Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Математиканың бастауыш курс негіздері
    Несиелер: 4

    Математиканың негіздері пәні, міндеттері, ұстанымдары және әдістері. Математика – құрылымдар, кеңістіктік формалар және сандық қатынастар, логикалық конструкциялар туралы ғылым. Математикалық теорияның: жиындардың, графтар мен комбинаториканың, ықтималдықтар мен математикалық статистиканың, логика мен сәйкестіктердің, алгоритмдердің элементтері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Пән балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты: болашақ педагогтардың педагогикалық мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын түсінуіне және педагогикалық қызмет саласында тұлғалық және кәсіби өсу стратегиясын қалыптастыруға ықпал ету. Курстың мазмұны педагогтың теориялық дайындығының мағыналық өзегін құрайтын білім жүйесін алуды және болашақ маманның стратегиялық кәсіби бағдарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттердің бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі туралы түсінігін қалыптастыру. Пәнді оқыту нәтижесінде білімгерлер оқушыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалар, принциптерді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ (орыс) тілі негіздері
    Несиелер: 3

    Қазақ тілі негіздерінің пәні, міндеттері, ұстанымдары және әдістері. Тіл және сөйлеу. Тілдің әлеуметтік рөлі, оның атқаратын қызметі және мәртебесі. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Қазақ тілі лексикологиясы және сөзжасамы. Қазақ тілі морфологиясы және синтаксис. Пунктуация. Бастауыш мектеп қазақ тілі курсының негізін құрайтын лингвистикалық ұғымдар және олармен жүргізілетін әрекет әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш білім педагогикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: пәнді оқу барысында студенттер педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздерімен, негізгі педагогикалық түсініктер және педагогиканың құрылымын, оқушы тұлғасын қалыптастырудың біртұтас үдеріс ретінде оқыту мен тәрбиенің негізгі теорияларық қағидаттарымен, таныстырылып, балалардың жас және дара ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан талдап меңгереді. Сондай-ақ педагогика ғылымының маңызды саласы – дидактика - оқыту теориясының негізгі мәселелерін, оқыту үдерісінің заңдылықтары мен прициптері, білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формалары, білімді бақылау, тексеру және бағалау туралы қазіргі заманғы білім парагдималарын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру жағдайында оқытуды өнімді ету технологиясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: студенттердің жаңартылған білім беру жағдайында оқытуды өнімде ету факторлары туралы түсінігін қалыптастыру. Пән оқыту мазмұны, ұйымдастыру-педагогикалық ықпал, оқушы мүмкіндігі және уақыт факторларынегізінде оқытуды өнімді ету технологиясын оқытуға бағытталған.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер оқыту факторлары мен шарттарын, оларды өнімді етудің технологиясын талдауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сауат ашуды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: студенттердің сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері, сауат ашу әдістемесінің заңдылықтары мен принциптері туралы түсінігін қалыптастыру. Пән оқыту мазмұны сауат ашу әдістемесінің психологиялық және лингвистикалық негіздері, оқу және жазу үдерістерінің психофизиологиялық сипаттамасына бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер сауат ашу әдістері мен формаларын, сабақтардың типтері мен түрлерін,оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттер бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің ғылыми негіздерін меңгереді. Пәнді оқыту нәтижесінде тәрбие жұмысының негізгі ұғымдарын, сынып ұжымы мен бастауыш мектеп оқушыларын диагностикалық зерттеу әдістерін, тәрбие жұмысының жоспарын құру және ұйымдастыру іскерлігін және тәрбиелік шаралардың нәтижелерін талдау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бастауыш мектепте инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пән студенттерде инклюзивті білім берудің ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері туралы түсінік қалыптастыруды мақсат етеді. Пәннің мазмұны инклюзивті білім берудің Қазақстанда және шет елдерде даму тенденцияларын зерделеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер инклюзивті білім беру кеңістігінде арнайы қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелерін, инклюзивті білім беруді мектепте жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі білім беру технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты:студенттерге оқытудың жаңа технологияларын білу мен оларды оқу- тәрбие үдерісінде қолдана білуге даярлау туралы түсінік қалыптастыру. Пән оқыту мазмұны педагогикалық технологияны құраушылардың сипатты ерекшеліктерін игеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер заманауи педагогикалық технологияларды танып біледі және оларды практикада қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім беру бағдарламалары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің білім беру бағдарламаларының олардың педагогикалық жүйе құраушыларынан жинақталатыны туралы түсінік қалыптастыру. Пән оқыту мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері мен ұйымдастыру формалары және нәтижелерін оқытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студентер білім беру бағдарламасы - дидактика негіздерін, оқыту ерекшеліктерін талдауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ педагогтарда адамның психикалық денсаулығы туралы тұтас түсінік қалыптастыру; психикалық денсаулықтың алдын алу және суицидтің алдын алу әдістері мен негізгі бағыттарын анықтау. Адамның психикалық денсаулығын анықтайтын негізгі факторлармен таныстыру. Болашақ педагогтарда психикалық денсаулықтың алдын алу және суицидтің алдын алу бойынша білім жүйесін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сабақты жоспарлау, өткізу және талдау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнннің мақсаты: оқытудың модельдері мен оқытудың ұйымдастыру нысандарын, сабақтарды ұйымдастыруды меңгерту.Оқытудың нәтижесінде сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау, соған сәйкес оқытудың түрі мен әдісін таңдай біледі, педагогикалық өлшемдер мен бағалауды жүзеге асыруды теориялық және практикалық тұрғыдан ұйымдастыра біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогикалық технология және инновация
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің жаңа технологияларды қолдану барысында ой-өрісі дамып, білім, білік дағдылары мен шеберліктері қалыптасады. Алған білімін өз тәжірибесінде қолдана алып, ой дербестігі кеңейіп, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасы қалыптасады. Жаңарған оқыту құрылымының ұйымдастырылуы студенттердің қызығушылықтары мен қабілеттерін арттырып, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асыра алуына дағдыландырады жәнебелгілі бір педагогикалық технологиялар бойынша педагогикалық үдерісті анықтау дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- Білім берудегі цифрлық технологияларды пайдаланып, болашақ педагогтың оқытуды ұйымдастыруы, цифрлық білім беру контенттерін құру және кәсіби педагогикалық ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру құзыреттіліктерін жетілдіру болып табылады. Оқытуда цифрлық білім беру қорларын пайдалану сабақтың көрнекілік, ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық форматтағы оқу-әдістемелік материалдар сабақтың түрлі кезеңдерінде пайдалануға, қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық-әдістемелік даярлығын, пән бойынша оқу-тәрбие әдістемесі процесін ұйымдастыруға қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқытудың нәтижесінде пәнді оқытуды ұйымдастыру формаларын, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра алады. Пәнді оқытуда ұғым және түрлері, дүниетану оқу пәні мазмұнын және оны оқыту технологиясын, әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Критериалды бағалау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттердің бағалау және оқытуды критериалды бағалау технологиялары, олардың ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру. Пән критериалды бағалау жүйесін, қалыптастыруды және жинақтаудың бағалауды өткізу тәртібін, баға қою механизмін оқытуға бағытталады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер критериалды бағалауды талдауды және бағалау критерийлерін әзірлеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттердің білім беру сапасын бағалау әдістемесі, сапаға бағалауды жүргізудің іс-шаралары, бағалау барысында іс-шараларды реттейтін нормативтік құжаттар туралы білімін қалыптастырады. Студенттер жалпы білім беруді басқару сапасын анықтау, білім беру үдерісін басқару, білім беру үдерісін жүзеге асыру, білім беру үдерісінің нәтижелерінің және жалпы білім беру үдерісінің функционалдық сапасын анықтау дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттердің оқытуды бағалаудың өлшемдік технологиялары мен ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Пән бағалаудың өлшемдік технологияларының ғылыми-педагогикалық негіздерін, бағалау түрлері мен оқушылардың оқу нәтижелерін бағалауды жоспарлау технологиясын оқытуға бағытталады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлерін талдау мен әзірлеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім беру тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін білім беру тарихы туралы жан-жақты біліммен қаруландыру, жоғары кәсіби педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыра отырып, педагогикалық ойлауы мен көзқарасы туралы түсінігін қалыптастыру. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер педагогикалық ойлар мен көзқарастардың теориялық тұрғыда қалыптасуы мен жетілуін және сан ғасырлық тағылымы мен тәлімін, тарихи-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс істеуде заманауи акпараттық технологияларды қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық тапсырмаларды құрастыру технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің педагогикалық тесттік тапсырмалар және олардың түрлерін әзірлеу туралы түсініктерін қалыптастыру. Пән педагогикалық тесттер, тесттік тапсырмалар, әртүрлі формадағы тесттерді әзірлеу технологиясын оқытуға бағытталады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер педагогикалық тесттік тапсырмаларды құрастыру технологиясын талдайды және тесттік тапсырмаларды мақсатқа сәйкес сауатты әзірлеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістері
    Несиелер: 5

