын зерттейді. Заң ғылымы үшін танымның формальды-логикалық және жалпы ғылымилық әдістерінің ерекше маңызы бар. Сондай-ақ жалпы ғылымилық таным деңгейінде жүйелік әдіс, анализ және синтез, индукция мен дедукция, тарихи әдіс, функционалды, герменевтикалық, синергетикалық және тағы басқа дәстүрлі тану әдістері қолданылады. Бұлар философиялық әдіс секілді бүкіл ғылыми танымды қамтымайды, тек олардың жеке сатыларында қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шетел тілі (кәсіби)
Шетел тілінің практикалық курсы бағдарламада болашақ маманның білім мен іскерлікке деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған пән ретінде қарастырылады, ол оған: оқудың жетекші рөлінде сөйлеу қызметінің барлық түрлерінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Шет елдердің қылмыстық құқығы
Пәнде англосакондық және роман-германдық құқық топтарына жататын мемлекеттердің қылмыстық-құқықтық саясатының жағдайы мен негізгі бағыттары, қайнар көздер жүйесі, қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөліктерінің негізгі институттары, бұл мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша соттық тәжірибесі, қарастырылып отырған мемлекеттердің қылмыстық құқықтарындағы даулы мәселелерін зерделеудегі негізгі докториалды ұстанымдар оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Курс психология заңдылықтары тұрғысынан білім беру саласындағы кәсіби қызметті талдау қабілетін қалыптастырудың негізгі аспектілеріне, кәсіби қызметте психологиялық заңдарды қолдану, тұлғаның ұйымдастырушылық мінез-құлқының технологиясы және тұлғааралық қарым-қатынасты орнату, басқарушылық функциялардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау және олардың кәсіби қызметке әсерін анықтауға арналған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
ҚР адвокаттық қызмет пен адвокатураның мәселелері
Пән қазіргі қоғамдағы адвокатураның орны мен рөлін оқытады. Адвокатураның ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері, адвокатура қызметінде туындайтын мәселелері анықталады. Мемлекет пен адвокатураның өзара қатынасы. Тұрмысы төмен азаматтарға заң көмегін тегін көрсетудің мемлкеттік жүйесі. Адвокаттық қызмет көрсетуге орындар бөлу мен өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелер. Адвокат мәртебесіне байланысты туындайтын мәселелер. Адвокат құқықтарын бұзу мәселелері. Білікті заң көмегін көрсету мәселелері. Адвокат еңбегіне ақы төлеу мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қылмыстық процесті қорғаудың өзекті мәселелері
Пәнде қылмыстық процестегі қорғаушының қатысуы мен процессуалдық мәртебесі аспектілерінің мәселелері, қылмыстық процестің сот сатыларындағы адвокаттың қызметі, қылмыстық процестегі адвокат қызметінің тактикалық негіздері оқытылады. Сондай-ақ қылмыстық процестегі қорғаушының құқықтарын қорғау аспектілерінің мәселелері, қылмыстық процестегі белгілі бір мән-жайлардағы адвокаттың өзінің процессуалдық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктері анықталады. Адвокаттық қызметтің заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тұрғын үй заңдылығының өзекті мәселелері
"Тұрғын үй құқығының өзекті мәселелері" пәнін игерудің мақсаты магистранттарда тұрғын үй қатынастарының мәні, түсінігі және ерекшеліктері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру; тұрғын үй қатынастары саласындағы өркениет ғылымы мен құқық қолдану практикасының негізгі проблемаларын түсіну болып табылады. Тұрғын үй-жайды тұрғын үй құқығының объектісі және тұрғын үйге құқықты іске асыру құралы, оның түрлері мен ерекше құқықтық режимі ретінде сипаттауға ерекше назар аударылады, тұрғын үй-құқықтық қатынастар шеңберіне кіретін тұрғын үй қатынастарының нақты субъектілерінің құқықтық жағдайы талданады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Азаматтық және азаматтық процес заңнамасын қолданудың теориясы және практикасы
