Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01405 Көркем еңбек және жобалау в Шымкент университеті

  • Оқу практикасы
    Несиелер: 1

    Оқу орындарының қызметі туралы ақпарат жинайды және білім алушының кәсіби қызметін дамытады. Жаңартылған бағдарлама бойынша білім мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттарды талдайды. Болашақ мамандықтың практикалық негіздерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Эмпирикалық материалдарды жинайды, жинақтау дағдыларын дамытады. Құрылымдау, білімді жүйелеу және оларды әртүрлі тәсілдермен таныстыру дағдыларын дамытады. Ашық сөйлеу дағдыларын дамытады, баяндаманы ұсынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызу және сызба геометриясы
    Несиелер: 3

    Инженерлік және педагогикалық қызметтегі сызбаларды дәлелдеу қабілетін теориялық оқу материалында шешеді. Бұйымның сызбасының түйіндесуін, лекальдық қисықтар салуды, геометриялық тұрғызу амалдарын қолданып, жазық фигуралы бұйымның сызбасын салуды, өлшем қоюдың шартылықтарын тұрғыза алады. Құрылыс сызбасының негізгі көріністері, проекциялау кезеңдері, құрылыс сызбаларын безендіру нормалары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика,құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика және құқық саласы бойынша құқық нормаларын пайдаланады, өзін-өзі дамыту тәсілдерін қолданады, жүйелеу дағдысын қалыптастырады. Экономика, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы қақтығыстарды шешуге қалыптасады. Экономика және құқықтың қалыптасуы мен жүзеге асырылуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың мәнін ұғынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жастар саясаты және дінтану
    Несиелер: 5

    Студенттерге мемлекеттік жастар саясаты туралы ҚР заңын, ұлттық идеяның мәнін, жастар ортасындағы үрдістерді зерттеу саласындағы халықаралық тәжірибені меңгеру жолдары мен негізгі бағыттары бойынша білім беру. Дінтануды оқыту барысында діннің тарихи түрлерін, оның дүниетанымдық сипаттамасын, әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихы мен қазіргі жағдайын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, гумманистік дүниетаным туралы дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көркем еңбек технологиясының теориясы мен практикасы (сала бойынша)
    Несиелер: 10

    Өнер мен қолөнерді даму тарихын және тығыз қарым-қатынасын қарастырады. Адамзаттың тарихи-мәдени тәжірибесі сәндік-қолданбалы өнердің бірнеше салаларында, оның ішінде әлем халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысу арқылы зерттеледі. Көркем еңбектің заңдары мен ережелерін қолдана отырып практикалық жұмыстың негізгі кезеңдерін ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ауылшаруашылық техникасы мен технологиясының практикумы
    Несиелер: 5

    Жер өңдеу техникасының дамуы. Ірі машина индустриясының ауылшаруашылығы техникасына ықпалын меңгереді. Жерді өңдеуді механикаландыру, соқаның дамуын, астықты жинау процесін механикаландыру және егін оратын машиналердің, астық бастыратын машиналарының қолданылуын, көлік техникасының дамуын үйренеді. Ауылшаруашылық техникаларын жөндейді, құрастырады. Ауылшаруашылығы жануарларын күтуге үйренеді. Ауылшаруашылық негіздерін жүйелеу және еңбек технологиясы бойынша практикалық жұмыстар орындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Заманауи педагогика
    Несиелер: 5

    Қазіргі білім берудің негізгі гуманистік, тұлғалық-бағдарлы парадигмаларын ерекшелейді. Педагогикадағы заманауи теорияның ғылыми-теориялық түсініктерін қолданады. Жаңартылған бағдарлама бойынша білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттарды талдайды. Оқытуда диагностика және бақылау дағдыларын үйретеді. Қазіргі мектепте оқытудың жаңа технологияларын қолданады. Мектептегі менеджмент жүйесінің негізгі бағыттарын көрсетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сервистік қызмет
    Несиелер: 5

