Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B11202 Экологиялық инженерия в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қоршаған ортаға антропогендік әсерден туындаған қазіргі заманғы экологиялық проблемаларды шешу үшін берік теориялық базасы мен практикалық дайындығы бар жоғары білікті мамандарды даярлау, бұл қоршаған ортаға зиянды әсерді бір уақытта азайтуға және технологиялық процестердің тиімділігін арттыруға қабілетті кез-келген өнеркәсіптік кәсіпорынның тұрақты даму идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама Кешенді қауіпсіздік (Экологиялық, технологиялық, өндірістік) саласындағы кәсіпорын үшін жағымсыз салдарларды азайту мақсатында өндірістік объектілерді басқаруда тәуекелдерді бағалауды қолдану үшін кәсіби салада тәуекелге бағдарланған тәсіл жасау қабілетін қалыптастыруға бағытталған
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Өндірістік технологиялардың негіздері
Жасыл технологиялар және тұрақты даму
Әл-Фараби және қазіргі заман
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік
Өндірістік экология
-
2 Оқу жылы
Қоршаған орта химиясы
Экологиялық нормалау
Қоршаған ортаның физикасы
Математика
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Жасыл технологиялардың үдерістері мен аппараттары
Табиғи және антропогенді жүйелердің физикалық және химиялық үдерістері
Қоршаған ортаны талдаудың физика-химиялық әдістері
Техногенді жүйелер мен экологиялық тәуекел
-
3 Оқу жылы
Экологиялық жобалау
Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу
Қоршаған ортаны үлгілеу
Инженерлік-экологиялық зерттеулердің әдістері
Қоршаған ортаны қорғау үшін Жерді қашықтықтан зондтау
Атмосфераны қорғаудың техникасы мен технологиялары
Кәсіпорынның экологиялық құжаттамасы
Экологиялық инжинирингтегі ГАЖ-технологиялар
Урбоэкология
Экобиотехнология
Табиғатты қорғау үдерістерін басқарудың автоматты жүйелері
Суды тазартудың техникасы мен технологиялары
Экологиялық қызметті қолданбалы бағдарламалық қамту
Экологиялық мониторинг
Экологиялық инжиниринг және қалдықсыз өндіріс
Тұрақты дамуды инженерлік қамтамасыз ету
Жерді қашықтықтан зондтау деректерін экологияда пайдалану
-
4 Оқу жылы
Қоршаған ортаға әсерін бағалау және экологиялық сараптама
Жасыл экономика және бизнес
Экологиялық менеджмент және аудит
Салалардағы жасыл технологиялар
Экологиялық заңнама және саясат
Энергия үнемдеу және өндірістің энергиялық тиімділігі
Табиғатты пайдалану экономикасы
Экологиялық нанотехнологиялар
Өндірістік экологиялық бақылау
Экологиялық стандарттау, сертификаттау және метрология
Оқыту нәтижелері
- Алынған базалық білім негізінде қоршаған орта мен халықтың, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығы үшін қауіпсіз жасыл технология қағидаттарын пайдалана отырып, экономиканың әртүрлі салалары үшін инновациялық технологияларды дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми дүниетанымды қалыптастыруды қамтамасыз ету.
- Қазіргі заманғы математикалық және статистикалық әдістерді қолдана отырып, экологиялық процестер мен құбылыстарды талдау, экологиялық есептің әртүрлі үлгісіндегі ақпараттарды түсіндіру және табиғатты ұтымды пайдалану саласында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін типтік математикалық есептерді шешу.
- Қоршаған орта нысандарындағы ластаушы заттардың құрамын өлшеуді жүргізу, алынған нәтижелерді әдістемелерге сәйкес өңдеу, салыстырмалы талдау жасау; өлшеу және мониторинг деректері негізінде адамға зиянды және қауіпті факторлардың әсер ету қауіптілігін бағалау; есеп жасау, экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласынқамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру үшін деректер дайындау
- Техногендік жүйелердің адам мен қоршаған ортаға қысқа мерзімді апаттық және ұзақ мерзімді жүйелі әсер ету көздері ретіндегі рөлін түсіну; техногендік жүйелердің қоршаған орта компоненттеріне және адам денсаулығына әсер ету салдарын бағалау; кәсіби қызметте қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтерді қолдану; қауіпті азайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырудағы басымдықтарды анықтау
- Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін ҚР экологиялық заңнамасының негізгі талаптарын қолдану; қоршаған орта компоненттерін басқару модельдерін таңдау және бейімдеу негізінде нақты экологиялық проблемаларды шешу үшін ұсынымдар әзірлеу; өндіріске арналған инновациялық тазарту жабдығын есептеуді және жобалауды жүзеге асыру
- Нормативтік құжаттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы қауіптерден және ұйымдардың экологиялық қауптілігінен қорғау бойынша негізгі техникалық және ұйымдастырушылық шаралардың сақталуын қамтамасыз ету; халықаралық стандарттар мен ҚР стандарттарын пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу
- Тәжірибелік деректерді кеңістіктік талдау жәнестатистикалық өңдеу көмегімен кәсіпорынның экологиялық есептілігін жасау, жүргізу және ұсыну, кәсіпорындардың экологиялық мониторингін қамтамасыз ету және табиғат қорғау қызметін жүргізу үшін мамандандырылған қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру
- Су мен ауаны, топырақты тазартудың инновациялық технологиясында пайдаланылатын заманауи құрылыстар мен жабдықтарды жобалау, салу және пайдалану; әр түрлі шаруашылық қызмет түрлеріне ҚОӘБ жүргізугетапсырма құру,жоспарлау,және жүргізу; шаруашылық қызметтің экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу және экологиялық сараптама объектісін іске асыруға жол берілуін айқындау
- Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару бойынша шаруашылық экологиялық-экономикалық жағдайларды бағалауды жүргізу, күрделі экологиялық-экономикалық жүйелерді басқаруда экологиялық менеджмент және аудит процедураларын қолдану бойынша талдамалық және практикалық міндеттерді тұжырымдау және шешу
- Аумақтарды экономикалық игеру барысында табиғи ортаны сақтау бойынша практикалық ұсынымдар жасауға; экологиялық мониторингтің мақсатты бағдарламаларынөз бетінше әзірлеуге,терең базалық және арнайы, жаратылыстану-ғылыми және кәсіби білімді қолдану; экологиялық бақылау бойынша есепке алу құжаттамасының үлгілерін толтыру
- Қазіргі кезеңдегі жасыл экономика мен бизнес құралдарының даму үрдістері мен перспективаларын талдау; жасыл экономика мен бизнестің негізгі сегменттерісаласындағы зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижелерін ұсыну; жасыл экономика мен бизнестің жұмыс істеуі саласындағы зерттеу міндеттерін шешуді дербес жүзеге асыру
- Өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін жеке білім беру траекториясын құру, толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы салауатты өмір салтын ұстану
Ұқсас БББ
6B11202 Инженерлік экология және энергетикадағы қауіпсіздік
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ)
6B11202 HR: еңбек экономикасы және қауіпсіздігі
Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B11202 Тіршілік қауіпсіздігі
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University)
6B11202 Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпсіздігін инновациялық басқару
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті