Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M07107 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) (1 жыл) в Шәкәрім университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Тез өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тез бейімделуге қабілетті тамақ және ет-сүт өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары саласында жұмыс істеу үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, сондай-ақ тұлғаның жан-жақты кәсіби және интелектуалдық дамуына қажеттіліктерін қанағаттандыру
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M103 Механика және металл өңдеу

Пәндер

  • Шет тілі (кәсіби)

    Магистратурада шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты болашақ магистрдің кәсіби іс-әрекетіндегі тілді белсенді меңгерудің дағдылары мен біліктіліктерін ары қарай дамыта отырып халықаралық стандарттары шеңберінде комминукативтік құзіретін жүйелі тереңдету болып табылады. Магистратурадағы шетел тілі курсы сабақтастық талаптарына жауап береді және үш сатылы жоғары білім буындарының бірі болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ет және сүт өнеркәсібінің прогрессивті машиналары мен аппараттары

    Пәнді оқытудың мақсаты- игерілген білімді практикалық мақсаттарда пайдалану құндылығын анықтау

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 9
  • Тағамдық шикізатты өңдеу әдістері

    Магистранттардың тамақ өндірісі саласындағы кәсіби мәселерді шешуде оңтайлы ғылыми-әдістемелік шешімдер табуын қалыптастыру үшін білімдерін шыңдау

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Биотехнологиядағы жабдықтар

    Пәнді оқытудың мақсаты- биотехнологиялық аппараттардың, құрылғылардың конструкциясын зерттеу және есептеу, өнеркәсіптік биотехнологиялық құрылғылар мен негізгі жабдықтарды жоспарлау және есептеу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сұйық біртекті емес жүйелерді бөлуге арналған техника мен технология

    Пәнді оқытудың мақсаты - сұйық біртекті емес жүйелерді бөлудегі кәсіби мәселелерді шешуде магистранттың ғылыми-әдіснамалық көзқарастарын қалыптастыру үшін қажетті білім алу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тамақ өнімдерінің реологиясы

    Пәнді оқытудың мақсаты- тамақ өнімдерінің реологиялық қасиеттері саласында білім алу, реологиялық қасиеттерін анықтау әдістерін меңгеру, реологиялық аспаптардың құрылымын зерттеу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бейньютондық сұйықтықтардың ағуы

    Магистранттардың «Бейньютондық сұйықтықтардың ағуы» жөніндегі білімдерін қалыптастыру. Осы алған білімдерін болашақ маман алдағы еңбек жолында қолдана алуы

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Менеджмент және басқару психологиясы

    «Менеджмент және басқару психологиясы» курсының мәні кәсіби бағытталған тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен ашылуындағы оның жетекші рөлімен анықталады.«Басқару психологиясы» негізгі пән болып табылады. Ол қоғамдық ғылымдар мен адамтану саласы ғылымдарының арасында маңызды рөл атқарады және мәнді орын алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тамақ өнімдерін престеу арқылы өңдеу

    Пәнді оқытудың мақсаты- магистранттарда тамақ өндірісін престеу саласындағы кәсіби мәселелерді шешуде ғылыми-әдіснамалық тәсілдерді қалыптастыру үшін қажетті білім алу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте дүниетанымдық, әлеуметтік-лингвистикалық және басқарушылық міндеттерді шешу қабілетін көрсету
  • Мамандық бойынша түпнұсқа әдебиеттерді оқиды, аударады, кейіннен алынған ақпаратты талдау және бағалау
  • Мультимәдени командаларды дағдарыстық жағдайларда коммуникацияларды жүзеге асыру, бақылау және кешенді сапа басқаруларына заманауи амалдарды қолдана отырып басқарады
  • Қазіргі заманғы ұйымдарда тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ететін модельдер мен әдістерді қолданады
  • Мал және өсімдік тектес шикізатты өңдеуге арналған техниканы талдау
  • Технологиялық жабдықтар есептерінде пайдалану үшін тамақ өнімдерінің құрылымдық-механикалық сипаттамаларын анықтайды
  • Өлшеу теориясының негізгі түсініктерін, физикалық шамалар мен өлшем бірліктерін және жалпы заңдар мен өлшеу ережелерін ажыратады
  • Сұйық біртекті емес жүйелерді бөлуге арналған технологиялық жабдықтың жіктелуі мен жұмыс принципін таниды
  • Кәсіби саладағы практикалық дағдыларды көрсетеді, зерттеу нәтижелерін қорытады, бағалайды және оларды есептер, ғылыми жарияланымдар түрінде ұсынады
  • Қазіргі заманғы жабдықтар мен аспаптарды кәсіби пайдаланады, зерттеулерде алынған нәтижелерді есептер мен ғылыми жарияланымдар түрінде сипаттайды
Top