Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01703 Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Практикалық грамматика
    Несиелер: 5

    Қазіргі ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы, морфологиясы мен синтаксисіне қатысты барлық құбылыстар, грамматикалық құрылымдарды, грамматикалық формалар мен конструкцияларды аудару, сөзжасам кестелері, етістіктің жеке және жеке емес формалары, етіс түрлері, сонымен қатар сөйлемдерді байланыстыруға қызмет ететін тұрақты емес етістіктердің, ең көп қолданылатын предлогтардың, олардың ерекшеліктерімен, ана тілінің ерекшеліктерімен таныстырады. Ағылшын тілін үйрену басырында грамматика саласынан теориялық және практикалық білімдерін, дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Практикалық фонетика
    Несиелер: 4

    Aғылшын тiлiнiң фонетикaлық ерекшелiктерi мен құбылыстaрын, дaуысты және дауыссыз дыбыстaр, дыбыстaрдың клaссификaциясы, оқылу ережесi,буын және буынның түрлері, екпiннiң түрлері, дигрaфтaр,әріп тіркестерінің оқылу ережелері мен ерекшелiктерін зерттейді. Aғылшын тiлiнiң салаларының бірі грамматиканың ең басты зерттеу объектілерінің бірі сөз тіркестері мен сөйлем болып есептеледі. Aғылшын тiлiнiң фонетикалық құрылыс теорияларын оқуда интегративтік жолды қолдануды ұсынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ағылшын тілінің ауызша және жазбаша практикумы
    Несиелер: 4

    Ағылшын фонетикалық жүйесіне қатысты заңдарды, дауыстық жүйенің нақты әрекеттерінің ережелері мен анықтамаларын, айтылу ережелерін түсініп, табиғи дыбыстармен таныс болу, нақты мәтіндік материалдар мен зерттелетін мәдениет пен тіл мәдениеті арасында байланыс орнату,коммуникативті мәдениет-бұл лингвистиканың (тілдің), тарихтың (сөйлеудің), мәдениет пен қоғамның күрделі интеграциясын зерттейді.Студенттер шет тілінде еркін пікір білдіріп; сөйлеу, тыңдау,жазу,оқу шеберліктерін арттырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум
    Несиелер: 4

    Қарым-қатынас тілін дамыту, коммуникативті және мәдени дағдыларды қалыптастыру үшін теориялық және танымдық негіздерді құру, ауызекі қарым-қатынаста тілдік бірлікті қалыптастыру теориялық және танымдық нормаларды құруға бағыттау мәселелері сипатталады. Сөйлеу әрекеттерінің төрт түрі (сөйлеу, оқу және жазу) негізінде студенттердің қарым-қатынастық және мәдениетарaлық біліктілігін қалыптастырады, шет елдер мен халықтардың мәдениетін сыйлау және құрметтеуге үйретеді, шетел тілінің тілдік бірліктерін қолдану шеберлігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Іскерлік француз тілі
    Несиелер: 4

    Бүгінгі іскерлік француз тілі ең маңызды пәндердің бірі болып табылады. Іскерлік карым-қатынас, іскерлік тіл деген ұғым арнайы анықтамасы және ғылыми негізінің жоқтығына карамастан, іскерлік. француз тілі әртүрлі деңгейде,гүрлі мақсатга оқитын топтарда пән ретінде оқытылады. Француз тілінде келісім шарттар құру және іскерлік құжаттарды жүргізу, іскерлік қарым-қатынас лексикасы, арнайы терминдер және олардың грамматикалық, лексикалық, стилистикалық тараптары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шетел тілі (екінші)
    Несиелер: 4

    Шетел тілі (екінші) студенттердің мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктіліктерін, лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), әлеуметтік лингвистикалық, педагогикалық және сыни теорияларын, екінші шетел тілін үйренушінің коммуникативтік немесе иммерсиондық дағдысын, мәдени-әлеуметтік және стратегиялық компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастықты және әлеуметтік қарым –қатынас құзырлығын дамыту, халықаралық деңгейде шетел тілінде сөйлеуге қабілеттілігін мен дайындығын қалыптастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Британдық және американдық ағылшын тілі
    Несиелер: 4

