Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M04210 Интеграциялық құқық в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ құқығы және еуропалық құқық саласында терең ғылыми білімі бар, интеграциялық құрылыстың құқықтық және өзге де міндеттерін дербес практикалық шешуге қабілетті интеграциялық құқық саласында магистрлерді дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық

Пәндер

  • Еуропа құқығы (тереңдетілген курс)

    Курс Еуропалық одақ құқығының ұлттық және халықаралық құқығыпен арақатынасын терең зерттеуге бағытталған. Бағдарлама ЕО, оның институттары мен органдарының қалыптасуын, шешімдер қабылдау тетіктерін, ұлттықтан жоғары деңгейде реттелетін негізгі салаларды, ҚР мен ЕО арасындағы өзара қарым-қатынастарды құқықтық реттеуді зерделеуді қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Халықаралық қаржы құқығы (тереңдетілген курс)

    Курс қаржы саласы нарығын халықаралық-құқықтық реттеудің теориялық негіздерін тереңдете оқытумен қатар, халықаралық қаржы институттарының жұмыс істеу саласындағы заң қызметінің қолданбалы дағдыларымен ұштасатын халықаралық қаржы құқығы саласында заңгерлерді даярлаудың қазіргі заманғы моделіне бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интеграциялық бірлестіктерде мемлекеттердің мүдделерін қорғау мәселелері

    Курстың мақсаты халықаралық, интеграциялық құқық саласында магитаранттарды дайындау, халықаралық дауларды шешу және интеграциялық бірлестіктерде мемлекеттердің жария және жеке мүдделерін қорғау бойынша практикалық дағдыларға үйрету, сондай-ақ магистранттарды халықаралық саяси, экономикалық жағдайда және әлемдік қауымдастықтың өзге де процестерінде бағдарлау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адам құқықтарын қорғаудың аймақтық және ұлттық тетіктері

    Курс адам құқықтарын іске асыру және қорғау тетіктерінің теориялық аспектілеріне, құқық қорғау стандарттары негізінде адам құқықтарын іске асыру және қорғаудың халықаралық-құқықтық тетіктеріне, аймақтық бірлестіктерде адам құқықтарын қорғау ерекшеліктеріне, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерінің аймақтық тетіктермен өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық құқықтың теориясы

    Курс халықаралық құқықтың теориялық мәселелері туралы, халықаралық және ұлттық құқықтың өзара іс-қимылының маңызды модельдері мен тәсілдері туралы, сондай-ақ осы ғылымның отандық және шетелдік классиктерінің қазіргі заманғы халықаралық құқық теориясы туралы жүйеленген білім алуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интеграциялық үдерістердің дамуы жағдайында ҚР ұлттық құқығының халықаралық құқықпен арақатынасы

    Курстың ерекшелігі - Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы әлемдік қоғамдастықтағы интеграциялық үдерістерді дамыту жағдайында және интеграциялық бірлестіктердің құқықтық жүйелерін қалыптастыру жағдайында қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Шет тілі (кәсіби)

    Курстың мақсаты «Шетел тілі (кәсіби)» тілдік емес мамандықтардың шет тілді білім беру үдерісінде базалық стандарттық тыс деңгейінде магистранттардың мәдени-коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру (С1). Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Интеграциялық құқық

    Курс интеграциялық үдерістерді құқықтық реттеу тәжірибесін, аймақтық деңгейде интеграциялық құқықтың қалыптасу және даму заңдылықтарын, қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси және басқа салаларында халықаралық интеграцияны құқықтық реттеуді, әлемнің әр бөлігінде жұмыс істейтін жетекші интеграциялық ұйымдардың құқықтық мәртебесін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент

    Білім алушыларда практикалық және ғылыми жоспарда Менеджменттің дамуы туралы, ұйымдастырушылық менеджмент, оның түрлері мен қазіргі тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру және магистранттарда үдерістік, жүйелік және жағдайлық негізде заманауи ұйымдық менеджменттің принциптерін, әдістерін, нысандары мен құралдарын қолдануға жалпы көзқарасты қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Еуропалық одақ және ТМД елдері құқығы интеграциялық үдерістерінің ерекшелігі

    Курстың мақсаты қазіргі аймақтық интеграциялық топтардың алғышарттары, нысандары, түрлері, қатысушылардың құрамы мен мақсаттарына байланысты қызмет ету ерекшеліктері, олардың халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлі туралы терең білімді қалыптастыру, сонымен қатар, ЕО, ЕАЭО және т. б. ұйымдардың институттары мен принциптерін талдау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Басқару үдерісі кезінде психологиялық әдістерді кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде қолдануға дайын болу, жобалық-зерттеу жұмыстары мен ұжымға жетекшілік ету.
  • Магистрлік диссертация, мақала, баяндама, аналитикалық жазба және т.б. түрінде сараптамалық зерттеулер мен аналитикалық жұмыстардың нәтижелерін жалпылау дағдыларын игерген.
  • Халықаралық интеграцияны құқықтық реттеуге байланысты мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға кеңес беру дағдысын білу.
  • Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер, мемлекеттік билік органдары мен заңды тұлғалардың басқарушы құрылымдарын шешімдер қабылдау үшін құқықтық аналитикалық ақпарат жобаларын дайындау дағдысын меңгеру.
  • Интеграциялық процестер шеңберінде мемлекеттік билік органдарының, халықаралық коммерциялық ұйымдардың алдында тұрған заңды мәселелерді шеше білу.
  • Халықаралық және ұлттық сот және төрелік органдарда мемлекет пен бизнестің мүдделерін білдіру дағдысы болу.
  • Лауазымдық міндеттер шегінде құқықтық шешімдерді талдай білу және қабылдай білу, сондай-ақ халықаралық және қазақстандық құқық нормаларын іске асыруға байланысты өзге де іс-әрекеттер жасайды.
Top