Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07502 Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) (1 жыл) в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

  • Техникалық нысандарды жүйелік талдау және диагностика жасау
    Несиелер: 5

    Жүйелік талдаудың негізгі түсініктері. Жүйелік талдаудың даму тарихы. Техникалық диагностиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары. Моделдеу – кез-келген бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі. Танымалдық және прагматикалық моделдер. Статистикалық және динамикалық моделдер. Жүйелер, жүйелердің моделдері. Жасанды және табиғи жүйелер. Техникалық нысандарға диагностика жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Халықаралық стандарттау және сертификаттаудың даму тарихы мен перспективасы
    Несиелер: 5

    Халықаралық стандарттау және сертификаттаудың дамуының негізгі кезеңдері. Стандарттау және сертификаттаудың даму перспективалары. Стандарттау және сертификаттаудың тарихы – бұл өндірістік күш пен сауданың даму тарихы. Ренессанс дәуіріндегі стандарттау. Сертификаттау – сәтті экономикалық қызметтің маңызды және қажетті шарты. Ресей, Қазақстан және шет мемлекеттерде сертификаттаудың қалыптасуы. Стандарттау және сертификаттаудың халықаралық деңгейде даму перспективалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Интегрирленген сапа менеджмент жүйелері
    Несиелер: 5

    Интегрирленген жүйе стандарттары. ИСО 9001:2000 сериялы стандарты. ИСО 14001:2004 сериялы стандарты. OHSAS 18001 Өнеркәсіптік қауіпсіздік. SA 8000 әлеуметтік этика. Менеджменттің интегрирленген жүйесі. Сапаның интегрирленген жүйесінің құжаттарының құрылымы. ИСО 9001, ИСО 14001 және OHSAS 18001 термин және түсініктердің сәйкестігі. Сапаның интегрирленген жүйесін басқару. Интегрирленген жүйе бойынша басшылықтың мазмұны. Интегрирленген жүйе бойынша басшылықтың құрылымы. Интегрирленген жүйе бойынша басшылықтың элемент мазмұны. Басшылық жауапкершілігі. Хабарлама және уәкілеттік, жауапкершілік. Басшылықты екі жақты талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 3

    Магистратурада шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты болашақ магистрдің кәсіби іс-әрекетіндегі тілді белсенді меңгерудің дағдылары мен біліктіліктерін ары қарай дамыта отырып халықаралық стандарттары шеңберінде комминукативтік құзіретін жүйелі тереңдету болып табылады. Магистратурадағы шетел тілі курсы сабақтастық талаптарына жауап береді және үш сатылы жоғары білім буындарының бірі болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Менеджмент және басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    «Менеджмент және басқару психологиясы» курсының мәні кәсіби бағытталған тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен ашылуындағы оның жетекші рөлімен анықталады.«Басқару психологиясы» негізгі пән болып табылады. Ол қоғамдық ғылымдар мен адамтану саласы ғылымдарының арасында маңызды рөл атқарады және мәнді орын алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тағам өнімдерін өндірудің ғылыми негіздері
    Несиелер: 4

    Ғылыми шығармашылық пен танымдылықтың әдістемелік негіздерін қарастыру, ғылыми зерттеу бағыттарын таңдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері, ғылыми ақпараттарды жинау және өңдеу, ғылыми және техникалық шығармашылықта моделдеу, тағам өнімдерінің технологиясын жасаудағы жаңа бағыттар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сапа аймағындағы критерийлерге сәйкес-тігіне ұйым қызметінің өзін-өзі бағалауы
    Несиелер: 5

    Ұйымның өзін-өзі бағалауы жөнінде жалпы ережелер. Түсініктер, мақсаттары мен қарастыратын мәселелері. Ұйымның өзін-өзі бағалауын жүргізудің артықшылықтары. Өзін-өзі бағалаудың моделдері. Сапа сыйлықтары негізіндегі өзін-өзі бағалау. М. Болдридж атындағы ұлттық сапа сыйлығы. Эдвард Деминг атындағы жапондық ұлттық сыйлық. Еуропалық сапа сыйлығы (EFQM). Ұлыбритания өндірісіне Барбадостық ұлттық сапа сыйлығы. Бразилиялық ұлттық сапа сыйлығы. Колумбиялық ұлттық сапа сыйлығы. Гонконгтық «Q белгісі» сыйлығы. Раджив Ганди ұлттық сапа сыйлығы. Тито Конти әдісі бойынша кәсіпорындардың өзін-өзі бағалауы. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Стандарттау және сертификаттау дамуының заманауи аспектілері (салалар бойынша)
    Несиелер: 5

    Стандарттаудың мәні, өнімнің сапасын жоғарылатуда оның рөлі. Стандарттаудың ғылыми негіздері. Стандарттаудың жиі қолданылатын жалпығылыми әдістері. Стандарттаудың арнайы әдістері. Технологиялық дайындық пен өндірісті басқаруда тиімділікті жоғарылату үшін стандарттау әдістерін қолдану. Өзара алмасушылықтың негізгі нормаларын стандарттау. Стандарттау жұмыстарының тиімділігі. Стандарттау жүйесін реформалаудың алғышарттары. Стандарттаудың ұлттық жүйесінің дамуы. Стандарттау жүйесін реформалаудың бағыттары. Стандарттау саласында техникалық реттеудің үйлесудің негізгі нүк��елері мен реформалау кезеңдері. Сәйкестікті бағалау және сәйкестікті растау. Техникалық регламенттердің талаптарын сақтауда мемлекеттік бақылау. Халықаралық саудада стандарттау мен сертификаттау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Микробиологиялық талдау әдістері
    Несиелер: 4

