Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02304 Қолданбалы филология в Сулейман Демирел атындағы университет

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ филологиясын негізге ала отырып дайындалған 6В02304 – «Қолданбалы филология» бағдарламасының негізгі бағыты - түрлі саладағы мәтіндермен кәсіби түрде жұмыс істей алатын,соның ішінде, баспа ісі, менеджмент, жарнама, ақпараттық агенттіктер, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар сынды қоғамның түрлі саласында қызмет ететін мамандар дайындау. 6В02304 – «Қолданбалы филология» білім бағдарламасы кәсіби біліктілігі мен құзіретін еңбек нарығының түрлі саласында қолдана алатын,ағылшын тілін еркін меңгерген, шығармашыл маман дайындауды мақсат тұтады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
  • Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
  • Түрік тілі 1 (A1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курс аяқталған соң, студенттер курстық, сөйлеу, оқу, түрік тілін тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге, түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін үйренеді, сөздерді тәрбиелеу саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздердің және сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексиканы кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шаршытоп алдында сөйлеу әдебі
    Несиелер: 5

    «Шаршытоп алдында сөйлеу мәдениеті» элективті пәні сөздің мәдениетке қатыстылығын айқындау, тіл-сөз-сөйлеу арақатынасын жіктеу, ауызша және жазбаша сөз мәдениетінің аражігін ажырату, сөз мәдениетін нормалық, қатысымдық және этикалық аспектілерден қарау, коммуникативтік діт, стратегия, тактика ұғымдарын түсіну, сондай-ақ дискурстың қалыптасқан және антропоөзектік бағыттарының ерекшеліктерін саралау мәселелерін қарастыратын болады. «Шаршытоп алдында сөйлеу мәдениеті» пәнінің негізгі мақсаты – коммуникативтік құзыреттілік дағдыны қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті әрі құзыреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда қазақ ауызша тілдің жүйесі мен құрылымы арқылы ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби-бағдарлы дайындығын қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл білімінің негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттерге тіл теориясы, тілдің лингвофилософиялық концепциялары, лингвосемиотикалық табиғаты, тілдің фоно-морфо-семантикалық жүйесі, тіл біліміндегі қалыптасқан бағыттар, лингвистикалық әдіс-тәсілдер туралы ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық білім беруді көздейді; лингвистикалық әдіс-тәсілдердің методологиясымен танысып, практика жүзінде тілдік анализ жасай білуге үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі 1 (B1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Түрікше мәтіндер лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи- мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Қазақ және түрік тілінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне анализ жасап, ғылыми талдау принциптерін қолдана білуге дағдыландырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және нетворкинг
    Несиелер: 5

    Сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты екендігі мәлім. Пәннің басты нысаны – сөйлеу мәдениеті туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, білім алушы сөйлеудің нормативтік, коммуникативтік және этикалық компоненттері, сөйлеу қарым-қатынасы, оның қағидалары, сөйлеудің логикалық мазмұндық құрылымы, сөйлеудің мәнерлілік құралдары, сөйлеу техникасы, ұжымдық іс-әрекет құрылымындағы филолог маманның сөйлеуі, оқу және оқудан тыс жағдайларда сөйлеу іс-әрекеті формаларын пайдалану, түсіндіру монологы, сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптарсияқты ұғымдармен жете танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 5

    Әдебиет сөз өнері болса, оны зерттейтін ғылымның әдебиеттану деп аталатынын үйрете отырып, аталған ғылымның пайда болу, қалыптасу кезеңдеріне шолу жасалады; Сөз өнерінің бейнелеу ерекшелігі мен оның қоғамдық мәні талдап, түсіндіріледі; Аталған пәнді оқу арқылы ізденуші әдеби шығарманы талдау әдістерімен танысады, көркем шығармаға баға беруге машықтанады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі 2 (B1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курсты аяқтағаннан кейін жазу, сөйлеу, оқу дағдылары, қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін игеріледі, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен тілдік сөздікқорын кеңейтіледі, білімгердің жоғары біліктілігіне оң септігін тигізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Медиамәтіндермен жұмыс
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты медиамәтінді қабылдауға, талдауға, бағалауға қабілетті, медиа шығармашылықпен айналысатын, жаңа білімді игеретін, қазіргі заман талабына сай копирайтер, спичрайтер сынды СММ саласының қыр-сырын меңгерген маман дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ фольклоры
    Несиелер: 5

