Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01401 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Дене жаттығуларының жалпы заңдылықтарын білу, дене тәрбиесіндегі зерттеу әдістерді анықтау, оқыту қағидаларын жоспарлау.Сабақ өткізудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру, әртүрлі жастағы адамдармен жүргізілетін дене тәрбиесінің мәнін білу. Сабақ жүктемелері мен тығыздығын анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Спорт теориясының жалпы принциптері-спорт теориялары мен әдістерінің спорт жүйесіндегі рөлі, дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдер мен ұғымдардың теориялық түсініктері Қазақстанның дене шынықтыру жүйесі, дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдері, дене шынықтыру ерекшеліктері, принциптері, спорт түрлері мен дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерді терең ғылыми-теориялық түсіну, оның заңдылықтары мен дене тәрбиесі тәжірибесінде қолданылуы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Футбол
    Несиелер: 4

    Футбол спорты пәнінің негізі мен ерекшеліктері, допты беруді үйрету және алаңда орын ауыстыруды жетілдіру. Футболшының дене қуаты дайындығы, футбол ойынындағы техникалық дайындық,табаннын ішкі қырымен пас беру техникасына үйрету. Футболшының тактикалық дайындығын жетілдіру. Допты кеудемен қабылдауды үйрету және табанның ішкі қырымен пас беруді жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жеңіл атлетика
    Несиелер: 5

    Жеңіл атлетика спортын теория мен практика негізінде дамыту, спортшылардың жан-жақтылығы мен тұрақты дағдыларын жетілдіру.Спортшылар мен жаттықтырушылар тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстандағы және шетелдегі ғылыми жетістіктерді пайдалану. Жеңіл атлетиканың жаттығу түрлеріне бөлінуіне байланысты лақтыру, жүгіру, секіру жаттығуларын негіздеу арқылы оны жас ерекшелігіне қарай топтастыру. Тәжірибелік механизмдерді жіктеу арқылы функционалдық құрылымын жіктеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Баскетбол
    Несиелер: 5

    Ойын арқылы баскетболды ұйымдастыру мен достық сапасын, ойыншылардың ойын дағдыларын және ойынды басқару әдістерін шебер орындауды дамыту. Техникалық әдістерді меңгеру және баскетбол ойынының тәртібін жақсарту. Ойыншылардың ойын дағдыларын шебер орындау және ойынды басқаруда баскетболдың әдістері мен әдістемесін менгеру қажет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Адам физиологиясы
    Несиелер: 6

    Адам физиология пәнінің мақсаты мен міндеті, адам ағзасындағы физиологилық ерекшеліктерін іліми негізде сипаттау, жалпы ағзада болатын өзгерістерді байланыстылығын ескеру. Ағзаның қоршаған ортамен негізделгендігін анықтау.Адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Дене шынықтыру және машықтану тәсілдерін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Анатомия және спорттық морфология негіздері
    Несиелер: 6

    Анатомия мен қозғалыс морфологиясы жануарлар мен өсімдік жасушаларының морфологиясы мен қызметі туралы түсінікті және құрылысының, ұлпалардың дамуының, эволюциясы мен қызметінің негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Спорт морфологиясы – адам денесінің қалыптасуына қандай жаттығулардың қолайлы екенін және оның қозғалыс кезіндегі өзгерістерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қол добы
    Несиелер: 5

