Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01407 Кәсіптік оқыту в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім алушылардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстанның қазіргі заман тарихын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді, іскерлікті меңгеруін; Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиеленуін қамтамасыз ету; -білім алушыларды теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыруды жүзеге асыруға қабілетті, халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары; педагогикалық білім беру үдерісін басқарудың мазмұнын, формаларын, әдістері мен құралдарын жүзеге асыруға кәсіптік оқыту мамандарын даярлау; - кәсіби білімнің іргетасы ретінде педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білімді пратикалық тұрғыдан меңгеруге және ұдайы жетілдіруге, зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды (бітіру жұмыстарын) орындауға қабілетті жоғары білікті кәсіптік оқыту мамандарын даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыру.

    Несиелер - 3
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Студенттерді сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдіснамалық-теориялық білімімен қаруландырып, кәсіби тәжірибелік дағдыларды игерумен бірге білікі құзыреттілікке баулу. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізу әдістемесін меңгерумен таныстырады.

    Несиелер - 2
  • Ясауитану

    Сопылық ілімнің ерекшеліктері, Ясауидің өмірі мен ілімі, оның негізгі ұстанымдары; түркі халықтары тарихында және бүгінгі күндегі Ясауи ілімінің маңызы; Ясауидің нақыл-өсиеттері, адамның рухани-моральдық дамуына қатысты ойлары; Ясауи ілімінің қазақ дүниетанымындағы орны мен рөлі, маңызы туралы жүйелі рухани-танымдық білім беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 1)

    Түрік тіліндегі дыбыстар; қалыптасуы, артикуляциялық ерекшеліктері, сөздерде орналасу тәртібі, қызметтері және өзгерістерге ұшыраған әр түрлі жағдайы оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ата-түрік принциптері

    ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Осман империясының құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы болған Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері осы пәннің басты мазмұны. Севр келісімін қабылдамаған түрік ұлтының басшысы ретінде 1923 жылы Мұстафа Кемал мемлекетке байланысты бірнеше принциптер ұстанады, пән осы принциптерді білімгерге түсіндіруді басты негізге алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Түркі мемлекеттер тарихы пәні студенттерге өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды мақсат етеді. Түркі халықтарының көне дәуірден бүгінге дейін тарихы оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Материалдарды өңдеу технологиясы

    «Материалдарды өңдеу технологиясы» бағдарлама негізіне сәйкес оқу процесінде тігін машиналарының негізгі құрылысын, түрлерін, қол және машина тігістерінің технологиясын, қол және кесте түрлерін қамтудан тұрады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 2)

    Түрік тілінің лексикасы, сөз құрылымы, сөздердің жасалу жолдары, жалғаулары мен жұрнақ түрлері туралы мәлімет беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Материалды өңдеу практикумы

    «Материалдарды өңдеу практикумы» курсының мазмұны бағдарлама негізіне сәйкес тігін бұйымдарының қарапайым және түйінді бөлшектерін өңдеу, белдікті киімдердің бел қырларын, қалтасын, етегін өңдеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Сыни және жүйелі ойлау

    Сыни ойлау бөлімі - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жобалар және процестерді басқару

    Жобаларды басқарудың мәні және түсінігі, Жоба мақсаты. Жобалық және тұрақты қызмет: ұқсастығы және ерекшелігі. Жобаның фазалары және сатылары. Жобаны басқару қызметтері: жоспарлау, басқару, бақылау, ұйымдастыру, әкімшілік және басқа жалпы жүйелік қызметтері. Жобалардың классификациясы. Жобаны аяқтау процесі. Жобаны түзетуші іс-қимылы және тәжірибиесі. Жобаны аяқтау мерзімінің мәні және маңыздылығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еңбекті қорғау

    «Еңбекті қорғау» пәні студенттерге мамандығы бойынша еңбек қатынастарына түскен кезде, өндірісте ҚР Еңбек заңдарымен көзделген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, еңбекті қорғауды ұйымдастыруды, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылауды, қызметкерлердің еңбекті қорғау кепілдіктері, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Тұлғаның лидерлік қасиеттерінің дамуына ықпал ететін факторларды анықтап, ақпараттарды жинақтайды. Лидер болу туа біте ме, әлде тәжірибе арқасында қалыптаса ма деген сауалға жауап іздеуге тырысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тұрақты даму

