Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01405 Дене шынықтыру және спорт в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Адам анатомиясы және кинезиологиясы

    Пән адам анатомиясы және кинезиологиясы туралы терең теориялық білім бере отырып, тірек – қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек - тамырлар, жүйке және сезім жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді оқыту барысында білімгер адам денесінің құрылысын, мүшелерін зерттеу нәтижесін жинақтау, өңдеу, талдаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағыдаланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Таңдап алған спорт түрінің шеберлігін жетілдіру І

    Пән кәсіби білім алушыларға таңдаған спорт түрі бойынша дене жаттығуларымен тұрақты айналысудың маңызыдылығын теориялық және тәжірибелік тұрғыда оқытады. Пәнді оқу барысында білімгер таңдаған спорт түрінен спорттық-шеберлік негіздерін құрайтын компоненттер мен спорттық техника элементтерін меңгеріп, оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктері мен қажеттерін ескере отырып, жаттығу және оқу процесінде орындалатын жүктемелерді жоспарлайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жас ерекшелік психологиясы

    Пәнді оқу аясында адамның психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау мен әр жастағы баланың дамуындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және бейімділік қасиеттері мен қабілеттерін, білімді игертудің мүмкіндіктерін меңгертеді. Пәнді меңгерту нәтижесінде тұлға психологиясындағы түрткі, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейін анықтауды, диагностикалауды, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін ескере отырып іс-әрекетті ұйымдастыруға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мамандыққа кіріспе

    Пән білім алушыларды болашақ педагогикалық іс-әрекетке, кәсіптің теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге, кәсіби-педагогикалық бағыттылықты қалыптастыруға үйретеді. Пәнді оқу барысында білім алушылар педагог қызметінің мәні мен ерекшеліктерін түсініп, дене тәрбиесі пәні мұғалімінің тұлғасын қалыптастыруға қажетті білім мен дағдыларды игереді. Дидактикалық ұстанымдар арқылы оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырудың алғышарттарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дене тәрбиесі және спорт гигиенасы

    Пән дене жаттығуларымен айналысатын спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жеке бас гигиенасының теориялық негіздерін оқытады. Пәнді оқыту барысында білімгер гигиеналық нормалар мен талаптарды сақтап, өзінің денсаулығын қорғау жолдары мен амалдары туралы білімдері мен дағдыларын қалыптастырып, оларды дене шынықтыру дәрістерін, жаттығуларын және бұқаралық спорт іс-шараларын ұйымдастыруда қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Таңдап алған спорт түрінің шеберлігін жетілдіру ІІ

    Пән таңдаған спорт түрінің дене жаттығуларымен тиімді айналысу арқылы спорттық шеберлікті арттырудың теориясы мен әдістемесін оқытып, үйретеді. Пәнді оқыту барысында білімгер спортшылардың таңдаған спорт түрі бойынша спорттық шеберлігін аттыруға бағытталған спорттық техника элементтерін меңгеріп, тәжірибе жүзінде спортшыларды дайындау әдістемесін үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі ( А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Пән тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, оқушылардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Бокс

    Пән спортшылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби деңгейін көтеру мақсатында бокс өнерінің әдіс-тәсілдерімен әдістемесін тәжірибе жүзінде үйретіп, оқытады. Пәнді оқыту барысында білімгер бокс өнерінің негізгі тұрысы мен соққы алмасудағы қорғаныс, қозғалыстар және шабуылдау әрееттеріне бағытталған дене қабілеттерін меңгеріп, спортшыларды дайындау әдістемесін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Дене тәрбиесі пәні мұғалімінің педагогикалық шеберлігі

    Пән білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби түрде педагогикалық шеберлігін арттырып, теориялық тұрғыда қажетті білім беруді көздейді. Пәнді оқыту барысында білімгер инновациялық технологияларды қолдана отырып, педагогикалық шеберлікті жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, өз бетінше оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Пәнді оқыту аясында тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары, тәрбие үдерісінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және тәрбие үдерісін жобалау, талдау, басқару мен ұйымдастыру туралы жалпы түсінік қалыптасады. Пәнді меңгерту нәтижесінде әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастыру, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін білу, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігі мен практикалық дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Инклюзивті білім беру

    Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастырау туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шахмат

    Пән шахматтың даму тарихын, ойын ережелерін, фигуралардың орналасу тәртібін, қорғаныс пен шабуылдың стратегиялық әдістерін зерттейді. Пәнді оқыту барысында білімгер жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, хаттамалар жасауға, халықаралық және республикалық деңгейдегі шахмат жарыстарына талдау жүргізуге үйретеді. Әлемдік деңгейдегі гроссмейстерлердің ойын әдістерін, комбинацияларын, жүру тәсілдерін талдайды және оларды іс жүзінде қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Спорт психологиясы

    Пән спортшының психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы спортшының психикалық даму жолын оқытады. Пәнді оқыту барысында білімгер спортшының дамуындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және бейімділік қасиеттері мен қабілеттерін зерделейді. Дене шынықтыру және спорт дәрістерінде, жарысқа дайындық және жарыс үдерістерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерінен туындайтын түсініспеушіліктерді шешу әдіс-тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жүзу

    Пән судың адам ағзасына физиологиялық әсерінің ерекшеліктерін, суда жүзудің әдістемесін оқытып, үйретеді. Білім алушы дене жаттығуларының көлемімен, қарқындылығын жоспарлауға, төзімділік пен ептілікке машықтанады. Пәнді оқу барысында білімгерлер құрлықта және судағы дайындық жаттығулары мен судағы қауіпсіздік ережелерін, жүзудің еркін, брасс т.б тәсілдерін меңгере отырып, тәжірибе жүзінде спортшыларды дайындау әдістемесін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпқой спорт

    Пән кәсіпқой спорттың әлеуметтік-тарихи және ұымдастырушылық-экономикалық ерекшеліктерін және оның спортшы тұлға мен қоғамға әсерін зерделейді. Пәнді оқу барысында білімгер кәсіпқой спорт түрлерінің сипаттамасын, оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымын, экономикалық және құқықтық негіздерін оқып, үйренеді, әуесқой спорт түрлерімен салыстырып, жас ерекшеліктеріне байланысты спортшы тұлғаларға оң және теріс әсерлерін талдайды. Алған білімдері мен дағдыларын педагогикалық іс-әрекеттерін жүзеге асыруда қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлттық спорт және ойын түрлері

    Пән ұлттық ойындар мен қозғалмалы ойындардың әдіс-тәсілдері мен ережелерін оқытады, білімгерлердің ойлау, ептілік, әдіс-тәсілдік т.б іскерлік дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқыту барысында білімгер ұлттық ат спорты, ұлттық күрес тарихын, тоғызқұмалақ, асық, қозғалыс ойындарын зерттей отырып, ұлттық спорт түрлерінен дене шынықтыру дәрістерін және бұқаралық спорт іс-шараларын ұйымдастыруға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Футбол

    Пән футбол ойыншысының комбинациялық әрекетін дамыту мақсатында тәжірибе жүзінде ойынның әдіс-тәсілдерін оқытып, үйретеді. Ойын барысында спортшының жылдамдығы, допты алып жүрудегі реакциясы, шешім қабылдау жылдамдығы, төзімділігі т.б дене сапалары қалыптасады. Пәнді оқыту барысында білімгер бұқаралық жарыс хаттамаларын жасауды, төрелік етуді, доппен әр түрлі әрекеттерді орындауды, ұжымдық ұйымдасу тәсілдерін меңгеріп, спортшыларды дайындау әдістемесін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі І

