Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03101 Әлеуметтану в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Әлеуметтанулық білімді қазіргі заманның жаһандық мәселелерімен байланыстыра отырып, әлеуметтанулық білім саласындағы математикалық модельдеуді қолданып, проблемаларды шешу және пайымдаулар құру. тұжырымдамасын жасауға түсінік қалыптасқан.
  • Сараптама, маркетинг және әлеуметтік консалтинг нарығында әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қабілетті;
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Қоғамдық процестердегі өзгерістерді талдау барысында әлеуметтік жағдайларға және әлеуметтік зерттеу әдістеріне сыни тұрғыдан қорытынды баға береді;
  • Қоғам құрылымының жақсаруына байланысты қарама-қарсы қасиеттер мен тенденцияларды дұрыс бағытта өзгерту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндігі бар;
  • Әлеуметтанулық кәсіби іс-әрекетте пайдаланылатын ақпараттарды жинауда компьютерлік бағдарламаларды қолданып, кеңес бере алады және оны ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдаланады;
  • Әлемдік және отандық әлеуметтану білімі дамуының негізгі бағыттары мен тенденцияларының дамуын, қалыптасуын меңгерген.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді анықтауда, әлеуметтік шынайылықта әлеуметтанулық болжамды пайдалану әдісінде, индивидтер мен әлеуметтік топтардың әлеуметтік үлгілерін және құндылықты бағыттарын анықтауда сараптамалық зерттеулер арқылы қарастыруға қабілетті;
  • Кәсіби қызмет пен өз елінің азаматы мен патриоты болуы үшін адалдық, шынайылық, еңбекқорлық және парасаттылық сияқты қасиеттерге ие болады.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды жүзеге асырады, әлеуметтанулық және демографиялық мәліметтерге салыстырмалы, контент-анализдік т.б. талдап, болжайм жасайды;
Top