Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06112 Информатика в "Сырдария" университеті

  • Қолданбалы программалар пакеті
    Несиелер: 4

    Кестелі процессор Excel Мәліметтермен жұмыс істеу негіздері. Электрондық кестедегі есептеулер. Стандартты функциялар. Мәлімет енгізуді жылдамдату. Мәліметтерді енгізуді жылдамдату. Шаблон шебері. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері Excel-де сандық модельдеу. Excel-дің көмегімен мәліметтер қорын басқару Мәліметтерді сүзгілеу. Кеңейтілген сүзгілеу. Аралық қорытынды. Макростар. Есеп беру кестелері. Excel-де берігендерді картада бейнелеу. Парақтар арасында байланыс. Консолидация. Мәліметтерді енгізуді жылдамдату. Шаблон.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Lazarus/Delhрi программалау тілдері
    Несиелер: 4

    Lazarus/Delphi программалау тілі Lazarus/Delphi бағдарламалау ортасы. бағдарлама құрылымы. Мәліметтерді енгізу және шығару. Бағдарламалау элементтері Утилиталар. Объектіге бағытталған бағдарламалау әдістері. TRAdioButton, TCroolBar, TBitbtn, TPanel, TComboBox кластары. жаппай. консоль қолданбасы. Бағдарламалық қамтамасыз етуді реттеу. графика. Кірістірілген кескін. Геометриялық фигураларды салу. Мультимедиа функциясы. Мәзір жасау. құжаттама. Мәліметтер қорымен жұмыс істеу құралдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Программалау (Python)
    Несиелер: 4

    Python бағдарламалау тілі туралы жалпы деректер. Python тіліндегі сандар. Сызықты программалау. Python-ның негізгі стандартты модульдері. Тармақталу командасы. Қайталану командасы. Жолдармен жұмыс істеу.Тізімдер. Кортеждер. Сөздіктер. Массивтер.Функциялар. Файлдармен жұмыс. Графика. Графикалықобъектілерді салу. Объектіге бағытталған программалау негіздері. Графикалық интерфейс элементтері. Python-ның басқа бағдарламалау тілдерімен бірлесуі. Python тілінің C++, Java, OCaml, Prolog бағдарламалау тілдерімен байланыстары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Компьютер архитектурасы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде қазіргі заманғы компьютерлердің даму кезеңдері,сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері, ақпаратты кодтау тәсілдері, компьютерде ақпараттың берілуі, алгебра логикасының негіздері, ЭЕМ элементтері және түйіндері, орталық процессордың жалпы құрылымы,жады элементтері, үзіліс жүйесі,перифериялық құралдар, микропроцессорлар, жүйелік плата, жүйелік магистральдарды басқару, сервер және жұмыс станциялары жәнежоғары деңгейдегі өндірістік әмбебап және арнайы ЭЕМ-дер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жүйелік бағдарламалау
    Несиелер: 6

    Студенттерді негізгі жүйелік программалаудың теориялық және тәжірибелік аспектілерімен таныстыру. Ол арқылы программаларды өңдеу деңгейіндегі пайда болатын аз көлемдегі шығын жібере отырып қазіргі заман талаптарына сай қиын логикалық құрылымды программалар алу. ЕМ басқару принциптары және құрамы жайындағы жүйеленген білім алу, операциялық жүйелердің құрама бөліктерінің тағайындалуы, операциялық жүйелердің әртүрлі элементтерінің функциональдану принциптары мен олардың өзара әрекеттесуі, жүйедегі үрдістерді өндеу және туындату болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тілдер және бағдарламалау технологиясы
    Несиелер: 4

    Бұл кypcтa тiлдepдi cипaттay әдicтepi, cинтaкcиcтepi, БН фopмaлapы, тiл гpaммaтикacы, epeжeлepi, aвтoмaттapды бeйнeлey, aқыpлы aвтoмaттap, Мили-Мyp aвтoмaттapы, дeтepминдeлгeн жәнe дeтepминдeлбeгeн aқыpлы aвтoмaттap, cинтaкcиcтiк тaлдay әдicтepi, жoғapыдaн төмeн, төмeннeн жoғapы қapaй cинтaкcиcтiк тaлдay, лeкcикaлық тaлдay, атаулар кестесімен жұмыс, тpaнcлятop, компилятор, интерпертатор және оның бөлімдерінің жұмыcы, автоматты жүйелердің жұмысын бағалау әдістері қapacтыpылaды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • NET платформаларда жүйелерді құру технологиялары
    Несиелер: 6