    Британдық және американдық ағылшын тілдері арасындағы негізгі айырмашылықтар, айтылу пен үнсіздік, стресс пен интонациядағы, сөздік - зат есімдері мен етістіктердегі айырмашылықтар, фразалық етістіктерді пайдалану және нақты құралдар немесе элементтердің атаулары, емле, сөздік айырмашылық, Британдық грамматикадағы америкалық әсер, британдық ағылшын тілінің «американизациясы», Британдық ағылшын және американдық ағылшын тілінің сөздігі ұқсастықтарын анықтау, қолдану жолдарын зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ағылшын тілінде тыңдау және сөйлеy
    Несиелер: 4

    Қарым-қатынас процесінде студенттерді әдеттегі дұрыс жағдайларға бейімделуге, өмір сүру жағдайларын сипаттауға ыңғайландыру, тілдік жүйенің ерекшеліктерін зерттей отырып, тақырып сөздік үшін мәтіннің мазмұнын байыту, мәтіндік мазмұнды, оқиғаларды, кейіпкерлерді, жағдайларды талдау, шет тілін қатынасу құралы ретінде және қатынастың тыңдау және сөйлеу формаларын ресми және биресми жағдайларында қолдана алады, әр деңгейдегі қиындықтардағы арнайы, ғылыми, көркем мәтіндермен жұмыс жасай біледі, шетел мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық ерекшелігі жайында толық хабардар болады .

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ағылшын тілінің тарихы
    Несиелер: 4

    Ағылшын тілінің қайнар көздері, жазба ағылшын бастамасы, ағылшын және француз тілдерінің тарихи байланыстылығы, ағылшын тілінің маңыздылығын зерттеу. Тілдің тарихында басқа тілден енген сөздер, әдетте тілдің бар болуының кезеңінде қарастырылады.Ағылшын тіліне қатысты лексикалық сөдердің түсінігін анықтайды, ағылшын тіліне басқа тілдерден енген сөзерді қарастырады және ол материалды білім алушылар қабылдау біліктілігін артырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Коммуникативтік грамматика
    Несиелер: 4

    Грамматикалық нормалар,сөз таптары, синтаксис, орфографиялық және және оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу, фондық, лингвомәдени, коммуникативтік және прагматикалық, қарым-қатынас кезінде мәдениетаралық қатынас, сөйлеу этикеті, ұлтаралық коммуникацияны зерттеу, грамматикалық дағдыларды дамыту, студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруды қарастырады. Тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі бастапқы қызметі грамматика арқылы жасалады, сондықтан коммуникативті грамматика сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан емес, олардың мазмұны, семантикасы тұрғысынан зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Үйден оқу
    Несиелер: 4

    Студенттердің, сөйлеу тематикасына сәйкес диалогтық және монологтық аутенттік мәтіндерді дыбыстап айту, сөйлесу кезінде түсіну қабілетін дамыту, коммуникативті компетенцияны дамыту процессіндегі студенттердің үлкен көлемде грамматикалық материалдарды қабылдау біліктілігін қалыптастыру. Студенттердің оқудағы материалдарының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады, грамматикалық материалдарды қабылдау біліктілігін артырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Елтану
    Несиелер: 4

    Тілін үйренетін ел туралы толык мәлімет беру, ел туралы тарихи, географиялық, экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени және әлеуметгік сипаттағы мағлұматтарды қамтитын білім кешенімен каруландыру,студенттерге басқа ел туралы жан-жақты мағлұматқа ие болу,танысу, интеграциялық мүмкіншіліктерін пайдалану, шетел тілін мәдениетаралық катынас құралы ретінде меңгеруге қажетті елтану, лингвоелтану және іскерлік ағылшын тілі біліктілігін қалыптастыра отырып, оқыту қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініңдегі базалық шетел тілі
    Несиелер: 5