    Сервистік қызмет көрсетуде - адамдардың қарым – қатынас саласы және қажеттіліктерді қанағаттандыратын стильдің дамуы және құрылуы бойынша сезінеді; заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданады; сервистік қызметтің түрін таңдап (киім, шаш, бет әрлеу; жиһаз, зергерлік бұйымдар т.б.), тәжірибеде жүзеге асыруда әлеуметтік топтардың өміршеңдігіне реабилитациондық бағыт берудегі қоғамдық талаптарға кәсіптенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Металды көркем өңдеу технологиясы
    Несиелер: 6

    Металлдың даму тарихы мен көркем өңдеу түрлері қарастырылады. Металды тесу, тойтару, нақыштау, химиялық өңдеу және көркем өңдеу технологиясын зерттеу, жазықтық, көлем, кеңістікпен жұмыс істейді. Металды көркем өңдеудің әр түрлі технологиялары саласындағы іскерліктерді, бұйым нысанын және технологиялық талаптарды ескере отырып оны дайындау тәсілдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік ел құндылықтары және рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Білім алушыларға Мәңгілік Ел құндылықтары және рухани жаңғыру тұжырымдамасын зерделеуді үйретеді. Болашақ мамандарды өз кәсіби қызметінде отансүйгіштік пен ұлттық біртектілікті ұстануға дағдыландырады. Білімгерлерді рухани салаға қатысты, оң тұжырымдар жасауға машықтандырады. Білім алушыларды пән шеңберінде меңгерген құндылықтарын ұжымның стратегиясын жоспарлауға және оны іске асыруға қажетті құзыреттіліктерге айналдыруға талпындырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ауыл шаруашылық машиналары
    Несиелер: 5

    Ауыл шаруашылық техникасы мен технологиясын зерттеу әдістемесінің негізгі принциптері ашылады. Топырақты өңдеу, өсімдіктерді отырғызу, егін жинау әдістерін талдау, ауыл шаруашылығы жануарларын күтуге үйренеді Ауыл шаруашылық негіздерін жүйелеу және ауыл шаруашылық еңбек технологиясы бойынша практикалық жұмысты орындау дағдылары мен іскерліктері қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Киімді құрастыру және үлгілеу
    Несиелер: 5

    Киімді құрастыру және үлгілеу әдістерінің түрлері мен конструкцияларының сипаттамасын және жіктелуін білу; киімдерді жобалау негіздерін және олардың даму перспективаларын түсінеді; кәсіби қызметте киімді құрастыру мен үлгілеудің әртүрлі жүйелері мен әдістемелерін қолданады; заманауи талаптарды ескере отырып киімдердің ассортиментін талдайды және құрылымын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби педагогикалық мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 3

    Қазіргі қоғамдағы педагогтің әлеуметтік мақсатын, сондай-ақ олардың болашақ мамандығының әлеуметтік мәні мен мазмұнын зерттейді. Үздіксіз білім беру қажеттілігін, педагогикалық ғылым мен практикада құзыреттілік тәсілдің мәнін қарастырады. Педагогикалық үдерісте педагогикалық қарым-қатынас қалыптасады және жүзеге асырады. Өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 5

    Модельді әзірлеудің негізгі кезеңдерімен бағдарламалау мәселелерін баяндайды. Конструктор бөлшектерінен модельдерді құру барысында жобалау және құрастыру негіздерін механиканың негіздерін оқып үйренеді, роботтың/модельдің мінез-құлық алгоритмін жасау барысында алгоритмдеу және бағдарламалау негіздерін оқып үйренеді. Лего-роботтарды құрастыру және бағдарламалау технологиясын меңгеру және өз модельдерін құрастырады. Роботты бағдарламалау дағдыларын зерттеп, талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 3

