Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7R01121 Жақсүйек-бет хирургиясы, соның ішінде балалар жақсүйек-бет хирургиясы в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Пәндер

  • Ауыз қуысы хирургиясы-2

    Пән пародонт ауруларының хирургиялық емі, сүйек тінінің бағытталған регенерациясы және ауыз қуысын протездеуге хирургиялық дайындауәлдістерінің тәжірибелік машықтарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 12
  • Ауыз қуысы хирургиясы-1

    Пән емхана жағдайында ересектер мен балалардың негізгі жақ –бет аймағының хирургиялық стоматолдогиялық сырқаттардың сараптама,емдеу және алдын алу мен тіс жұлу операциясы, соның ішінде атипиялық ретенирленген және дистопирленген тіс жұлу операцияларын жүргізу машықтары мен білімін, тәжірибесін қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 13
  • Сәулелі диагностика

    Пән жақ-бет аймағының патологиясының радиациялық семиотикасы туралы білімдерін, радиациялық диагностика алгоритмін құрастыру дағдыларын, сәулеленудің әртүрлі түрлерін қолдану негізінде диагностикалық мақсаттар үшін радиациялық семиотиканы талдау туралы білімін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оториноларингология

    Пән анатомия, ЛОР мүшелерінің физиологиясы, ЛОР мүшелерін зерттеу әдістері, мұрын және параназальды синусит ауруларын диагностикалау және емдеу әдістері туралы білімдерін қалыптастырады: жедел және созылмалы ринит, жедел және созылмалы синусит, мұрын аурулары; фарингальды аурулар: тонзиллит, жедел және созылмалы фарингит, созылмалы тонзиллит және оның асқынулары; құлақ аурулары: сыртқы және орта отит.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жақ-бет аймағының іріңді хирургиясы-2

    Пән ересектер мен балалардағы жоғары жақ-бет аймағының синуситтерінің,себебін, сараптау және емдеу принциптерін, самай-төменгі жақ буынының қабыну сырқаттарының, сілекей безінің қабынуы туралы білімді қалыптастырады, сонымен қатар, `гайморотомия` операциясын жүргізу, үлкен сілекей бездерінің шығу түтігін зондтау, бужирлеу, ересектер мен балалардағы сілекей түтіктеріне инстилляция жүргізу, сілекей конкрементін жою бойынша іскерлікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 10
  • Жақ-бет аймағының іріңді хирургиясы-3

    Пән ауруханада одонтогендік жақ –бет аймағының остеомиелит, абсцесс және флегмонасын емдеу және сараптама жүргізу, алдын алу туралы білім және іс-тәжірибені қалыптастырады, ересектер мен балалардағы абсцесс пен флегмонаны алдын алу қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 10
  • Жақ-бет аймағының іріңді хирургиясы-1

    Пән жақ-бет аймағының шиқаны, көршиқаны, лифадениттері және одонтогенді емес, спецификалық қабыну ауруларының клиникасы, диагностика негіздері мен емі туралы біліміін, соның ішінде, шиқан, көршиқан кезіндегі іріңді ошақты дренаждайтын тәжірибелік машықтарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 15
  • Нейрохирургия

    Пән шұғыл жағдайдағы клиникалық синдромдар, диагностика жәнегоспитальға дейінгі шұғыл көмек, ауруханалардағы тексеру әдістері, жедел медициналық көмек туралы білімдерін қалыптастырады: жедел цереброваскулярлық бұзылыс, ми қанайналымының бұзылуы, ми мен оның мембраналарының жедел қабыну аурулары, ми жарақаттары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Жақ-бет аймағының травматологиясы-2

    Пән жақ бет аймағының оқатан болған жарақаттарының диагностика әдісінінің ерекшелігі мен емін, бет күйіктері мен аралас және құрама жарақаттарды емдеу мен диагнсотикалау туралы білімін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 9
  • Жақ-бет аймағының травматологиясы-3

    Пән СТЖБ ауралары мен зақымданулар, сілекей без ауралары мен бет жүйкесінің зақымданулары туралы білімді қалыптастырады, сондай-ақ ересектер мен балалардың жақ-бет аймағының абсцесстері мен флегмонын дренаждау бойынша іскерлікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 9
  • Жақ-бет аймағының травматологиясы-1

    Пән бет зақымдануларының алғашқы хирургиялық өңдеу мен бет қаңқасы сүйектерінің оқтан емес болған сынықтарының емдеу мен диагностикасы туралы білімі мен тәжірибелік машықтарын қалыптастырады, жақ сынықтарын консервативті емдеу (репозиция, ересектер мен балаларда Шина салу), бет қаңқасы сүйектерінің остеосинтезін жүргізу, жарақат салдарынан туындаған асқынулардың алдын алу және емдеу бойынша іскерлікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 9
  • Жақ-бет аймағының туа пайда болған және жүре пайда болған ақаулары мен деформациясы-1