    Фольклорлық мұралар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, халық тұрмысымен өзектес этнографиялық, этнологиялық қырларын талдап, ажыратып студенттерге тағылым беру көзделеді. Бұл пәнді оқу барысында студенттер этнография мен этнологияның ғылыми мәнін танып, түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Прагмалингвистика
    Несиелер: 5

    "Прагмалингвистика" пәні аясында әлемдік лингвистикадағы, кеңес және қазақ тіл ғылымындағы лингвистикалық идеялар мен антропоөзектік бағытта қалыптасқан ғылыми парадигмаларға талдау жасалып, қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистиканың даму тарихы мен зерттелуі қарастырылады. Қазіргі тіл біліміндегі сөйлеу кезіндегі тілдік құбылыстардың қызметін ұғындырады. Яғни адам өз ойын оқырманға қалай жеткізеді, қатынас құралдарын қалай қолданады прагмалингвистиканың ұстанымдары мен постулаттары қандай деген сұрақтарға жауап береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі 2 (A1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курс аяқталған соң, студенттер курстық, сөйлеу, оқу, түрік тілін тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге, түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін үйренеді, сөздерді тәрбиелеу саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздердің және сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексиканы кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдеби жәдігерлер текстологиясы
    Несиелер: 5

    Ежелгі түркі дәуірінен қалған тарихи–әдеби жәдігерліктер дүние жүзінің мұрағаттарынан көптеп табылуда. Олардың көпшілігі зерттеліп, ғылыми айналымға еніп отыр. Оларды жас ұрпаққа оқыту, аталған жазба ескерткіштерге текстологиялық талдау жасауға машықтандыру аталған пәннің алдында тұрған басты міндеті болып саналады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі: фонетика және фонология
    Несиелер: 5

    Студенттер қазақ тілі дыбыстарының фонетикалық сипаттамасын, дауыстылардың оппозициялық айырым белгілерін,қатаң, ұяң, үнді дауыссыздардың сипаттамасын, әріп–фонема–дыбыс ұғымдарының арақатынастары мен айырмашалықтарын біледі. Үндестік заңын,қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуін, қазақ тілі орфоэпиясын, оның ішінде дыбыстардың үндесімі мен үйлесімін түсінеді. Қазақ тілінің емлесініңнегізгі ережелерінигеріп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу принциптерін кешенді түрде меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі лексикалық жүйесінің семантикалық табиғаты, ұғым, мағына және сөз үштігінің арақатынасы, лексикалық мағынаның семантикалық құрылымы, сөз мағынасының психологиялық аспектісі, сөз мағынасының ассоциациялық құрылымы, сөз мағынасының даму жолдары (мағынаның кеңеюі мен тарылу процестері), сөздің мағыналық өзгерістері нақты талдаулар жасау негізінде анықталады. Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихы, лингвистикалық сөздіктердің түрлері, қазақ лексикографиясының алдағы міндеттері; қазақ тілі этимологиясының зерттелу жайы, этимологиялық принциптері нақты мысалдар негізінде талқыланып айтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі әдебиеттегі жаңа жанрлар
    Несиелер: 5