    Қарым-қатынас жасау үшін шетел тіліндегі көп мәдениетті деңгейдің дағдылары мен жеке қасиеттеріне негізделген білім төрт түрдегі сөйлеу әрекетінен тұратын тыңдау, оқу, жазу, қарым-қатынас, коммуникативті және мәдениаралық дағдылар, сөйлеу әрекетінің негізгі сапалық деңгейлері, мәдениетаралық дағдыларға қол жеткізу, бақылау және жазбаша қарым-қатынас жасау зерттеледі . Пәндік мазмұнды деңгейлік іріктеу және оқыту, тілді меңгерудің бірыңғай бақылау және бағалау механизмін енгізу мәселелерін мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініңдегі базалық шетел тілі пәні зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фараби мен Абайды танудың алғашқы кезеңінде Әл-Фараби мен Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамту, Әл-Фараби мен Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1960 ж.ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социолиялистік идеяның.дүниетанымның үстемдік етуі, Әл-Фараби мен Абайдың мұрасының 1960-2000 ж.ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері насихаттық тұрғыда қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Онтогенездегі физиологиялық және психикалық процестердің негізгі заңдылықтары. Дене мүшелері мен жүйелерінің дамуының жасына байланысты анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, олардың жеке даму сатыларындағы реттеу механизмдері. Балалар мен жасөспірімдердің психикалық дамуының жас ерекшеліктері. Оқушылардың психикалық белсенділігі мен мінез-құлқының физиологиялық негіздері. Жыныстық жетілудің психофизиологиялық ерекшеліктері. Оқушылардың салауатты өмір салтын, денсаулық мәдениетін қалыптастыру негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    "Экология негіздері". Экожүйе тұжырымдамасы. Адам және биосфера. Ластанудың негізгі түрлері. Қорғау атмосфераның, гидросфераның және литосфераның. Әлеуметтік-табиғи экожүйе экологиялық бақылау объектісі ретінде. Экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі, биосфераның ластану көздері мен деңгейлері, мониторинг негіздері, экологиядағы математикалық модельдер, экологиялық менеджмент және экологиялық құқық. Еңбек қауіпсіздігі. Төтенше жағдайлардың мониторингі мен болжау және жою шараларын әзірлеу ұғымдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнде педагогика ғылымының негізінде анықтала отырып, педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері және қолданылатын құралдары қарастырылады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Екінші шетел тілі (А1,А2 деңгейлері)
    Несиелер: 5

    Француз тілінде күнделікті қарым-қатынас процесіне жеткілікті лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру, қажетті типтік жағдаяттарда қатысым жасай алу, тұрмыстық жағдай мен оқуын сипаттауға құзыретті болу. Тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементтерін қарастыру, сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың тілдің мазмұндық бірліктерімен байланысын зерттейді. Сөйлесу дағдыларын алу үшін арнайы әдебиеттерді оқу және аудару дағдыларын игеру,кәсіби қызмет саласында ақпарат алуға мүмкіндік беретін деңгейдегі екінші шетел тілін білу,оқудың жетекші рөлімен сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде екінші шетел тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыру сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Жаңа білім беру стандарттарын қолдануға негізделген оқушылардың заманауи жетістіктерін бағалаудың сенімді, жарамды және технологиялық жүйесін құру, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, оқушылардың мектептегі үлгеріміне негізгі көзқарас, қабылдау критерийлері бойынша бағалау жүйесін ұйымдастыру, іске асыру әдістері, нысандары мен әдістері қарастыру сипатталады. Жаңа білім беру сапасын жақсарту жұмыстары біртекті жолға қою, қайталанбалы циклге ұқсас жоспарлау, жүзеге асыру жəне жетілдіру істері зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тіл және мәдениетаралық коммуникация
    Несиелер: 5