    Денсаулықты сақтау, нығайтуды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке тұлғалық құзыреттіліктерін және дене шынықтырудың құралдары мен әдістерін мақсатты түрде пайдалану қабілеттерін қалыптастыру. Дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік-мәдени құндылықтарын дамыту бойынша әртүрлі дағдылар мен қабілеттерге ие болуды қамтамасыз етеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Педагогикалық шеберліктің тәрбиедегі мәнін, педагогикалық техникасын, педагогикалық шеберлік элементтерін зерделеу арқылы түсінеді. Мұғалімнің іс-әрекет шеңберіндегі рөлін, педагогикалық қарым-қатынас шеберлігін, мұғалімнің оқу-тәрбие процесін басқарудағы шеберлігін талдай алады. Педагогикалық білім беруде педагогикалық шеберлікпен ұштастыру арқылы іс – әрекетінде қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көркем еңбекке оқытудағы ғылыми зерттеулердің негіздері
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандар ғылыми зерттеу жұмыстары барысында дидактикалық зерттеу әдістері, жалпы ғылыми таным мен шығармашылық әдіснамасы жөніндегі мағлұматтар негізінде педагогикалық зерттеу бағытын таңдайды. Зерттеу логикасын түзуде педагогикалық эксперименттерді жүргізу әдістерін, зерттеу нәтижелерін өңдеудің математикалық тәсілдермен таныса алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика практикумы
    Несиелер: 3

    Компьютерлік бағдарламалар саласындағы білімдер қарастырылады. Модель, моделдеу, модель түрлері, автофигура, презентация, ою-өрнек туралы түсініктері қалыптасады. Алуан түрлі бағдарламалық қамтамасыз етудің және сала бойынша олардың мүмкіндіктерін талдау. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің элементтерін қолдана отырып компьютерде тігін бұйымдарының үлгілерін жобалайды, жасайды. Тігін бұйымдарын жасау кезінде қолданылатын сызба-графикалық символдарды, техникалық қондырғыларды қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Машина және механизм теориясы
    Несиелер: 5

    Әртүрлі механизмдердің құрылымдық, кинематикалық, динамикалық талдау мен синтездің жалпы әдістері туралы түсінік беріледі. Әртүрлі машиналарда, аспаптар мен құрылғыларда қолданылатын жекелеген типтік механизмдердің қасиеттерін анықтай біледі. Машиналар мен техникалық құралдардың қозғалысын автоматты басқару, реттеу және өзара байланысты механизмдердің, машина тораптарының жиынтығы бойынша міндеттерді шешу тәсілдерін қолдану дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тігін бұйымдарының технологиясы
    Несиелер: 6

    Бұл пән барысында білім алушы киімнің негізгі және қосымша бөлшектерінің өңдеу технологиясымен танысады. Тігістің түрлерін киімнің бөлшектерін өңдеуде қолданады. Киімнің негізгі (алдыңғы және артқы) бөлігін өңдейді. Киімнің қосымша бөліктерінің (жаға, жең, қалта, жең ұшының өңделуі, белдік т.б.,) өңделу технологиясын іс жүзінде асырады. Әйел және балалар киімдерінің тігілу технологиясын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бейнелеу өнерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Әр түрлі өнер түрлерінің көркем тілінің ерекшелігін, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығын, бейнелеу өнері дамуының заңдылықтары мен негізгі тарихи кезеңдерін зерттейді. Сәулет, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, әдебиет және сол сияқты т.б. тарихи қалыптасқан өнер түрлерін қарастырады. Пластикалық өнер жанрларының барлық алуан түрлерін сезінуге және қабылдауға қабілетті болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өнер тарихы
    Несиелер: 5

    Өнер түрлерінің жіктелуін және әр түрлі дәуірдегі көркем шығармаларды; әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын; адам мен қоғам өміріндегі өнердің мәнін, ерекшеліктерін, түрлерін, жанрларын, орны мен рөлін қарастырады. Тарихи эволюция, канондар мен өнердің кезеңдік даму мәселелерінің тенденцияларын біледі, жекелеген дәуірлер мен халықтардың өнер туындыларын ажырату, жүйелеу критерийлерін зерттейді және меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тігін өндірісінің құрал-жабдықтары
    Несиелер: 5