    "Қазіргі әдебиеттегі жаңа жанрлар" пәні қазіргі әдеби үрдісте қалыптасқан, жас буынның сұранысына ие әдеби жанрларды оқып, талдау, баға беруді көздейді. Аталмыш пән аясында жаңа жанрдағы әдеби туындылардың өзіндік ерекшеліктері мен әдеби туындының өміршеңдігі, шығармашылық үдеріс барысы жан-жақты талқыланып, студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдай түсу мақсат етілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Ислам және Алтын Орда дәуірі – көне әдебиетіміздің тарихындағы жазба мұраға аса бай жемісті кезеңдердің бірі. Ежелгі дәуір әдебиеті: Ислам және Алтын Орда кезеңі курсының басты бағыты әдеби, тарихи кезеңдердің қалыптасу, даму, өркендеу кезеңдеріне қатысты студенттердің білімін арттыру және осы кезге дейін жеткен әдеби ескерткіштерімен жан-жақты таныстыру. Ислам және Алтын Орда әдебиеті өкілдерімен, олардың шығармаларымен таныстырып қана қоймай, олар жөнінде зерттеулер мен ой-пікірлердің тарихын саралай отырып, ақын-жазушылардың шеберлігін танытатын шығармалардың әдеби көркемдігі мен құрылысына тереңдеп үңілу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Шетел тілі 3 (ағылшын тілі - В2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Шетел тілін жалпы білімдік пән ретінде оқытуда студенттердің коммуникативтік және жалпы кәсіби құзыреттерін әрі қарай дамыту. Күтілетін нәтиже: күнделікті өмірге, өтілетін тақырыпқа қатысты әртүрлі коммуникативтік сфералар мен ситуацияларда (танысу, амандасу, жанұя, азық-түлік, студенттік асхана, үй, пәтер, сән, спорт, дәрігерде т.с.с.) ауызша және жазбаша сөйлеу біліктілігін жетілдіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Түрік тілі 3 (A2 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Бұл курс іскери қарым-қатынас жағдайында пайдаланудың күрделілігінің түрлі деңгейлерінде түрік тілін жан-жақты зерттеу болып табылады. Бағдарлама бизнес үшін түрік тілін іс жүзінде игеруге және коммуникациядағы психологиялық тосқауылдарды жеңуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі өркениеттегі шешендік өнер
    Несиелер: 5

    Шешендік өнерді оқыту арқылы болашақ мамандардың заманға сәйкес ана тілінде жатық та көркем сөйлеуіне, өз ойларын ықшамдап образды түрде жеткізуге, халықтың бай да құнарлы тілін ұтымды пайдалануға үйрету мақсат етіледі. Жеке адаммен сөйлесу, топ алдында сөйлеу, ойын ұтымды да дәйекті тілмен жеткізу әлі күнге шейін өзінің өзектілігін жойған жоқ. Адам баласын өз сөзіне иландырудың басты қағидалары неде деген мәселелер аталған пәнді оқыту барысында теориялық және практикалық жағынан талданып түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Түрік тілі 3 (B2 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Түрік тілінің тарихы оқытылып, тарихи-филологиялық мұраларын талдауға ерекше көңіл бөлінеді. Түрікше мәтіндер лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи- мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ тілі: сөзжасам және морфология
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің морфологиялық табиғатына тән заңдылықтар туралы терең талданады. Тілдің өзіне тән ішкі табиғаты: түбір мен қосымша шегінің айқын болуы; қосым-шаның өзіне тән мағынасының болуы, олардың сөзге жалға-нудағы орын тәртібі; грамматикалық мағына және оның түрлері, грамматикалық форма мен грамматикалық мағына сәйкестігі мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әдіснамалық негіздері
    Несиелер: 5

    XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдерімен, олардың шығармаларымен танысу, олар жөнінде зерттеулер мен ой- пікірлердің тарихын саралай отырып, ақын-жазушы шеберлігін танытатын шығармалардың әдеби көркемдігі мен құрылысына тереңдеп үңілу. Күтілетін нәтиже: -қазақ әдебиетінің бүгінгі даму-қозғалысын зерделеу; - ұлт әдебиетіндегі өмір мұратын, адам меноның еңбегін айқындау; -еліміз тәуелсіздік алғалы бергі уақыт аралығындағы сөз өнері үлгілерін, ақын-жазушылырдың шығармашылық ерекшеліктерін көрсету;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасыр әдебиетін қоғамдық-әлеуметтік болмыс, тарихи жағдай аясында қарастыра отырып, оның негізгі даму бағыттарын, көркемдік табиғатын нақтылы түр, жанрлық сипат жөнінен мағлұмат алады. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқытуда қазақ әдебиеттану ғылымының жеке тұлғалар шығармашылығын зерттеудегі, жалпы әдеби үрдісті ғылыми жүйеге түсірудегі зерттеу нәтижелері негізге алына отырылып, белгілі бір дәрежеде әдеби мұраны көркемдік жөннен тану бағытындағы ізденістергекөңіл бөлу көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі түркі халықтарының әдеби байланыстары
    Несиелер: 5