    Пән дене тәрбиесінің негізгі ұғымдары мен принциптерін, сабақ өткізудің жалпы және арнайы әдістері мен бақылау және есепке алу әдістемесін оқытып, үйретеді. Пәнді оқыту барысында білімгер сабақтың ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспарларын құруды, сабақтан тыс уақытта жұмысты жоспарлауды меңгере отырып, сабақтың тығыздығы мен жүктемесін айқындауды, шұғылданушылардың денсаулығын нығайтуды зерделейді және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гимнастика І

    Пән гимнастикалық жаттығулардың негізгі ұғымдары мен терминологиясын, жаттығу барысында көмектесу, сақтандыру дағдыларын меңгертеді. Пәнді оқыту барысында білімгерлер гимнастикалық жаттығулардың саптық, жалпы дамыту, қолданбалы, еркін, секіру, акробатикалық түрлерін орындауды меңгереді. Алған білімі мен дағдыларын дене шынықтыру дәрістерінде, бұқаралық спорт іс-шараларында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дзюдо

    Пән дзюдо күресінің әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде үйретіп, оқытуды көздейді. Пән дзюдо күресінің аяқ-қол әрекеттері арқылы, төрт тағанда қарсыласу, тырп еткізбей ұстау, қарсы әдіс көрсету т.б тәсілдерін тәжірибе жүзінде үйретуге бағытталған. Пәнді оқыту барысында білімгер дзюдо күресінің иықтан, кеудеден асырып лақтыру, ауырту әдістері мен ережелерін меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды, дәрістерді және жарыстарды ұйымдастыру тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еркін күрес

    Пән спорт саласындағы еркін күрес өнерінің әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде үйретіп, оқытады. Пән еркін күрес өнерінің ұстау, қарсы әдіс көрсету, лақтыру т.б әдіс-тәсілдік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқыту барысында білімгер бағдарламада берілгендей еркін күрес өнерінің артқа өту, аяққа өту, кеудеден асырып лақтыру тәсілдері мен ережелерін меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды, дәрістерді және жарыстарды ұйымдастыру тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Спорттық ғимараттар және тренажерлар

    Пән спорттық ғимараттардың ашық және жабық түрдегі нысандарының талаптары мен қолдану тәртібінің теориялық негіздерін оқытады. Пәнді оқыту барысында білімгер тренажер бөлмелеріндегі заманауи спорттық құралдармен жұмыс жүргізу әдістемесін меңгере отырып, дене шынықтыру дәрістерін жүргізуде, бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыруда спорттық ғимараттардың сапасы мен тиімділігін саралай отырып шешім қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жеңіл атлетика

    Пән жеңіл атлетикалық жаттығу түрлерінің әдістемелік-құралдармен тиімді жұмыс жасау тәсілдерін тәжірибе жүзінде оқытып, үйретеді. Пән жылдамдық, икемділік, төзімділік және т.б дене сапаларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқыту барысында білімгер ашық және жабық алаңдардағы әртүрлі қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа, биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру әдістемесін меңгеріп, алған білімдері мен дағдыларын дене шынықтыру дәрістерін, жаттығуларды және бұқаралық жарыстарды ұйымдастыруға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ата-түрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Олимпиадалық ойындар тарихы

    Пән олимпиадалық ойындар тарихының тармақтарын оның мақсаттары мен міндеттерінің негізгі идеяларының құндылықтарын теориялық тұрғыдан тереңдетіп оқытады. Пәнді оқыту барысында білімгер Олимпиаданың тарихын, стандарттары мен ережелерін, экономикалық сипаттарын оқып, үйренеді. Олимпиадалық ойындарда еліміздің спортшыларының тарихи спорттық жетістіктерінің маңызы мен нәтижелерін талдап, тарихи зерттеулер жүргізеді. Нәтижелерінде жастарды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жолдарын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дене шынықтыру және спорт тарихы

    Пән адамзат қоғамының өмір сүруінің әртүрлі кезеңдерінде дене шынықтыру мен спорттың қалыптасып, дамуы жайлы дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырады. Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қарапайым және құл иеленушілік қоғамдағы дене шынықтырудан бастап қазіргі уақытқа дейінгі дене шынықтырудың қалыптасуы мен даму жүйелерін саралап, талдайды, тарихи зерттеулер жүргізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі ІІ