    Бұл курс Rotos және Mono Phoenix Microsoft.Net платформаларының архитектурасы мен функционалдығына шолу жасайды. C#. Мәліметтерді өндіру әдістері және веб-қосымшаларды құрудың заманауи құралдары. XML веб-қызметтері және ендірілген операциялық жүйелер. Windows Vista операциялық жүйесі, Win FS жаңа файлдық жүйесі, шаблондар мен мобильді құрылғылар және заманауи тестілеу технологияларының технологиялары негізіндегі заманауи ақпаратты қорғау технологиялары мен ақпараттық жүйелердің қосымшаларын әзірлеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бағдарламаны өңдеудің құрал-жабдықтары
    Несиелер: 4

    Модельдеу ақпаратты өңдеудегі компьютерлік технологияның, программалық жабдықтардың құрылымдық түрлері. RUP технологиясы, UML моделдеу тілінің сипаттамасы, UML диаграммалары және құрылыстары, MS Visio iскерлiк грaфикa, бaғдaрлaмaсын iске қосу. Модельдер жүйе сипаттамасы туралы жалпы мәлімет. CASE техологиясы: классификациясы, upper CASE сипаттамасы, IVші буын тілдері. Bpwin 4.0 құралымен бизнес процесстерді моделдеу, ErWin құралымен деректер қорын моделдеу, жобалаудың қазіргі кездегі құралдарын таңдау, таңдау критерилері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика және анимация
    Несиелер: 6

    Компьютерлік графика түсінігі. Компьютерлік графиканың пайдалану салалары мен түрлері. Дербес компьютердің бейне жүйесі. Компьютерлік түстік модельдер. Түстік палитра. Субтрактивтік түстержүйесі. Графикалық бейнелерді сақтау форматтары. WEB – графика негіздері. Adobe Photoshop программасыныңқұрылымы. Adobe Illustrator программасының интерфейсі. Құрал – саймандар палитрасы. Суреттерді қалпына келтіру. Фото бейнелерді коррекциялау. Бейнелерді түзу тәсілдері. Өңдеу әдістері. Векторлық графика. Векторлық графикалық файлдар форматтары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Интернет технологиялары және Web бағдарламалау
    Несиелер: 6

    Web-технологияларды қолдану орталары. Web қосымшаларын құру технологиялары. HTML комендалары. Құжат ішіне тізімдер орналастыру. Бір Web-параққа фреймдер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру. HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері. Стильдердің сталы кестелері. Жеке бір тәг үшін жазылған стиль. Бірнеше HTML-файлдарға арналған стиль. CSS қасиеттеріне шолу. JAVASCRIPT тілі. Функцияларды сипаттау және пайдалану. Web - қосымша интерфейстері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алгоритмдер және деректер құрылымы
    Несиелер: 5