    Түркі халықтары мәдениеті, соның ішінде әдебиеті түбі бір туыстас халықтар болғандықтан ежелден бір бірімен үнемі байланыста болған. Әсіресе көптеген ауыз әдебиеті мұралары мен орта ғасырдағы шығармаларымыздың көбісі, соның ішінде тарихи ескерткіштеріміз де барлық түркі халықтарына ортақ болып келеді. Соған қарамастан сол түркі халықтарының ішінде жеке ұлтқа тән шығармашылық өнердің де қалыптасқаны белгілі.кезінде капиталистік және социалистік екі лагерге бөлінген түркі халықтары әдебиетінің арасы біраз ажырап қалған болатын. Хх ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бері сол үзіліп қалған әдеби байланыстар қайта жалғанып, бүгінде әдеби байланыстардың белгілі бір қалыпқа түсе бастаған жайы бар. Онда түркі халықтарының ұлттық шығармалары бір-бірініе аударылып, жалпы түркі дүниесіне ортақ рухани қазына ретінде қарастырылуда. Аталған пәнді оқыту барысында осы байланыстар жіті назарға алынатынын ескертеміз.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жазушының шығармашылық шеберханасы (зертханалық іс-тәжірибесімен)
    Несиелер: 6

    Пәннің негізгі мақсаты, қазақ әдебиеті классиктерінің әдеби мұрасы хақында бұрынғы берілген бағаларға сын көзбен қарап, әдебиеттанудың соңғы әдіс-тәсілдері арқылы жетілдіре зерттеп, кең тынысты, көп қырлы шығармашылық шеберханасын ашу, қаламгерлік құпиясына ену. Сонымен қатар, жазушы шығармашылығымен таныса отырып, әр студенттің жеке қабілет-қарымы мен шығармашылық потенциалын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Түрік тілі 4 (A2 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курстың аяқталғаннан кейін студент түркі халықтарының дүниетанымын, дінін және сенімін, әдебиеті мен өнерін, тілін және мәдениетін, сондай-ақ қазіргі түркітілдес мемлекеттердің халықаралық қатынастарымен байланысты әдебиеттерді еркін пайдалана алады және өздігінен зерттей алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Шетел тілі 4 (ағылшын тілі - В2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Студентерді ағылшын тілінде оқу, жазу, сөздерді айту ерекшеліктерін және сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерін меңгеруге, қажетті лексика, грамматикалық материалдарды игеруге үйрету, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру. Шетел тілін жалпы білімдік пән ретінде оқытуда студенттердің коммуникативтік және жалпыкәсіби құзыреттерін әрі қарай дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Түрік тілі 4 (B2 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты түрік тілінің грамматикалық білім жүйесін, тілдік коммуникацияның прагматикалық құралдарын меңгертуді, сөйлеу этикасы мен сөйлеу нормасын қалыптастыруды, түрік тілінде еркін сөйлесуді, пікірталасқа, көпшілік алдында сөйлеуге баулу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Кеңес кезеңіндегі (1960-1980) ақын-жазушылардың өмірі мен қызметін, шығармашылық ерекшеліктерін бүгінгі талап тұрғысынан таразылап, жанрлық жүйесін, көркемдік өрнектерін зерделеп, тіл ерекшеліктеріне баға береді. Әдебиет дамуындағы бұралаң жолдар шындығын таниды. Ұлттық сөз өнеріндегі тұғырлы тұлғалардың, ұлт туын көтергендері үшін есімдері аталмай келген қаламгерлердің шығармаларының сыр-сипатына маңыз береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 6
  • ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 6

    Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың соңындағы әдеби процесс пен әдебитет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беріледі. Көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып, кеңестік дәуірдегі әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, әдеби көркемдік тұрғыда талданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ тілі: жәй сөйлем және құрмалас сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    Студенттерді қазіргі қазақ тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қаруландырады.Сөз бен сөздің байланысу тәсілдері мен формаларын таныстырып, жай сөйлем түрлері мен жасалу жолдары, сөйлем мүшелері, бірыңғай мүшелер, айқындауыш мүшелер, олардың тыныс белгілер, құрмалас сөйлем және оның жіктемесін; жасалу жолдары; құрмалас сөйлемнің түрлері мағлұмат беріледі. Теориялық білім негізінде студенттердің мектепте жұмыс жүргізуге қажетті білік, дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • XX ғасырдағы қазақ әдебиетін дәуірлеу принциптері
    Несиелер: 6

    Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі әдебиеттану ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Әдебиеттің қалыптасу, даму тарихынбілмейтұрыпоның даму арнасын, дамуғаүлесқосқанақын-жазушылардыңөмірі мен шығармашылықөсужолын, қоғамдық – тарихи, әлеуметтікмәселелердің түп- төркінінт.б. анықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 5