    Қол добының жалпы негіздері, техника мен тактикасының негіздері, ойын техникасының оқу әдістемелері,оқу әдістемесі негіздеріне ойын тактикалары, дене дайындығы негіздері,қол добы ұйым және жұмыстардың өткізу әдістемесі, теориялық және әдістемелік негіздің физикалық тәрбиелеу жүйелері, балалардың организмінің дамуы және анатомо - физиологиялық ерекшеліктері және организм дамуына әртүрлі жаттығулардың ықпал жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Биология ғылымдарының бірі "Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері" пәні болып табылады. Бұл пәнді толық игеру үшін біз экология туралы ғылымды білуіміз керек. Экология ғылымы үш бөлімге бөлінеді: аутоэкология, демэкология, синэкология. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері - қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету және адамзатты қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау жөніндегі іс-шаралардың әдістемесі мен теорияларын қамтитын ғылым саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Оқушылардың физиологиялық- психологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен гигиена талаптарын үйретумен сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары. XI-XIV ғ.ғ. түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.Әл-Фарабидің психологиялық ой-пікірлері. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» ның маңызды проблемалары (әлеуметтік психология) Әл-Фарабидің таным процесстеріне көңіл аударуы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің интелекті сөзінің мағынасы жайындағы пайымдамасы. Абай ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнде педагогика ғылымының негізінде анықтала отырып, педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері және қолданылатын құралдары қарастырылады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің негізгі принциптерін, оқыту мен тәрбиелеудің принциптерін, баланың жас ерекшелігіне сәйкес мектеп тұжырымдаған ережелерін, курстар мен тәрбие жұмысының кестесін, орындау оқу-тәрбие жұмысының, мектептегі білім мен тәрбие жұмысының бағдарламасының курстары мен жоспарларының мазмұны, формасы мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылуы керек.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Спорттық қондырғылар
    Несиелер: 6

    Спорттық қондырғылар дене шынықтырудың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, дене шынықтырудың барлық түрлерімен айналысу үшін арнайы салынған ғимараттар мен құрылыстар ретінде қабылдау, қондырғы ережелер мен нормативті талаптарды және спорттық құрылыстарды қолдана білу, еңбектің жоғары мәдениетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру мен спорттың теориялық негіздері, Дене тәрбиесінің теориялық негіздері, Дене шынықтыру мен спорттың әдістері, дене шынықтыру мен спорттың әдістері, дене тәрбиесі мен спорттағы қозғалысқа оқытудың принциптері, Дене күшінің қасиеттері және оны дамыту әдісі, дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау және бағалау әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Спорт түрлерінің техникалық және тактикалық дайындық негіздері
    Несиелер: 6

    Таңдалған спорт түрі бойынша техникалық дайындық классификациясын меңгеру. Жоғары деңгейдегі техникалық дайындық, жарыс жаттығуларын орындау. Жаттығу тапсырмаларының кешенді кешенін құру арқылы техникалық және тактикалық операциялардың (ТО) үйлесімділігі мен сенімділігін арттыру. Ойын ережелерін өзгерту, бақылау және реттеу үшін жетілдірілген техникалық-тактикалық дайындық (ТТД) режимін әзірлеу негізінде жүзеге асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жылжымалы ойындар
    Несиелер: 4

    Ойын тұлғаны қалыптастыру, салыстыру, жалпылау және қорытынды жасау, ойындар арқылы қабілеттерін дамыту, адамның танымдық қабілеттерін дамыту, моториканы жетілдіру және ойын ережелерін терең меңгеру, ұғымдарды қалыптастыру қабілеті көрінетін және дамитын саналы әрекет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Эстафеталық ойындар
    Несиелер: 4

    Жоспарда екі негізгі міндетті шешуді көздейді: болашақ дене шынықтыру мұғалімдеріне спорт ережелерінің қарапайым білімдерін үйрету, дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт жаттықтырушыларының шеберліктерін ашу, кәсіби спорттық дағдылар мен дағдыларды тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Туризмді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Денсаулықты күту мен нығайту міндеттерін шешу, тұрғындардың жағдайларын жақсарту, жоғары білікті спортшыларды дайындау, саяхат дайындығының әдістемелік негіздері, саяхаттан жарыстар мен денсаулықты арттыру шараларын ұйымдастыру, саяхат кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау. Жорық іс–шараларын, тәртібін, ұйымдастырылуын қадағалау. Серуендегі тазалық және тамақтану шарттарын ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәнде балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жолдары мен тәсілдері сипатталады. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қол добын оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Қол добының жалпы негіздері, техника мен тактикасының негіздері, ойын техникасының оқу әдістемелері,оқу әдістемесі негіздеріне ойын тактикалары, дене дайындығы негіздері,қол добы ұйым және жұмыстардың өткізу әдістемесі, теориялық және әдістемелік негіздің физикалық тәрбиелеу жүйелері, балалардың организмінің дамуы және анатомо - физиологиялық ерекшеліктері және организм дамуына әртүрлі жаттығулардың ықпал жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Базалық спорт түрлерін оқыту теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша)
    Несиелер: 5