    Курс тігін өндірісінің техникалық-технологиялық құрылғылары мен механизмдерін жетілдірудің негізгі кезеңдерін, сондай-ақ тігін құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу тәртібін қарастырады. Тігін құрал-жабдықтарының жіктелуін және тоқыма материалдарынан бұйымдарды дайындауды, тігін өндірісінің заманауи технологиялық жабдықтары мен техникалық сипаттамаларын, оның ерекшеліктері мен қолдану тиімділігін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Білім, ғылым және әлеуметтік ғылыми салаларда орыс тілін ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде қолданудың маңыздылығын түсінеді. Шынайы өмірдегі коммуникация саласында тілдегі сөйлеу әрекеттерін біледі. Ойлау мәдениетін меңгеріп, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс баяндау, ойын толық жеткізе алу, мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілін еркін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Арнайы сурет
    Несиелер: 5

    Дизайнерлік міндеттерді шешуге концептуалды, шығармашылық тәсілге негізделген жобалық идеяны әзірлеу мәселелерін ашып көрсетеді; бұйым эскиздерін орындау іскерліктері мен дағдыларын меңгереді; әрі қарай жобалау-көркемдік қызметті жүргізу үшін жобасын құрып, оқу материалын игеру кезінде академиялық сурет бойынша алынған білімді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Машинатанудың теориялық негіздері (сала бойынша)
    Несиелер: 5

    Машина бөлшектері мен материалдарының статикасы, кинематикасы, динамикасы, кедергісінің негізгі түсініктерін біледі. Жүйенің тепе-теңдік шарттары мен теңдеуін сипаттай біледі. Тіректердің реакциясын, нүктеге қатысты күш моментін, жылдамдығын және үдеуді анықтай біледі. Машиналар мен машина агрегаттарының қозғалысын автоматты басқарады және реттейді. Заманауи бағдарламалық механизмдерінің жиынтығы бойынша міндеттерді шешу тәсілдерін қолданады, зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Материалды көркем өңдеу технологиясының практикумы I, ІІ (сала бойынша)
    Несиелер: 10

    Әртүрлі материалдардың түрлеріне қарай оны өңдеу негіздерімен таныса отырып, болашақ мамандарды, күнделікті тұрмыстағы тұтыну бұйымдарын, киім топтарын дайындау және оларды көркемдеп сәндеу барысында қолданылатын тігін машиналарының түрлерін толық танысады. Тігін ісінде қол және машина тігістерін, машина кестелерін, дымқылды жылумен өңдеу жұмыстарын жүргізе алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогикалық практика
    Несиелер: 3

    Көркем еңбек және жобалау оқытушысымен, кәсіби оқыту шеберлері мен көркем еңбек технологиясы мұғалімдері мен олардың қызметімен сынып жетекшісімен, топ тәлімгерімен танысады. Көркем еңбекке оқытудың дағдысын, педагогика үрдісінің жүйесі ретінде теориялық білімдерін, тәжірибелік дағдыны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көркем еңбекті оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 5

    Көркем еңбекке білім беру саласындағы педагогикалық менеджменттің құрылымы мен мазмұны, қағидалары, қызметі және әдістері мен басқару қызметін жүйелілік тұрғысы негізінде мағлұмат алады. Оқу орнының даму стратегиялық білім беру сапасын басқаруда, ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету, тұлғааралық қатынастар менеджмент пен ақпараттық технологияларды байланыстыра алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Бұл пән барысында білім алушы кешенді педагогикалық, психологиялық әдістерді пайдалана отырып, ұжымдағы тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға бейімделеді. Мектеп ұжымындағы сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстар жүйесін жоспарлай алады. Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің түрлі формалары мен әдістерін пайдалана алады. Мұғалімдер, ата-аналар, бала тәрбиесіндегі қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерін бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тоқыма материалдарын өңдеу
    Несиелер: 5

    Тоқыма материалдарымен жұмыс барысында қой, ешкі және түйе жүнінің талшықтарын зертейді, жүннен иірілген бұйымдарды (спицпен, кручокпен және кілем тоқуға арналған станоктармен), иірілген жіптерден өрнектеп тоқу мәліметтерін алады. Тоқыма материалдарын өңдеу технологиясы мен сәнді тоқыма бұйымдарын жасайды. Кілем тоқуда берілген өрнектер арқылы гобелен, түкті, тақыр кілем т.б. түрлерін тоқи алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Модельдеу, макеттеу және жобалау
    Несиелер: 5