    Қоғамдағы мәдениетаралық коммуникацияның ерекшеліктері,мәдениетаралық, халықаралық қарым-қатынаспен байланысты келелі мәселелер,коммуникацияға ықпал ететін факторлар және әртүрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынасы, тіл мен мәдениеттің арақатынасы, тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктері мен оның жасалу жолдары, құрылымы, тіл жаратылысы, жеке тұлғаның қалыптасуына тілдің ықпалы, ұлттық мінез және оның қалыптасуындағы тілдің рөлі, тіл және мәдениет арқылы әлемнің жаңа бейнесінің қалыптасу мәселері зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • TOEFL курсы
    Несиелер: 6

    Жазбаша жаттығулар, мәтіндері тыңдап түсіну, деңгейлер бойынша тестілеу, тақырып бойынша әртүрлі мәтіндер, сөздік, диалектикалық вариациялар, прагматика және дискурстық талдау, оқылған түпнұсқа мәтінді түсіну үшін сұрақтардың барлық түрлерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін түсініктемелері бар жаттығулар мен практикалық тесттер, ағылшын тілі біліміне қатысты сәттері мен TOEFL емтихан ережелерін меңгеру зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәнде балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жолдары мен тәсілдері сипатталады. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 5

    Тілді меңгеру деңгейі В1жәнеВ2 деңгейлері, кәсіби шет тілін оқытылатын пән ретінде қарастырады, кәсіби және ғылыми терминологиямен қатар жаңа заман талабына сай инновациялық технологияларды пайдалану, кәсіби жабдықтар мен ерекше еңбек жағдайлары, шет тілдеріне негізделген мамандандырылған пәндердің мазмұндық сипаттамалары, негізгі шартсыз тұжырымдамалық аппарат және оның шетел тіліндегі түрі, шетел тілін кәсіби бағытта оқыту", "шет тілі бойынша кәсіби біліктілік" ұғымдарының анықтамалары сонымен қатар болашақ мамандарға арналған шет тілін оқытудағы негізгі әдістері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Екінші шетел тілі (В1 деңгейі)
    Несиелер: 6

    Француз тілінде күнделікті қарым-қатынас процесіне жеткілікті лингвистикалық біліктілікті қалыптастырады, қажетті типтік жағдаяттарда қатысым жасай алады, тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементтерін қарастырады, сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың тілдің мазмұндық бірліктерімен байланысын зерттейді.Француз тілінде әлеуметтік- тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби аялар мен тілдік материалдар негізінде құрылған тақырыптар мен тақырыптар бойынша қатысымдық іс-әрекеттің продуктивті түрлерін орындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Базалық шетел тілі (В1 деңгейі)
    Несиелер: 6

    Сөйлеудің тақырыптық мазмұнының мәдениетаралық түпнұсқалық байланыстылығы әртүрлі тілдік материалдар арқылы жүзеге асыру, жазу және жазба іскерлігінің қалыптасу деңгейін қарастыру, шетел тілдерін оқып-үйренудің бастапқы деңгейінде функционалды сауаттылыққа сөз әрекетінің төрт түрінде коммуникативтік іскерліктерін қалыптастыра білу, коммуникативтік әрекеттің продуктивтік түрлерін үйретеді. Базалық шетел тілі пәнінде танымдық, тұжырымдамалық, коммуникативтік қалыптастыру, білім беру үдерісіне қойылатын талаптарды анықтау, пәндік мазмұнды деңгейлік іріктеу және оқыту, тілді меңгерудің бірыңғай бақылау және бағалау механизмін енгізу мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Салыстырмалы типология(ағылшын және қазақ)
    Несиелер: 6

    Тарихтың негізгі тұжырымдамаларын қолдана отырып, тілді үйренуге және үйретуге кіріспе, тілдің негізгі принциптерін қолдана отырып ағылшын тілін ана тілмен салыстыра білудің ерекшелігі, қазақ және ағылшын тілдеріндегі айырмашылықтарды зерттеуге арналған нұсқаулық және ұқсастықтарын кәсіби қызмет негізінде қарастыру және тілді анықтаудағы айырмашылықтар, салыстырмалы тілдерді трансформациялық түсіндіру, болашақ кәсіби қызмет үшін ұтымды негіз құруды қалыптастыруға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мамандандырылған кәсіби шетел тілі
    Несиелер: 6