    ХХ-ХХІ ғасырларда экология әлемдік өркениеттің басты жаңалығы бола отырып, кез келген қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси жұйелерін дамытуда экологиялық танымды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес болды. Сол себепті «Экология және тұрақты даму» пәнін оқыту дәстүрлі үрдіске айналды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар

    Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуын, мектеп менеджерінің іс-әрекетінің теориялық негіздерін зерттейді. Менеджменттің негізінде мектепті басқару принциптері. Мектептің тәжірибелік іс-әрекетін менежментті өндірудің тиімділігін қарастырады. Болашақ мамандарды білім берудегі менеджмент жайлы қазіргі нарықтық жағдайда сәйкес білім, білік, дағдыларымен қаруландыруды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері

    Акмеологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру, олардың әлеуметтік педагог және өзін өзі тану мұғалімінің кәсіби қалыптасуы бағытындағы теориялық білімдерді меңгеруіне ықпал ету. Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандарының әрекетін ұйымдастыру туралы білімдерін жинақтауға көмектесу. Таңдаған мамандық саласында олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәдениет және дін

    Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Дін мәдениеттің субстанциясы, ал мәдениет – діннің формасы. Діни мәдениет күрделі, кешенді құрылым болып саналады, қоғамдық жүйе ретіндегі діннің барлық аспектілері әлеуметтік-мәдени салада көрінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Педагогикалық мамандық және оның ерекшеліктері. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогиканың аксиологиялық негіздері. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Зерттеу мәдениетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тігін өнімдерін өңдеу технологиясы

    «Тігін өнімдерін өңдеу технологиясы» пәнін оқыту мақсаты студенттерге адам тұлғасының пропорциялық өлшемін алу, тігін машинасында жұмыс жасауда желет пен шалбардың модельдерін өңдеуде сыртқы түрін, астарлық өңірді өңдеу және оларды өңірастылықтармен біріктіру жолдарын уйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Латын графикасы және орфография

    Графика - жазуда қолданылатын таңбалардың жиынтығы, орфография – біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесі. «Латын графикасы және орфография» пәні латын негізді орфографияны үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері

    Құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. Оқу курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет

    Студент кәсіпкерлік негіздерін игеріп, тарихы мен қызметі, кәсіпкерліктің даму кезеңдерін, кәсіпкерлікке байланысты құқықтық нормативтік құжаттармен танысады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәңгілік Ел

    «Мәңгілік Ел» пәнінің іргелі мәселесі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұлттық бағдарлама мәртебесіне дейін көтеріп, жаңартылатын әлемдегі ұғымдардың, қағидалардың және ұстанымдардың мән-мағынасын нақтылайды, әртүрлі көзқарастардың ауқымын қоғамдық сұранысқа орай үйлестіре отырып қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы

    Психология ғылымының жалпы курсының әлеуметтік психология мен тіл психологиясында қарым-қатынас психологиясы деп аталатын арнайы саланың негізгі түсініктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсында адамды төтенше жағдайлар кезінде қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы

    «Психикалық денсаулық және суицид превенциясы» курсының мазмұны психологиялық денсаулық көрсеткіші болып табылатын жекелеген қасиеттердің балалардағы даму ерекшеліктері, қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау. Психологиялық денсаулық балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік және өндіріс негіздері

    Кәсіпкерлік пен өндіріс негіздері курсы нарықтық экономика жағдайында кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел, бизнес жоспардың құрылымы, мазмұны және өндіріс негіздері жөніндегі білім қоғамдық өндірісте адам және техника функцияларының бірінен-біріне ауысуы туралы кеңінен түсінігі болуы қажет.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Білімгерлерді кәсіпке баулиды, бағыт-бағдар береді. Ғаламтор мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдана отырып, халықаралық бизнес мектептердің тәжірбиесіне сүйеніп бизнес кейспен, ойын түрінде кәсіпкерлік ойлауды дамытады. Білімгерлер әлемдегі кәсіпкерлік, стартап мәдениет, заманауи стартап мәдениеті, кәсіпкерлік пен инновацияның жаңа тенденциялары, салық, директор басқа да компания құрылымы және оның жұмысын танысады және кәсіпкерліктегі бәсекелестік орта туралы біледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

    Қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Материалмен жұмыс

    Әр түрлі материалда жұмыс жасауды қалыптастыру. Сән функцияларының құрылымы. Киім түрлерінің әртүрлі стильдерде бөлінуі. Киім даярлауда түстердің бір-бірімен түстік үйлесімділігі. Тоқыма материалдарының фактурасы. Маталардың беттері. Маталардың суреттері. Әртүрлі стильдерде киімдер даярлау, оның технологиялық картасын құрастыру,материалдарды өңдеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өзін-өзі тану

    Өзін-өзі тану пәні болашақ мұғалімдерінің педагогикалық және психологиялық қарым-қатынас компонентерін қалыптастырып жетілдіреді. Білім беру арқылы рухани-әдептілік құндылықтар жүйесін дамытады. Өзін тұлға және болашақ маман ретінде тануға мүмкіндік береді. өзінің өмірлік позициясын анықтауға көмектеседі және болашақ рухани денсаулық бетбұрысына бағытталған көзқарасын калыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тігін бұйымдарын автоматты жобалау

    Тігін бұйымдарын автоматты жобалау жүйесін құру негіздері. Тігін өндірісіндегі автоматты жобалау жүйесіне жалпы сипаттама. Тігін өндірісінде АЖЖ құрудың алғы шарттары. Киім өндірудегі компьютерлік технологияның рөлі. Киімнің импрессивті тәсілін АЖЖ арқылы бейнелеу. Ақпараттық негізде басқарылатын тігін машиналары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Киімді конструкциялау және модельдеу

    Киім туралы жалпы түсінік: ассортимент, талаптар, функциялары; денені өлшеу әдістері мен тәсілдері, қонымдылыққа берілетін қосымшалар; конструкциялау жүйелері, киімнің базалық коснтрукцияларының сызбасын тұрғызу, пішіндерді даярлау және олардың градациясы; сән журналдары бойынша дайын пішімдермен жұмыс, ақаулар және оларды жою әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектептегі сәндеу ісі

    « Мектептегі сәндеу ісі» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Қолөнер үлгілерін әзірлеу, көркем өнер туындыларының жасалыну ерекшеліктері. Киіз үйдің ішкі жабдықтары, тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жасау барысы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік оқыту пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі

    Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздері. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесі. Педагогикалық зерттеу бағыты және оны таңдау. Ғылыми ақпаратты іздестіру, жинақтау және өндеу. Педагогикалық эксперимент және эксперимент нәтижелерін өндеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Костюм тарихы

    Ежелгі Шығыс халықтарының киім үлгілерінің түрлері және түстік ерекшеліктері. Антикалық әлем, Орта ғасыр кезеңіндегі еуропалық, Қайта өрлеу кезеңіндегі еуропалық костюмдеріндегі қалыптасқан стильдік бағыттар. Қазақтың ұлттық киімдері түрлері мен түстік шешімдері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері мазмұны мен түсінігін білуге, қоғамға қауіпті дәрежесін айыра білуге және олардың алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Этнопедагогика

    Этнопедагогиканың теориялық негіздері. Халықтың педагогикалық көзқарастары мен этнопедагогика. Халықтың педагогиканың этникалық компоненті. Халық педагогикасындағы идеал тұлғаның бейнесі. Халықтың тәрбиелеу құралдарының көптігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Үй мәдениеті және тұрмыстық техника

    «Үй мәдениеті және тұрмыстық техника» пәнінде қыз балаға тән ұлттық мәдениет үлгілері және этностық мәдениетке баулуға бағдарланған оқу-тәрбие ісі жұмыстарының мазмұнында технология пәнінде аспаздық жұмыстар технологиясы, қолөнері мен үй мәдениеті тақырыбына қатысты оқу материалдары мен іс-әрекеттер туралы мәліметтер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кілем және гобелен тоқу технологиясы

    Қазақ халықтарының сәндiк-қолданбалы өнерiнiң дәстүрлi кiлем тоқу өнерi. Қазақстандағы қолдан кiлем тоқудың тарихи шолу. Кiлем кәсiпшiлiгi пайда болуының табиғи географиялық және экономикалық салдарлары. Түктi кiлем түрлерi. Кiлем тоқу технологиясымен тоқылған бұйымдарының топтастырылуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тоқыма материалдарды және теріні көркемдеп өңдеу

    Тоқыма материалдардың және былғарының түрлері. Қазақстан жеріндегі тері өңдеу. материалдарды және былғарыны қөркем өңдеу түрлері. Тоқыма материалдарды және былғарыны қөркем өңдеу әдістері (макраме, қол және машина кестелері, аппликация және т.б. техникалары).

