Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01127 Офтальмология ересектердің, балалардың в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мақсаты: офтальмолог резиденттерді дайындауға модульді білім беру жоспарының мақсаты жаңа кәсіби теориялық білім және практикалық дағдыларды игеру, негізгі көз ауруларының этиологиялық, патогендік даму механизмдерін, диагностикасын, науқастарды емдеу әдістерін заманауи офтальмология жетістіктерін ескере отырып, клиникалық ойлауды дамутыды қамтамасыз ету, күнделікті дәрігер тәжірибесіндегі этика және деонтология, заманауи диагностика , емдеу және алдын алу әдістерін пайдалана білу. Теориялық және практикалық дағдыларды біріктіре отырып, дәлелді медицина қорытындыларын клиникалық жұмысқа қолдану.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 210
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R027 Офтальмология ересектердің, балалардың
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Оқыту нәтижелері

  • Көз ауруын диагностикалауға, клиникалық диагнозды тұжырымдауға, дифференциалды диагностика жүргізуге, ересектер мен балаларға мамандандырылған офтальмологиялық медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді медицина принциптерінің негізінде тиімді ем тағайындауға, сондай-ақ одан әрі алдын алу іс-шараларын жүргізуге қабілетті.
  • Ересектер мен балаларға мамандандырылған офтальмологиялық медициналық көмек көрсету кезінде пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның қоршаған ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті.
  • Офтальмологиялық қызметте ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті.
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің офтальмология бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық өрісі шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби аралық командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті.
  • Зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге, алынған ақпаратты талдауға және оны офтальмолог дәрігердің күнделікті практикалық қызметінде қолдануға қабілетті.
  • Көз ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеуде заманауи технологияларды қолдануға қабілетті.
  • Алынған теориялық білімді офтальмохирургиялық араласулар жүргізу кезінде пайдалануға қабілетті.
  • Офтальмолог-дәрігердің өмір бойы кәсіби және жеке оқуы мен дамуы үшін білімін, іскерлігі мен дағдыларын пайдалануға қабілетті.
Top