    Дене тәрбиесін оқытудың негізгі теориялары мен әдістеріне негізделген жоғары білім спорт мәдениеті мен спорт мамандарын даярлау студенттерге дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыруға қажетті педагогикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру үшін дене шынықтыру әдістері мен тәсілдері, принциптері, сипаттамаларын дамыту әдістерін және нормативтік құжаттары туралы теориялық білім береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тоғызқұмалақ
    Несиелер: 5

    Ұлттық спорт түріндегі тарихымен таныстыру, негізгі ережелерін үйрету, тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық амалдарды жылдам есептеу, ой-өрісін толық дамыту, сана-сезімін қалыптастыруға бейімдеу. Жас ұрпақты ұлттық қадір-қасиетімізді құрметтеуге, спортқа тәрбиелеу және ой-өрісін дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Волейболды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Волейбол ойынының тарихы. Категорияға қойылатын талаптар. Технология және әдіс әрекеттерінің классификациясы. Ойыншының әрекеті, жеке және топтық әрекеттері. Командалық тәсіл. Оқу курстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Ойын әрекетіне үйрету әдісі. Жалпы және арнайы дене шынықтыру. Оқытудың техникасы мен әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Балалар мен жасөспірімдер спортының негіздері
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру мұғалімі мен жаттықтырушының мақсаты ғылыми негізделген қызметте балалардың және жасөспірімдердің ағзасын терең білу, физикалық тепе-теңдгін анықтаужас ерекшеліктеріне байланысты ағзасының дамуы, олардың дене жүктемелеріне бейімделуі және қалыптасқан физиологиялық механизмдер ерекшеліктерімен таныстырлады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Олимпиадалық білім
    Несиелер: 4

    Ежелгі Олимпиада ойындарының шығу тарихына шолу жасау. Ежелгі Риммен Грециядағы ойын түрлерінінің атауларын және ережелеріне тоқтау.Жаңа кезеңдегі Олимпиада ойындарының тарихын, даму кезеңдері білу. Олимпиадалық қозғалыстарын пайда болу кезеңдері және әлемдегі спорттық дамудың шарықтауы. Қысқы және жазғы олимпиада ойындарын өткізу шарттары негіздеу. Қазақстан Республикасындағы олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері туралы түсінік беру және халықаралық олимпиада комитетінің міндеттері мен мақсаттарын айқындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорттық күрес
    Несиелер: 5

    Курс студенттеріне күреске жаттықтыру, күресті оқыту әдістемесі мен педагогикалық зерттеулерді өз бетінше жаттықтырушыларды қалыптастыру. Сорттық жаттығулардың функционалды немесе кешенді жаттығу түрін анықтау. Жасөспірімдердің спорттық күреске бейімділігін физикалық жаттығулармен негіздеу. әртүрлі спорт мекемелері үшін ұстаздық шеберлік пен спортпен шұғылдануды қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ күресі
    Несиелер: 6

    Ұлттық күрестің даму бағыттары, спорттық дайындық және жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері, ұлттық күрестің тарихын әдіс-тәсілдерінің орындалуы, жаттығулардың дұрыс орындалуына және жарыстар өткізуге, қазақ күресінің ерекшелігі мен әдіс-тәсілдері және олардың орындалу сатылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Емдік дене мәдениеті
    Несиелер: 6

    Емдік дене шынықтыру жаттығулары – дене шынықтыру, дене шынықтыру-денсаулық сақтау, ағзаның жұмыс істеу қабілетін жақсарту, ағзаның ауру немесе уақытша жоғалған функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіру арқылы көрсетілетін қызмет. Ол спорттық дайындық, дене шынықтыру және спорт бойынша теориялық біліммен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еркін күрес
    Несиелер: 6

    Еркін күрестің кеңінен танылуы, әртүрлі қолданбалы дағдылар арқылы қалыптасатын тәрбиелік әсерлері оны дене шынықтырумен таныстырады, ерік-жігер мен басқа да психологиялық қасиеттерді дамыту, денсаулықты нығайту әдістерінің тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесін оқыту жағдайдайында жоспарларланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дзю-до
    Несиелер: 5