    Кәсіби ақпарат пен сөйлесу дағдыларын алу үшін арнайы әдебиеттерді оқу және аудару дағдыларын игеру,кәсіби қызмет саласында ақпарат алуға мүмкіндік беретін деңгейдегі шетел тілін білу,оқудың жетекші рөлімен сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шетел тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыру,танымдық, тұжырымдамалық, коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени, рефлексивті- дамытушы, тұтас білім беру жүйесін қалыптастыру, білім беру үдерісіне қойылатын талаптарды анықтау, пәндік мазмұнды деңгейлік іріктеу және оқыту, тілді меңгерудің бірыңғай бақылау және бағалау механизмін енгізу мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Екінші шетел тілі (В2 деңгейі)
    Несиелер: 6

    Екінші шетел тілінде әлеуметтік- тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби аялар мен тілдік материалдар негізінде құрылған тақырыптар мен тақырыптар бойынша қатысымдық іс-әрекеттің продуктивті түрлерін орындайды, сөйлеудің пәндік мазмұнын меңгереді, тілдің лингвомәдени нормасына сәйкестік сөйлеудің лингвистикалық дұрыстығын ажырата біледі және меңгереді. Екінші шетел тілінде күнделікті қарым-қатынас процесіне жеткілікті лингвистикалық біліктілікті қалыптастырады, қажетті типтік жағдаяттарда қатысым жасай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Лексикология
    Несиелер: 4

    Сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын), сөздердің ауыспалы топтарын, тілдің негізгі бірлігі, лексикалық бірліктердің семантикалық құрылымы, сөз тіркестері, морфемалар, фразеологиялық бірліктер, сөздік құрамның этимологиялық сипаттамасы, лексикографияны зерттейді. Лексикалық және грамматикалық валенттілік ауқымын кеңірек зерттеп, полисемантикалық және сөз кластерлері мен жиынтық өрнектерді құруға септігін тигізеді. Лингвистика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын талқылау, осы саладағы қазіргі заманғы ғылыми-теориялық көзқарастарды талдау зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Аудармашының кәсіби қызметінің негіздері
    Несиелер: 5

    Аудармашылардың кәсібінің негізгі тұжырымдамалары, аудармашының міндеттері мен мамандық негіздерін, аудармашының негізгі сипаттамалары, өзін-өзі оқытудың әртүрлі стильдері, аудармашының заманауи талаптары, аудармашыға қойылатын талаптар, аударма психологиясы жəне оның аудармадағы сипаттары, заманауи аудармашылардың техникалық құралдары және заманауи аудармашыларды сипаттау әдістері зерттеледі. Студенттерге аударма деген ұғымды толық түсіндіріп,аударматануға байланысты қажетті білімді жеткізіп бере алады, мәтінді талдау, аудару қабілетін дамыту әдістері зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Стилистика
    Несиелер: 4

    Стилистиканың теориялық негізіндегі зерттеулер мен жаңа зерттеулер, теориялық білімді орындау, стилистикалық лингвистердің дағдыларын қалыптастыру, стилистикалық мәтін үлгілерін өз бетінше жазу мүмкіндігі, стилистикалық лингвистердің сезімін дамыту, тілдің әдеби нормалары басым, жазбаша тіл мен мәдениетті жетілдіреді, тіл процесінде тілдің қалай қолданылатынын тексереді және тіл мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті, прагматикалық және эстетикалық әрекеттерді зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Базалық шетел тілі (В2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Қарым-қатынастың арнайы кәсіби аясы, білім және ғылым, шетел тілдік құзырлығын, лингвистикалық және социолингвистикалық дискурсивтік, әлеуметтік-мәдени дамыту арқылы шетел тілін жоғары деңгейлерде меңгеру жұмысын одан әрі жетілдіру және тереңдету дағдыларын қалыптастырады, ауызша және жазбаша сөйлеу қатынас , полемика іскерліктерін одан ары толық жетілдіруді , шығармашылық іскерліктерін дамытуды, критикалық ойлау қабілетінің дамуына және мәтінді талдау кезінде өз ойларын ағылшын тілінде дұрыс жеткізуге үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Іскерлік ағылшын тілі
    Несиелер: 6