    Дизайнерлік міндеттерді шешуге тұжырымдамалық, шығармашылық тәсілге негізделген жобалық идеяны қарастырады; макеттеу және модельдеуде жұмыс әдіс-тәсілдерін, формаларын, құрылымдар мен кешенді жүйелерді үйлестірудің ықтимал тәсілдерін ашады; функционалдық, композициялық шешімдер кешенін қалыптастыруды зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Электротехника және электроника негіздері
    Несиелер: 5

    Электротехникалық және электроникалық техникалық құралдардың даму тарихы мен негізгі бағыттарын; электрондық және жартылай өткізгіш аспаптарда болатын физикалық мәні мен құбылыстарын; негізгі электрондық схемаларды құру принциптерін қарастырады. Әртүрлі жағдайларда зарядталған бөлшектердің орнын ауыстыру және концентрациясының өзгеруімен байланысты электрондық процестер мен құбылыстарды зерттейді. Түрлі электронды аппаратураны жөндеу, құрастыру және пайдалану дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
    Несиелер: 5

    Көркем еңбекке білім беру жүйесінде кәсіпкерлікті ұйымдастыруды қарастырады. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, қазіргі заманғы жастардың кәсіпкерлік белсенділігін дамытуға перспективалық көзқарастарын танытуды ашып көрсетеді. Оқытудағы кәсіпкерлік белсенділік әлеуметтік дамудың қазіргі кезеңінде оқу мен жұмыс істеудің оң мотивациясын дамытуға бағытталған құнды бағдарлау парадигмасы тұрғысынан қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі заман өндіріс пен кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Тауарлар және қызметтерді сату, тауар өнімдерін өндіру бойынша бизнес-жоспарды түзу және техника-экономикалық негіздеу, кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі маркетинг құруды зерттейді. Заманауи бағдарламалық қамтамасыз етілген машиналар мен жабдықтарда жұмыс жасауды меңгереді; тәжірибелік жұмыстар жүргізеді; механизм бөлшектерін басқара біледі, ақауларды жөндеу немесе түзету жолдарын үйренеді; техника қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    "Кәсіби бағытталған шетел тілі" кәсіби қызметке дайындықтың тұжырымдамалық негіздерін әдістемелік-теориялық дамытуға бағытталған. Мамандыққа қатысты лексика мен терминдері, күрделі синтаксистік құрылымдарды пайдалануға дағдыландыру. Ағылшын тілінде өзінің көзқарасын білдіру, оны дәлелді түрде қорғау. Күнделікті өмірде кәсіби салаға қатысты сұхбаттарға еркін араласа алу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру. Кәсіби бағыттағы ақпараттарды түсіну, талдау жүргізу, ғылыми мақала мен баяндамалар жазуға қабілетті болу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Салалық материалтану (сала бойынша)
    Несиелер: 5

    Тоқыма өнеркәсібіндегі ғылыми-техникалық проблемалары ашылады, тоқыма станоктарында маталарды алудың инновациялық тәсілдері қарастырылады. Тоқыма материалдарының қасиеттерін білу және оларды тоқыма материалдарынан жасалған бұйымдарды дайындау кезінде есепке алады. Тоқыма материалдарының құрылысы мен қасиеттерін анықтау, зерттеу дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Киімді көркемдік құрастыру
    Несиелер: 5

    Жаңа үлгідегі киім түрлерін дайындайды, киімді жобалау мен көркемдеп сәндеудің негізгі қағидалары және әдістерімен танысады, заманауи сән ағымын таңдап, зерделеп, белсенді түрде меңгеруге әрі халық дәстүрін қолдана білуді үйренеді; форманың көркемдік және конструктивтік элменттерін; киім формасының үйлестіруші құралдарын, киімді көркемдік құрастыруда образды бейнелеу негізін зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тігін бұйымдарының композициясы
    Несиелер: 5