    Барлық ерекшеліктеріне қарамастан, бұл бәсекеге қабілетті спорт түрі ғана емес, сонымен бірге мыңжылдық дәстүрлер мен мәдениеттермен байытылған іс-шара. Дзюдо - бұл бүкіл әлемде қолданылатын өзін-өзі қорғаудың қалыптасқан жүйесі. Дзюдо - балалардың сүйікті жекпе-жек өнерінің бірі. Олар физикалық және ақыл-ой қабілеттерін дамытады және өз жағдайларын жақсартады, сонымен бірге достық немесе басқаларға құрмет сияқты маңызды құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Баскетбол, Гандбол оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Спорт тәжірибесінің теориялары, әдістері және практикалық білім беру. Баскетбол мен гандболды оқыту әдістемесінде ойынның техникалық элементтерін орынды іске асыратын іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Атқарушы дағдыларды қалыптастыру үшін спорт ғимараттарының қауіпсіздік және гигиеналық ережелерін, спортшылардың сыртқы түрін және спорттық киімдердің гигиеналық нормаларын білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән – ұлттық спорт түрлерінің алуан түрлілігімен, ұлттық қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі ережелерімен таныстырады. Пәнде ұлттық ойындары арқылы дене қасиеттерін дамыту, оқушылармен ұлттық ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесінің мәселелері қарастырылады. Дене шынықтыру мен спорттың этникалық ерекшелігінің мәні мен ерекшелігін, ұлттық спорт түрлерін дамытудың тарихи алғышарттарын зерттеуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дене шынықтыру және спортты басқару негіздері
    Несиелер: 6

    Дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесін зерттеу. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер беру. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі амалдарына, әдістеріне, дене қуаты қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйрету, дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге терең ғылыми теориялық түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дене тәрбиесі мәдениеті саласындағы ұйымдастыру жұмыстары
    Несиелер: 6

    Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене шынықтыруға, оқушылардың жан-жақты дамуына, дене шынықтыру курстарын ойдағыдай меңгеруіне, балаларды спортпен жүйелі түрде айналысуға дағдыландыруға және спорттық дағдыларды тәрбиелеуге көмектесу. Сыныптан тыс спорттық жұмыстың негізгі формалары: сыныптар мен үйірме сабақтары, спорттық жарыстар, серуендеу, саяхаттау, спорттық және спорттық мерекелерді ұйымдастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шаңғы спортын оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Шаңғы спортының даму тарихы , шаңғы спортының түрлері мен терминологиясы, орындаудың тактикасы мен техникасы. Спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамтамасыз ету. Дене қабілеттерін дамытуға арналған құралдар мен тәсілдерді жоспарлау. Жасы, жынысы және спорттық маманданымды ескере отырып, шаңғы спортындағы оқытудың құралдары мен тәсілдерін пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Футболды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Даму тарихы. Техникалық,тәсілдік қимылдарды жіктеу.Ойыншылар қызметі.Ойын ережесі, құрал- жабдықтардың орналасу ережесін білу. Ойын қимылдарына үйрету әдістемесі. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдары. Жарыс ережесі. Төрешілік қызметі, футболдың тәжірибелік және теориялық оқыту әдістемесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Жеңіл атлетика спорты салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бос уақытты белсенді өткізуге, жалпы спорттық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортамен және табиғатпен қарым-қатынаста болуға, орта мектепте, орта және жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәніне байланысты спорт. Арнайы әдістер, жабдықты қажет ететін әртүрлі ойын түрлерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Баскетболды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Спорт тәжірибесінің теориялары, әдістері және практикалық білім беру. Баскетболды оқыту әдістемесінің дағдыларын дамыту, баскетбол ойындарының техникалық элементтерін орынды енгізу, қауіпсіздік ережелері мен спорттық құрылыстарды білу, спортшылардың сыртқы келбеті мен спорттық киімдердің гигиеналық нормаларын түсіну. Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау үшін біліктілікті белгілеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дене тәрбиесі және спорттағы ғылыми-әдістемелік жұмыстар
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру мен спорт маманы еңбегінің әлеуметтік маңыздарын ашу. Кәсіби кызметінің кұрылымы, мазмұны мен сипаты. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спортты негізгі қызметі және түрлерін меңгеру. Дене тәрбиесінен білім берумен тәрбиелеудің принциптерін тәсілдерін және әдістемелерін оқыту. Дене шынықтырудың жас ерекшеліктері әдістемесінің негіздерін қарастыру. Спортшының спорттық жарысы мен жүйесімен және жатгығулардан тыс факторлары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спортттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру
    Несиелер: 5