    Ағылшын тілінде іскерлік келіс-сөздері, іскери идиомалар, әртүрлі келісімшарттарды құрастыру, кәсіби презентацияларға қолдануға болатын терминология мен дағдылар және басқа да іскерлік құжаттарды жүргізу, кәсіби контексте ағылшын тілінде тиімді қарым-қатынас жасауға үйрету, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынаста ағылшын тілінде жазу және сөйлеу қабілетіңізді жақсарт, іскерлік қарым-қатынастың сөздік қоры, арнайы терминдер және олардың грамматикалық, лексикалық және стилистикалық аспектілері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Инновацялық технологиялар мен мектепте оқыту процесін ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Шет тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар- білім беру жүйесіндегі инновацияны және инновациялық ұйымды қамтитын құбылыс, ол инновациялық процестің даму бағытын, ұйымдастыруды, жаңасын қалыптастыруды, тақырыпты құру, дамыту және дамыту тәсілдерін жүзеге асыру үшін жаңа әдістер мен технологияларды ұсынуды анықтау жолдарын зерттейді. Ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту, әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді,дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағылшын тілін оқытудағы CLIL технологиясы
    Несиелер: 4

    Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыратын бірқатар материалдардағы білім, дағдылар, қажетті ақпаратты іздеу, талдау, іріктеу, өңдеу және беру қабілеті мен қабілеті, тілдік оқыту шет тілі білімін қосымша пайдалануды, коммуникативтік дағдыларды дамытуды, тыңдай білуді, сұрақтар қоюды және сұрақтар қоюды қамтамасыз етуді үйренеді. CLIL әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жеткізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шетел тілін мектепте оқытудың өзекті теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Шетел тілін оқытудың қалыптасу процесі және оның негізгі ерекшеліктері, шетел тілін оқытудың мазмұндық негіздері, замануи әдістемелік ғылым мен жаңа үлгідегі мектептегі шетел тілдерін тиімді түрде үйретуді іске асыра алатын мұғалімдерді жоғары кәсіби деңгейде дайындау, қазіргі даму перспективасы туралы түсінік, когнитивтік-типтік шеттілдік білім беру туралы түсінік, әдістемелік жүйенің негізгі категорияларын, инновациялық педагогикалық және коммуникативтік-ақпараттық технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету жолдары қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әдеби мәтінді лингвистикалық талдау
    Несиелер: 5

    Лингвистикалық зерттеуге байланысты тілдік бірліктер, мәтіннің позициялары, лингвистикалық технологиялар, көркем мәтінді талдау әдістемесі, лингвистикалық, социолингвистикалық, дискурсивтік, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік, стратегиялық компоненттерінің құрамын дамыту арқылы шетел тілін меңгеру жұмысын жетілдіру және тереңдету мәселелрін зерттейді. Көркем мәтінге тілдік түсініктеме беру, тілдік талдау, лингвистика саласы көркем ойды жеткізудегі негізгі құрал есептеледі, лингвистикалық мәтіндерді стилін, принциптерін, мазмұнын, құрылымын түсініп, оны әдеби талдауға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Аударма теориясы
    Несиелер: 5

    Аударма теориясының салалары, принциптері, зерттеу әдістері мен тәсілдері, тілдердің арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары, эквивалент және бейэквивалент тіл бірліктері, аударма түрлерін зерттеу, аудармашылық ізденістер жүргізетін машықтық іс-әрекеттерді қалыптастыру, функционалдық стильдерге жататын мәтіндерді бір тілден екінші тілге аударуға үйрету жолдары сипатталады. Мәтіндік материалды аударудың негізгі принциптері, стратегиялары және алған дағдыларын практикада қолдану, аударма функцияларын, түрлерін, кезеңдерін және технологияларын ұсыну жолдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдеби мәтінді филологиялық талдау
    Несиелер: 5