    Пән самай төменгі жақ буынның бастапқы сүйек аурулары (сүйек анкилозы, деформацияланатын остеоартрит), бет қаңқасының туа біткен ақаулары, тістердің дамуындағы ауытқулар, жақ сүйектерінің арақатынасындағы ауытқулар, операцияның ерекшеліктері және гнатикалық хирургияның практикалық дағдылары туралы білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 9
  • Жақ-бет аймағының туа пайда болған және жүре пайда болған ақаулары мен деформациясы-2

    Пән жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен ақауларын диагностикалау менемдеу бойынша білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады; жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлық өсіндісін қалпына келтіру, балалардағы пластикалық хирургияның ерекшеліктерін, реконструктивті және жақ-бет хирургиясындағы тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ туа біткен кемістіктердің түрін анықтау, емдеу мерзімін белгілеу, жақ-бет аймағының туа біткен кемістіктері бар баланы операциялық араласуға дайындау машықтарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 9
  • Жақ-бет аймағының туа пайда болған және жүре пайда болған ақаулары мен деформациясы-3

    Пән ересектер мен балалардағы жарақттан кейінгі генездегі жақсүйектер остеомиелитінен кейінгі, ісіктерді алудан кейінгі, жақ-бет аймағының ақаулары мен деформацияларын диагностикалау және емдеу бойынша білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 9
  • Жақ-бет аймағының жаңа түзілістері

    Пән жақ-бет аймағының ісіктері мен ісік тәрізді түзілістердің түрлері, эпидемиологиясы, жақ-бет аймағының қатерлі ісігін диагностикалау мен алдын алу әдістері, жақ-бет аймағының ісіктері бар науқастарды клиникалық тексеру негіздері, динамикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, қатерлі ісікпен ауыратын науқастар үшін оңалту бағдарламаларын енгізу кіреді, ересектер мен балаларда жұмсақ және сүйек тіндерінің, кисталардың және жақ-бет аймағының жыланкөздерінің қатерсіз түзілімдерін жою бойынша іскерлікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 7
  • Анестезиология және қарқынды терапия

    Пән анатомия, ЛОР мүшелерінің физиологиясы, ЛОР мүшелерін зерттеу әдістері, мұрын және параназальды синусит ауруларын диагностикалау және емдеу әдістері туралы білімдерін қалыптастырады: жедел және созылмалы ринит, жедел және созылмалы синусит, мұрын аурулары; фарингальды аурулар: тонзиллит, жедел және созылмалы фарингит, созылмалы тонзиллит және оның асқынулары; құлақ аурулары: сыртқы және орта отит.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 4
  • Жақ-бет аймағын қалыптастырушы және реконструктивті хирургиясы-2

    Пәнжақ-бет аймағы жұмсақ тіндерінің пластикалық хирургиясы, оны жоспарлау ерекшеліктері, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жақ-бет аймағы ақаулары мен деформацияларын қалпына келтіру (жергілікті тіндермен пластика жасау, жергілікті артериаланған қиындылармен пластика, тіндерді еркін көшіру, реваскуляризацияланған еркін трансплантатпен, Филатов сабақшасымен пластика)туралы білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 12
  • Клиникалық фармакология

    Пән науқастың ағзасына дәрілік заттардың әсері туралы білімді қалыптастырады, WADA тізіміне сәйкес тиімді препараттардың көмегімен оның қалпына келуіне ықпал ететін білімін қалыптастырады, сондай-ақ жақ-бет аймағының патологиясын емдеуде дәрілік заттарды негізді таңдау және қолдану іскерлігін қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 4
  • Жақ-бет аймағын қалыптастырушы және реконструктивті хирургиясы-1

    Модуль ересектер мен балалардағы бет-жақ аймағы жұмсақ тіндерінің пластикалық хирургиясы, сүйек пластикасы, бет-жақ сүйектерін қалпына келтіру және қалпына келтіру хирургиясы бойынша білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 12
  • Дентальді имплантация

    Пәнде дентальды имплантация жүргізуге деген көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін оқып үйрену, дентальды имплантаттардың түрлерін оқып үйрену, альвеолярлы өсіндінің биіктігі мен енін өлшеуді жүргізу, тіс имплантациясының хирургиялық кезеңін жүргізу және имплантация кезіндегі асқынулардың алдын алу іскерліктері кіреді, жақ-бет хирургінің тәжірибелік қызметінде менеджмент және маркетингтің негізгі принциптерін жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Жақ-бет аймағын қалыптастырушы және реконструктивті хирургиясы-4