    Негізгі спорттық білім, техника мен тактикаға дайындық. Таңдалған спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды ұйымдастыру және тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы, оның денсаулығын нығайту. Жоғары кәсіби спортшылар мен жаңадан келгендерді даярлау жүйесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Волейбол
    Несиелер: 5

    Волейбол ойынының техникасы мен тактикасын топтастыру (жіктеу) және оқыту әдісі, волейбол ойынының ережелері мен жарыстарға төрешілік әдістемесі, волейболшыларының тәсілдік-тактикалық әрекеттерін дамыту мен жетілдіру дағдыларын бекіту, білімін беру. Волейболдағы техникалық, тактикалық дайындығы жөнінде жалпы түсініктер, волейболдағы теориялық, техникалық, тактикалық дайындығының құралдары мен әдістері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорт медицинасы
    Несиелер: 4

    Спорттық медицинадағы дене дайындығы мен денсаулықты бағалаудың даму ерекшеліктерін, жаттығу кезіндегі негізгі дене жүйесінің функционалдық өзгерістерін, жалпы еңбек қабілетін, энергия қорларын тану және бағалау принциптерін, емдік-педагогикалық бақылау спорттарын, дәрежелерін және сауықтыру спорттарын түсіну. білім беруді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жүзу оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Жүзу жаттығуларын оқыту мен әдістемесін, орта мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері мен әрекет қабілеттілігін, құрал-жабдықтардың құрылымы мен пайдалану ерекшеліктерін білу. Жүзудің түрлерге бөлінуін білу оны меңгеру және жүзуден жарыс ережесін анықтау, оқу бағдарламасын меңгеру және оқу процесінде техникалық дайындықты қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ауыр атлетка
    Несиелер: 4

    Ауыр атлетика өзінің мақсаты ретінде дененің күші мен спортшының үлкен салмақты тез көтере алу қабілетімен жұмыс істейді. Ауыр атлетикада көбінесе арқа бұлшықеттері өте кең болады және абсцесспен мүлдем мақтанбайды. Арқа мен іштің мықты бұлшықеттері оларды жарақаттан сақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорттық массаж
    Несиелер: 4

    Спорттық массаж туралы түсінік. Массаждың пайда болу және даму тарихын білу. Массаждың тигізетін пайдасы мен әсрін негіздеу. Массаждың денеге тигізетін әсерін физиологиялық тұрғыдан нақтылау. Массаждың түрлерін білу және оны жіктеу.Массаждың науқас ағзасына физиологиялық және емдік әсерін зерттеу. Сорттық массаждың сиалау немесе уқалау тәсілдері биологиялық әсерін білу. Ішкі ағзаға массаждың оң әсерін теориялық негізде білу және оның қолданысын анықтау. Спорттық массаждың функционалды жиынтығын негіздеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың озық білімге негізделген білімі мен түсініктерін көрсете алады;

  • Код ON3

    дене шынықтыру және спорт саласында оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдана алады;

  • Код ON4

    мәселелерді шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі, оларды оқытылатын салада қолдана алады;

  • Код ON9

    академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, көшбасшылықта креативтілік көрсете біледі;

  • Код ON2

    кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолданады, дәлелдерді қалыптастырады және оқытылатын саладағы мәселелерді шеше біледі;

  • Код ON5

    таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі;

  • Код ON11

    пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана алады;

  • Код ON8

    оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық инновациялық технологияларды қолдана біледі;

  • Код ON7

    оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі, түсінеді және мәселелердің шешімі мен қорытындылардың тұжырымдарын талдайды;

  • Код ON12

    дене шынықтыру және спорт саласындағы дайындық әдіс-тәсілдерін меңгереді, спорттық жүйені басқару және мамандану бойынша қабілетін дамытады.

  • Код ON6

    дене шынықтыру және спорт саласында одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары мен тұлғалық дамуын қалыптастыра алады;

  • Код ON10

    әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады;

Top