Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01405 Дене шынықтыру және спорт в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Музыка ырғағымен тәрбиелеу
    Несиелер: 5

    "Оқыту әдістемесімен музыкалық-ырғақтық тәрбие" пәніноқытумақсатыжалпыбілімберетінмектептеденетәрбиесімұғаліміретіндежұмысістеуүшінстуденттердітеориялық, әдістемелік және тәжірибелік дайындауды қамтамасыз ету. Болашақ мұғалімдерге денешынықтыру бойынша болашақ кәсіби педагогикалық қызметте, оқу және педагогикалық практикада, жалпы білім беретін мектепте дене тәрбиесі бойынша сынып тантыс жұмыста, тұрғылықтыжері бойынша балалармен сынып тантыс жұмыста музыкалық-ырғақтық тәрбие құралдарын қолдану үшін білім, білік және дағды беру. Жалпы білім беру, сауықтыру және тәрбие міндеттерін шешу үшін музыкалық-ырғақтық тәрбие құралдарын шебер пайдалануды үйрету. Алған білімдерін Болашақ педагогикалық қызметтеде, жеке өмірдеде қолданабілу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогтың сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білім алушыларға педагогикалық қарым-қатынас, олардың түрлері, сөйлеу сапалылығы (мәселен, сөз дұрыстығы, тазалығы, дәлдігі, дәлелдігі, байлығы, логикалығы, коммуникативтік жағынан сәйкестілігі), қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары туралы білім көздерімен таныстыру, өзіндік сөйлеген сөзіне талдау жасай білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: педагогтың сөйлеу мәдениеті пәні, оның мазмұны, әдеби тіл туралы түсінік, әдеби тілдің даму арналары, тілдік норма, тіл мәдениетінің салалары, лексикалық норма, орфоэпиялық нормалар, орфографиялық норма, грамматикалық норма, сөйлеу мәдениетіне тән сипаттар, дауыс ырғағының суперсегменттік қызметі, сөз әдебі, жазудың маңызы, сөз қолданудың негізгі принциптері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Адам ағзасының дамуы мен өсуінің негізгі заңдылықтарын, жеке дамудың әртүрлі кезеңдерінде мүшелер мен аппараттардың қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру. Студенттерді адам ағзасының дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарымен, ағзаның қорғаныс күштерін арттырудың негізгі әдістерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 2

    Дене шынықтыру және спорт саласындағы арнайы білім, білік және дағды жүйесі. Дене тәрбиесінің негізгі мәселелері, университеттік оқыту процесінде кәсіптік-педагогикалық дене тәрбиесін алудың ерекшелігі мен технологиясы, оның қоғам мен адамның әлеуметтік-мәдени өміріндегі маңызы. Университет қабырғасында педагогикалық мамандықты сәтті игеру үшін қажетті жалпы білім беру дағдыларының жүйесі. Практикалық іс-әрекетке байланысты дене шынықтыру мен спорттың қазіргі заманғы негізгі мәселелерін зерттеу, университеттегі оқу процесіне бейімделу, болашақ мамандық туралы түсінік қалыптастыру, дене шынықтыру мұғалімі, жаттықтырушы қызметінің мазмұны мен ерекшеліктерін білу. Студенттердің педагогикалық мамандыққа өзін-өзі анықтауы және кәсіби-педагогикалық дағдылар мен дағдыларды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті негіздері
    Несиелер: 2

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл тұтас пәнаралық білім жүйесі. Сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары туралы кешенді білім жүйесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ықпал ететін жеке тұлғаның құқықтық мәдениетін дамыту, осы негізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымды дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дінтану және діндер тарихы
    Несиелер: 2

    Бұл пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге дін және еркіндік мәселелерінде ағарту. Оған сәйкес келесі негізгі міндеттер ұсынылады: діни нанымдар мен басқа адамдардың сезімдерін құрметтеуге тәрбиелеу; қоғамдағы діндер мен діни ұйымдардың рөлі мен қазіргі жағдайы туралы ақпарат беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Гимнастиканың теориясы және әдістемесі
    Несиелер: 5

    Гимнастикадағы жіктеу, жүйелеу және терминалогия. Оқытудың теориясы мен әдістемесі. Гимнастикамен айналысу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Гимнастикалық жаттығуларды жаттықтыру кезінде сақтандыру және көмек көрсету. Техника, оны меңгеру негіздері, тактикасы, физикалық және психикалық қасиеттері және гимнастикада функционалдық дайындық. Гимнастикада спорттық дайындық және оқу практикасы бойынша бақылау-нормативтік талаптарды орындау білімі, іскерліктері мен дағдылары. Гимнастиканы материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Спорт залдары, спорт ғимараттары және оларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар. Жалпы дамыту жаттығуларының кешендерін құрастыру әдістемесі. Саптық жаттығулар және негізгі қызметті орындау үшін білім алушыларды ұйымдастыру әдістері./

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өлкетану
    Несиелер: 2

    Курстың мазмұнында өлке тарихын ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі зерттеудің ерекшеліктері мен маңызы, өлке тарихының негізгі тарихи көздері, тарихи оқиғалар, Сыр өңірінің көрнекті тұлғаларының іс-әрекеті, Отандық тарих пен кіші отан тарихының өзара байланысы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және рухани жаңғыру
    Несиелер: 2

    Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясындағы маңызын, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тарихи бастауларын, ұлт ағартушылары мен қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы қоғамдық-саяси қызметтерін, қазіргі Қазақстандағы этносаясат және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының мәнін оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Гимнастика оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 5

    Гимнастикалық көпсайыс түрлері бойынша сабақтарға арналған жабдықтар мен мүкәммал. Жаттығулар кезінде жарақаттар және олардың пайда болу себептері. Жарақаттардың алдын алу тәсілдері. Негізгі және қосымша терминдер және оларды қолдану ережелері. Жаттығулардың жіктелуі. Гимнастикалық элементтер техникасы. Гимнастикалық жаттығуларды үйрету әдістемесі. Сақтандыру және көмек көрсету. Сабақтың құрылымы. Сабақтың конспект-жоспары. Гимнастика бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Жүктеменің бақылау әдістері, тығыздықты талдау және сабақтың тиімділігін реттеу./

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Позитивті психология негіздері
    Несиелер: 2

    Теория негіздерін, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін және оларды позитивті психология саласында қолдану мүмкіндіктерін білу. Позитивті психология саласындағы білімді жеке және кәсіби өмірде қолдану

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Орта білім беру жүйесіндепедагогикалық іс-əрекеттіжүзегеасырубойыншаболашақмұғалімдердіңкəсіби- педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру Міндеттері: Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің мəні мен өзгешелігі жəне кəсіби-педагогикалық іс-əрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету. Болашақ мұғалімдерде өзіндік кəсіби іс-əрекет пен қазіргі заман мұғалімі бейнесін жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру. Үздіксіз кəсіби білім алуға ұстанымын қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Анатомия, спорттық морфология негіздері
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты: Анатомия курсы студенттерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға байланысты болатын өзгерістерді ескере отырып, адам ағзасының құрылысы туралы білім беруді мақсат етеді. Пәннің міндеттері: - студенттерге ерекшеліктері туралы білімді құрылыстар мен функциялары негізгі, органдардың, жүйелердің, ағзалар мен тіндердің органдардың, олардың жүйке реттеу мен васкуляризациясы; - студенттерді белгіленген бағдарларға сәйкес ағзалардың топографиялық жағдайын тануға үйрету: жазықтықтар, дене бөліктері, қуыстар мен аймақтар, қаңқаның жеке шығыңқылары; - студенттердің құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсінуін қалыптастыру;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аутодеструктивті мінез-құлық превенциясы
    Несиелер: 2

    Тұлғаның аутодеструктивті мінез-құлқының ерекшелігі, оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық денсаулығы және оның оқу процесіне әсері, психологиялық денсаулықты жақсарту жолдары, оқу процесіне қатысушылардың суицидтік мінез-құлқы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мен еңбек қорғау
    Несиелер: 2

    «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» пәні адамның тіршілікету ортасындағы (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз қарым-қатынас пен қауіпті және төтенше жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғау негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 4

    Дене тәрбиесіндегі бастауыш және жалпы орта білім берудің типтік бағдарламасының мазмұнындағы жеңіл атлетиканың рөлі, орны мен маңызы. Жоспар конспектісі. Жеңіл атлетикадан сабақ өткізу әдістемесі. Сабақ өткізу үшін білім алушыларды ұйымдастыру әдістері. Негізгі жеңіл атлетика моторикасының техникасын оқыту әдістемесі. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Критериалды бағалаудың дәстүрлі бағалаудан айырмашылығы. Білім беруге критериалды бағалауды енгізу қажеттілігі. Тәжірибеде критериалды бағалау әдістері. Білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сыни талдау, критериалды бағалау құралдарымен білім деңгейін анықтау. Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін тапсырмалар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ұлттық және қозғалыс ойындар оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 5

    Ұлттық және қозғалыс ойындарды оқытудың әдістемесі мен ұлттық ойындардың сипаты, ұлттық ойындардың қалыптасуы, ерекшеліктері, жас ерекшеліктері бойынша пайдалану қажеттілігі, ойын түрлерін ұйымдастыру және оқыту туралы түсінік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Базалық спорт түрлерін оқыту теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша)
    Несиелер: 5

    Спорт түрлері және олардың топталуы. Волейболдың техникасы мен тактикасын оқытудың әдістемелік негіздері. Волейболдың жарыс ережелері. Баскетболдың техникасы мен тактикасын оқытудың әдістемелік негіздері. Баскетболдың жарыс ережелері. Спорттық гимнастиканың техникасы мен тактикасын оқытудың әдістемелік негіздері. Спорттық гимнастикадан жарыс өткізу және ұйымдастыру амалдары. Жүзу спортының техникасы мен тактикасын оқытудың әдістемелік негіздері. Жүзу спортынан жарыс өткізу және ұйымдастыру амалдары. Жеңіл атлетиканың техникасы мен тактикасын оқытудың әдістемелік негіздері. Жеңіл атлетикадан жарыс өткізу және ұйымдастыру амалдары. Футбол техникасы ��ен тактикасын оқытудың әдістемелік негіздері. Футболдан жарыс өткізу және ұйымдастыру./

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесi
    Несиелер: 2

    Пəннің мақсаты –тəрбие үдерісінің негіздерін жəне тəрбиелік іс- əрекеттің əдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру болып табылады. Пəннің міндеттері: - болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тəрбие жұмыстарының теориясы, əдістемесі мен технологиясы саласындағы білімдерін кеңейту жəне тереңдету; - тəрбиенің дəстүрлі əдістемесі жəне қазіргі заманғы технологиясын пайдаланумен сынып жетекшісі іс-əрекетін іске асыру үшін болашақ мұғалімдерде жалпы педагогикалық, əлеуметтік-тұлғалық жəне пəндік құзыреттіліктерді қалыптастыру жəне дамыту; - болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тəрбие жұмыстарында үздіксіз кəсіби жетілуіне жəне креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру./

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 2

    Білім берудегі менеджмент- педагогика, психология, менеджмент, менеджмент және маркетинг әлеуметтануын қамтитын басқару ғылымының нақты саласы. Білім беру менеджменті тек өзіне тән ерекшеліктері мен үлгілеріне ие. Менеджменттің кәсіби білімі менеджерлердің үш түрлі басқару құралдарымен: ұйымдармен, басқарушылық иерархиялардан білім алуына байланысты білімдерін айқындайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Спорт және дене шынықтыру тарихы
    Несиелер: 3

    Дене шынықтыру және спорттың пайда болу теориялары. Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы дене шынықтыру мен спортты дамытудың тарихи шарттары мен ерекшеліктері. Дене шынықтыру-қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі, денсаулықты нығайтуға, адамның физикалық қабілеттерін дамытуға және оларды қоғамдық практиканың қажеттіліктеріне сәйкес пайдалануға бағытталған әлеуметтік қызмет салаларының бірі. Дене тәрбиесінің негізгі элементтері. Спорт-дене шынықтырудың құрамдас бөлігі. Спортты дамытудың негізгі бағыттары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Қазақстанда және шетелде арнайы білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңдері, бала-лар мен жасөспірімдердің аномальды даму заңдылықтары, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат туралы, дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларға арналған арнайы білім беру жағдайлары туралы біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
    Несиелер: 5