    Бұл кypcтa тiлдep түciнiгi, cинтaкcиci, бepiлгeндep типтepi, aлгopитмдep, oлapды бaғaлay әдicтepi, iшкi жәнe cыpтқы cұpыптay aлгopитмдepi, көпіршік, жылдам сұрыптау, каскадты сұрыптау, қарапайым таңдау, қосып сұрыптау, бір фазалы, екі фазалы сұрыптау, жoлдa (қaтapдa) iздey aлгopитмдepi, гpaфтa iздey aлгopитмдepi, гpaфтaғы aлгopитмдep, итepaциялық aлгopитмдep coнымeн бipгe, бaғдapлaмaлayдың мoдyльдiк, құpылымдық, oбeктiгe бaғыттaлғaн тexнoлoгиялapы, epeкшeлiктepi қapacтыpылaды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Желілік бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде транспорттық қабаттар: TCP, UDP және SC.Сокеттер. Қарапайым TCP сокеттері, TCP Клиент/Сервер байланысының мысалы және енгізу-шығаруды тығыздау: select және poll функциялары, қарапайым UDP Сокет операциялары, Қарапайым UDP Сокеттері, SCTP сокеттерінің негізі, SCTP клиент/сервер үлгісі мен Атаулар мен мекенжайлардың түрлендірілуі, IPv4 және IPv6 функциональдық сәйкестіктері, демон процестері және inetd суперсервері мен қосымша E/Ш функциялары, UNIX домен хаттамалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Биология ғылымдарының бірі "Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері" пәні болып табылады. Бұл пәнді толық игеру үшін біз экология туралы ғылымды білуіміз керек. Экология ғылымы үш бөлімге бөлінеді: аутоэкология, демэкология, синэкология. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері - қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету және адамзатты қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау жөніндегі іс-шаралардың әдістемесі мен теорияларын қамтитын ғылым саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Обектіге бағытталған программалу негізі
    Несиелер: 5

    Объектіге бағытталған тілдердің негізгі конструкциялары. Функцияны және операцияны қайтаанықтау түсінігі, Объектіге бағытталған программалауда класстар және әдістер түсінігі және сипаттамасы, Дараланған және көпшілік жаратылысынан ие болу – тілдерді қолдау принциптері, интерфейстерді пайдалану. Көпшілік жаратылысынан ие болу. Жаратылысынан ие болу Класстар және объекттер үшін кіру мүмкіндігінің ережелері. Динамикалық жадыны бөлу. Объектіге бағытталған талдау мен жобалау. UML тілі және объектіге бағытталған талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары. XI-XIV ғ.ғ. түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.Әл-Фарабидің психологиялық ой-пікірлері. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» ның маңызды проблемалары (әлеуметтік психология) Әл-Фарабидің таным процесстеріне көңіл аударуы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің интелекті сөзінің мағынасы жайындағы пайымдамасы. Абай ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлы схемотехника
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде логикалық алгебраның негізгі ұғымдары, логикалық элементтердің базалық сұлбалары, комбинациялық сұлбалар, цифрлық интегралдық сұлбалар және олардың негізгі параметрлері, шифраторлар, дешифраторлар, мультиплексорларлар, демультиплексорлар, сумматорлар, көп разрятты сумматорлар, компараторлар, компараторлар және Шмитттригерлері, триггерллік құрылғылар, асинхронды және синхронды триггерлер, регистрлер, жылжыту регистрлері, санағыштар, цифрлы есте сақтау құрылғылары, жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, және оптикалық дискілердегі жинақтауыштар қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Деректер қорының негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курс мәліметтер қорының негізгі құрамдас бөліктерін, мәліметтер қорын басқару жүйелерін (ДБЖ) және олардың негізгі функцияларын, ДҚБЖ классификацияларын, көп қолданушыға арналған ДҚБЖ жүзеге асыруға арналған архитектуралық шешімдерді, деректер форматтарын, реляциялық деректер пішімдерін, реляциялық алгебраны, әртүрлі деректер қорларын қамтиды. , мәліметтер қорын жобалаудың негізгі қадамдары, концептуалды пішімдеу, ER диаграммалары, SQL көмегімен.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Операциялық жүйелер
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде операциялық жүйелердің даму бағыттары және жіктелігі, үрдістерді басқару және ұйымдастыру, сигналдар өңдеу жабдықтары, есепті көп процессорлық шешуді басқару тәсілдері, жүйелері, енгізу шығаруды басқару, дискілер, еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері, файылдық жүйе, жадыны және телекоммуникациялық қатынас құруды басқару, мультипрограммалау, уақыт бөлу режимдері, арнайы міндетті және әмбебап операциялық жүйелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мультимедиялық жобалау
    Несиелер: 5

    Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жолашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дискретті математика
    Несиелер: 5