    Студенттердің әртүрлі ақпарат көздерінен мәліметтерді табу, өңдеу, талдау және пайдалануға, дербес жұмыс жасауға, алған білімін іс-тәжірибеде қолдануға, мәселені анықтауға, тұжырымдауға, шешуге қабілеттілігі және зерттеу әрекетіне кәсіби қызығушылығы қалыптасады. Студенттер зерттеу жұмысы, оның түрлері, жүргізілу әдістемесі, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми баяндамалар құру, эмпирикалық зерттеу әдістерін меңгеріп, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаратылыстануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Студенттер бастауыш сынып оқушыларына табиғаттану, қоғамтану және адамтануға қатысты түсініктері мен ұғымдарын қалыптастырудың және дамытудың әдістемесін меңгереді. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері - жаратылыстану пәнінен сабақ берудің теориялары мен әдістемесін және оқыту технологияларын үйренеді. Жаратылыстану циклдерінен алған білімдерін пайдалана отырып болашақ мұғалімдердің білім мен білік дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: бұл пәнді оқу барысында студент білім берудегі менеджмент пәні және оның қазіргі заманғы міндеттерімен, менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, пәннің ұғымдық аппараттарымен, ғылыми менеджмент мектептері туралы білім көздерімен танысады. Сонымен қатар, білім беру жүйелерін басқару, мектепішілік менеджмент, басқару қағидалары және стратегиясы,сапа менеджменті жүйесі, педагогикалық кадрларды аттестациялау және біліктілігін арттыру мәселелерімен жете танысып, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қатынастар, ұжымдағы түсініспеушіліктердің шешу жолдарын меңгеріп үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Этнопедагогика
    Несиелер: 3

    жалпы кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру,этнопедагогика негіздерін меңгеру арқылы студенттердің педагогикалық мәдениетін тәрбиелеу. Курс ұлттық тәрбие негіздерін, тіл мәдениетін, этикасын сақтауға, халықтың салт-дәстүрлерімен негізделген негізгі этнопедагогикалық ұғымдарды меңгеруге, этникааралық толеранттылыққа, мәдениетке, тілге, өз және басқа халықтардың тарихына құрметпен қарауға, ауызша халық шығармашылығының үлгілері, ҚР халықтарының тұрмысы мен мәдениеті туралы білім алуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикадағы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерде бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту барысында туындайтын оқу-тəрбиелік міндеттерді кəсіби деңгейде шешу үшін қажетті құзырлылықпен қаруландыру. Пәннің мазмұны математиканы оқыту әдістемесінің сипаттамасын, математикалық ұғымдарды және әрекет-тәсілдерін оқытып-үйрету әдістемесін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білім алушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды; қазіргі математика сабақтарының типтері және құрылымын талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Риторика
    Несиелер: 3

    Қазақ жырауларының шешендік өнері, шешендік өнер әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады. Риторика және сөз мәдениетін, коммуникациялық риториканың ерекшелігін біледі. Оқытудың нәтижесінде сөздің формалары және жанрларын, сөз сөйлеу қызметін қолданады. Ауызша шешен сөйлеу табиғатын, сөз сөйлеуге дайындалу, пікірталастар түрлерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби этика
    Несиелер: 3