    Әдеби мәтінді филологиялық талдау әдеби, лингвистикалық және мәдени-тарихи талдаудың үйлесімін болжайды, мәтінді мақсатқа сай тереңдей-зерттей оқу, мәтіннің мазмұнын, көркемдік сапасын жеткізетін тұстарын ашып, сипаттау, сөзбе - сөз мәтінді түсіндіру, лингвистикалық талдау, мәтіннің лексикасын, сөйлеуін және грамматикалық бірліктерін зерттеу, сонымен қатар оның мазмұнын анықтау және сипаттап көрсету қарастырылады. Филологиялық талдау мәтінге мәдені жағынан және әлеуметтік тарихи жағынан назар аударады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім негізінде оқытудың әдіс-тәсілдері
    Несиелер: 5

    Білім беру контентін жаңартудың мақсаты Қазақстандық білім берудің заманауи білім беру үрдістері мен үздік тәжірибелерін интеграциялау, барлық пәндерді оқу кезінде АКТ пайдалану дағдыларын дамыту, ақпаратты іздеу және өңдеу процесінде команда ішінде идеялармен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру, әртүрлі құрылғылар мен қосымшалардың кең спектрін пайдалану және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жеткізу қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту(С1 деңгейі)
    Несиелер: 6

    Коммуникативті-этномәдени біліктілік пен студенттердің кәсіби біліктілігін, кәсіби-негізделген қатынас стиліне негізделген тапсырмалар шешу арқылы кәсіби бағытталған қабілеттерді қалыптастырады,тілді меңгерудің өзінің стартегиясын анықтау, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану,коммуникативті-интермәдени және кәсіби біліктіліктерін дамыту,қарым-қатынас шеңберін аудио және бейне мәтіндер негізінде іске асыру, композициялық- қатысымдық сөз түріне және оқытылып отырған тілдің нормативтік талаптарына сәйкес продуктивті жазба сөзді меңгеру, ережелерді сақтай отырып өз пікірін білдіру мәселелері зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • IELTS курсы
    Несиелер: 6

    Кәсіби термин, сөйлеу дағдылары, аудио-визуалды тыңдап түсіну, түрлі лексикаларды меңгеру, деңгейлер бойынша тестілеу, тақырып бойынша еркін сөйлеу этикеті, ауызша және жазбаша түрдегі кәсіби қарым-қатынастың тиімді әдістерін оқып үйрену,с сондай-ақ дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін түсініктемелері бар жаттығулар мен практикалық тесттер, ағылшын тілі біліміне қатысты сәттері мен IELTS емтихан ережелерін меңгеру зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тілі оқылатын елдер әдебиеті
    Несиелер: 5

    Ағылшын әдебиетінің қалыптасуы мен әртүрлі ғасырлардағы маңызды этаптарын үйрету, әсіресе поэмалар мен мақал-мәтелдерді, нақыл сөздер сияқты прозалық шығармаларын меңгеру, шет тілінде әдеби және көркем мәтіндерді оқу дағдыларын белсендіру, студенттердің ағылшын тілінде проза мен поэзияға деген қызығушылығын оятуға көмектесу, сөздік қорын және жалпы дүниетанымын кеңейту, ағылшын әдебиетін тарихи кезеңдерін оқыту,проза және поэзияның даму үрдісімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теориялық грамматика
    Несиелер: 5