    Жиын ұғымы. Жиындарға қолданылатын амалдар. Эйлер-Венн диаграммалары. Жиындардың алгебралық теңбе-теңдіктері. Кортеж. Декарттықкөбейтінді. Сәйкестіктер. Функциялар мен бейнелеулер. Қатынастар. Тұжырымдар. Тұжырымдарға қолданылатын амалдар. Логика алгебрасы. Логикалық тұжырымдар формулаларының эквиваленттілігі. Буль функциялары. Логикалық алгебра функцияларын аналитикалық түрде жазу. Буль функцияларының толық жүйелері. Предикаттар логикасы. Кодтау теориясының элементтері. Комбинаторика. Графтар теориясының элементтері. Графтарға қолданылатын амалдар. Графтардағы маршруттар. Эйлер және Гамильтон циклдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Амалдарды зерттеу
    Несиелер: 5

    Бyл кypcтa aмaлдapды зepттey мәceлeciнiң түpлi мoдeльдepi жәнe oлapды шeшyдiң әдicтepi, coның iшiндe cызықтық eceптepдi шeшy әдicтepi, жоспарлау, үлестіру, тасымалдау есептері, бүтiнcaнды бaғдapлaмaлay eceптepi, cызықты eмec бaғдapлaмaлay eceптepi, ceпepaбeльдi мaқcaтты фyнкциялapмeн тaпcыpмaлapды динaмикaлық бaғдapлaмaлay, жeлiлepдiң (тopaптapдың) caндық көpceткiштepi жәнe eceптey әдicтepi, графтардағы алгоритмдер, aмaлдapдың oйындық мoдeльдepi мeн шeшy әдicтepi қapacтыpылaды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Виртуальдандыру технологиялары
    Несиелер: 5

    Бұл курс операциялық жүйені виртуалдандыруды, қолданбаларды виртуалдандыруды, сақтауды виртуалдандыруды, қызметті виртуалдандыруды, аппараттық құралдарды виртуалдандыруды, желіні виртуалдандыруды, басқаруды виртуалдандыруды және қолданбалы серверді виртуалдандыруды, виртуалды компьютерді немесе VMware жұмыс үстелін виртуалдандыру өнімдерін, виртуалды нысанды іске асыруды, виртуалды нысанды іске асыруды, виртуалды нысанды, виртуалды шындықты қамтиды. виртуалды кіреді. Нақты объектілер, виртуалды шындық объектілері. қамтиды. VR Интернет техникалық білімі туралы кіріспе және ақпарат.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Робототехника
    Несиелер: 4

    Робототехника курсына кіріспе, роботтар туралы негізгі білім, қолдану салалары, робот түрлері, тарихы мен болашағы, курстық жабдықты білу, оқу материалдары LEGO MINDSTORMS EV3, EV3 модульдері, роботтардың, қозғалтқыштардың және сенсорлардың негізгі дизайны, EV3 модулінің интерфейсі, қозғалтқыштың үстіңгі бөлігі, қозғалтқыш жоғарғы, үлкен Моторблогы, ультра дыбыстық сенсор, кедергілерге жауап беру және оларды анықтау, гироскоп.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стартаптар және технологиялық кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Бұл пән әр түрлі идеяларға толы студенттерге ең бәсекеге қабілеттісін таңдауға және сонымен қатар МСІ-ден MVP-ге дейінгі аралықты өтуге мүмкіндік береді. Курсты оқу барысында әр студент стартаппен айналысады. Командалармен жобалар жасайды. Курс ең алдымен студенттерге ІТ-құзіреттіліктерін, командалық жұмысты және бизнес дағдыларын дамытуға көмектесуге арналған. Оқу бағдарламасы идеяларды іздеуден және өнімді нарыққа шығарумен аяқталатын стартаптың бүкіл процесін қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • "1С Кәсіпорын" жүйесінде қолданбалы есептерді жасақтау
    Несиелер: 6