    Мақсаты:– Қазақстандық білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімі және спорт түрлері бойынша жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық даярлығын қалыптастыру. Міндеттері: - Студенттерді дене шынықтыру мен спорт жағдайында жан-жақты, біртұтас дамыған тұлғаны тәрбиелеу заңдылықтары туралы білімдермен қаруландыру. - Дене шынықтыру және спорт саласында жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін үйрету. -Студенттерді балалар спорттық ұжымымен жұмыс істеу және оны басқара білу машықтарына баулу. -Болашақ дене шынықтыру мұіғалімдері мен жаттықтырушылардың кәсіби біліктерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік (сала бойынша)
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік: мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары.Кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттері, белгілері және ұйымдастыру қағидалары. Кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілері, жүзеге асыру шарттары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес – жоспарлау Бизнес – жоспарды жасау мен әзірлеу әдістемесі. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жүзу оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 4

    Су ортасындағы қауіпсіздік техникасы (бассейндерде және табиғи су айдындарында). Жүзу бассейндеріне және шұғылданушыларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Дене шынықтыру бойынша жалпы орта білім берудің типтік бағдарламасының мазмұнындағы жүзудің рөлі, орны мен маңызы. Жоспар конспектісі. Жүзу сабақтарын өткізу әдістемесі. Сабақ өткізу үшін білім алушыларды ұйымдастыру әдістері. Жүзудің спорттық және қолданбалы әдістері техникасының арнайы білімі мен әдістемесін оқыту. Суға батушыларды құтқару, іс-қимыл алгоритмі. Зардап шегушіге алғашқы көмек. Жүзу бойынша жарыстарды ұйымдастыру, өткізу және төрешілік ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Баскетбол және гандболды оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру бойынша бастауыш және жалпы орта білім берудің типтік бағдарламасының мазмұнындағы баскетбол мен гандболдың рөлі, орны мен маңызы. Жоспар конспектісі. Баскетбол, гандбол сабақтарын өткізу әдістемесі. Сабақ өткізу үшін білім алушыларды ұйымдастыру әдістері. Баскетбол мен гандбол ойнау техникасының арнайы білімі мен әдістемесін оқыту, сондай-ақ қимыл әрекет тактикасын оқыту әдістемесі. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Жарыс ережелері. Төрешілік негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорт менеджменті
    Несиелер: 2

    Дене шынықтыру және спорт менеджменті пәні әлеуметтік-экономикалық, нормативтік бағдарламаларының негіздерінің дамытуын, жаңа технологиялардың мәні мен мазмұнын,спорттағы эконимикалық жетістіктерін, деңгейін салыстыру туралы түсінік береді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорт гигиенасы
    Несиелер: 3

    Дене тәрбиесі мен спорт гигиенасы саласында жүйеленген білімді, денешынықтыру мен спортпен айналысу процесінде гигиеналық факторларды қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ профилактикалық медицина саласында білім алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру теориясы мен əдістемесі
    Несиелер: 5

    Денешынықтыру теориясы мен əдістемесі пәні студенттерге дене шынықтыру және спорт ілімі бағытында жалпы теориялық және әдістемелік білім беру, дене тәрбиесінің негізгі ұғымдары , оқыту , үйрету қағидалары, дене тәрбиесі теориясының басқа ұғымдармен сабақтастығы, оқыту үйрету әдістері дене сапалары туралы түсінік береді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Конструктивтік оқыту әдістері
    Несиелер: 5

    Сындарлы оқытудың негізгі принциптері, Сындарлы оқытуда білім қалыптастыру, Сындарлы оқытудың заңдылықтары, конструктивтік оқытуды қалыптасу жолдары және іске асыру факторлары, сындарлы ойлау және сындарлы дағдылар, сындарлы функциялар мен қағидалар оқыту, формалар, әдістер және сындарлы әдістер сындарлы білім беру мен өзін-өзі тәрбиелеудің оқу ортасы

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Волейбол оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 5