    Композицияның негізгі принциптері мен заңдарын, графикалық тәсілдері мен әдістерін ашады. Композициядағы әртүрлі үйлестіру құралдарының маңызы мен рөлін талдау (түсі, пропорциясы, силуэт, фактура және т. б.), костюмдегі композициялық үйлесімділік құралдарын меңгеру: контраст, нюанс, тепе-теңдік принципі, симметрия, асимметрия, ритм, графикалық мәнерлі формалар мен құралдардың көмегімен суретті стилизациялау іскерліктерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графикалық дизайн
    Несиелер: 5

    Бірнеше жолға тексті композиция жазады. Логотиптерді талдайды, ақпараттық технологияларда шрифтік аспаптар, трафареттер, курсивтік шрифт, эскиз және декорациялық шрифт түрлерінің дизайнын құрастырады. Графикалық дизайн негіздерін сипаттайды. Дизайн құрастыру әдістерін жазықтықта көрсетуге үйретеді, түсіру әдістерін үлгіге алады. Құрастыру әдістерінің түрлерін центрлік проекциялау әдістерін практикада қолдана білуге дағдыланады. Бірнеше жолға тексті композиция жазады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби психология
    Несиелер: 5

    Кәсіби психология әдістері, сапаның ҚР және басқа елдердегі тарихи және даму үрдісі жайлы мәлімет алады. Көркем еңбек және жобалау оқытушысын дайындауда жобалау процесінде жүйелі қарым – қатынастардың психофизиологиялық аспектілерін зерттейді. Психофизиология физиология салаларында және оқушылардың кәсіби іс-әрекетін басқару мен ұйымдастырудың жалпы негіздерінен білім алуды қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сәндік қолданбалы өнер (сала бойынша)
    Несиелер: 5

    Сәндік-қолданбалы шығармашылықтың мәні көркем мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Сәндік-қолданбалы өнердің даму тарихын, заманауи сәндік-қолданбалы өнердің сабақтастығын, оның халық өкілдерімен тығыз байланысын ашады. СҚӨ бұйымдарын жасайды, сәндік композициясының негізгі композициялық сұлбалары мен заңдылықтарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дизайн және композиция негізі
    Несиелер: 5

    Композиция және заманауи дизайн негіздері және оның түрлері мен бағыттары қарастырылады. Әртүрлі дизайн әдістері мен композицияларды пайдалана отырып, дизайн нысандарын көркемдік жобалауды орындау қабілеті мен дайындығын дамытады; заманауи бағдарламалық технологияларды кәсіби салада қолданады; бұйымды жобалау кезінде композиция элементтерін пайдалану үшін композиция мен дизайнның әртүрлі нысандарын жобалауда іскерліктері мен дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ қолөнер негіздері
    Несиелер: 5

    Халық шеберлерінің туындылары мен көркем шығарманың өзіндік ерекшеліктерімен таныса алады. Көркем бейненің құрылым заңдылықтары, туындау және қабылдау үрдістерін жаңаша қарау мүмкіндіктерін саралауды меңгереді. Ұлттық өнер жүйесінің заманмен үйлесу байланысын ажырата алады. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Көркем еңбекке оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері туралы мәселелерді қарастырады. Педагогикалық еңбектің тиімді ұйымдастыру кезеңдерін зерттейді. Оқытудың тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын анықтау және қолдану жолдарын, сондай-ақ студенттердің болашақ педагогикалық қызметке әдістемелік дайындығының негізін ашып көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Визуальды өнер практикумы
    Несиелер: 5

    Бейнелеу өнерінің даму тарихын және шетелдік, отандық бейнелеу өнерінің жетекші шеберлерінің шығармашылық ұстанымдарын қарастырады. Көрнекі жұмыстарды талдау үшін логикалық, ғылыми әдістерді қолдануға визуальды хабарламаларды дұрыс түсіндіреді. Мәдениет тарихында бейнелеу өнерінің дамуын және визуалды ойлау теориясын зерттеу қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көркем еңбекті оқытудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Болашақ маман қазіргі таңдағы заманауи оқыту технологиясын өз алдына білім берудің үлгісі ретінде оқу процесін оңтайландыруда оң шешімін таба біледі. Көркем еңбекті оқытудың заманауи технологияларын бір жүйеге келтіру мақсатын, техникалық және адам ресурстарын есепке ала отырып зертейді, оқытудың жалпы процесін құрудағы жүйелік әдіс ретінде қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағаш және металды қол аспаптарымен өңдеу
    Несиелер: 5