    1С: Кәсіпорын 8.2 бағдарлама жүйесіндегі конфигурация түсінігі.1С: конфигурациялау жүйесіндегі технологиялық құралдар. Бухгалтерлік есепті ақпараттық жүйе тұрғысынан реттеу. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері. Олардың құрылымы. Қазіргі бухгалтерлік ақпарат жүйелеріне шолу. Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар.Бухгалтериялық есепті компьютерде жүргізуші бағдарламалар туралы мәліметтер. Бухгалтерлік ақпарат жүйелеріне шолу. Бағдарлама құрылымы және оның интерфейсі. Бухгалтерия операцияларын есепке алу принциптері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жасанды интеллект негіздері
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде жасанды интеллект теориясының даму тарихы, терминдер және анықтамалар, жасанды интеллектің қазіргі зерттеу салаларымен жасанды интеллектің қазіргі теориялық проблемалары, семантикалық модельдер ұғымы, семантикалық модельдерді құру әдістері, жасанды интеллект үшін бағдарламау тілдеріProlog, Lisp тілдері, критерия ұғымы және критерия комегінде шешім қабылдау, көпкритериалды шешім қабылдау, сараптамалық жүйелерді жасау технологиялары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мобилді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер
    Несиелер: 5

    Бұл курс мобильді құрылғыларды қамтиды: ұялы телефондар, смартфондар, коммуникаторлар, мобильді құрылғылардың бағдарламалық платформалары, операциялық жүйе қызметтері, Android платформасы және негіздері, мобильді құрылғының операциялық жүйесінің мүмкіндіктері, мобильді құрылғының операциялық жүйесінің нарығы, Windows Mobile: мүмкіндіктер мен опциялар, опциялар, интерфейстер, Perspectives, Symbian OS, Google Android, Blackberry OS және т.б. Операциялық жүйе интерфейстері мен қызметтерін көру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қолданбалы бағдарламалау (VBA)
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде визуальды бағдарламалау туралы түсінік, визуальды бағдарламалау тілдері, визуальды бағдарламалау тілдерінің жіктелуі, VBА ортасы, макростармен жұмыс, PasteSpecial қызметші сөзі, Range қызметі, For операторы, while операторы, repeat операторы, графикалық интерфейс,мәліметтер қорымен байланыс жасаушы басқару элементтері, тармақталушы алгоритмдерді программалау, Пішінде бейнелерді және графикалық өрістерді орналастыру, объектілермен жұмыс жасауды үйрену жұмыстары қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көсету
    Несиелер: 6

    ДК ұйымдастырылу прнциптері. ДК архитекіурасы мен кұрылымы. ДК-ң арифметикалық негіздері.ДК-ды логикалық жобалаудың негізгі теориясы.ДК-ң жадысын ұйымдастыру.Сыртқы жады құрылғылары.ДК-ң орталық процессоры.Микропроцессормен жұмыс істеу кезінде элементттердің өзара байланысы.Ақпаратты енгізу-шығаруды ұйымдастыру.Сыртқы құрылғыларды басқару.Деректердің желі және кабель бойынша берілісі.Желілік технологиялар.Үлкен желілер. Модем. Репитор.Желілі операциялық жүйесі.Локалды ресурстарды басқару.Кабельдер типтері.Желілік адаптердің тақшалары.Желілерге қойылатын талаптар.Аутентификация әдістері және рұқсаттарды басқару

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Адамның компьютермен өзара байланысы
    Несиелер: 5

    Адам мен компьютердің өзара әрекеттесу парадигмасы, өзара әрекеттесуді жобалау процесі мен қадамдары, пайдаланушы интерфейсінің тұжырымдамалары, пайдаланушы интерфейсін жобалауға негізделген халықаралық және отандық стандарттар, өзара әрекеттесу дизайнының негіздері, өзара әрекеттестік дизайн үлгілері, интерфейс құрамдас бөліктері және оларды стандарттау, интерфейстер және заманауи интерфейстер. жаңа тілдер. Естудің техникалық және психологиялық аспектілері, мәтіндік және техникалық және психологиялық аспектілері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • JavaScript бағдарламалау тілі
    Несиелер: 4

