Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B10107 Жалпы медицина в Санжар Жафарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ON1 Науқастарға бағытталған сапалы емдеуді қамтамасыз етуде клиникалық және биомедициналық ғылымдардың білімдерін қолдана отырып, медициналық қызметпен айналыса алады.
  • ON2 Жалпы ауруларды диагностикалау және емдеу сатыларындағы клиникалық, зертханалық және функционалды зерттеу әдістерінің нәтижелерін түсіндіре алады.
  • ON3 Қоғамдық денсаулыққа қатысты мәселелерді, оның ішінде жалпы аурулардың алдын-алу және халықты хабардар ету туралы түсіне алады.
  • ON4 Клиникалық жағдайға сәйкес тиісті емдеуді тағайындауды; жедел медициналық көмек, оның ішінде алғашқы медициналық көмек және реанимациялауды білу.
  • ON5 Қоғамда қабылданған заңдарды, ережелер мен этикалық нормаларды ескере отырып, жалпы тәжірибелік дәрігердің кәсіби қызметін жүзеге асыра білу.
  • ON6 Әріптестермен және пациентпен кәсіби қарым-қатынас орнатуды, кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін командада жұмыс жасай білуі тиіс.
  • ON7 Медициналық ақпараттық жүйелерде ақпаратты және жұмыс дағдыларын іздеу және сыни талдау үшін медицина саласында IT технологияларды қолдана алады.
  • ON8 Клиникалық медицина және үздіксіз кәсіби даму мәселелерін шешу үшін ғылыми принциптерді, әдістерді және дәлелді практика білімін қолдана алады.
Top