Жаңа білім беру бағдарламасы

7M03202 Дата журналистика в Сулейман Демирель атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Үлкен деректермен жұмыс істей алатын, оларға сыни анализ жасап, медиа контент өндіруге қабілетті дата журналистиканы жетік меңгерген магистр даярлау. Бағдарлама дата журналистикаға, оның даму динамикасы мен бағытына, соны технологиялық шешімдердің қолданысы мен дата визуализацияның озық тәсілдерін меғгеруге бағытталған. Практикалық пәндер мәліметтерді сұрыптау, оқиғаны баяндау, тартымды дата контент жасау сияқты кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 1,5 года
  • Кредиттер көлемі 90
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M067 Журналистика және репортерлық іс

Оқыту нәтижелері

  • Өңделген деректерді талдай алу, мәліметтер негізінде гипотезаларды дұрыс шығара білу, деректер жиынтығына негізделген тиімді баяндау дағдыларын, толыққанды журналистік дата материал құру үшін қажетті технологиялар мен әдістерді қолдана алу
  • Датаның әр түрлі форматтары мен сақтау тәсілдері, оған қол жеткізу және өңдеу әдістерімен жұмыс істей алу; API веб-сайттары және JSON, өңделмеген мәтіндік дамптармен, тұрақты дата тіркестермен, SQL деректер қорымен жұмыс істей алу; веб-скреперлер құрып, қолдануға қиын PDF форматындағы файлдарды қолдануға болатын ақпаратқа түрлендіре отырып, қол жетімді емес мәліметтермен жұмыс жасай білу.
  • Толық емес немесе шектеулі ақпараттан дұрыс пайымдар, тұжырымдар шығара білу; Python бағдарламасындағы кодтаудың негізгі алгоритмдерін және үлкен деректер массивін терең өңдеуге арналған басқа қызметтердің ерекшеліктерін білу; журналистиканың әр түрлі жанр мен формаларында онлайн медиа арқылы таратуға арналған интерактивті дата контент өндіру дағдыларына ие болу;
  • Деректер ғылымы саласындағы соңғы Отандық және шетелдік ғылыми зерттеулерді таба білу және талдай алу; сонымен қатар үлкен массивтегі датаны іріктеу және салыстырмалы талдау арқылы дұрыс гипотезаларды құра білу және оларға сыни талдау жасай алу; әртүрлі зерттеу әдістерінің салыстырмалы құндылығын және олардың нақты зерттеу жағдайларына бейімділігін бағалау дағдылары; деректер ғылымы саласында сапалы және сандық зерттеу әдістерін қолдана білу.
  • Визуал элементтерді қамтитын дата материал дайындау барысында ашық деректер көздерімен жұмыс жасауға қажетті жаңа технологиялар мен қызметтерді сауатты пайдалана алу және кіріктіре білу; журналистикамен айналысатын кәсіби орындарда топтық дата жобалар әзірлеу.
  • Дата журналистика саласына қатысты құқықтық мәселелерге талдау жасай алу, үлкен деректермен жұмыс жасау және оны дата материалдар арқылы жариялау, тарату кезіндегі дата журналистің әлеуметтік және саяси жауапкершілігін түсіну; ашық және құпия дерек көздерімен жұмыс жасау барысындағы журналистердің құқықтары мен бостандықтарын нақты түсіну және тұжырымдай білу.
  • Дата журналистиканың негізгі аспектілерін және оның медиаға әсерін зерттеу тұтынуға жарамды толлыққанды медиа контент жасауға қажетті дағдылар ретінде деректерді тиімді таба білу, оны сүзу және өңдеу дағдыларына ие болу
  • Жазбаша және ауызша әдістерді және іскерлік этика түсінігін қолдана отырып, психологияның тұжырымдамалары мен теорияларын басқару мен қарым-қатынастың әртүрлі аспектілерінде қолдана білуін көрсету; дәлелдемелер негізінде құжаттар мен хабарламаларды жазу және ағылшын тілінде тиімді презентациялар жасау дағдыларына ие болу; жоғары білім берудегі зерттеулерге, оқу нәтижелерінің, бағалау критерийлерінің, бағалау мен оқытудың өзара байланысына сілтеме жасай отырып, оқытуды, дәлелдемелерді ұйымдастыруға оқу ортасының әсерін талдай алу; жоғары оқу орнында сабақ беру қабілеті.
Top