    Дене тәрбиесіндегі жалпы орта білім берудің типтік бағдарламасының мазмұнындағы волейболдың рөлі, орны мен маңызы. Жоспар конспектісі. Волейбол сабақтарын өткізу әдістемесі. Сабақ өткізу үшін білім алушыларды ұйымдастыру әдістері. Волейбол ойнау техникасының арнайы білімі мен әдістемесін оқыту, сондай-ақ қимыл әрекет тактикасын оқыту әдістемесі. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Жарыс ережелері. Төрешілік негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дене шынықтыру және спорт психологиясы
    Несиелер: 5

    Студенттерді білім беру мекемелерінің оқушылары мен спорт ұйымдарының тәрбиеленушілерінің психикалық құбылыстарының дамуы мен қызмет етуін психологиялық қамтамасыз етумен байланысты кәсіби міндеттерді шешуге дайындайды, дене шынықтыру бойынша педагогтың кәсіби қызметін психологиялық қамтамасыз етуді анықтайтын арнайы білімді қалыптастырады, дене шынықтыру бойынша маманның кәсіби қызметін практикалық іске асыру үшін қажетті іскерлікті қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бұқаралық -спорттық жұмысты үйымдастыру
    Несиелер: 5

    Спорттық-бұқаралық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Жарыс туралы ереже. Спорттық-бұқаралық іс-шараның жоспар-сценарийі. Оқу орындарында, қосымша білім беру мекемелерінде, БЖСМ, спорттық-сауықтыру лагерлерінде, тұрғылықты жерінде спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары бар. Санитарлық-гигиеналық талаптар. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтына тұрақты қажеттілікті тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ күресінің теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ күресі бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Өткізу орны мен айналысушыларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Дайындық және арнайы күрес жаттығуларын орындау техникасы. Қазақ күресі күрес тәсілдерін орындау техникасы. Физикалық қасиеттерді дамыту. Қазақ күресінен жарыс ережелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бокстің теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бокс сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Өткізу орны мен айналысушыларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Дайындық және арнайы жаттығуларды орындау техникасы. Бокстағы қозғалыс әрекеттерін орындау техникасы. Физикалық қасиеттерді дамыту. Бокстың жарыс ережелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Футзал оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 5

    Дене тәрбиесіндегі бастауыш және жалпы орта білім берудің типтік бағдарламасының мазмұнындағы футзалдың рөлі, орны мен маңызы. Жоспар конспектісі. Футзал сабақтарын өткізу әдістемесі. Сабақ өткізу үшін білім алушыларды ұйымдастыру әдістері. Футзал ойнау техникасының арнайы білімі мен әдістемесін оқыту, сондай-ақ қимыл әрекет тактикасын оқыту әдістемесі. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Жарыс ережелері. Төрешілік негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Балалар мен жасөспірімдер спортының теориясы мен әдістемесінің негіздері. Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау. Жас спортшыны тәрбиелеу және оқыту. Физикалық белсенділіктің жеке адамға әсерін бағалау үшін психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық бақылау әдістері. Жаттығу жүктемелерінің жас кезеңі. Жас спортшының сабақтары мен өмір салтын ұйымдастыру. Спорттық таңдау кезінде жалпы және арнайы қабілеттерді бағалау. Әр түрлі білім беру мекемелері мен спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спорт резервін даярлаудың негізгі міндеттер��.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорттық массаж
    Несиелер: 5

    Спорттық тәжірибеде, белсенді және салауатты өмір салты үшін, сондай-ақ пациенттердің алдын-алу, емдеу және оңалту үшін массаж бен өзін-өзі массаж жасаудың жалпы принциптері мен әдістемелік ережелері. Спорттық-сауықтыру туризмі мен рекреация саласында практикалық іске асыру үшін массаж жасау дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Зерттеу әдістерін түсіну
    Несиелер: 5

    Ғылыми зерттеулерді сыни тұрғыдан ойлау үшін қажет жоспарлау және басқару дағдыларын үйрену

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорттық метрология және ғылыми-зерттеу жұмысы
    Несиелер: 5

    Метрологиялық бақылау дене тәрбиесі мен спорттағы жаттығу процесін басқарудың негізі ретінде. Спорттық өлшеулер теориясының негіздері. Өлшеу шкаласы. Өлшем бірліктері. Өлшеу дәлдігі. Ғылыми зерттеудің сипаттамасы. Тақырыпты таңдау және зерттеу есептерін анықтау. Гипотезаны әзірлеу. Зерттеу жоспары. Зерттеуші күнделігі. Әдебиетпен жұмыс. Зерттеу шарттарын ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу әдістері. Зерттеу нәтижелерін өңдеудің статистикалық әдістері. Ғылыми жұмысты әдеби-графикалық безендіру./