Курста процес құжаттарын құрастыру бөлігіндегі азаматтық құқықтың өзекті мәселелері; талап арыздарды, апелляциялық шағымдарды, қадағалау шағымдарын, прокурорлық наразылықтарды, өтінішхаттарды, сот шешімдерін, ұйғарымдарды, сот бұйрықтарын және т.б. құрастыру әдістемесі мен техникасы оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қылмыстық құқықтың өзекті мәселелері
Пәнде қылмыстық құқықтың өзекті мәселелері, соның ішінде іс жүргізу құжаттарын толтыру, талап арыздарды, аппеляциялық арыздарды, қадағалау өтініштерін, прокурорлық наразылықты, сот шешімдерін, сот бұйрықтарын, т.б. жазып, толтырудың әдістемесі мен техникасы оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қылмыстық және қылмыстық процес заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасы
Пән қазіргі қылмыстық құқық пен қылмыстық процестің теориялық және қолданбалы аспектілерін зерттейді. Қылмыстық құқық және процесс теориясында әзірленген түйіндік, практикалық және теориялық жоспарлардағы ең маңызды мәселелерді қамтиды. Халықаралық-құқықтық стандарттар аясындағы қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамаға талдау, қылмыстық сот өндірісі аясындағы шетел заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізіледі, қылмыстық сот өндірісінің теориялық және тәжірибелік мәселелері, қылмыстық процестік нысандардың дамуы мен жетілдрірілуіне талдау жүргізу, қылмыстық құқықтың теориясы мен практикасының мәселелері зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері
Пән қоғамға қауіпті нақты әрекетті қылмыстық-құқықтық тұрғыдан бағалаудың, басқаша айтқанда қылмысты саралаудың ғылыми негізделген аспектілерін зерттейді. Қылмысты саралау қоғамға қауіпті жасалған әрекеттің белгілері мен қылмыстық заңнаманың нормаларында қарастырылатын белгілерінің арасындағы сәйкестілікті анықтайды. Оқыту барысында қылмысты саралау теориясының негізгі ережелері беріліп, қылмыстық дұрыс саралаудың дағдыларын, қылмысты қылмысқа жатпайтын құқық бұзушылықтар мен аморальды теріс қылықтар шегін айыра білуді, қылмыстық заңнаманың кем тұстарын анықтай алуды, қылмыстық-құқық нормалары мен құқық коллизияларының бәсекелестігін, қылмысты саралау барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын анықтау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
Оқыту нәтижелері
- Нормаларды талдау және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу
- Құқықтық қызметтің нақты салаларында нормативтік құқықтық актілерді қолдану, кәсіби қызметте материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын іске асыру
- Шешім қабылдауды және олардың тиімділігін бағалауды түсіндіру
- Мемлекеттік, орыс және шет тілдерін білу; Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде сауатты сөйлеу және жазу қабілетін растау; Ағымдағы құжаттаманы мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде сауатты құра білу қабілетін білдіру; Жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру; Алынған дағдылар мен дағдыларды заңгердің кәсіби қызметінде қолдану.
- Қабылданған шешімдердің тиімділігіне әсер ететін факторларды меңгеру дағдыларын көрсету
- Өз жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын қолдану
- Адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынастың этикалық және құқықтық нормаларын басшылыққа алу дағдыларын көрсету; Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет туралы нақты түсініктерді тұжырымдау; Қазіргі заманғы отандық және шетелдік заң ғылымы мен білімнің негізгі проблемалары туралы түсініктерді қорытындылау; Қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздері туралы білімді жинақтау; Күнделікті кәсіби қызметке және білім беруді жалғастыруға қажетті жаңа білім алу дағдыларын қолдану.
- Әлемнің философиялық және ғылыми суреттері, адам санасының формалары және оның қазіргі қоғамдағы көріну ерекшеліктері туралы білімді көрсету Рухани және материалдық құндылықтардың арақатынасын, олардың адам, қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру Ғылымның даму перспективаларына шолу жасау Білім мен ақпаратты интерактивті пайдалану қабілетін көрсету Заң пәндерін оқытудың заманауи технологияларын қолдану