    JavaScript әлипбиі. Мәтінді шығару. Шарттар. Циклдер. Массивтер. JavaScript объектілері. Мұралау. Диалогтік терезе құру. Функциялар. Асинхрондау.JAVA программалау тілінің негізгі түсініктері. Объектіге бағытталған программалау негіздері. Бумалар мен апплеттер: Java.awt бумалары, құрамдас сыныптар, бетбелгілер, бетбелгі өрістері, Таңдау, Тізім, TextComponent, TextField, TextArea және т.б. Класстар, контейнер компоненттері, класс графиктері, апплеттің өмірлік циклі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Паралельді сынақтаулар архитектурасы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде параллелькомпьютерлердің даму кезеңі, параллельділік, мәліметтердің параллельділігі және есптердің параллельділігі, параллельді компьютерлер, Флинн таксономиясы, параллель программалауды тиімді бағалау,процесстер мен синхронизациялану,параллель компьютерлер және жүйелер классификациясы, векторлы-конвейерлік компьютерлер, ортақ жадылы параллель компьютерлер, таратылған жадылы есептеу жүйелері, параллельді алгоритмдер, параллель программалау, ғылыми есептерді шешудің параллель алгоритмдерінің қосымшалары, параллель алгоритмдерді тұрғызудың математикалық концепциялары және кескіндерді өңдеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік желілер
    Несиелер: 4

    Компьютерлік желілер ұғымдарымен, түрлерімен, жұмыс оры¬н¬дау принциптерімен, желіні топтастыру және негізгі мінездемелері, желілік әрекеттестікті ұйымдастырудың көпдеңгейлілік тәсілідері, жергілікті желілердің негізгі технологияларымен құрылымымен, желілерден пайдалану жолдары қарастырылады. Желілердің архитектурасы. Клиент және сервер негізіндегі желілер. Желіні топтастыру және негізгі мінездемелері. Желілік әрекеттестікті ұйымдастырудың көпдеңгейлік тәсілі мен OSI деңгейлерінің мақсаттары және функцияларының келісімдері. Дискреттік мәліметтердің тасымалдау негізі. Өткізгішсіз технологиялар мен Жергілікті желілердің негізгі технологиялары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютермен модельдеу негіздері (орыс тілінде)
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде бағдарламалау ортасында модельдеу, электрондық кестелердегі модельдеу, ДҚБЖ ортасында модельдеу, компьютерлік үлгіні пайдалану, физикалық процестерді компьютерлік моделдеудің ерекшеліктері, графикалық модельдеу, Модельдеу мақсаты бойынша классификация, математикалық модельдердің классификациясы, танымдық модель, прагматикалық модель, инструментальды модель, динамикалық модель,и ықтималды модельдер, компьютерлік модельдеудің негізгі принциптері, модельдеу нәтижелерін талдау және өндеу секілді тақырыптар қамтылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Қазіргі есептеу машиналарын және желілерінің ұйымдастыру ерекшеліктері.Есептеу жүйелерінің және желінің құрылымдық және функционалдық қағидалары. Цифрлық құрылғыларды логикалық жобалау негіздері. Бульдік алгебра. ЭЕМ элементтері мен функционалдық түйіндер. Есептеу машиналарының арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздері. Дешифраторлар, шифраторлар. ҮИС сұлбатехникасы Сыртқы және ішкі жады құрылғыларын ұйымдастыру принциптері. Есептеу техника жабдықтарының элементтері. Ақпаратты өңдеу жүйелері.. Есептеу жүйелері мен желілерін жобалау негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бұлтты технологиялар
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде бұлтты есептеулер, жеке дара бұлттар, гибридті бұлттар, мәліметтерді өңдеу орталығы, мәліметтерді сақтау жүйелері, бұлтты орналастыру үлгілері, бұлтты технологиялардың негізгі қасиеттері, бұлттық қызмет үлгілері, Тағы бірнеше негізгі бұлттық провайдерлер, технологиялар, дайын бұлттық шешімдерді пайдалану тәжірибесі, үлкен деректерді өңдеу,бұлтты инфрақұрылымды қорғау, бұлттық қызметті жеткізудің негізгі үлгілерімен есептеулер жүргізу технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • PHP тілі (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    РНР тілі негіздері, оның даму кезеңдері.РНР тілінің артықшылықтары мен кемшіліктері. HTML ортасынан РНР тілінекөшу. РНР тіліндегі операторлар.РНР тілінде сөз тіркестерін пайдаланутәсілдері. РНР функциялары. Қолданушы функциясын жазу жолдары. Cookies және PHP сессиялары. Cookies құралын PHP көмегімен басқару. РНР программалау ортасында файлдармен жұмыс істеу. РНР программалау ортасында мәліметтер базасын қолдану. РНР ортасындағы сайт архитектурасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Java тілі
    Несиелер: 4

    JAVA пpoгpaммaлay тiлiнiң нeгiзгi ұғымдapы. Oбъeктiгe бaғыттaлғaн пpoгpaммaлay нeгiздepi. Java-дағы оқиғалар мен тыңдаушылар. Пaкeттep жәнe aпплeттep: Java.awt пaкeтi, Component клaccы, Label,Checkbox, Choice, List,TextComponent, TextField, TextArea, т.б. клaccтapы, Container кoмпoнeнтi, Graphics клaccының бeйнeлeyгe apнaлғaн тәciлдepi, Aпплeттiң тipшiлiк циклi. Ерекше жағдайларды өңдеу. Eнгiзy-шығapy aғындapы. Күн жәнe yaқыт шaмaлapымeн жұмыc, Date, Calendar клacтapы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сандық әдістер
    Несиелер: 4

    Сандық әдістерге қойылатын талаптар. Қателіктердіесептеужәнеталдау. Трансценденттік және алгебралық теңдеулерді шешудің сандық әдістері. Векторлар мен матрицалар алгебрасы. Матрицаның меншікті мәндері мен меншікті векторлары. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешу әдістері. Сызықты емес теңдеулер жүйесін шешу әдістері. Функцияларды интерполяциялау. Сандық дифференциалдау және интегралдау. Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді сандық шешудің әдістері. Математикалық физиканың теңдеулерінің сандық әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән Информатиканы оқыту әдістемесінің дамуының өзекті мәселелерін, оқытуды реттейтін құжаттарды, информатика бойынша мектепте білім берудің мазмұны мен құрылымын, дидактикалық принциптерді, қазіргі мектептерде информатиканы оқытуды ұйымдастыруды, информатика бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстарды, информатика бөлмесінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды, информатиканың пропедевтикалық және базалық курсын оқыту әдістемесін, мектептің жоғары сатысында информатиканы саралап оқытуды және информатика мұғалімінің басқа да қызметтерін меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жүйені әкімшілендіру
    Несиелер: 5

    Жүйені басқару туралы жалпы мәліметтер. Жүйені басқару дегеніміз не? Жүйелік әкімші не істей алады? Операциялық жүйелердегі енгізу-шығару ұйымдастырудың негізгі түсініктері. Операциялық жүйенің құрылымын және оның негізгі ішкі жүйелерін, соның ішінде әртүрлі файлдық жүйелердің басқару және басқару құрылымы мен принциптерін, сонымен қатар FAT, HPFS, NTFS және Ext4 файлдық жүйелерін пайдалану дағдыларын үйреніңіз. Жүктеу жүйесін ұйымдастыру. Негізгі Windows басқару құралдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Web-дизайн
    Несиелер: 5

    WEB-беттерін жобалау негіздері. Web-бетінің стандартты құрылымы. HTML-құжатының құрылымы. Web-бетте мәтіндік ақпаратты ұсыну үшін HTML тілінің құралдары. Гиперсілтемелерді ұйымдастыру. Гиперсілтеме түрлері. Бейнелер мен мультимедия объектілермен жұмыс істеу. Графиканы бағдарламалау. DHTML мен каскадты стиль кестелері. Фрагменттерді программалау DHTML оқиғалары. Браузер терезесінде бірнеше құжатты орналастыру. Web-сайт жасау. Web-түйінінің негізгі құрылымдарын. Динамимикалық HTML беттерін құру үшін JavaScript тілі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Программалау практикумы
    Несиелер: 5