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жекпе-жек түрлері оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 5

    Әр түрлі жекпе-жектің пайда болу тарихы. Жекпе-жек түрлері техникасының жіктелуі. Жекпе-жек түрлері тактикасының жіктелуі. Арнайы дайындық жаттығулары. Техникалық әрекеттерді оқыту әдістемесі. Жекпе-жек түрлері бойынша сабақ өткізу әдістемесі. Жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар ұйымдастыру және өткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шағын кешенді мектептердегі дене тәрбиесі сабағын өткізу әдістемесі
    Несиелер: 5

    шағын кешенді мектептердегі дене тәрбиесі сабағын өткізу әдістемесі сабақ өткізуге әртүрлі сыныптардың балаларын ұйымдастыру болып табылады. Сабақты құру қағидалары, оларды өткізу әдісі, сондай-ақ оқу жұмысының практикалық материалы барлық мектептерге ортақ болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорттық және ұлттық күресінің түрлері оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 5

    Спорттық және ұлттық күрестегі қауіпсіздік қағидалары. Спорттық және ұлттық күреспен айналысатындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Жоспары, сабақ конспектісі. Спорттық және ұлттық күрес сабақтарын өткізу әдістемесі. Сабақ өткізу үшін білім алушыларды ұйымдастыру әдістері. Спорттық және ұлттық күрестің арнайы білімі мен моторикасын, сондай-ақ моториканың тактикасын оқыту әдістемесі. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Жарыс ережелері. Төрешілік негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқыту технологиясының негіздері мен қолданылуы
    Несиелер: 2

    әр түрлі контексте оқу мақсаттарына жету үшін тиімді білім беру технологияларын жобалау және дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тоғызқұмалақ оқыту әдістемесімен
    Несиелер: 3

    Тоғызқұмалақтың пайда болу тарихы. Ойын ережелері. Ситуациялық әзірлемелер. Жоспары, сабақ конспектісі. Ойын барысында тактика мен стратегияны қолдануды оқыту әдістемесі. Жарыс ережелері. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Үстел теннисінің теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Үстел теннисінен сабақ өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Үстел теннисіне қатысушыларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Үстел теннисі бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Ойынға берілудің түрлері, қорғаныс ойыны және шабуыл түрлері. Жарыс ережелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Дене тәрбиесі физиологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Спорттық іс-әрекеттегі ағзаның физиологиялық реакциясы, спортшының денесінің әртүрлі сыртқы жағдайларға бейімделу ерекшеліктері және олардың спорттық жұмысқа қабілеттілігіне әсері, спортшы ағзасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жарыстарға дайындық кезінде жаттығу жүктемелерін жоспарлау, қарапайым физиологиялық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдылары мен дағдылары және оларды жаттықтырушы мен дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметінде практикалық қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON8

    Өзінің оқуын дұрыс бағалай білуді, әрі қарай оқу траекториясын анықтауды, өзінің мансаптық жүйесін қалыптастыра білуді көрсетеді: -өзін-өзі дамытуды жетілдіреді, өзінің біліктілігі мен кәсіби-педагогикалық шеберлігін арттырады, ғылыми-зерттеу қызметін дамытады

  • Код ON5

    Педагогика, психология саласындағы озық білімді көрсетеді: -мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалармен және жалпы білім беру мекемелерінде, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын балалармен дене шынықтыру бойынша оқу сабақтарын, білім алушылармен сыныптан тыс спорттық-бұқаралық жұмыстарды дербес жүргізеді

  • Код ON6

    Дене тәрбиесі, дене шынықтыру және спортты оқытудың теориясы мен технологиясы, сондай-ақ білім берудегі менеджмент саласындағы озық білімдерін көрсетеді: - сараланған және интеграцияланған оқытудың, дамыта оқытудың педагогикалық технологияларын, оқытуда құзыреттілік тәсілдің ерекшеліктері мен ерекшелігін біледі және қолданады; - ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес пәнаралық байланыстар мен оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, оқу үдерісін құрастырады