    Ағаш түрлерінің негізгі қасиеттерін (механикалық, физикалық технологиялық) және металл түрлерін ашады. Ағаш пен металды қолмен өңдеуге арналған аспаптармен жұмыстың негізгі тәсілдерін меңгереді, әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасайды. Ағаш материалдары мен металды қолмен өңдеу бойынша технологиялық операцияларды орындау шеберлігі қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағашты көркем өңдеу технологиясы
    Несиелер: 5

    Сәндік-қолданбалы өнердің пайда болу тарихын және ағаш бойынша көркемдік жұмыстарға тән ерекшеліктерді қарастырады. Ағаштан сәндік-қолданбалы бұйымдар жасау түрлерін, ағашты көркем өңдеу кезінде ағаш бойынша геометриялық, контурлық, көлемді өюдың техникалық тәсілдерін, қолданбалы бұйымның көркемдік бейнесін жасауда әрбір білім алушының шығармашылық даярлығын жүзеге асыра білуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Графика мен жобалауды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Графика мен жобалауды оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері туралы мәселелерді қарастырады. Педагогикалық еңбектің тиімді ұйымдастыру кезеңдерін зерттейді. Графика мен жобалауды оқытудың тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын анықтау және қолдану жолдарын, сондай-ақ студенттердің болашақ педагогикалық қызметке әдістемелік дайындығының негізін ашып көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Графика және жобалау
    Несиелер: 5

    Пәнде, графика және графикалық жобалау туралы түсініктеме береді. Ақпаратты визуальдаудың графикалық әдістері мен құралдары мен кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру жолдары мен проекциялау әдістерін меңгереді. Кескіндерді түрлендіру, форманың қалыптасуы және құрылымдау; форманы түрлендіру; техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері қарастырылып; шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ұжымдық жұмыс орындауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Конструкциялық материалдар технологиясы
    Несиелер: 5

    Материалды таңдау барысында біртекті түстерді пайдалана біліп, түстердің үйлесімділігі туралы түсініктер алады. Материалмен жұмыс барысында түстер гаммасын, пайдалану тәсілдерін анықтай біліп, бұйымның сырт көрінісі мен оның көрерменге әсерін анықтай алып, мата бетінің фактуралық қасиеттері тегіс, құрғақ, жазық, көлемді, қыртыс, жылтыр, тығыз, мата бетінің суреттеріне байланысты киім дайындау үрдісін зерттейді, қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Агрономия негіздері
    Несиелер: 5

    Өсімдік шаруашылығы негізгі мәселелерін, ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерін, өнімділікті арттыру әдістерін, өсімдіктерді минералдық қоректендіру элементтеріне қажеттілігін есептеуді жүргізу, органикалық және минералды тыңайтқыштардың мөлшері мен нормаларын талдайды және анықтайды, дақылдарды ауыстырып егу кестесін жасайды және ауыспалы егістің түрлерін жобалайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша білімдері мен дағдылары қалыптасады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дуальды оқыту технологиялары
    Несиелер: 5

    Дуальді оқытудың мазмұнын және үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың тарихы мен дуальді оқыту барысында жаңартылған мазмұны ашылады. Дуальді оқытудың білім беру бағдарламасының негізгі компоненттері мен принциптерін зерттейді. Дуальді оқыту жүйесінде критериалды бағалауды қолдана білу іскерліктері мен дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дипломалды практика
    Несиелер: 3

    Дипломалды практика кезеңінде келесі міндеттер шешіледі: дипломдық жұмысты орындау үшін жеткілікті нақты материалды жинау, оның ерекшелігі мен тақырыбын ескере отырып; практикаға белгілі бір жеке тапсырмамен теориялық және практикалық зерттеу жұмыстарын орындайды, алынған зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту және дипломдық жұмыста әзірленетін нақты мәселелерді зерттеу әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Сызу негіздері
    Несиелер: 3