    Стилистика қазіргі қазақ тілі курсының барлық салаларымен, қазақ әдеби тілінің тарихымен, тіл мәдениеті, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндерімен тығыз байланысты. Құзіреттілік: - стилистика ғылымының теориялық негіздерімен танысады; - қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат алады; - оларды ажыратудың жолдарын үйренеді; - стилистикалық норманы меңгереді; - сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Шетел тілі 5 (ағылшын тілі - С1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Шетел тілін іскери тіл ретінде қабылдау. Ол үшін: бизнестің негізгі ерекшеліктерін білу және компания құрылымын, жарнама жасау, басқару стилі мен маркетингін, ақпарат жинаудың кей әдісімен танысу, оқу, хат, әңгіме, тыңдау әдістері арқылы іскерлік қарым-қатынас дағдысын жетілдіру. Оқыту нәтижелері: Бұл пән ғылыми өсу жолында, сонымен қатар, бұрынғы білімді жетілдіруде жетекші рөл атқарады. Бұл курсты оқуда терең білімді қамтамасыз ете отырып, практикалық тәжірибе жинақтауда болашақ мамандыққа әсері мол.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ тілінің прагмастилистикасы
    Несиелер: 5

    Прагмастилистиканы антропоөзектік ғылыми парадигма контексінде алатын орнын түсіндіріледі. Прагмастилистиканың басты зерттеу нысанымен, сөйлеу актісі теориясымен, коммуникативтік стратегия және коммуникативтік тактика, сондай-ақ дискурс және аялық білім ұғымдарымен таныстырылады. Сөйлеу әдебінің тәртібі және коммуникативтік актінің табысты болуына ықпал ететін экстралингвистикалық факторларды меңгереді. Коммуникативтік сәтсіздіктерді болдырмаудың алдын-алу және коммуникативті бірліктерді мақсатқа сай қолдана алу жолдары үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Салғастырмалы әдебиеттану (қазақ және ағылшын әдебиеті негізінде)
    Несиелер: 5

    Әдеби байланыс-тарихи категория, сол себепті де әр ұлттың әдебиеті басқа әдебиеттермен байланысып өмір сүреді. Қай әдебиет болса да өзара байланыссыз, қарым-қатынассыз толық кемелдене алмайды. Әдебиет әлеміндегі тоғысулар, қарым-қатынастар, рухани алмасулар әдеби байланыстарды құрайды. «Салғастырмалы әдебиеттану» пәні студенттерді заманауи филологияның маңызды бағыттарындағы әдебиеттерді салыстырмалы және салғастырмалы түрде зерттеуге бейімдейді. Курсты оқып-үйрену нәтижесінде студенттер салыстырмалы, салғастырмалы зерттеулер әдісі мен әдеби мәтінді талдау әдісі, ұлттық әдебиеттің әлемдік әдеби үрдіске қатысты құрылымы туралы идеяларды қалыптастырады және басқа ұлттық әдебиеттерді басқа әдебиеттермен өзара әрекеттесу тұрғысынан зерттеу мүмкіндігін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инновациялық үрдістер
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігі мен ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыруды мақсат етеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – білім беру және ғылым саласына цифрлы технологияны ендіру екені белгілі. Осы орайда аталған пән білім беруде тиімді компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау жолдарын, сабақ барысындағы технологиялардың тиімді тұстарын, сонымен қатар түрлі электронды ресурс мүмкіндіктерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Көркем аударманың теориясы мен практикасы (оқу-өндірістік тәжірибесімен)
    Несиелер: 5

    Қазіргі жаһандану заманында аудармашы мен филолог мамандықтары ерекше сұранысқа ие. Пән мақсаты аударманың ғылыми мәселелері мен әлемдегі жетекші аударма мектептерінің (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Франция, Канада, т.б.) концепциясын білетін, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдеріне аудару процесін негіздеп, қорытындысын сараптай алатын маман дайындау. Пән барысында студенттер көркем аударма мәтінін теориялық тұрғыда негіздеп, практика жүзінде аударма жасау және коммуникативті тапсырмаларды орындау тәсілін меңгеруге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Постмодернизм және қазіргі әдеби үдеріс
    Несиелер: 5