    Талаптарға анализ жасау.Алғашқы жобасын жасау. Бастапқы берілгендерді анықтау және дайындау. UML тілінде модель құру. Қарапайым және құрылымдық деректер типтері. Бастапқы берілгендердің типін белгілеу және сипаттау. Инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм. Объектілер үшін енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Файлдарға енгізу және оқу. Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын объектілер. SQL тілінің операторлары. Программалау тілдерінің графикалық режимдері. Қарапайым геометриялық объекттер. Графикалық процедуралар мен функциялар. Программалауда кездесетін қателіктер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мобильді қосымшаларды жасақтау
    Несиелер: 5

    Android платформасына кіріспе. Activity класы және ресурстар. Интерфейсті құру негіздері. Android Studio графикалық мүмкіндіктері. Негізгі басқару элементтері. Ресурстармен жұмыс. Activity және қосымшаның өмірлік циклі. Activity арасында деректерді беру. Бейнелермен жұмыс. Адаптерлер мен тізімдер. Топтар, ішкі мәзір және бағдарламалық мәзірді құрумен жұмыс. WebView мультимедиямен жұмыс. SQLite мәліметтер базасымен жұмыс. Сервистер. Телефония және коммуникация. Диалогтық терезелер. Cell-анимация. Tween-анимация

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Үлкен деректер
    Несиелер: 6

    Үлкен деректерге кіріспе (Big Data). Таратылған файлдық жүйелер, Workshop. Hadoop Streaming. Hadoop тапсырмалар элементтері (Mapper, reducer, combiner, partitioner, comparator). Үлкен деректердің үстіндегі SQL (Hive). Hive архитектурасы, кесте түрлері, деректерді сақтау форматтары. MapReduce-де Hive сұрауларын тарату-тапсырмалар. Сериялау және десериализация. Hive және Spark SQL өзара әрекеттесуі. DF мен RDD арасындағы айырмашылықтар. Spark есептеулерді оңтайландыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау, оның оқу үрдісіндегі орны. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік негіздері. Компьютерлік ақпаратты қорғаудың алгоритмдерімен және басқа әдістерімен, заманауи криптожүйелермен таныстыру. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін қажетті қауіпсіздік элементтері мен объектілерінің сипаттамаларын анықтау. Ақпаратты қорғау жүйелерін модельдеу әдістерінің таксономиясы. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік моделі. Қорғаныс және қауіпсіздік жүйелерін практикалық енгізу мысалдары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON3

    Кәсіби салада және жеке іс-әрекеттерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және оффистік қолданбалы бағдарламаларды жоғары деңгейде қолдана алады;

  • Код ON4

    Ақппараттық-бағдарламалық кешендер мен жүйелердің әдістерін, алгоритмдерін, бағдарламаларын талдай алады, теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізе алады;

  • Код ON9

    Есептеуіш және автоматтандырылған жүйелерге бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер құра алады.

  • Код ON1

    Ақпараттық технологиялар саласының негізгі бөлімдерін қорытындылай алады, кәсіби салалардағы мәселелерді тұжырымдай алады;

  • Код ON7

    Кәсіби сала объектілерін әзірлей алады (соның ішінде құрал-жабдықтарын, технологияларын таңдай біледі), бақылай, бағалай алады;

  • Код ON6

    Ақппараттық-бағдарламалық кешендерді тиімді іске асыру үшін есептеу техникасы мен бағдарламалау құралдарын қолдана алады.

  • Код ON2

    Саяси-әлеуметтік, құқықтық сауатты, ұлтаралық, ұжымдық қарым-қатынаста коммуникативті көрсете алады және өзін-өзі салауатты дамытуға әрекет ете алады;

  • Код ON8

    Оқыту үдерісіне жаңа компьютерлік технологияларды жобалай, әзірлей және енгізе алады;

  • Код ON10

    Ақппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілей алады және жөндеу жұмыстарын жүргізе алады.

  • Код ON5

    Құбылыстардың, процестер мен жүйелердің математикалық модельдерін тиімді бағдарламалық-ақппараттық іске асыра алады және оларды компьютерлік технологиялар құралдарымен зерттеу мақсатында таңдау және түрлендірулер жүргізе алады;

Top