    Ашытқы өндірісіндегі шикізаттарға, нан өндірісіндегі, спирт өндірісіндегі қант қызылшасы шикізатына, спирт өндірісіндегі крахмал шикізатына, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдеріне, сусло мен сыра, макарон өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге, медицина және биологиялық препараттарға микробиологиялық анализ жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Техникалық нормалау және стандарттау
    Несиелер: 5

    Негізгі түсініктер мен терминдер. Техникалық нормалау және стандарттау нысандары. Техникалық нормалау және стандарттау саласындағы техникалық нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу. Техникалық нормалау және стандарттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сапа жүйесі
    Несиелер: 5

    Стандарттаудың теориялық негіздері, принциптері және талаптары. Сапа жүйесі мен басқарудың қажеттілігі. Сапа жүйесінің мақсаты. Сапа менеджмент жүйесінің енгізудегі қорытындысы. Сапа менеджмент жүйесінің негізгі сипаттамалары. Сапа менеджмент жүйесінің негізгі терминдері мен анықтамалары. Сапа менеджмент жүйесінің қажеттілігі. Менеджмент жүйесінің ресурстары. Халықаралық стандарттау ұйымы ISO. Стандарттар негізінде стандарттау мен жобалаудың дамуы. ISO қалыптасуы және дамуы. ISO стандарттарының дайындалу принциптері. ISO стандарттарының жүйесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Негізгі анықтамасы және экспериментті жоспарлаудың принциптері. Оптимальды жоспарлау. Көпфакторлы эксперименттің жоспарлары. Жоспарлаудың негізгі түрлері. Ғылыми-зерттеу қызметтерінің сатылары. Экспериментті ұйымдастыру және жіргізу. Зерттеушілік қызметтердің ақпараттық ресурстары. Зерттеу нәтижелерін талқылау. Жазбаша жұмыстың құрылымы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON1

    Әлеуметтік және кәсіби маңызды тәжірибені талдау және сыни тұрғыдан түсіну, мәдениетаралық ортада ауызша және жазбаша түрде, оның ішінде шет тілінде тиімді қарым-қатынас жасау, командада жұмыс істеу және шағын ұжымдардың жұмысын ұйымдастыру, өзінің дене, рухани және адамгершілік қасиеттерін дамыту

  • Код ON2

    Мультимәдениетті командаларды басқарады, көшбасшылықтың негізгі тәсілдемелерін бағалайды, ынталандырудың замануи тәсілдемелерін қолданады, дағдарыс жағдайда коммуникацияларды іске асырады, бақылау мен сапаны кешенді басқарады

  • Код ON3

    Кәсіби әрекетте қолдану үшін психологиялық теория мен тәжірибенің қазіргі жағдайы туралы мәліметті меңгереді

  • Код ON4

    Ғылыми зерттеулердің кезеңдерін жоспарлау және ұйымдастыру, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және оларды нақты зерттеу міндеттерін шешу кезінде қолдану қабілеті

  • Код ON5

    Техникалық нысандарға жүйелік талдау және диагностика жүргізеді

  • Код ON6

    Техникалық нысандардың ақауларын табу үшін диагностика әдістері мен құралдарын қолданады

  • Код ON7

    Стандарттау және сертификаттау саласындағы білімі мен түсінігін көрсету, практикалық қызметте ұлттық, халықаралық және басқа да стандарттармен, нормативтік құжаттармен, тұтыну тауарларының сапасы мен қауіпсіздігіне бағалау жүргізудің әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып жұмыс істеу дағдыларын қолдану

  • Код ON8

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін техникалық реттеу саласындағы ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру

  • Код ON9

    Ұйымның өзін-өзі бағалауының негізгі ережелерін және ұйымның өзін-өзі бағалауын жүргізудің артықшылықтарын түсіну. Сапа жүйесі аудитінің жоспарлау және әрекет ету тәртібін сипаттау

  • Код ON10

    Ұйымның өзін-өзі бағалауы, сапаны басқару бойынша әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, сыртқы және ішкі аудиттер жүргізу және кәсіпорынның жұмыс істеу міндеттерінің басқарушылық шешімдерін іске асыруда креативті және инновациялық тәсілдерді пайдалану қабілеті

  • Код ON11

    Тағам өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін, оларды өңдеу тәсілдері мен режимдерін білу, сонымен бірге шығарылатын өнімнің сапасын тексеруді; ұйым стандарттарын жасау және енгізу тәртібін ұйымдастыруды жүргізеді

  • Код ON12

    Өз бетінше зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін түсіндіру әдістерін меңгеру, берілген пәннің дамуына өзіндік үлес қосу (диссертация), өзінің ғылыми-кәсіби қызметін жүзеге асыруда өзіндік ерекшелігі мен шығармашылығын көрсету

Top