    «Постмодернизм және қазіргі әдеби процесс» атты пәнде студенттер қазіргі әдебиеттанудың даму тенденцияларын ашып, көркем шығармалар мен әдеби құбылыстарын зерттеудің ғылыми әдістермен танысады. Отандық және шетел әдебиеттануындағы постмодернистік шығармалардың заңдылықтарын зерттеп, қазіргі әдебиеттанудың ұғымдары мен категорияларын, көркем шығарманы талдау тәсілдер мен әдістерін, әдеби үдерістің даму жолдарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жазбаша мәтінді редакциялау негіздері
    Несиелер: 5

    Түрлі типтегі мәтіндерді құрастыра білуге, кәсіби деңгейде өз бетімен шығармашылық мәтіндерді өңдей білуге бағытталған. Жазу дағдыларын дамытуды оқыту міндеттері студенттерді сценарийлерден бастап рефератқа дейін, баяндама, түрлі жанрдағы шығармалармен жұмыс істей білуге үйретумен байланысты. Курс студенттерді оқу, мәдени, басқару мекемелеріндегі, БАҚ-тағы болашақ кәсіби қызметке үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шетел тілі 6 (ағылшын тілі - С1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты: Тілді дұрыс мақсатта қолданудан өзге академиялық мәтіндерді құрастыруда тиімді тәсіл ретінде қолдану. Грамматика мен сөздік қорды, жазба және академиялық тақырыптарға арналған ағылшын мәтінін пайдалануға баса көңіл бөлінеді. Оқыту нәтижелері: Курсты аяқтау нәтижесінде студенттер: - ақпаратты тиімді құрастыруға; - мәтін құрауда идея мен аргументтерді байланыстыра алуға: - өз жұмысын сыни бағалауға; - нақты және қысқаша мәтіндер жазуға; ағылшынша мәтіндерде негізгі конвенциялармен танысады Студенттердің сыни баға беру қабілеттерін дамыту, мәселен әдеби мәтіндердің жазба стилін көзқарас таныту,қорытындылар жасау, фактілер мен пікірлерге сыни пікір білдіру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Графикалық әдебиет
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетінде графикалық роман, графикалық әдебиет ұғымдары енді қалыптасып келе жатқанымен, әлемдік әдебиетте жаңашыл жанр ретінде танылып, кең ауқымды оқырмандар аудиториясын жинап үлгерген. Қазақ тілді графикалық әдебиеттің қалыптасуы, аталған әдеби жанрдың зерттелуі жас буынның сұранысын қанағаттандыратын шығарма тудыруды көздейді. "Графикалық әдебиет" пәні аталған жанрдағы туындылармен танысып, талдау жасап қана қоймай, білім алушыларды сценарист-автор, суретші-жазушы, колорист-жазушы сынды шығармашылық түрлеріне баулуды да көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Көркем мәтінді талдау және бағалау
    Несиелер: 5

    Студенттер әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігін танып, оның қоғамдық мәні мен эстетикалық сипатына баға бере алады; Сондай-ақ, көркем шығарманы оқып талдауға, өздерінің эстетикалық талғамына қарай ғылыми тұжырым жасауға машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәтін лингвистикасы және дискурс
    Несиелер: 5

    «Мәтін лингвистикасы және дискурс» курсында білімгер мәтіннің қатысымдық/коммуникативтік құрылымы, синтагмалық бөлінуі, мәтіннің түрлері, мәтіннің функционалды-прагматикалық аспектілері туралы ғылыми теориялық ақпарат алады. Құзіреттілік: - - білім алушыда тілдік және коммуникативтік құзіреттіліктер қалыптасады; - - ойын жүйелі, айқын да сауатты жеткізу үшін қажетті сөйлемдерді мағыналық және тұлғалық жағынан дұрыс таңдау және құрастыра білу дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бұқаралық және Non fiction әдебиет
    Несиелер: 5

    "Non fiction" әдебиет немесе документалды әдебиет деп аталып жүрген бұл әдеби жанр қазіргі таңда бұқаралық әдебиеттің ең оқылымды саласына айналып отыр. Тіпті кейінгі уақыттарда аталмыш жанрды қолданбалы әдебиет деп те атап жүрміз. Яғни, пән барысында бүгінгі қоғам сұранысына сай бизнес жүргізу жайлы, бала тәрбиесі жайлы, жетістікке жету жолдары жайлы, мотивациялық және психологиялық әдебиеттің жай-күйі талданып, қазақы аудиторияға сай талданатын болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Контрастивистика (оқу-өндірістік тәжірибесімен)
    Несиелер: 5