    Пән беттің эстетикалық хирургиясы, блефаропластика, отопластика, ринопластика, фейс-лифтинг, контурлы пластика жүргізуді, оның көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жақ-бет хирургінің практикалық қызметінде менеджмент және маркетингтің негізгі принциптерін жүзеге асыру туралы білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 11
  • Жақ-бет аймағын қалыптастырушы және реконструктивті хирургиясы-3

    Пән балалар мен жасөспірімдердегі қалыптастырушы және реконструктивті хирургия, операция алдындағы ортодонтиялық емнің ерекшеліктері,, хирургиялық емі мен реабилитациясы туралы білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ операция алдындағы дайындық ерекшеліктерін қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 11
  • Балалар мен жасөспірімдердегі тіс-жақ жүйусі даму ақаулардың мәселелері

    Пән балалар мен жасөспірімдердің жақ-бет патологиясының дамуына тіс-жақ аномалияларының әсері туралы білімді қалыптастырады, тіс-жақ аномалиясы бар балалар мен жасөспірімдердің диагностикасы бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады, зерттеу барысында алынған нәтижелерді талдау және түсіндіру және тіс-жақ аномалияларын емдеу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Офтальмология

    Пән көру ағзасының анатомиясы, физиологиясы, жақ бет аймағының және ауыз қуысы мүшелерінің үйлескен зақымдануын анықтау туралы білімді қалыптастырады, көру мүшесіне байланысты ауруларды сараптау мен емдеуде білімі мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 9
  • Хирургиялық стоматологиялық аурулары кезіндегі тромбоциттерге бай плазма (PRP) пайдалану

    Пән теориялық және патогенетикалық әсер ету механизмдері, PRP үшін қажетті зертханалық-техникалық жабдықтау, клиникалық әсерлер, аутологиялық бай тромбоциттермен плазманы қолдану көрсеткіштері бойынша білімдерін қалыптастырады және оны алу мәселелері және жақ-бет аймағының аурулары кезінде емшаралар жүргізу әдістері бойынша практикалық іскерлікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Жақ-бет хирургиясындағы эндоскопиялық технологиялар

    Пән заманауи эндоскоптардың оптикалық сипаттамалары мен құрылғыларын, диагностикалық және емдік эндохирургиялық әдістерді білуді қалыптастырады және жақ-бет аймағының аурулары кезінде эндоскопиялық технологиялар мен аз инвазивті хирургияны қолдану саласында іскерлікті қалыптастырады, оны жақ-бет хирургиясына қазіргі заманғы енгізу деңгейін, эндоскопиялық технологиялардың жетістіктері мен мәселелерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • ON3. Жақ-бет аймағының патологиясы бар және өміріне қауіп төнген жағдайда ересектер мен балаларға жедел медициналық көмек жүргізу.
  • ON7. Әлеуетті қатерлерді бағалау және науқас үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында науқаспен, оның ортасымен, кәсіби команда құрамында медициналық персоналмен тиімді өзара іс-қимыл жасау.
  • ON6. Балаларда туа біткен ақаулардың, ересектер мен балаларда жақ-бет аймағының іріңді-қабыну және ісік ауруларының алдын алу үшін профилактикалық іс-шараларды дербес жүргізу.
  • ON4. Жақ-бет аймағының іріңді-қабыну аурулары, сілекей бездерінің, самай-төменгі жақ буынының, перифериялық бас сүйек-ми нервтерінің аурулары, жарақаттық зақымданулар, қатерсіз ісіктер мен ісік тәрізді түзілістер, жақ-бет аймағының туа біткен кемістіктері бар науқастарды кешенді емдеуді өз бетінше жоспарлау және жүргізу.
  • ON10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру өрісі шеңберінде медициналық сақтандыру, медициналық аудит, маркетинг, Маркетинг, менеджмент, жақ-бет хирургының негізгі принциптерін іске асыру.
  • ON5. Ересектер мен балаларда жақ-бет аймағының даму ауытқулары, жіті және созылмалы аурулар, жарақаттық зақымданулар, пайда болу, жақ-бет аймағының ақаулары мен деформациялары кезінде динамикалық бақылау және оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру.
  • ON9. Өз бетінше оқу, кәсіби команданың басқа мүшелерін оқыту, бар ғылыми деректерді талдау, оларды жинақтау, қорытынды жасау және нәтижелерді өзінің клиникалық тәжірибесінде қолдану, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына қатысу.
  • ON2. Ересектер мен балалардың жақ сүйегі мен жұмсақ тіндерінде жүргізілетін жергілікті жансыздандыру әдістерінің барлық түрін өз бетінше жасау.
  • ON8. Өз бетінше медициналық құжаттарды жүргізу.
  • ON1. Жақ-бет аймағының патологиясы бар ересектер мен балаларды өз бетінше зерттеуді жоспарлау мен оны жүргізу.
Top