    Суреттер және сызбалар тәсілдерімен танысу. Сызбаның даму тарихы туралы қысқаша мәліметтер. Сызба сызықтары, қолданбалы геометриялық тұрғызулар, жазық заттар сызбасының бейнесі, шеңберді тең бөліктерге бөлу, жұптастыру, тікбұрышты проекциялау, сызбаларды орындау, бөлшектердің эскиздері мен техникалық суреттерін жасайды. Қималар мен қималар туралы түсінік. Сызба құралдарымен және материалдармен жұмыс істеу техникасын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Тігін бұйымдарын көркем өңдеу
    Несиелер: 5

    Тігін бұйымдарын көркем өңдеу түрлері мен әдістері туралы мағлұматты қарастырады. Композиция құралдары мен тігін бұйымдарының үлгілерінің графикалық эскиздерін құру тәсілдерінің заңдары мен негізгі қағидаттарын; форманы жазықтықта және кеңістікте бейнелеу, құру заңдылықтары; көркемдік материалдар қасиеттерін; үлгінің түрлі-түсті шешімін көркем безендіру әдістерін біледі; формада түзуде шығармашылық көздерін трансформациялау әдістерін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Өндірістік практика (сала бойынша)
    Несиелер: 8

    Тұлға дамуының шығармашылық ерекшеліктерін ескереді. Көркемдік білім беру үдерісі субъектілерінің өзіндік дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін әдістемелік жағдай жасай алады, дамыту қабілетін қалыптастырады. Өзіндік білім алу және өзбетінше шығармашылық деңгейін жетілдіреді. Өзінің көркем-практикалық және кәсіптік-педагогикалық қызметі нәтижелері бойынша өзінің шығармашылық әдістемесіне сүйене отырып, өзін-өзі дамыту қабілеттілігін көтереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Жеке дүниетанымдық ұстанымын қалыптастырады және оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданады.

  • Код ON2

    Қоршаған ортаға көрсетілген әсерді бағалаудың әдістемелік, экономикалық, құқықтық негіздері жайында білімін қолданады;

  • Код ON3

    Заманауи бағдарламалық өнімдер, техникалық құралдарды және технологияларды кәсіби салада қолданады; қызмет ету барысында туындайтын мәселелерді түрлі ақпарат көздеріндегі мәліметтер мен деректерді іздеу, талдау және қолдану арқылы шешеді;

  • Код ON4

    Жеке тұлғалық тұрғыда жетілуде өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларын қолданады;

  • Код ON5

    Ұжымда жұмыс жасауда әлеуметтік, ұлттық, діни және мәдени ерекшеліктерге төзімділік көрсетеді;

  • Код ON6

    Коммуникативтік дағдыларын ауызша-жазбаша, цифрлық формаларда қолданады, қоғамдық қатынастарда қазақ, орыс, шетел тілін (ағылшын) қолданады;

  • Код ON7

    Дербестік, мақсаттылық, коммуникациялық, жауапкершілік және көшбасшылық қабілеттерін өз бетінше жетілдіре алады

  • Код ON8

    Білім беруде педагогикалық процестің ерекшеліктерін біледі, оқыту мазмұны мен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптар тұрғысынан жоспарлайды;

  • Код ON9

    Арнаулы шеберханаларда оқыту шығармашылық процестерді ұйымдастырады, бақылайды; қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

  • Код ON10

    Оқу-өндірістік жұмыстардың құрылымы мен мазмұнын жобалау әдістерін, сабақты дидактикалық құралдармен жабдықтау тәсілдерін іске асырады;

  • Код ON11

    Оқу – тәрбие үдерісін жоспарлайды, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады;

  • Код ON12

    Білім беруге қатысты әдістемелік және анықтамалық материалдарды даярлайды;

  • Код ON13

    Білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді мектеп және орта арнаулы білім беру мекемелерінде зерттейді, бағалайды, нәтижелерін және басқа да дәлелдік дереккөздерді қолданады.

Top