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби педагогика

    Кәсіптік оқыту мамандығы түлектерін дайындауда «Кәсіби педагогика» пәнінің ролі зор. Өтілетін курс бойынша жеке адамды қалыптастыруда оқу-тәрбие жұмыстарының әдіс-тәсілдері мен формаларын ғылыми тұрғыдан қалыптастырудың жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби психология

    Кәсіптік оқыту мамандығы түлектерін дайындауда «Кәсіби психология» пәнінің ролі зор. Өтілетін курс бойынша жеке адамды қалыптастыруда олардың мінез құлқын психологиялық тұрғыдан қалыптастырудың жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент

    Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуын, мектеп менеджерінің іс-әрекетінің теориялық негіздерін зерттейді. Менежменттің негізінде мектепті басқару принциптері. Мектептің тәжірибелік іс-әрекетін менежментті өндірудің тиімділігін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мектепте ауылшаруашылық пәнін оқыту технологиясы

    Пәннің оқыту бағдарламасында ауыл шаруашылығы салаларын ұйымдастырудың жалпы мәселелері, мал азығын дайындау және сақтау, топырақтану және егіншілік негіздері, топырақты негізгі және тұқым себу алдында өңдеу технологиясы, дәнді дақылдарды өсіру технологиясы мен жинауға арналған ауылшаруашылық техникалары бойынша материалдар беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз білім алуға ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып оқу-тәрбие процесің ұйымдастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Өндіріс техникасы және технология негіздері

    Пәннің мақсаты болашақ мамандарды қазіргі замандағы өндіріс саласы және өндіріс саласының технологиялары туралы, өндіріс саласында атқаратын адам еңбектері, өндіріс саласының негізгі шикізат өнімдерін дайындаудың технологиясымен таныс етіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Оқу қызметіндегі педагогикалық өлшеу және бағалау пәні жоғары оқу орны студенттеріне білім беру квалиметриясының теориялық негіздерін, дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін, оқуды меңгерудегі табыстарын, білім нәтижесін, оған қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерімен байланыстыра отырып қарастырады және білім беру жүйесінің әр деңгейінде білім алушылар даярлығының сапасы туралы объективті ақпарат беруді қамтамасыз етуді көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сәндік қолданбалы өнер

    «Сәндік қолданбалы өнер» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Сәндік қолданбалы өнер жөнінде жалпы мәліметтер. Қазақтың ою-өрнек композициясын құрастыру ерекшеліктері. Ұлттық нақышта сыйлықтық бұйымдар әзірлеу және басқада шығармашылық тапсырмалар орындау барысы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Технология пәні мұғалімінің педагогикалық шеберлігі

    Педагогикалық шеберлік және оның тәрбиедегі мәні. Педаго- гикалық техника педагогикалық шеберлік элементі ретінде. Мұға- лімнің іс-әрекет шеңберіндегі ролі. Педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі. Мұғалімнің оқу-тәрбие процесін басқарудағы шеберлігі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіптік бағдар беру

    Кәсіби бағдар берудің мазмұны, формалары мен принциптері, бастауыш, орта сынып, жоғары сыныпта, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін кәсіптік бағдар мазмұны ашып.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы

    Тігін бұйымдарының конструкциялық материалдары жайында, оның ішінде: талшықтардың жіктелінуі, алыну жолдары, қасиеттері,мата ассортименттері,жасанды былғары, жылытқыш материалдарға жататын жасанды мех, қосарланған материалдар, үлпектік материалдар, тігін жіптері, сәндік және төсемдік материалдардың түрлері, талшықтық құрамы, қасиеттері, қолданылуы жайындағы теориялық мәліметтер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Технология пәнін оқыту әдістемесі

    Пәнді оқыту барысында технология пәнін оқыту формаларымен әдіс-тәсілдерімен таныс етіп, бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға қажетті білім, іскерлік және дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру

    Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне «Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру» пәні жаңадан енгізілген үлгі оқу бағдарламасы бойынша қазақстандық мектептердің 12 жылдық білім беру жағдайына көшуіне орай білім беру мазмұнын қайта жаңғыртуға байланысты оқу үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен құралдарын жетілдіру мақсатында өтіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Кәсіптік оқыту әдістемесі

    «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Оқытушыларды дайындау ерекшеліктері, педагогикалық білім берудің мазмұнын жетілдіру, кәсіптік пәндерді оқыту формасымен, әдіс-тәсілдерімен, принциптерімен таныстыра отырып, олардың кәсіби шеберлігін арттыру мәселесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем еңбек технологиясының теориясы мен практикасы

    Білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес көркем еңбек технологиясының теориясы мен практикасы пәнінің мақсаты – еңбек іс-әрекеті арқылы білімгерлердіңжеке тұлғасын шығармашылық қабілетін дамыту деп айқындалады. Оқушылардың технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні ретінде жаңа сипаттамаға ие болады. «Көркем еңбек технологиясы» бөлімінде қолданбалы қолөнер негізінде бұйымдарды жасап безендіреді. Бұйымдарды көркемдеп безендіру үшін ою өрнек үлгілерін қолдана отырып, эстетикалық жүйеде, безендіруге, әшекейлеуге үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тігін материалдарын көркем сәндеу

    «Тігін материалдарын көркем сәндеу» пәнін оқыту мақсаты Киімдегі ритмдік заңдылықтарымен таныстыру. Киімді сәндеп тігуде түр-түстеріне жалпы түсінік беру. Әйел киімін көркем жобалау ерекшеліктері мен жұмыс жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Оқу шеберханасының практикумы

    Оқу шеберханасының практикумы пән бойынша оқу үрдісін үйымдастыруды оқу материалдық базасына сай студенттерге медициналық киім түрлерін (чепчик, шалбар, футболка) тігуден тұрады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Көркем шығармашылық негіздері

    Көркем шығармашылық негіздерін оқыту барысында студенттердің эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеттіліктерінің қалыптасуы, оқушыларды шығармашылық еңбекке тарту, оқушыларды еңбек обектілерін үлгілеу мен макеттеуге оқыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Оқушыларды кәсіпке дайындау жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары

    Пән бағдарламасының мазмұны жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін пәндерді оқытудың жаңа технологияларымен байланыстырып өтудің әдістемелік жолдарын оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кесте току өнері

    Қазақ халықының кесте тоқу өнерi. Қазақстандағы кесте тоқу тарихина шолу. Кесте түрлерi. Кесте тоқу технологиясының ерекшеліктері. Кесте тоқуда қолданылатын жіп пен құрал жабдықтар. Кесте тоқуда қолданылатын ою-өрнектер.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік оқытудың заманауи технологиялары

    Пән бағдарламасының мазмұны жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін пәндерді оқытудың жаңа технологияларымен байланыстырып өтудің әдістемелік жолдарын оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мектептегі қолөнер ісі

    Оқу үрдісін ұйымдастырудың білім беру және материалдық-техникалық базасына сәйкес пайдаланылатын материалдар, (гафри, стикер қағаздарынан) гүлдер жасау технологиясын үйрету

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпке бағдарлаудың теориясы мен әдістемесі

    Кәсіби бағдар берудің мазмұны, формалары мен принциптері, бастауыш, орта сынып, жоғары сыныпта, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін кәсіптік бағдар мазмұны ашылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Техникалық сызу және перспектива

    Пәннің оқыту бағдарламасында техникалық сызбалардағы кескіндер, геометриялық денелердің проекциялары, механикалық берілістерді кескіндеу және белгілеу, бұйымдардың құрастырылған сызбалары және суреттің техникасы - перспектива туралы материалдар беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Композиция және бұйым дизайны

    Қазіргі кезең сән және киім стиліне, сұлба және қазіргі киімнің сәнді бағыттарына сипаттама. Костюм композициясы заңдылықтары мен принциптері. Түстік гамма. Сәндік элементтер. Әлемдік және отандық дизайнерлер. Қазақстандық сәнгерлердің авторлық киім топтамалары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тағам дайындау технологиясы

