Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01405 Дене шынықтыру және спорт в Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес пәнаралық байланыстар мен оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін құрастыру, модельдеу, жобалау
  • Дене шынықтыру және спорт мұғалімі, оқытушысы ретінде кәсіби қызметті жүзеге асыру
  • Білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру және өз қызметінің нәтижелерін талдау
  • Түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың өздігінен білім алуы мен кәсіптік бағдарлануы үшін қолайлы жағдайлар жасау
  • Кәсіби қызметте ақпаратты жоспарлау әдістерін талдау, жинау, қорыту және пайдалану құралдарын меңгеру
  • Қоғамдық ғылымдардың әртүрлі салаларында базалық білімді меңгеру, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау; рухани-адамгершілік санаттар негізінде оқу процесін ұйымдастыру
  • Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы саласындағы ғылыми білім негізінде оқу процесін жүзеге асыру
  • Оқу орындарында, клубтарда, мекемелерде дене шынықтыру және спорт жарыстарын, спорттық мерекелерді төрешілдікті ұйымдастыру және жүзеге асыру
  • Заманауи инновациялық технологияларды қолданумен, тренажер жабдықтарын әзірлеумен, спорт ғимараттарын, алаңдарды, спорт снарядтарын және мүкәммалды жобалау кезінде консультациялық көмек көрсетумен байланысты жобалау қызметін жүзеге асыру
  • Дене шынықтыру және спорт саласында әкімшілік-басқару қызметін жүзеге асыру
  • Қазақ, орыс, шет тілдерін, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, көп мәдениетті, көпэтносты және көпконфессиялы қоғамдағы қарым-қатынас саласындағы білімді меңгеру, толерантты және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу
  • Ағзаның спорттық жетістіктерге дайындығының функционалдық, физикалық, техникалық-тактикалық, психологиялық, зияткерлік жақтарын бақылауды, түзетуді жүзеге асыру
Top