    Пән жеңіл атлетиканың негізгі түрлерінің жіктелуін, дму тарихы мен заңдылықтарын оқытады. Білімгер мектептегі жеңіл атлетика дәрісінің жоспарларын құрастыруды, қажетті бағдарламалық және материалдық мазмұнын анықтап, дәріс жүргізу технологияларын және оқыту нәтижелерін бағалауды меңгереді. Жеңіл атлетика түрлерінен спорттық жаттықтыру үйірмелерін жүргізудің теориясы мен әдістемесін үйреніп, жеңіл атлетикадан бұқаралық жарыстар ұйымдастыруға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гимнастика ІІ

    Пән саптық жаттығуларды өткізудің әдістемелік негіздерін, жалпы дамыту жаттығуларын тәжірибе жүзінде үйретіп, оқытуды жетілдіреді. Пәнді оқыту барысында білімгер гимнастикалық спорттық құралдарын қолдану арқылы іскерлік-дағдыларын қалыптастыруды, гимнастикалық көпсайыс жаттығуларының оқыту әдістемесі мен сақтандыру тәсілдерін жүзеге асыру әдістемесін меңгеріп, оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып оқу процесін жоспарлауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Спорттық метрология

    Пән спортшылардың дайындық деңгейіне байланысты көрсеткіштер мен метрологиялық өлшеудің нақтылығын және нәтижелерін теориялық тұрғыда оқытады. Пәнді оқыту барысында білімгер спортшының жаттығу жүктемесін, қимыл-қозғалыс әрекетін орындау тәсілін, спортық нәтижелері мен спортшының жарыс кезіндегі жүріс-тұрысын бақылау барысындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жинақтау, өңдеу, талдаудың заманауи тәсілдерін меңгере отырып, зерттеу жұмыстарын қорытындылауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі ІІІ

    Пән гимнастикалық снарядтарда орындалатын жаттығулардың теориясы мен әдістемесін оқытуда білім алушылардың жас-жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғары сыныптарда гимнастика дәрістерін өткізу үшін теориялық және практикалық білім береді. Пәнді оқыту барысында білім алушылар гимнастикалық жаттығулардың орындалу әдістерін, терминологиясын меңгереді. Мектептегі гимнастика дәрісінің жоспарларын құрастыруды, қажетті бағдарламалық және материалдық мазмұнын анықтап, дәріс жүргізу технологияларын және оқыту нәтижелерін бағалауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спорттық биомеханика

    Пән биомеханиканың мақсаты мен негізгі міндеттерін, биомеханикалық зерттеу нысандарын теориялық тұрғыда оқытады. Пәнді оқыту барысында білімгер спортшының жас ерекшеліктеріне байланысты жай-күйін, жаттығу жүктемесін, бұлшықет тонусын жоғарылату, жарақаттанудың алдын алу амалдарын меңгере отырып, спортшының биомеханикалық аппаратының қоршаған ортамен, спорттық жабдықтармен өзара әрекеттесу процесінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стол теннисі

    Пән стол теннисінің әдіс-тәсілдік және комбинациялық әрекетін үйретіп, дамыту мақсатында тәжірибе жүзінде оқытып, үйретеді. Пән ойын барысында мықты реакция, жылдам соққы беру т.б тәсілдерін дамытуға бағытталған. Пәнді оқыту барысында білімгер шабуыл жасаудың және қорғанудың, допты ойынға енгізудің әртүрлі әдістерін меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды, дәрістерді және жарыстарды ұйымдастыру тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шығыс жекпе-жегі