    Дұрыс тамақтану негіздері. Көкөністерді кесу түрлері. Механикалық және жылулық өңдеу түрлері. Жартылай фабрикаттар дайындау. Ұннан жасалатын тағамдар

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тігін технологиясы негіздері

    Тігін технологиясы негіздері пәні бойынша конструкциялық ойлау қабілетін дамытып, бұйымдардың сызбасын сызуға қажетті өлшемдерді алуға, сызбаны есептеп құрастыруға, оларды тәжірибеде қолдану

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тоқыма бұйымдарын көркем безендіру негіздері

    Тоқыма бұйымдарды көркем безендіру түрлері. Тоқыма материалдарды қөркем өңдеу, безендіру түрлері. Тоқыма материалдарды қөркем өңдеу әдістері (макраме, қол және машина кестелері, аппликация және т.б. техникалары).

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейнелеу сауаттылығы

    «Бейнелеу сауаттылығы» пәні эстетикалық білімнің негізін құрайды. Осы пәнді оқып, үйрену арқылы студенттерге өмір мен өнердегі әсемдігін эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы тани білуге көмектесу. Дүние жүзі мен ұлттық бейнелеу өнерінің мысалында көркемдік талғамын қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Оқушылардың техникалық шығармашылығы

    «Оқушылардың техникалық шығармашылығы» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Өндірістегі ғылыми-техникалық шығармашылық, ғылыми-техникалық шығармашылықтағы жастардың қатынасу формалары, негізгі бағыттары және ерекшеліктері туралы қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бұйым бетін әшекейлеу

    Мамандықтың болашақ мамандарына бұйым беттерін әшекейлеу жұмыстарының қырсырын теориялық-практикалық білімдермен қаруландыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлттық тағамдарды дайындау технологиясы

    Дұрыс тамақтану негіздері. Қазақтың ұлттық тағамдары, олардың денсаулыққа әсері, дайындау технологиясы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Білімін қолдану: -білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады
  • Ақпаратты сыни ойлау арқылы басқару: - ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін жазып көрсетед; - конструктивті ойлайды, өзінің көзқарасын идеяларға жүгіну негізінде дәлелдейді; - өзіндік тұжырым қалыптастыру үшін әртүрлі көзқарастарды мақсатты түрде зерттейді;
  • Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану: - заманауи ақпараттық технология түрлерін қолдануды жазып көрсетеді; - АКТ құралдарын өзінің кәсіби іс-әрекетіне сәйкес дәлдікпен басқарады; - АКТ құралдарын қолдануда ұқыптылық қатынаста болуды түсінеді және көрсетеді;
  • Өзін-өзі дамыту: - кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады;
  • Өзін-өзі ұйымдастыру: - өз уақытын тиімді ұйымдастырады, пайдаланады; - өзінің әрекетінде жауапкершілікті сезінеді, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытады;
  • Топта жұмыс жасау: - командада өз ойын нақты жеткізеді, жаңа шешімдерді нәтижеге сәйкес ұсынады; - топта жұмыс істеуге қабілетті, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра біледі, қақтығыстарды шешуде өз көзқарасы мен идеалдарын жақтауда жоғары сенім көрсетеді;
  • Этика және құндылықтар: - қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды түсіндіреді; - кәсіптік қызметінде дәлдікпен қолданады; - өзге халықтардың мәдениетіне толерантты;
  • Қоғам және кәсіби ортада коммуникативті дағдыларды қолдану: - ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты түрде білім беру мақсаттарында қолданады; - конструкциялық диалог ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын нұсқауларға сәйкес жүзеге асырады; - көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты;
  • Педагогикалық әдіснама: - педагогикалық процестің ерекшеліктерін біледі; - оқу-тәрбие үдерісін жоспарлай алады; - білім беру барысында заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады;
  • Кәсіби маманның педагогикалық шеберлігі: - жаңашылдыққа қабілетті болады; - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылады; - ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білуге қабілетті;
  • Өндірістік – оқыту қызметін ұйымдастыру: - оқыту шеберханаларында технологиялық процестерді бақылауға үйренеді; - өндіріс негіздерін ұйымдастыруға қабілеттілігін көрсетеді;
Top