    Контрастивтік лингвистиканың мақсаты екі, кейде бірнеше тілді салғастыра зерттеп, олардын кұрылымдық денгейіндегі жақындығы мен айырмашылығын айкындау. Контрастивтік лингвистиканың ертеректегі мәліметтері ана тілімен салыстыра отырып, бөтен (шет) тілдің ерекшеліктерін байқаумен байланысты болды. Олар шет тілдерде жарияланған грамматикаларда (Батыс Еуропада Қайта өркендеу дәуірінен бастап) көрініс тапты. Контрастивтік лингвистика әдетте тілдің синхрондық материалдарына сүйенеді. Тілдің әртүрлі деңгейіне қатысты еңбектердің сан жағынан көбі контрастивтік грамматикаға, аз мөлшерде контрастивтік фонологияға, одан аз мөлшерде Контрастивтік лексика жүйесіне байланысты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Консалтингтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Тілдік консалтинг – аударма барысында сөздердің бір-бірімен үйлесім табуын, әдеби тұрғыда әдемі аударылуын талап ететін, тікелей аудармаға қатысы жоқ қызметтер. Оған терминологияның дұрыс қолданылуына, аударманың тілге жеңіл болуына, тілдік ережелерді зерттеуге және т.б. қатысты жұмыстарды жатқызуға болады. Пән барысында құжаттың терминологиясын аударып қана қоймай, тиісті тілдік ортада аударманың дұрыс қолданылуын, сонымен қатар, сауда белгілерін, түрлі атауларды тексеріп, олардың сәйкестілігі мен жұртшылыққа дұрыс жеткізілуін, жарнама мәтіндеріндегі қателерді жөндеу сынды құзіреттіліктер меңгерілетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Салғастырмалы грамматика(қазақ, орыс және ағылшын тілі)
    Несиелер: 5

    Жат тілді игеруде салғастырмалы-типологиялық ізденістердің нәтижелері үлкен лингводидактикалық қызмет атқарады. Салғастырмалы-типологиялық ғылыми ізденістердің нәтижелері үш тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ғана емес, салыстырылып жатқан әр тілдің ішкі дүниесіндегі нәзік ерекшеліктерді де анықтайды. Ол ерекшеліктер монотілді зерттеу барысында әр кез байқала бермейді. Пән осы секілді міндеттерді шеше отырып, болашақ филолог-маманның кәсіби құзыреттілігін шыңдауға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Event іс-шаралардың тілдік негіздері
    Несиелер: 5

    "Event іс-шаралардың тілдік негіздері" пәні аясында студенттер кез-келген мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымда іс-шаралардың ұйымдастыру барысында кездесетін мәтіндермен жұмыс істеуге дағдыланады. Іс-шаралар туралы пресс-релиздердің жазылуы, ақпараттық хаттардың сауатты жзылуы, түрлі шаралардың сценарийлерінің жазылуы тұрғысынан біліктілік алып шығады. Аталмыш пән іскери коммуникация мен құжаттық лингвистика мәселерін де қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 5

    Шетел әдебиетінің озық үлгілерімен, талантты тұлғалар шығармашылығымен танысады; әлем әдебиетіндегі әдеби бағыттар мен әдеби мектептердің ұсынған тұжырымдарына әдеби талдау жасай алады; шетел әдебиетінің ірі өкілдерінің шығармаларына интрепретация жасай алады; ақын-жазушылар шығармаларының басты идеясы мен көркемдік ізденістерін жан-жақты зерттеуге, авторлық түпкі ойдың салмағын ажырата алуға машықтанады; көркем әдеби құндылықтарды танып, өзіндік пікір қорғай алады; шығармашылық пайымдауларында дәйекті тұжырым жасап, зерттеу жұмыстарында қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Көркем мәтін интерпретациясы: теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    "Көркем мәтін интерпретациясы: теориясы мен практикасы" пәні көркем шығарманың тұтастай мағынасын, мазмұнын, оның идеясын, концепциясын тану, түсіну, зерделеу сынды құзіреттіліктерді қалыптастыруда маңызы зор. Бұл пәнді меңгерген студент төмендегідей 3 бағытқа сәйкес құзіреттіліктер қалыптастыра алады: 1. Оқырмандық интерпретация; 2. Ғылыми интерпретация;3. Шығармашылық-образдық интерпретация.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Тәуелсіздік кезең әдебиеті
    Несиелер: 5

