7R01110 Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті, тәжірибе мен ғылымда алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды қабылдап және дамыта білетін, халық денсаулығын нығайту үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалана алатын мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 210
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R001 Кардиология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Жалпы, ересектер кардиологиясы-1
Пән артериялық гипертония, атеросклероз, ишемиялық ауру, жіті короанарлық синдром, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы, тахиаритмия және брадиаритмияның диагностикасы, дифференциялдық диагнозы, емдеуі мен профилактикасы және оңалтудың заманауи әдістерінің дағдыларын меңгертеді. Жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарды амбулаториялық кезеңде қарап тексеру. Диагностикалық, емдік, оңалту, профилактикалық қызмет.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 36
-
Инвазивтік емес Кардиоваскулярлық визуализация-1
Пән кардиологиядағы функционалды диагностиканың негізгі және спецификалық әдістерін, ЭКГ, жуктеу стресс-тесттері(велоэргометрия және тредмил тестілеу), қан қысымын 24 сағат мониторинги және Холтер ЭКГ, сондай-ақ ультрадыбыстық әдістерді (трансторакалдық эхокардиография, трансэзрфагеалдық эхокардиография, стресс эхокардиография, қан тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы) жүргізу туралы білім мен дағдыларды қалыптастырады. Нәтижелерді түсіндіру жәнехалықаралық ұсыныстарға сәйкес қорытынды жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 18
-
Ішкі аурулар
Пән аса кең таралған тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолдары және қанайналым жүйелерін диагностикалау, дифференциялдық диагноз жасау, профилактика жүргізудің білімі мен дағдыларын қалыптастырады. Диагностикалау мен емдеу, қауіп факторларының профилактикасы және оңалтудың заманауи әдістерінің дағдыларын меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 14
-
Жалпы, балалар кардиологиясы
Пән стационар жағдайында балалар кардиологиясы, кардиореабилитация, туа біткен және жүре пайда болған жүрек-қантамыр аурулары, оперативтік емдеудің көрсеткіштері, жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылыстарын, стационар жағдайындағы балаларда инфекциялық - эндокардиттер, миокардиттер, перикард аурулары, кардиомиопатия диагностикалау мен емдеудің дағдыларын арттыруды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 20
-
Қарқынды балалар кардиологиясы
Пән балалар жасындағы гемодинамиканың ауыр бұзылыстары: өмірге қауіп төндіретін жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы , жіті сол жақ және он жақ қарыншалық жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, балалардағы жүрек қызметінің тоқтау кезіндегі диагностика және қарқынды терапия жүргізудің білімі мен дағдысын қалыптастырады. Баладардағы жүрек-өкпе реанимация ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 10
-
Балалар аурулары
Пән стационар жағдайында кардиологиялық науқастардың сонымен ара ең көп таралған коморбидті аурулары бар оның ішінде тыныс алу, гемопоэз, несеп жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының және ревматикалық ауруларды диагностикалау, дифференциалды диагностика және емдеу туралы білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жалпы, ересектер кардиологиясы-2
Пән инфекциялық эндокардиттер, миокардиттер, перикард аурулары, кардиомиопатия ), қанайналымның созылмалы жетіспеушілігі, жүрек ісігі, зат алмасу бұзылысы кезіндегі түрлі аурулар мен жүрек ауруларының зақымдануларының профилактикасын, салыстырмалы диагностикасы кезінде емдеу мен дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 27
-
Инвазивтік емес Кардиоваскулярлық визуализация-2
Пән спецификалық ультрадыбыстық зерттеу әдістерінің нәтижелерін (стресс эхокардиография, 3D эхокардиография, трансэзофагиальды эхокардиография), транэзофальды электрофизиологиялық зерттеулердің нәтижелерін түсіну, рентетген-радиациялық диагностика әдістерін (миокардтың перфузиялық сцинтографиясы, радионуклидті зерттеу, вентрикулоангиография көрсеткіштерін түсіндіру, рәсімдеуді жүргізудің тәсілдері мен дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Жүрек электрофизиологиясы