  • Код ON1

    - ойлау мәдениетін меңгерген, ақпаратты жинақтауға, талдауға, қабылдауға, мақсат қоюға және оған қол жеткізу жолдарын таңдауға қабілетті; - әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарды төзімді қабылдайды, тарихи мұра мен мәдени дәстүрлерге құрметпен және ұқыпты қарайды

  • Код ON3

    Білім беру ұйымының саясаты шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын өз бетінше таңдау қабілетін көрсетеді: - ұжымдағы әріптестермен өзара әрекеттеседі; - оқу-тәрбие үдерісінің сапасын қамтамасыз етуге мүдделі ата-аналармен, әріптестермен, әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл жасауға қосылады; - тәрбие (спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық іс-шаралар) және оқу (мектепте дене шынықтыру сабақтарын және спорт секцияларын өткізу) жұмыстарын ұйымдастыру бойынша лауазымдық міндеттерді орындайды; - оқу-тәрбие үдерісінде және сабақтан тыс қызметте білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді; - ағзаның бейімделу резервін арттыру және денсаулықты нығайту үшін дене тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін қолданады;

  • Код ON2

    Педагогикалық қызметке байланысты мәселелерді шешуде әртүрлі нұсқаларды , оның ішінде балама нұсқаларын әзірлеу, ұсыну дағдылары мен біліктілгін көрсетеді: - көпшілік алдында сөйлеу, дискуссия мен пікірталас жүргізу дағдыларын қолданады; - көпшілік алдында сөйлеу мәдениетінің негіздерін меңгерген; - оқу ақпаратын таратады, өз бетінше білім алуға үйретеді; - әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардың жүйелендірілген теориялық және практикалық білімін пайдаланады. Функционалдық міндеттер шеңберінде педагогикалық үдерісті басқару, кәсіби білімді дамытуға және кәсіби қызмет нәтижелеріне жауапкершілікті қабылдау қабілетін көрсетеді: - өз қызметінде нормативтік құқықтық құжаттарды пайдаланады; - өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби қызметті жүзеге асыруға уәждемесі бар; - өзінің кәсіби қызметінің нәтижелеріне жауап береді;

  • Код ON4

    Дене шынықтыру және спорт саласының ауқымында практикалық және теориялық білімді қолданады: - қазіргі ақпараттық қоғамның дамуындағы ақпараттың мәні мен маңызын түсінеді, осы үдерісінде туындайтын қауіптер мен қатерлерді сезінеді, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын, оның ішінде мемлекеттік құпияны қорғауды сақтайды; - жоспарлау және есеп беру құжаттамасын жасайды, бұқаралық дене шынықтыру іс-шараларын және спорттық жарыстарды ұйымдастырады және өткізеді. Стандартты және стандартты емес жағдайларда зерттеу дағдыларын қолданады: - мәдени-ағартушылық қызметті ұйымдастыру үшін аймақтық мәдени білім беру ортасының мүмкіндіктерін анықтайды және пайдаланады; - білім беру және кәсіби қызметінде әлемнің қазіргі жаратылыстану-ғылыми суреті туралы білімді пайдаланады, ақпаратты математикалық өңдеу, теориялық және Эксперименталды зерттеу әдістерін қолданады;

  • Код ON7

    Білім беруде классикалық және инновациялық идеяларды біріктіру негізінде білімді қолданады: - шетелдік ақпарат көздерінен кәсіби қызмет саласындағы ақпаратты алуға және бағалауға мүмкіндік беретін деңгейде шет тілдерінің біріне ие; - оқу-тәрбие үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін заманауи әдістемелер мен технологияларды, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолданады; - мәдени-ағартушылық қызметке қатысушылармен кәсіби қарым-қатынас жасайды; - әріптестермен өзара іс-қимылда білім алушылардың қажеттіліктерін және оқудағы қиындықтарды анықтайды; - тәжірибені зерттеу контексінде әріптестермен бірге рефлексия әдістерін қолданады; - кәсіби және әлеуметтік мәні бар мәтіндерді дайындайды және редакциялайды; - мәдени-ағартушылық қызметті ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін пайдаланады.

Top