    Студенттерді адамзат баласының әдеби жетістіктері жүйесіндегі қазақ әдебиетінің Тәуелсіздік жылдарындағы жаңа туындылары мен көркемдік жалғастық заңдылықтары меңгертіледі. Студенттердің өз бетінше көркем шығарманы эстетикалық талғаммен танып, қаламгерлердің даралық дарынды қасиеттерін, шеберлік сырларын эстетикалық таныммен игеруге, кәсіби біліктілігін тереңдетуге жан-жақты ғылыми-теориялық, негіздемелік бағдар беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері
    Несиелер: 6

    Академиялық жазылым дағдыларына, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғылыми мәтін құрастыруға, дереккөздермен, ақпараттар легімен жұмыс жасауға, оларды өңдеуге, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, өзіндік идеялар ұсынуға, кәсіби мәтіндік құжаттар әзірлеуге, академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға үйрету еліміздегі бүгінгі білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі болып отыр. Осы ретте пәннің мақсаты – академиялық сауаттылықты оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін, соның ішінде академиялық мәтіндерді, кәсіби іскерлік мәтіндерді құрастыруды, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырудың стратегияларын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 8
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: - ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру: – ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және шешу; – ғылыми-зерттеулер жүргізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану; - ғылыми еңбектің мақсаты мен міндетін, жаңалығын, зерттеу әдістерін, зерттеу нәтижелерін т.б. меңгереді; - ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 8
  • Код ON1

    Білімгер тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алады. Шаршы топ алдында сөйлеу әдебін меңгереді.

  • Код ON2

    Филологияның өзекті мәселелеріне қатысты аналитикалық және сыни ойлау тұрғысынан талдау жасай білу дағдысын қалыптастырады.

  • Код ON3

    Студент басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттерін, психологиялық, пәндік және әдістемелік білім жүйесін практикада қолдана алады.

  • Код ON4

    Жазба мәтіндерді өңдеп, көркем және ғылыми мәтіндерге редакциялау жұмыстарын жасай алады; аударма мәтіндерге қажетті стилистикалық өңдеу жұмыстарын жүргізудің талаптары мен әдіс-тәсілдерін игереді.Шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеті мен әдебін меңгереді.

  • Код ON5

    Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе алады; ресми іс қағаздарының құқықтық негіздерін меңгеріп, құжат айналымын жүзеге асыра алады; белгілі бір жанрында жазу стилінің ережелерін қолдана алады; сандық жазу, сандық ақпаратты жүзеге асыруға қабілетті болады; сот мәтіндеріне лингвистикалық талдау жасауды меңгереді.

  • Код ON6

    Студент әдебиеттану ғылымының әдістемелік ұстанымдары мен категорияларын меңгереді, қажетті көркем мәтінге әдеби талдау жасай алады. Теориялық материалдарды өз бетінше талдап, оларды пәнаралық тұрғыдан байланыстыра алады. Қолданбалы зерттеулерге байланысты кәсіби сауаттылық таныта алады.

  • Код ON7

    Студент түрлі саладағы мәтіндерді цифрландыруға негізделген инновациялық технологияларды (мультимедия, электронды кітапхана, 3D кітаптар)өндірісте қолдана алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде сандық, сауаттылығын тиімді пайаланады.

  • Код ON8

    Әдебиет пен өнердің түрлі саласында шығармашылық жұмыстар атқара алады. Қоғам сұранысына сәйкес рухани-материалдық өнім ұсына алады.

  • Код ON9

    Білімгер тіл білімінің негізгі базалық ұғымдарын меңгереді, тіл теориясы, тіл табиғаты, тіл философиясы мәселелерін меңгереді, лингвофилософиялық концепцияларға тілдік анализ жүргізе алады; тіл білімінің фоно-морфо-семантикалық және синтаксистік жүйелері бойынша ғылыми-методологиялық базаны меңгереді; тіл білімінің құрылымдық, антропоөзектік және қолданбалы бағыттары бойынша қажетті кешенді тілдік талдаулар жасай алады.

Top