Пән жүрек өткізгіштігі кезінде жүрек электрофизиологиясының тәсілдерін, аспаптық және электрофизиологиялық диагностиканың әдістерін, жүректің программаланған өңеш арқылы жасалатын электрофизиологиялық зерттеулерін, радиожиілікті аблацияны, ЭКС, ИКД, СРТД имплантациясының тәсілдерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 19
-
Қарқынды ересектер кардиологиясы
Пән жедел коронарлы синдромының, күрделі гипертониялық криз , жедел миокард инфарктісі, өмірге қауіпті күрделі жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы, жедел оң және сол жақ қарыншалық жетіспеушілік кардиогендік шок, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы, жүрек ұстамасы диагностикалау мен емдеудің жолдары мен дағдыларын қалыптастырады. Медициналық және электр кардиоверсиясы, дефибрилляция, жүрек-өкпе реанимациясы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 16
-
Ересектер мен балаларда болатын күрделі аритмия кезіндегі ЭКГ
Пән клиникалық контексте ЭКГ жүйелі түрде түсіндіру, 12 бұрулы тыныштықтағы ЭКГ бойынша жүрек ырғағы және өткізгіштігінің диагностикасы; ересектер мен балаларда ишемияны анықтау және өршітпеу үшін визуалдау әдістерінің ерекшеліктерінің жолдары мен дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 8
-
Кардиологиялық науқастарды оңалту
Электив кардиологиялық профильдегі науқастарды оңалту бойынша -миокард инфарктісін бастан өткерген, жүрек клапандарына протездеу жасалған, жүрекке және ірі тамырларды қайта қалпына келтіру оталары жасалған , сондай-ақ біріктірілген патологияларды зерттеуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 8
-
Клиникалық аритмология
Пән жүрек қызметінің электрофизиологиясының қазіргі негіздерін, ЖЫБ негізгі түрлерінің дифференциалды диагностикасын, жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеулерді жүргізу дағдыларын және білімін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 8
-
Жүкті әйелдердегі жүрек-қантамыр аурулары
Пән клиникалық контексте ЭКГ жүйелі түрде түсіндіру, 12 бұрулы тыныштықтағы ЭКГ бойынша жүрек ырғағы және өткізгіштігінің диагностикасы; ересектер мен балаларда ишемияны анықтау және өршітпеу үшін визуалдау әдістерінің ерекшеліктерінің жолдары мен дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 8
-
Жалпы, ересектер кардиологиясы-3
Пән стационар жағдайында пациенттерде жүрек-қантамыр аурулары және қауіп факторларының диагностикасы, дифференциялдық диагнозы, емдеуі, профилактикасы мен оңалтудың жолдары мен дағдыларын қалыптастырады Кардиохирургиялық операцияларға таңдау жүргізу - туа біткен және жүре пайда болған жүрек-қантамыр ауруларыдың, оперативтік емдеудің көрсеткіштерін аныктау , ЭКМО, «жасанды сол жақ қарыншаның», жүрек трансплантациясы дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 13
-
Интервенциялық кардиология
Пән ересектердегі жүрек-қантамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық интервенциялық әдістерін: коронароангиография, коронарлық артерияларды стенттеу, окклюдерлерді импланттау, қанайналымын қолдаудың механикалық қондырғыларын қолданудың білімі мен дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 12
Оқыту нәтижелері
- ON9 кәсіби командалар арасындағы құрамдағы әрекетті талдауға және келісуге, нәтижелерді әрі қарай жақсарту үшін өз нұсқаларын қорғау.
- ON 6 медициналық есепке алу-есеп беру құжаттарын ресімдеу және жүргізу, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізу.
- ON 7 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру бөлігі шеңберінде әрекет ету.
- ON8 пациенттер, оның туғандары, әріптестермен тиімді өзара әрекеттесу.
- ON 2 дифференциялық диагностика жүргізу және заманауи сыныптауыштарға сәйкес диагнозды құрастыру.
- ON1 жүрек-қантамыр аурулары және олардың қауіп факторлары бар пациенттерде клиникалық, зертханалық тексерулерді жоспарлау, түсіндіру және жүргізу дағдыларын қолдану.
- ON10 зерттеу мәселелерін қалыптастыру, алынған ғылыми деректерді талдау, оларды жинақтау, қорытынды жасау және нәтижелерін өзінің клиникалық тәжірибесінде қолдану.
- ON11 халықаралық деректер базасын күнделікті қызметінде тиімді қолдану, конференциялар мен үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне қатысу дағдыларын көрсете алады.
- ON 3 кардиологиядағы шұғыл жағдайларды диагностикалау және қажетті жедел көмек көрсету
- OON4 әлеуетті қауіптер мен пациентте бар коморбидтілікті есепке ала отырып дәлелді медицинаның қағидаларына негізделген қауіпсіз және тиімді емді таңдау.
- ON 5 терапияның тиімділігін бағалау, сырқаттың нәтижесін және оның асқынуын болжау, профилактикалық іс-шаралар жүргізу.