    Пән шығыс жекпе-жегінің әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде үйретіп, оқытуды көздейді. Пән шығыс жекпе-жегі спортында қолданылатын аяқ-қол әрекеттері арқылы қарсы әдіс көрсету, қорғану, шабуылдау т.б тәсілдерін тәжірибе жүзінде үйретуге бағытталған. Пәнді оқыту барысында білімгер шығыс жекпе-жегінің соққы жасау, тебу, лақтыру, ауырту әдістері мен ережелерін меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды, дәрістерді және жарыстарды ұйымдастыру тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Самбо

    Пән спорт саласындағы самбо күресі өнерінің әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде үйретіп, оқытады. Пәнді оқыту барысында білімгер бағдарламада берілгендей самбо күресінің ұстау, әдіс қолдану, қарсы тәсілдер қолдану, лақтыру т.б әдіс-тәсілдік әрекет дағдыларын меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды, дәрістерді және жарыстарды ұйымдастыру тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Баскетбол

    Пән баскетболдың пайда болу тарихын, шабуыл, қорғаныстағы жеке және топтық әрекет техникасын зерттейді. Пәнді оқыту барысында білімгер допты еркін алып жүру, лақтыру, топтық өзара іс-қимыл әрекеттері мен дағдыларын қалыптастырады. Төрешілік ету, допты әр түрлі бағытта қабылдау және беру, алыс және орта қашықтықтан себетке лақтыру, дриблинг әдістерін меңгереді, алған білімдері мен дағдыларын дене шынықтыру дәрістерін, жаттығуларды және бұқаралық жарыстарды ұйымдастыруда қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Волейбол

    Пән волейбол ойыншыларының әдіс-тәсілдік және комбинациялық әрекетін дамыту мақсатында тәжірибе жүзінде үйретіп, оқытылады. Пән ойын барысындағы еркін түсінісу, реакция, тосқауыл қою, биіктікке секіру т.б тәсілдерін дамытуға бағытталған. Пәнді оқыту барысында білімгер техникалық және тактикалық, жалпы және арнайы дене дайындығын меңгереді, әртүрлі деңгейдегі бұқаралық жарыстар ұйымдастыру, төрешілік ету әрекеттерін жүзеге асыруға машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дене тәрбиесі және спорт педагогикасы

    Пән дене тәрбиесі мен спорт саласындағы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдерді, әдістер мен технологияларды оқытуды көздейді. Пәнді оқыту барысында білімгер жоғары әлеуметтік педагогикалық құндылықтарға бағдарланған, оқушылардың ерекше қажеттіліктерін ескеріп, оқыту және тәрбиелеуді жүзеге асыруды үйренеді, педагогикалық технологиялар мен инновацияларды қолданып, оқу-тәрбие үдерісін жоспарлауға машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Үлкен теннис

    Пән үлкен теннис ойынының әдіс-тәсілдік, комбинациялық әрекетін дамыту мақсатында тәжірибе жүзінде оқытылады. Пән үлкен теннис ойыны барысында мықты реакция, жылдамдық, ептілік және т.б дене сапаларымен қатар теннис добын шебер қағу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқыту барысында білімгер төрешілік етумен қатар әдіс-тәсілдерді меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды, дәрістерді және жарыстарды ұйымдастыру тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  • Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады.
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Заманауи зерттеу әдістерін қолданып, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін сақтап, педагогика саласында ғылыми–зерттеу жұмыстарын жүргізеді
  • Спорт тарихы, ережелері мен қағидалары туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерін шешуде қолданады.
  • Оқушылардың жеке және жас ерекшелік физиологиялық қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып оқу процесін жоспарлайды.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • Aлған білімдерін спортшыларды дайындауда, бұқаралық спортты дамытуда, спорттық қызметті басқаруда көрсетеді.
  • Дене шынықтыру және спортты оқытуда және оқыту жетістіктерін бағалауда инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқу-тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді.
  • Зерттеу саласындағы деректерді жинау және сыни талдау негізінде тәуелсіз шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді
  • Дене мәдениеті және спорт саласын оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін, жаңартылған білім беру бағдарламасының заманауи мәселелерін меңгере отырып, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді.
Top