    Пән болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қазіргі заманғы бастауыш мектепте туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шешу үшін қажет болатын құзырлылықпен қаруландыруды мақсат етеді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер кәсіби мораль және этика категориялары, педагогикалық мәдениеттің компоненттерін талдауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерді болашақ мұғалімдерді сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі мен технологиясын кәсіби-педагогикалық тұрғыда меңгертіп, білікті маман ретінде қалыптастыру. Пән оқыту мазмұны болашақ бастауыш сынып мұғалімінің мектептерде сыныптан тыс тәрбие үдерісінің жетекші мәселелерін ғылыми түсінуіне бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде заманауи диагностикалық әдістерді (іскерліктерін) нұсқауларға сәйкес жүзеге асыруды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауыш сыныптарда дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: пән аясында студент бастауыш сыныптардағы дене мәдениеті теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздерін,дене тәрбиесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, дене тәрбиесі сабағын құрудың ерекшеліктерін, дене қасиетін тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс дағдыларын үйрету әдістемесін,дене шынықтыру құралдары және сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстары туралы білімді толық меңгеріп, денсаулығында ақауы бар оқушылармен дене тәрбиесін жүргізудің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде әдебиет саласы бойынша теориялық білімді, бастауыш мектепте әдебиеттік оқуды жүргізудің әдістемесін игерту мақсатын көздейді. Пәннің мазмұны «Әдебиеттік оқу» сабақтарының маңызы мен міндеттерін, оқушыларды түсініп және мәнерлеп оқуға үйрету, бастауыш сыныптарда көркем шығармамен жұмыс істеу әдістемесін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер қазіргі заман әдебиеттік оқу сабақтарының типтері, түрлері және құрылымын талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің мектеп жасындағы балаларға арналған саласын меңгеруді қалыптастырады.Пән бастауыш сынып оқушыларына оқылатын ертегілерге, мақал-мәтелдерге, жаңылтпаштарға, әңгімелерге деген құштарлығын қалыптастыруға бағытталған.Пәнді оқыту нәтижесінде балалар халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті шығармаларымен танысып,көркем әдебиетке қызығушылығын арттырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауыш сыныптарда музыкалық өнер теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттерге болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің музыкаға және мектептегі музыкалық-педагогикалық жұмыстарға қызығушылығытуралы түсінік қалыптастыру. Пән оқыту мазмұны музыканың мәні мен ерекшеліктерін, оның әлеуметтік рөлін ашып көрсетуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер топпен жұмыс жасауда белсенділік көрсетуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерді көркем еңбекті оқыту әдістемесі пәні бойынша ғылыми- теориялық және тәжірибелік білім мен кәсіби құзіреттіліктері туралы түсінігін қалыптастыру. Пәнді оқыту мазмұны, бастауыш мектеп жүйесіндегі бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдарын, балаларды дамыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын, қолөнер еңбегі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мазмұнын мен қағидалары, әдістері мен фомалары туралы дағдылары қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты туралы түсінік қалыптастыру. Пән оқыту мазмұны жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер өзін-өзі тану пәнін оқыту бойынша ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауыш сыныптарда қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің нысаны, пәні, міндеттері және зерттеу әдістерін қарастырады. Оқытудың нәтижесінде бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту мазмұнын, оқыту заңдылықтарын зерттейді, ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауыш сыныптарда «АКТ» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: ақпараттық білімдер мен іскерліктер туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мұғалімді ақпараттық ортада кәсіби іс-әрекетке дайындау. Курстың мазмұны бастауыш сыныптарға арналған «АКТ» пәні бойынша бағдарламалық-әдістемелік кешендердің тізімін; негізгі мазмұндық желілерін жүзеге асыру әдістемесін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер бастауыш мектеп үшін компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу әдістемесін; сабақты жоспарлауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерде мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жұмысының әдістемесі мен технологиясы туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқыту мазмұны кәсіби-педагогикалық тұрғыда білікті маман дайындауға бағытталған. Пәнді оқытуда студент болашақ бастауыш сынып мұғалімінің мектептерде мәдени іс-шара ұйымдастыруының тәрбие үдерісінің жетекші мәселелерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дамытушы сипаттағы сабақтарды ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Студенттер теория жүзінде алған білімдерін және білім беу мен тәрбиелеуде нақты бір міндеттерді болашақ мұғалім ретінде шешуді меңгереді.Педагогикалық технологияларды сабақ барысында тиімді жолдарын және педагогикалық бағыттағы ойлау жүйесін қалыптастырады.Тәрбие және білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерімен,сондай-ақ оқушылар ұжымымен және жеке баламен жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бастауыш білім берудегі педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде оқыту мен тәрбиелеу өнерін үнемі жетілдіру қажеттілігін, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық техниканың негіздерін меңгеруге ықпал ететін білім, білік, дағды қалыптастыруды мақсат етеді. Пәнді оқу нәтижесінде студент педагогикалық шеберліктің барлық элементтерін кешенді және тиімді пайдалану негізінде кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және өткізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттер бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілінің грамматикасын, фонетикасын, стилистикасын және оны практикада қолдану әдістемесін меңгереді. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері ағылшын тілі пәнінен сабақ берудің теориясымен әдістемесін және оқыту технологияларын үйренеді. Алған білімдері негізінде студенттерде білім мен білік, дағдылар қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне шағын жинақты бастауыш мектептерде бір мезгілде бірнеше сыныпта сабақ берудің тиімді формаларын, әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Пәнді оқыту мазмұны, шағын жинақты мектептерде күнтізбе, сабақ жоспарлары және сабақ кестелерінің құрылымдық ерекшеліктері сонымен қатар, әр сыныппен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлерін жоспарлау мен талдауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Даярлық топтарындағы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін (сауат ашу,ана тілін, грамматиканы) оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту білімммен қаруландырып, оқу-тәрбие үдерісін нәтижелі ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру. Пән мазмұны - білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастырып, құзыреттерге сәйкес кәсіби дайындығын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер даярлық топтарындағы оқыту әдістемесі бойынша теориялық білімдермен қаруланады, осы пәнді оқытудың әдістері, дене тәрбиесінің құралдары мен ұйымдастыру формаларын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Педагогикалық өлшеу құралдарын әзірлеу технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің оқу пәні бойынша оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтауға арналған бақылаутапсырмалары, формалары мен тәсілдері туралы түсінігін қалыптастыру. Пән бағалау құралдары:коллоквиум, тесттік,түрлі деңгейдегі тапсырмалар, реферат, конспект, аннотация, портфолио, курстық жұмыс, емтихантапсырмаларын әзірлеу технологиясын оқытуға бағытталады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер педагогикалық өлшеу құралдарын талдауды және әзірлеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық салыстырмалы зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    TİMSS, PISA және басқа да халықаралық салыстырмалы зерттеу бағдарламасының нәтижеге бағытталған тапсырмаларын құрастырудың әдіс-тәсілдерін, тұжырымдамалық негізін, оларды зерттеудердің ерекшеліктерін студенттерге меңгерту болып табылады. Курсты оқу нәтижесінде студенттер халықаралық зерттеулер нәтижесінде оқушылардың сауаттылығын дамытудың әдістемелік тәсілдерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары
    Несиелер: 5

