Білім беру бағдарламасы өзекті емес

8D02217 Дінтанудың өзекті мәселелері в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Діни сана және діни стереотиптер

    Мақсаты - діни сананы және діни стереотиптерді теориялық-аналитикалық және діни тұрғыдан зерттеу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: - діни стереотиптер мен олардың діни мәдениетке әсерін талқылау; - мұсылмандардың беделін түсірудің идеологиялық аспектілерін талдау; - қазақстандық қоғамдағы діни стереотиптерді зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазу

    Мақсаты - баспа талаптарын ескере отырып, ғылыми жарияланымдар жазу жөнінде дағдылар қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: -жоғары импакт факторлы мақалалар жазуда академиялық жазу ұстанымдарын қолдану; -гуманитарлық -әлеуметтік білімдерде талдамалық жазбалар, сараптамалық қорытындылар жазу үшін ғылыми стильді дамыту; -ғылыми зерттеулер типін ескеріп, академиялық жазуды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Ақпараттық кеңістіктегі дін

    Мақсаты - ақпараттық кеңістіктегі дін негіздерін тұжырымдау. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: - ғылыми дерек көздеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына дискурстық талдау жүргізу; - ақпараттық сегменттегі діни тақырыптардың тенденцияларын анықтау; - ақпараттық кеңістіктегі дін тақырыбын зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи және қазіргі замандағы діни мәдениет мәндері

    Мақсаты - тарихи және қазіргі заманғы контексте діни мәдениеттің жағдайын талдау. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: - діни мәдениеттің теориялық және әдістемелік құралдарын қалыптастыру; - діни мәдениеттің тарихтағы және қазіргі заманғы рөлін талдау; - діни мәдениеттің қазақстандық қоғамға әсерін талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеудің әдістері

    Мақсаты - заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: -қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын қалыптастыру; -ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беру, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Діни және мәдени көптүрлілік

    Мақсаты - діни әдебиеттерді өз бетінше талдау қабілетін қалыптастырып, дін тарихы мен мәдениет тарихына теориялық және практикалық әдістемелерді қолдану. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: - белгілі дінтанушы зерттеушілердің тұжырымдарын зерттеу; - діни ілімдерді сыни тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастыру; - діни және мәдени мектептерді зерттеу әдістемесіне игеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әлемдегі дін және зайырлылық

    Мақсаты - қазіргі әлемдегі діндарлық пен зайырлылық рөлін зерттеу. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: - діни және зайырлы құндылықтардың қалыптасуын зерттеу; - дінмен зайырлылықтың Қазақстандағы орнын анықтау; - діни және зайырлы құндылықтардың тепе-теңдігін табу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Модернизация жағдайындағы діни дәстүр

    Мақсаты - рухани жаңғыру аясында дәстүрлер мен жаңашылдықтардың тарихи және діни парадигмаларын құру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей дағдыларға ие болады: - діни дәстүрлердегі канондық ережелер мен тарихи жаңалықтарға салыстырмалы талдау жүргізу; - ислам әлеміндегі модернизация идеяларын талдау; - Қазақстандағы дәстүрлі және шығармашылық бағыттарды анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы дін мәселелерін зерттеуде өзекті тәсілдерді қалыптастыру мақсаты үшін дінтанудың деректану және тұжырымдамалық-операциялық мәселелерін қарастыру.
  • Ғылыми әдістемелік және деректану материалдарын, діни зерттеулердегі классикалық және постмодерндік әзірлемелерді, библиографиялық және тарихнамалық материалдарды діни білім модельдерін қалпына келтіру отандық дінтануды модельдеу мүмкіндігі үшін пайдалану.
  • Діндарлық және зайырлылық, діни алуан түрлілік, діни плюрализм, ақпараттық кеңістіктегі дін арақатынасы, діндер арасындағы диалог пен конфронтация, радикализм мен экстремизмнің алдын алу және т.б. секілді мәселелерді негіздеп жаңа қорытындылар алу үшін пәнаралық зерттеулер жүргізу.
  • Салыстырмалы аналитикалық шолу мен мазмұнын - ғылыми діни дереккөздерді, ақпараттық интернет-ресурсты сыни бағалауға, діни білімдерді жүйелі қорытуға және оны ғылыми және білім кеңістігінде қолдануға талдау жасау.
  • Кешенді талдау негізінде діни ағымдарды, діни ұйымдарды жіктеу, қажет болған жағдайда оларға объективті баға беріп, діни сараптама жасау.
  • Дінтанудың әдіснамалық қағидаттары негізінде конфессияаралық диалог пен консолидацияны жақсартудың онтологиялық мүмкіндіктерін анықтай отырып, қазақстандық қоғамның діни-мәдени ландшафтына талдау жүргізу.
  • Дінтану мен діни саланың өзекті мәселелеріне импакт-факторы бар жоғары деңгейлі журналдарда ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуге, ғылыми мақалалар жаза білуге дағдыландыру.
  • Алынған зерттеу нәтижелерін ғылыми қауымдастыққа, көпшілікке конференцияларда, диалогтарда және сарапшылар алаңында көпшілік алдында сөйлеу арқылы ұсыну.
  • Конфессиялық саясатты жетілдіру үшін діндегі диалогтық әлеуетін анықтау мақсатында діни әдебиеттерді, діни ілімдерді, діни идеологияларды зерттеуде тұжырымдамалық-когнитивті әдістемелерді әзірлеу және қолдану.
  • Ғылыми ізденісте және идеялар генерациясында бола отырып, субъективтіліктен айырылған ғылыми позицияны қалыптастыру.
  • Дінтану пәнін оқытудағы және діни білім беруді зайырлы қоғамның рухани компоненті ретінде институттандырудағы сәтті инновациялық әдістер мен педагогикалық психология практикасын тексеру.
  • Топпен жұмыс және қарым-қатынас жасап, ғылыми әлеуетті іске асыруға ұмтылу, алған білімді тәжірибеде қолданып, тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге ықпал ету: діни және мәдени әртүрлілік пен мәдени бірегейлікті сақтап және кез-келген діни кемсітушілікке ой білдіру.
Top