    Шетел тілінің грамматикалық құрылымына мысал келтіре отырып, тілдің семантикалық құрылымы мен грамматикалық бірліктердің ұйымдастырылуы туралы түсінік, графикалық тыныс белгілерін білу және орфографиялық білімдер қалыптастырады, әр түрлі жанрлардағы түпнұсқалық мәтіндер негізінде оқу техникасын дамытады. Қазіргі теoриялық грамматикада морфологиялық және синтакгистік құрылымдар арасындағы айырмашылықтар, мысалы, еуропалық тілдерде, кем дегенде, синтаксистік конструкциялардың дұрыс болуы мүмкін екендігі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жазбаша аударманың практикасы
    Несиелер: 5

    Жазбаша аударма арқылы тіларалық қатынастар жағдайында жазбаша аударманы қамтамасыз етуде лингвистикалық және аудармашылық хабардарлықты қалыптастыру, жазбаша аударма ерекшеліктері, түрлері, кезеңдері және технологиясы туралы түсінік беру, мәтінді талдау, бастапқы мәтінді кодтау, соңғы мәтінді редакциялау іскерлігін қалыптастыру, жалпы теориялық білімді бекіту, мәтіннің аудармашылық талдау қабілетін дамыту, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазбаша аудару барысында практикалық қабілеттерін дамыту, аударма тәсілдерін қолдану әдісін дамыту зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқып жатқан тілдің синтаксисі
    Несиелер: 5

    Тілдің теориялық, іс-тәжірибиелік, дүниетанымдық, шығармашылық іс-әрекеттерін зерттеу,тіркестер, сөйлемдердің жүйелері, заңдары, сөздердің семантикалық табиғатын, сөздің әсерлілігі, сөйлеудің калыптасу ережелерін, аналитикалық сөйлеу шығармаларының тілдік ерекшеліктерін білу, сөйлемнің құрылымын, сөйлемнің тіркесімін және осы тіркесімдерден құруды зерттейді. Оқып жатқан тілдің синтаксисі студенттерге шет тілі сыныптарындағы таңдамалы және принципті оқыту түрлерін, жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON10

    өз көзқарасын дұрыс білдіруін, жаңа шешімдер ұсынуды қамтамасыз ететін практикалық білімдер мен дағдыларды меңгереді, оқыған саласы бойынша білім мен түсінігін кәсіптік деңгейде қолдана алады, әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады

  • Код ON2

    аударудың концептуалды және когнитивтік тұжырымдамалық қорын дәстүрлі және тың бағытта талдайды, тіл білімінің аудармалық сипатын таниды

  • Код ON7

    шетел тілін оқыту саласында оқу процесін ұйымдастырудың әдіснамасын, теориясын, әдісін, түрін және тәсілдерін меңгереді,оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады

  • Код ON4

    аударматану теориясының танымдық негізін қалыптастыра алады, даму бағытын уәждейтін ұғымдық бірліктерді жүйелейді

  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша білімін және интеграциялауды көрсете алады,академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады

  • Код ON6

    кәсіби және мәдениетаралық қарым-қатынасқа дағдыларын қалыптастыра алады, өз ойын логикалық түрде құрастыра алады, кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдана біледі, дәлелдерді қалыптастырады және оқытылатын саладағы мәселелерді шеше алады

  • Код ON9

    шетел тілінің тілдік құбылыстарына қатысты өз бетінше зерттеу жүргізеді, мәдениетаралық шеттілдік қатынас құралы ретінде шетел тілінің барлық функцияларын толық қолдана біледі

  • Код ON5

    ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданады

  • Код ON11

    тілдік және коммуникативтік әрекеттердің барлық аспектілерінде шетел тілін кәсіптік деңгейде меңгереді

  • Код ON12

    тілдік ресурстар мен әдебиетті жетік меңгереді, талдайды, қолдана біледі, өзіндік ізденіс пен шығармашылық қабілеттерін,оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын дамыта біледі

  • Код ON3

    оқып жатқан тілдің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын меңгереді,оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы тілдік тәуелділікті біледі және түсінеді

  • Код ON8

    тіл мен әдебиет деректерін жинай және талдай біледі, баспасөз жарияланымдары мен ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу дағдыларын қалыптастырады және педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбилеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі

Top