    Пән болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қосымша білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Пән қосымша білім беру ұйымдарының тарихи даму кезеңдерін, қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының түрін, мазмұнын, формаларын, әдістерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер баланың әртүрлі жоспарлы дамуын, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, қабілеттіліктерін талдауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қазіргі тіл ғылымындағы көптеген теорияларды жүйелеп,ғылыми білімдер жүйесін игеруге,олардың әдіснамалық негіздерін тануға қалыптастырады. Сонымен қатар,жаңа ғылыми теорияларды, концепцияларды талдап, олардың методологиялық негіздерін, өзекті мәселелерін анықтау арқылы қазіргі тіл ғылымының жай-күйі туралы білімдер жүйесін меңгереді. Бастауыш білім берудегі тіл білімінің жай-күйінен мағлұмат беретін еңбектерді талдап, дипломдық жұмыстарға қажет материалдарды сұрыптауға және зерттеу әдістерін таңдауға бағыт береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Даярлық топтарындағы бала тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін шыңдауды, бала тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау мәселелері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқыту мазмұны, балалар психологиясының негізгі ұғымдарымен, бала тұлғасының даму динамикасы әдістері мен фомалары туралы дағдылары қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; -мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді,тарихи деректер мен қағидаттардықолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    - оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістерін және педагогика мен психологияның теориялық негіздерін қолдана біледі

  • Код ON5

    -психологиялық, психофизиологиялық дамудың жалпы, өзіндік және жеке ерекшеліктерін және инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу құралдарын пайдалануға қабілетті, инклюзивті білім беру ұстанымдарын және бағалау мен басқаруды оқу-тәрбие үдерісінде нормативті реттеуді біледі

  • Код ON6

    - кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады

  • Код ON7

    - өз бетімен командалық жұмыстың тәсілдемесі мен білім ұйымдарының саясаты шеңберінде кәсіптік ынтымақтастықты қолданады; - командада өз ойын нақты жеткізеді, жаңа шешімдерді нәтижеге сәйкес ұсынады; - командада жұмыс жасауға қабілетті, тұлғалық және мәдениет айырмашылықтарын толеранттілікпен қабылдайды

  • Код ON8

    - тәлімгердің жетекшілігімен оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес, нормативтік акт пен білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып оқу сабақтарын жоспарлайды; -заманауи білім беру әдістемесін және технологиясын қолданады; - өз бетімен қажеттілігіне сәйкес тұлғаның дамуына бағытталған оқытудың бағдарламалары мен әдістерін қолданады

  • Код ON9

    -педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды; -жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларына берілгендігін білдіреді

  • Код ON10

    - ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді

  • Код ON11

    - оқу әрекеттерінің, тәртіп үлгілерінің қалыптастырылғанын талдау және бағалау бойынша білімін пайдаланады; - нұсқаулыққа сәйкес ақпаратты өңдеу әдістерін жүзеге асырады, дағдыларды меңгереді

  • Код ON12

    -теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолданады; -педагогикалық эксперимент жоспарлайды, ұйымдастырады, жүргізеді және талдайды; - өз бетімен білім ортасының зерттеулерін жоспарлайды және өткізеді

Top